Экологиялық білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды.

Содержание

І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда орындалатын жұмыстар.
іі- тарау. Туризм - табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық білім.doc

— 397.00 Кб (Скачать документ)

Картаның бояуына қарап қай табиғат зонасы екенін білуге болады, көгілдір түс - өзен, көл, теңізді, ашық және қошқыл қоңыр түс тауларды, жасыл түс шалғындық жерлерді, ормандарды білдіреді.

Бұл пункте келгеннен  соң оқушылар тақтадағы шартты топографиялық  белгілерді көрсетіп, қандай жердің белгісін білдіретін айтады. Онда шалғындық жерлердің, жеміс бақтарының, өзенннің, ағаштардың, бұлақтың, топырақ жолдың, асфальт жолдың, көпірдің, үңгірдің т.б. шартты белгілері көрсөтілген.

ІV-пункт. Метеорология.

Оқушылардың табиғатқа шығып жарысуы үшін жақсы ауа-райы болғаны қажет. Ауа-райы жақсы болса адамның көңіл-күйі қызығушылығы да жоғары болады.

Бұл пунктте  атмосфералық құбылысты білдіретін шартты белгілерді оқушылардың қаншалықты жақсы білетіндіктері тексеріледі. Атмосфералық құбылыстарға жататын қардың, ашық ауа-райы, бұршақ, қырау, найзағайдың, бұлтты ауа-райының, сіркіреуік жаңбырдың, шық, көктайғақ, тұманның шартты белгілерінің ретінен қай белгі қандай ауа-райын білдіретін оқушылар табуы керек. Содан кейін олар халық болжамдарынан мысалдар келтіреді. Қай топ мысал көп айтса сол топ жоғары бағаланады. Сосын оқушылар сөзөрім шешеді. Қазақтың аспан әлемі мен табиғат құбылыстары

туралы мақал-мәтелдеріндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді  қойып торкөздерді толтырады. Ерекше торкөздерден қаңтар және наурыз сөздерін оқуға болады.

V-пункт. Ботаника.

Жер бетінің  өсімдіктер жамылғысы өте мол. Дүние  жүзінде олардың 500 мыңдай аспанмен таласатын пальмалармен қатар тек  микроскоп арқылы ғана көрінетін  бір клеткалы балдырлар мен саңырауқұлақтар да бар. Сол 500 мың өсімдіктің 220 мыңдайы суда өседі. Ал қолдан өсірліген мәдени өсімдіктердің түрі 20 мыңнан асады.

Қазақстан территориясында 6 мыңға жуық өсімдік өседі. Мұның 760- ы те біздің республикамызда ғана ұшырасатын эндемик өсімдіктер. Республикамызда өсетін өсімдік түрлері де әр қилы және мол болып келеді. Бұлар табиғаттың бізге тартқан сыйы, жеріміздің ырысы, өліміздің байлығы.

Адамзат тіршілігі  үшін өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Ерте кезден бастап-ақ адамдар өсімдіктерді жинап, жеміс-жидектерін азыққа, ал жапырақ, сабақ, тамырларын дәрі дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселер бояуға пайдаланып келген. Бертін келе өсімдіктердің ішіндегі бастыларын адам қолға өсіретін етіп алды. Бұл күндері біз өсімдіктерде көптеген азықтық қорлар, әр түрлі өндірістік шикізаттар аламыз, құрылыс матөриалын даярлаймыз. /13/

Адам өмірі  өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. "Химиялық жасыл лаборатория" аталынатын өсімдіктер дүниесі болмаса  ауада оттегі де болмас еді. Өсімдіктер біздің досымыз, тіршілігімізге тірек, өмірімізгі нәр, күнделікті тұрмысымызға көрік, кисек-киім, ішсек-тамақ, жатсақ-төсек, жазсақ қағаз.

Бұл пунктте  оқушыларға жасыл өсімдіктердің  табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі, өсімдіктердің құрылысы, көбеюі, өсімдіктің өсу және даму кезеңдеріне жарықтың, жылудың әсері туралы сұрақтарға жауап беріп, астық тұқымдас және майлы өсімдіктердің, дәрілік өсімдіктердің маңызын түсіндіреді. Әр топ өздері білетін өсімдіктер жайында мақал-мәтелдерді айтып жарысады.

VІ-пункт . Геометрия.

Туристік саяхат кезінде ара-қашықтықты белгілі бір зат өлшемін арнаулы құралдың көмегінсіз өлшеу өте қажет. Адам өзін қоршаған ортадағы заттардың өлшемін, қашықтықты көз мөлшермөн өлшеуге бейім келеді. Әр адамда болатын бұл қабілетті үздіксіз жаттығу арқылы дамытуға болады.

Ара қашықтықты анықтаудың әр түрлі жолдары бар.

1. Туристік жорықта  арақашықтықты Лионде пластинкасымен  анықтау қолайлы. Пластинканы  белгілі бір объектіге бағыттайды. Пластинка мен адам көзінің  арасы 10 см болуы тиіс. Лионде  пластинкасында сандар жазылған. Объект қай санға сәйкес келсе арасындағы ара қашықтық сонша метр болады.

2. Бір заттың  биіктігін сол заттың көлеңкесі  арқылы анықтауға болады. Мысалы, ағаш биіктігін анықтау үшін  көлнңкенің ұшына адамның басы  дәл келетіндей етіп адам жатады. Адамның аяғына тақап көлеңкеге перпендикуляр бір таяқ қояды. Адамның көзіне таяқ пен ағаштың ұшы тең көрінуі керек.

3. Өлшеуші мен  өзеннің арғы жағындағы зат  арасын спорттық бас киімінің  күнқағары арқылы да анықтауғы  болады. Ол үшін күнқағар жиегі  мен сол заттың тұрған орнын көзбен бір нүктеге келтіру керек. Содан соң 90°-қа бұрылып өзеннің бергі бетіндегі бір нүктеге келтіреді, сосын сол зат пен адам ара - қашықтығын қадаммен өлшеу арқылы ара-қашықтығын табады./14/

Ара-қашықтықты өлшеуіш үлгілері арқылы да анықтауға болады. Өлшеуіш үлгілері қызметін кез-келген адамның дене бөліктері атқара алады.

1.Ересек адамның сұқ саусағының ұзындыы 10 см. Оны өлшеу үшін саусақты алақанға тік бұрыш жасайтындай етіп бүгеміз. Егер саусақ 10 см-ден қысқа болса, онда оның ұзындығын есте сақтау керек, жорық кезінде бұл өте қажет болады.

2.  Алақанды бос жазған кездегі бас бармақ пен шынашақ арасы 20см.

3.   Адам қолын көтеріп, саусақтарын артқа қарай бүксе, иіктігі 2 метр болады.

4.  Жерден адам бөліне дейінгі биіктік 1 метр.

5.  Қолы екі жаққа жайылған кездегі саусақтарының арасындағы қашықтық адам бойының ұзындығына сәйкес келеді.

6.   Әрбір адам өзінің қадамының ұзындығын мына формула арқылы өлшеуге болады.

Р/4+37=Lқ

Мұндағы,  Р-адам бойының ұзындығы; 

    4 және 37 - тұрақты сандар;

Lқ - қадам ұзындығы;

Мысалы, Бойы 120 с адамның қадам ұзындығы мынаған тең болады.

120/4+37= 30+37=67см.

Бұл пунктте  оқушылар өлшеу құрамынсыз-ақ кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, ара-қашықтықты өлшеуді үйренеді.

VІІІ-пункт. Гидрология.

Су - табиғаттың ғажайып байлығы және табиғи ресурстарының ең мол да бағалы түрі. Академик Ферсман: "Су - жердегі ең маңызды минерал, онсыз тірщілік жоқ",- деп жазған болатын.

Өмір дегеніміз - су. Судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын қызметі ұлан - ғайыр, әрі сан алуан. Су айналамыздағы барлық заттың құрамында бар және олардың негізін құрайды. Табиғаттағы судың құрамын ауыстыратын зат жоқ, оның құндылығы осында.

Жер шарында  қанша су бар? Өте көп деп жауап беруге болады. Жердің тек 1/3 бөлігі ғана құрлықтан тұрады, ал қалғаны - су. Сондықтан планетамызды "жер" дегеннен гөрі "су" деп атаса да болғандай.

Судың жер қабығы мен атмосферадағы мөлшері 1,5 млрд. текше. км-ге жуық. Егер осы суды жер бетіне біртегіс етіп жайсақ жер бетінде 3700 метрлік су қабығы пайда болар еді. Осыншама су көп бе, аз ба? ТМД (тәуелсіз мемлекттер достастығы) көлемінде 46 әркелкі өзендер жүйесі бар. Жалпы өзендер ұзындығы 200 мың км -ден асады. Бірақ бұл өзендер ТМД-да біркелкі таралмаған. Қазақстан су ресурстары екінші орынды алып жатыр. Қазақстанда терең де таяз, ағысы жылдам және ағысы баяу өзендер бар. Бұл пунктте оқушылар арнайы құралдың көмегінсіз өзеннің жылдамдығын анықтайды, тереңдігін өлшейді жіне ағысы қатты өзеннен қалай өту керектігін үйренеді.

VІІІ-пункт. Орнитология.

Құстар бауырымен жорғалаушылардан триас дәурінде шыққан. Ұзақ дамудың нәтижесінде ағашта жүрген түрлерінің жазықта қозғалу әдісіне көшуіне, одан ұшуға әкеліп соқты ұшуға бейімделуі құстадың құрылысына және олардың тіршілігіне өз белгілерін қалдырды.

Құстардың кейбір құрылыс белгілері (артқы аяқтарының мүйіз қабықшалары), сондай-ақ физиологиялық ерекшеліктөрі бауырымен жорғалаушыларға ұқсас. Олардан айырмашылығы - денелері қауырсынмен қапталған. Қауырсындар дененің жылулығын сақтайды. Көздерінің өткірлігі құстардың алыс жақынға тез бейімделуін қамтамасыз етеді, бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстарға жоғарғы дәрежедегі жүйке жұмысын және күржелірек мінөз-құлықтарын қамтамасыз етеді: ұя салу, қор жинау және т.б. Қазақстанда 18 тобырға жататын 488 құс түрі бар. Олардың ішінде ұя салатындары 388 (79,5%). 14 түрі Қазақстанға қыстауға келеді, ал 47 түрі республикамыздың кеңістігінен ұшып өтеді. 35 түрі оқтын-оқтын елімізге келіп тұрады.

Қазақстанда мекендейтін  құстардың бес экологиялық топқа  бөлуге болды.

1.  Ашық жерлер мен су маңында мекендейтін құстар.

2.  Мекен жайды төңіректейтін құстар.

3.   Суда жүзетін құстар.

4.    Жыртқыш құстар.

5.    Орман құстары

Бұл пунктте оқушылар осы бес экологиялық топқа қай құстар жататынын табады.  Жыртқыш құстардың, суда жүзетін құстардың сыртқы құрылысындағы ерекшелігін, құстардың өсімдіктер әлеміндегі, жануарлар тіршілігіндегі рөлін түсіндіріп, эстетикалық тәрбие берудегі, адам өміріндегі маңызын айтады. Содан кейін төңіректегі ағаштар арасынан құстардың салған ұяларын тауып қай құстың ұясы екенін анықтайды. Құстардың аттары жапсырылған жұмбақ сурет шешеді, сұрақтарға жауап береді.

ІХ-пункт. Айналаны бағдарлау.

Белгісіз жерлерде жөн табуда топографиялық бағдарлау өте маңызды мағынаға ие. Жергілікті жерді бағадарлау компас арқылы іске асырылады. Қалыпты жағдайда кез-келген компастың магнит тілінің ұштары солтүстік және оңтүстікке қарай бағытталып тұрады. Бұл пунктте оқушылар компас арқылы өздері тұрған нүкте мен кез-келген объект арасындағы нүктені табады. Компассыз оңтүстік және солтүстікті анықтайды.

Х-пункт. Зоология.

Адам баласына жануаралар туралы мәліметтер ертеден белгілі. Грецияның ұлы ойшылы Аристотельден басталады. Ол белгілі жануарларды екі топқа бөлөді: қаны бар жануарлар, қансыз жануарлар. Алғашқы топқа жоғары дәрежедегі жануарларды: жабайы аңдар, құстар, балықтарды жатқызса, екінші топқа жәндіктерді, жұмсақ денелілерді және төменгі сатыдағы жануарларды жатқызды. Швед жаратылыстану зерттеушісі К.Линней жануарларды 6 класқа бөлді: сүтқоректілер, қүстар, жыланшаяндар, балықтар буынаяқтылар, құрттар. Жануарлардың барлығы жасушадан құралған, ол дененің негізгі бөлігі болып табылады. Қарапайымдар тек бір ғана жасушадан түратын жәндіктер, қалған жануарлардың барлығының құрылысы күрделі, әрі көп жасушадан тұрады. Бұл пунктте оқушылар қарапайым жәндіктер мен көп жасушалы жануарлардың өкілдерін қай типке, қай класқа жататынын анықтайды. Топырақта және суда тіршілік ететін ағзаларды тауып олардың адам өміріндегі маңызын айтады. Қосмекенділердің, жорғалаушылардың пайдасы мен зияны туралы, жанурлар дүниесін қорғау туралы әңгімелейді.

ХІ-пункт. Арқан байлау.

Арқан (жіп) байлауды таудан, өзөндерден өткенде т.б. жағдайларда  сақтық шаралары ретінде қолданады. Сақтық шараларын жіп байлаудың көптеген тәсілдерін қолдана отырып жүргізуге болады. Жіп байлау бірнеше тәсілдерге бөлінеді.

Тура  түйін. Мұндай түйінді екі жіпті жалғау үшін қолданады. Суға түскенде түйін шешілместей олып қалады. Оңай шөшілуі үшін екі арқанды қосқан жерге таяқ кіргізіп қою керек.

Өткізіп байлау. Бұл тәсілді жартастан - жартасқа өткенде немесе өткелден жоқ судан өткенде қолданады.

Буындырып байлау. Бұл түйінді ағашқа, тасқа байлау үшін қолданады. Жеңіл әрі берік байланады.

Айқастырып  байлау. Бұл түйінді ұзын арқанға айқастырып байлайды. Сақтану үшін қолданады.

Үзеңгі байлау. Жарақаттанушыны екі аяғын екі үзеңгіге салып жартастан, құздан, жардан түсіру үшін қолданатын тәсіл.

Тоқыма  байлау. Зақымданған екі жіпті байлау үшін қолданылады.

Көкірекке байлау. Туризм кезінде бұл тәсіл кең қолданылады. Ағашқа, тасқа және адамды түрлі жағдайлардан құтқарған кезде көкірекке байланады.Бұл пунктте оқушылар арқан байлау тәсілдерін үйренеді./17/

ХІІ-пункт. Этнография.

Табиғат қорғауға тәрбиөлеуде халықтық педагогиканың  ролі ерекше және оның саласы мол. Олар - табиғатты қорғау дәстүрі оған сену сыйыну ырымдары, жан -жануарлар мен өсімдік түрлеріне байланысты әдет-ғұрыптар т.б. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін білдіретін мақал-мәтелдер өте көп. "Өнер алды қызыл


тіл" деп, әдемі  аталы сөзді құрметтейміз. Мұнымыз - даналықтың, ақыл - парасаттың алдында бас иуміз. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған. Сондықтан да, әсіресе қариялар мақалдап, маңызды сөйлеуді борыш санайды.

Мақал-мәтелдер халықтық педагогиканың өң бір інжу-маржаны боларлық мұра. Бұлардың адмгершілік тәрбиесіне ықпалы зор өйткені мақал мәтелдер жан-жақты мазмұны арқылы ең шынайы адамгершілік қасиеттерді білдіреді, баланың жаңа ұғымдарды біліп, ойының дамуына, санасынң қалыптасуына ықпал жасайды. Отанынан, халқына, табиғатына сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде мақал - мәтелдердің алатын орны зор. Баланың өмір тәжібиесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл - насихат әрі әсөрлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек.

Бұл пунктте  оқушылар өздерінің өмір тәжірибөсінде  естіп білген жер, су әлөмнің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын мақал - мәтелдерді айтады. Қай топ мақал - мәтелді көп айтса сол топқа жоғары баға беріледі.

ХІІІ-пункт. Ас - адамның арқауы.

Жорық кезінде, саяхат кезіндө әрбір адамның  дене шаршауы байқалады. Мұндай кезде ағзасы майлармен, көмірсулармен, ақуыздармен, дәрумендермен толықтыратын кенеулі және сапалы азықты қажет етеді. Сондықтан тағам дайындау мәселесіне атүсті қарауға болмайды. Тағамның сапалығына, тұрып қалмауына көбірек көңіл бөлу керек.

Информация о работе Экологиялық білім