Экология оқулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:22, реферат

Краткое описание

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.docx

— 112.96 Кб (Скачать документ)

 17 тарау. Экологиялық аудит       

 81-бап. Экологиялық аудит      

1. Экологиялық аудит аудиттелетін  субъектiлердің қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiгiн талдау жолымен жүргiзiледi.  
      Экологиялық аудит жүргiзiлген кезде:  
      қоршаған ортаға әсерi туралы тапсырылған есептілiктiң дұрыстығын тексеру;  
      өндiрiстiк-технологиялық процестiң экологиялық талаптарға сәйкестiгiн бағалау;  
      өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiң экологиялық талаптарға сәйкестiгiн бағалау;  
      персоналдың біліктілік деңгейiн бағалау мақсатымен арнайы зерттеулер мен өлшемдер орындалуы мүмкiн.  
      2. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектілер арасындағы қарым-қатынас экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  <*>  
       Ескерту. 81-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 81-1-бап. Экологиялық аудиттің түрлерi және оны  
                  жүргізудiң негiздерi      

1. Мiндеттi экологиялық  аудит және бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудит түрлерi болып табылады.  
      2. Жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу үшiн:  
      жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға келтiрген, құжатпен расталған нұқсаны;  
      заңды тұлғаның - табиғат пайдаланушының қайта ұйымдастырылуы;  
      қарауында стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектiлер бар заңды тұлғалардың банкрот болуы негiз болып табылады.  
      3. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетін субъектiнің не оған қатысушының бастамасы бойынша, бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасында экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмдерi және көлемдерi ескерiле отырып жүргізiледi.  <*>  
        Ескерту. 81-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 82-бап. Экологиялық аудит жүргiзу және экологиялық  
                аудиторлық есептерге қойылатын талаптар      

1. Экологиялық аудит экологиялық  аудитор жасап, тапсырыс берушiмен  және аудиттелетiн субъектiмен  келiсілетiн экологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізiледi. Экологиялық аудит жүргізудi жоспарлаған кезде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекiткен экологиялық аудит жүргізу жоспарының ұсыным сипатындағы үлгі нысанын басшылыққа алады.  
      2. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделетiн мiндеттi экологиялық аудит нәтижелерi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға табыс етiледi.  
      Экологиялық аудиторлық есеп жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарға, сақтандыру ұйымдарына табыс етiлуi мүмкiн. Бұл орайда экологиялық аудиторлық есептегi мәлiметтердi жария етуге аудиттелетiн субъектінің келiсiмiмен жол берiледi.  
      3. Бастамашылық экологиялық аудиттің нәтижелерi экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделедi, оның нысаны экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шартта ескертiліп көрсетiледi.  
      Бастамашылық экологиялық аудиттiң нәтижелерi құпия болып табылады.  
      Бастамашылық экологиялық аудиттiң нәтижелерi туралы мәлiметтердi жария ету құқығына аудиттелетiн субъект ғана ие болады.  
      4. Экологиялық аудит жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  
       Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-бап. Экологиялық аудиторлық қызмет      

 Экологиялық аудиторлық  қызмет - экологиялық аудиторлар  мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың  Қазақстан Республикасының лицензиялау  туралы заңдарына сәйкес берiлетiн  лицензия негiзiнде жүзеге асыратын  экологиялық аудит жүргізу жөнiндегi кәсіпкерлiк қызметi.  
       Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-1-бап. Экологиялық аудитор      

1. Экологиялық аудиторлық  қызметті жүзеге асыруға аттестациядан  өткен және Қазақстан Республикасының  Үкiметi белгілеген тәртіппен лицензия алған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады.  
      2. Экологиялық аудитор жеке кәсiпкер ретiнде не экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкерi ретiнде экологиялық аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.  
       Ескерту. 83-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-2-бап. Экологиялық аудиторлық ұйым      

1. Экологиялық аудиторлық  ұйым - экологиялық аудиторлық қызметтi  жүзеге асыру үшiн, өндiрiстiк  кооператив пен мемлекеттік кәсіпорыннан басқа, кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.  
      2. Шетелдiк экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында тиiстi экологиялық аудиторлық ұйымдар - Қазақстан Республикасының резиденттерi құрылған жағдайда ғана экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады.  
      3. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрамындағы экологиялық аудиторлардың саны кемiнде екi адам болуға тиiс.  
       Ескерту. 83-2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-3-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы      

1. Экологиялық аудиторлар  палатасы экологиялық аудиторлардың  құқықтары мен заңды мүдделерiн  бiлдiру мен қорғау үшiн құрылған  коммерциялық емес, тәуелсiз, кәсiби  және өзiн-өзi басқаратын ұйым болып табылады.  
      2. Экологиялық аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және өз мүшелерi жалпы жиналыста қабылдаған жарғы негізiнде жұмыс iстейдi.  
      3. Экологиялық аудиторлар палатасы ерiктi негiзде экологиялық аудиторларды, экологиялық аудиторлық ұйымдарды бiрiктiредi және мүшелiк жарна мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.  
      4. Экологиялық аудиторлар палатасының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен айқындалады.  
      5. Экологиялық аудиторлар палатасы:  
      1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және өз мүшелерiнің қызметiн үйлестiредi;  
      2) экологиялық аудит жүргiзу жоспарының үлгі нысанын бекiтедi;  
      3) мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, экологиялық аудиторлық қызметтi дамытуда оларға көмек көрсетедi және жәрдемдеседi;  
      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға экологиялық аудиторлардың өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтарған жағдайлары және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын өзге де бұзушылықтары туралы хабарлайды;  
      5) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегі бiлiктілік комиссиясын құруға және экологиялық аудиторлардың аттестациясын өткiзуге қатысады;  
      6) экологиялық аудиторларды тағылымдамадан өткiзудi және оқытуды ұйымдастырады, экологиялық аудиторларға арналған оқу бағдарламаларын айқындауға қатысады;  
      7) экологиялық аудиторлардың заңсыз iс-әрекетiне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды;  
      8) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясына лицензияны керi қайтарып алу туралы ұсыныс жасайды.  
      6. Экологиялық аудиторлар палатасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының  коммерциялық емес ұйымдар туралы  заңдарына сәйкес жүзеге асырады.  
       Ескерту. 83-3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-4-бап. Экологиялық аудиторлар мен экологиялық  
                  аудиторлық ұйымдардың құқықтары      

 Экологиялық аудиторлар  мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:  
      1) экологиялық аудит жүргiзу әдiстерiн дербес айқындауға;  
      2) экологиялық аудит жүргiзуге жасалған шарттың талаптарын орындауға қажеттi құжаттаманы алуға және тексеруге;  
      3) шарт негiзiнде экологиялық аудит жүргiзуге қатысуға, осы Заңның 83-8-бабында аталған тұлғалардан басқа, түрлi саладағы мамандарды тартуға;  
      4) аудиттелетiн субъект экологиялық аудит жүргізу шартының талаптарын бұзған жағдайда экологиялық аудиттi жүргiзуден не экологиялық аудиторлық есептi беруден бас тартуға құқылы.  
       Ескерту. 83-4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-5-бап. Экологиялық аудиторлар мен экологиялық  
                  аудиторлық ұйымдардың мiндеттерi      

 Экологиялық аудиторлар  мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:  
      1) осы Заңның 83-8-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудит жүргiзудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлауға;  
      2) аудиттелетiн субъектiден алынған, сондай-ақ экологиялық аудит жүргiзу процесiнде жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;  
      3) аудиттелетiн субъектiге құжаттарда анықталған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкессiздiк туралы хабарлауға;  
      4) экологиялық аудит нәтижелерінің, сондай-ақ экологиялық аудит жүргiзу кезiнде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия нысанасы болып табылатын мәлiметтердiң құпиялығын сақтауға;  
      5) мiндеттi экологиялық аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес хабарлауға;  
      6) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті.  
       Ескерту. 83-5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-6-бап. Экологиялық аудиторлар мен экологиялық  
                 аудиторлық ұйымдарды сақтандыру      

1. Экологиялық аудиторлар  мен экологиялық аудиторлық ұйымдар  аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың  азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн  сақтандыру шартын жасасуға мiндетті.  
      2. Сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.  
       Ескерту. 83-6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-7-бап. Экологиялық аудиторларды аттестациялау      

1. Экологиялық аудит жүргізуге  қажетті бiлiктiлiктi растау жөнiнде  мезгіл-мезгiл жүргiзілетін рәсiм экологиялық аудиторларды аттестациялау болып табылады.  
      2. Экологиялық аудиторларды аттестациялауды білiктілік комиссиясы жүргiзедi.  
       Ескерту. 83-7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-8-бап. Экологиялық аудит жүргiзу құқығын шектеу      

1. Экологиялық аудиторлық  ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары, кредиторлары болып табылатын  не осы экологиялық аудиторлық  ұйым құрылтайшысы, қатысушысы, кредиторы  болып табылатын тапсырыс берушiлерге  экологиялық аудиторлық ұйымның  экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.  
      2. Егер экологиялық аудиторлар:  
      аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ құрылтайшысының немесе аудиттелетiн субъект жарғылық капиталының он проценттен астамын иеленетін қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары болған;  
      аудиттелетiн субъектінің қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды тұлғалары болған немесе онда жеке мүліктік мүдделерi бар болған жағдайларда, олардың экологиялық аудит жүргізуiне тыйым салынады.  
      3. Экологиялық аудиторлардың - жеке кәсiпкерлердiң, мынадай жағдайларда, егер:  
      аудиттелетiн субъект балансы активтерiнің сомасы жылына орташа есеппен алғанда тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40000 еселенген мөлшерінен асатын заңды тұлға болса;  
      аудиттелетiн субъектінің қызметi мiндетті экологиялық аудит жүргiзiлуге жататын болса, экологиялық аудит жүргiзуiне тыйым салынады.  
       Ескерту. 83-8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-9-бап. Аудиттелетiн субъектінің құқықтары      

 Аудиттелетiн субъект:  
      1) конкурс не өзге де iшкi рәсiм негiзiнде экологиялық аудиторды не экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы дербес шешiм қабылдауға;  
      2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңдарының экологиялық аудит жүргiзуге қатысты талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;  
      3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелерi және қорытындылары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;  
      4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан ұсынымдар, экологиялық есептiлiкте және өзге де құжаттарда анықталған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкессiздiк туралы ақпарат алуға;  
      5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда олар көрсететiн қызметтен бас тартуға құқылы.  
       Ескерту. 83-9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.       

 83-10-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi      

 Аудиттелетiн субъект:  
      1) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуді ұйымдастыруға;  
      2) экологиялық аудиттi уақтылы және сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудитор мен экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;  
      3) экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажетті толық және дұрыс құжаттаманы, өзге де ақпаратты табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсінік беруге;  
      4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептіліктi және экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттарды табыс етуге;  
      5) егер экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге;  
      6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талап етуi бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн үшіншi тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жiберуге;  
      7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның көрсететiн қызметтерiне ақы төлеудi қамтамасыз етуге;  
      8) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың мiндеттемелерiнен туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.  
       Ескерту. 83-10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  

 18 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу  
және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн  
жауапкершiлiк       

 84-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу      

 Қоршаған ортаны қорғау  саласындағы дауларды соттар  шешедi немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.       

 85-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны  
                үшiн жауапкершiлiк      

 Қоршаған ортаны қорғау  туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi  жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.       

 86-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудан  
                келтiрiлген зиянды өтеу      

1. Қоршаған ортаны қорғау  туралы заңдарды бұзуы салдарынан  қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң  мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар келтiрген зиянын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.   
      Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу ерiктi түрде немесе қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген нұқсанның белгiленген экономикалық бағасына сәйкес соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүргiзiледi.   
      Зиянды өтеуден өндiрiлiп алынатын сома бюджетке, ал заңдарда белгiленген жағдайларда зардап шеккен заңды немесе жеке тұлғаға аударылады.   
      2. Қызметi қоршаған ортаны қорғауға күштi қауiп төндiрумен байланысты заңды және жеке тұлғалар, егер жойқын күштiң немесе зардап шегушiнiң қаскөйлiгi салдарынан зиян келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, өздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.   
      3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтiруге жұмсалған шығындарды, науқасты күту жөнiндегi шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемiнде өтелуге тиiс.   
      Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның шамасын анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.  
      Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.  
       Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.   

Информация о работе Экология оқулығы