Экология оқулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:22, реферат

Краткое описание

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.docx

— 112.96 Кб (Скачать документ)

 10 тарау. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын  
экологиялық талаптар       

 46-бап. Қоршаған ортаға ықпалды бағалаудың міндеттілігі      

 Қоршаған ортаға әсердi бағалау басқару және шаруашылық шешiмдерiнiң қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлiнуiн және сарқылуын болдырмау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.   
      Қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат түрiнде ресiмделедi. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал жасайтын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруға тыйым салынады.   
      Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу, уақытша тоқтатып қою, меншiгiн ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсердi бағалау жөнiнде жүргiзген тексерулерiнен, анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтiрiлген зиянның орны белгiленген тәртiппен толықтырылғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.   
      Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жүргiзу тәртiбi экологиялық сараптама туралы заңдармен анықталады.   
       Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .       

 47-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi  
                экологиялық талаптар      

 Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар заңдармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.   
      Табиғи экологиялық жүйелердiң бүлiнуiн, адамның, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң генетикалық қорларының жойылуын, қоршаған ортаның халық өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiстерiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.        

 48-бап. Жобалауға қойылатын экологиялық талаптар      

 Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, үйлер мен құрылыстарды өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау, канализация, гидротехникалық құрылыстар жүйелерiн, көлiк және байланыс құралдарын, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптары сақталуға, зиянды қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жарату, қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндiрiстер, қоршаған орта ластануының алдын алу жөнiндегi тиiмдi шаралар, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану көзделуге тиiс.   
      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған жобалар бекiтiлмеуге тиiс, ал бұл жобаларды iске асыруды қаржыландыруға жол берiлмейдi.  
       Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N  209  Заңымен.         

 49-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де  
                объектiлердi орналастыру кезiндегi экологиялық  
                талаптар      

 Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын орындар қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерiн сақтап, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық зардаптары ескерiле отырып белгiленедi.   
      Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де өңiрлер белгiленедi.        

 50-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де  
                объектiлердi салу мен қайта құру кезiндегi  
                экологиялық талаптар      

 Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен қайта құру мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда және қоршаған ортаның сапалық нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға зиян келтiретiндей етiп өзгертуге жол берiлмейдi.   
      Құрылыс жұмыстарын атқару кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану, аумақты көркейту және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолдануға тиiс.        

 51-бап. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде  
                қойылатын экологиялық талаптар мен  
                мiндеттемелердiң есебi      

1. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде жекешелендiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттi атқарушы орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.   
      2. Кәсiпорындар мен өзге де объектiлердi жекешелендiру экологиялық жай-күйдi тексеру нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады. Кәсiпорынның немесе өзге де объектiнiң экологиялық жағдайын тексеру кәсiпорынды және өзге де объектiнi жекешелендiру жоспарында көзделiп, мемлекеттiк экологиялық бақылау органының қатысуымен жүзеге асырылады.   
      3. Жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар мен өзге де объектiлердi тазарту және залалсыздандыру жөнiндегi шараларды қаржыландыру мемлекет есебiнен және (немесе) жаңа меншiк иесiнiң келiсiмiмен мына көздерден:   
      1) кәсiпорынның жаңа иесi табиғат қорғау объектiлерiн салуды, қайта құруды және техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қайта инвестициялайтын қаражат;  
      2) жекешелендiрiлген кәсiпорын мен өзге де объектiге нысаналы несиелер, процентсiз қарыз және табиғат қорғау мұқтаждарын нысаналы қаржыландыру түрiнде түсетiн қаражат;  
      3) кәсiпорынның экологиялық сақтандыру жүйесi арқылы алатын қаражаты есебiнен.  
      4)  алып тасталды  
      5)  алып тасталды  
       Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.         

 52-бап. Банкроттық жағдайындағы экологиялық талаптар  
                мен мiндеттемелердiң есебi      

1. Заңды тұлғаға - табиғат пайдаланушыға қатысты банкроттық туралы iс қозғалған жағдайда кәсiпорынның және өзге де объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзiледi.   
      2. Кәсiпорынның және өзге де объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзу мiндетi санацияны жүзеге асыратын органға не сыртқы басқарушыға жүктеледi.   
      3. Банкроттыққа әкеп соққан шаруашылық қызметiнiң нәтижесi, сондай-ақ кәсiпорынның экологиялық талаптарды сақтауы тексеру объектiсi болады.   
      4. Заңды тұлғаның - табиғат пайдаланушының банкроттығы туралы iс жүргiзiлген жағдайда несие берушiлердiң экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi мүдделерiн есепке алу қамтамасыз етiледi.        

 53-бап. Заңды тұлға таратылған және қайта  
                ұйымдастырылған кездегi экологиялық талаптар  
                мен мiндеттемелердiң есебi      

1. Заңды тұлғаны - табиғат пайдаланушыны тарату мен қайта ұйымдастыру кәсiпорынның жай-күйiн тексеру және (немесе) экологиялық сараптама деректерiнiң негiзiнде экологиялық талаптар ескерiлiп, олардың нәтижелерiн заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың тиiстi нысаны кезiнде жасалатын тарату балансында мiндеттi түрде көрсете отырып жүзеге асырылады.   
      2. Таратылатын немесе қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның экологиялық жай-күйiн тексеру мемлекеттiк экологиялық сараптама органының қатысуымен жүзеге асырылады.   
      3. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңа меншiк иесiнiң бөлу балансына сәйкес экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi құқыққа мирасқорлығы қамтамасыз етiледi.   
      4. Заңды тұлға несие берушiлердiң экологиялық мiндеттемелер жөнiндегi мүдделерi ескерiле отырып таратылады.        

 54-бап. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де  
                объектiлердi пайдалануға беру және пайдалану  
                кезiнде қойылатын экологиялық талаптар      

 Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемiнде орындалған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық бөлiмшелерiнiң және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының қатысуымен құрылатын қабылдау комиссияларының актiлерi бойынша жүргiзiледi.   
      Зиянды қалдықтарды, ластайтын заттардың шығарындыларын жол берiлетiн шектi нормативтер деңгейiне дейiн тазарту, залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қондырғылармен және жабдықтармен, қоршаған ортаның ластануын бақылау құралдарымен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөнiнде жобаланып қойылған жұмыстарды аяқтамай пайдалануға беруге тыйым салынады.   
       Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.         

 55-бап. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс  
                объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсаттағы  
                және мелиорация объектiлерiн пайдалану кезiнде  
                қойылатын экологиялық талаптар      

 Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсаттағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптарды ескерiп және экологиялық жағынан негiзделген технологияларды, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғаныш өңiрлерiн пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде қалдығы аз және қалдықсыз технологиялар мен өндiрiстер енгiзiлуге тиiс, олар зиянды қалдықтарды, ластайтын заттардың шығарындылары мен тастандыларын тазартуға, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға арналған тиiмдi құралдармен жарақтандырылуға, отынның қауiпсiз түрлерi қолданылып, табиғи ресурстарды үнемдеп және ұтымды пайдалануға, экологиялық қауiпсiздiк жөнiнде шаралар қолданылуға тиiс.   
      Халық тығыз орналасқан аумақтарда, сейсмикалық қауiптi аймақтарда, ежелден халық жаппай дем алатын және емделетiн жерлерде атом және су-электр станцияларын жобалауға, салуға тыйым салынады.        

 56-бап. Қалалар мен басқа да елдi мекендер салу кезiнде  
                қойылатын экологиялық талаптар      

 Қалалар мен басқа  да елдi мекендердi жобалау,  салу, қайта құру, экологиялық қауiпсiздiктi және қоршаған ортаны сақтау  талаптарын ескере отырып, халықтың  өмiр сүруi, еңбек етуi және демалуы  үшiн неғұрлым қолайлы жағдайларды  қамтамасыз етуге мiндеттi.   
      Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарды санитариялық тазарту, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қоймаға жинау, қауiпсiз етiп адалау, өңдеу және көму көзделiп жүзеге асырылуға тиiс. Iрi қалалар мен өнеркәсiп орталықтары жанынан табиғат пайдаланудың шектеулi режимi енгiзiлген орман-парк, жасыл желек және қорғаныш өңiрлерi құрылуға тиiс.        

 57-бап. Радиоактивтi материалдарды пайдалану кезiнде  
                қойылатын экологиялық талаптар      

 Ұйымдар мен азаматтар радиоактивтi материалдарды өндiрудiң, сақтаудың, тасымалдаудың, пайдаланудың, кәдеге жаратудың, адалаудың және көмудiң белгiленген ережелерiн сақтауға, радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейi нормативтерiнiң бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.   
      Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден радиациялық қалдықтар мен материалдарды сақтау немесе көму мақсатында әкелуге тыйым салынады. Радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға түсуiне жол бермеу жөнiнде шаралар жүргiзбейiнше радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды жер бетiне және жер қойнауына көмуге де (орналастыруға) тыйым салынады.   
      Қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануы байқалған жағдайда ұйымдар мен азаматтар бұл туралы бақылаушы органдарды дереу хабардар етуге тиiс.        

 58-бап. Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық  
                заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде қойылатын  
                экологиялық талаптар      

 Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық заттарды өндiру мен қолдануға оларды қажеттi уыттық-гигиеналық және экологиялық-уыттылыққа қатысты зерттеулер жүргiзiлiп, олармен жұмыс iстеу гигиеналық жағынан реттелгеннен кейiн, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгiленiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн жол берiледi.   
      Жергiлiктi табиғатқа тән емес, сондай-ақ жасанды жолмен алынған биологиялық объектiлердi қоршаған ортада өсiруге және орналастыруға тиiстi экологиялық негiздемелер болған жағдайда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.  
       Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.         

 59-бап. Қоршаған ортаны зиянды физикалық әсерден қорғау      

 Ұйымдар мен азаматтар  қалалар мен басқа да елдi  мекендердiң өндiрiстiк, қоғамдық  және тұрғын үй-жайларында, көшелерiнде, аулаларында, алаңдарында, халық дем алатын өңiрлерде және жабайы хайуанаттар мекендейтiн жерлерде шудың, тербелiстiң, магнит өрiсiнiң зиянды ықпалы мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң алдын алу мен жою жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.   
      Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау және салу, өндiрiстiк немесе өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру және пайдалану, жаңа техниканы, көлiк пен байланыс құралдарын жасау, игеру және пайдалану кезiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiсiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол берiлетiн шектi деңгейiнiң нормативтерi ескерiлуге тиiс.        

 60-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу  
                кезiнде қойылатын экологиялық талаптар      

1. Қалдықтарды қоймаға жинау, жою және көму облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келiсе отырып, белгiленген жерлерде жүргiзiледi.   
      1-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатынсыз қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығаруға және тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға тыйым салынады.   
      2. Қазақстан Республикасына қалдықтарды өңдеу, көму немесе сақтау үшiн алып келу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.   
      3. Залалсыздандыруға немесе пайдаланылғаннан кейiн кәдеге жаратуға арналған технологиясы жоқ өнiмдердi шеттен әкелуге тыйым салынады.  
      4. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар осы Заңмен қатар, қалдықтар туралы заңдармен және өзге нормативтiк құқықтық актiлермен анықталады.  
      5. Өндiрiстiк және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы мен пайдаланылуы мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.  
       Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.  

Информация о работе Экология оқулығы