Экология оқулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:22, реферат

Краткое описание

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.docx

— 112.96 Кб (Скачать документ)

 8-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi  
               органның құзыретi      

 Қоршаған ортаны қорғау  саласындағы уәкiлеттi орган:  
      1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын өзге де орталық атқарушы органдар мен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;  
      2) қоршаған ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiк экологиялық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;  
      3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекiтедi немесе келiседi;  
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, экологиялық аудиторлық қызметке, табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарға лицензиялар бередi;  
      5) табиғатты пайдалануға рұқсаттар береді;  
      6) қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi бойынша жұмыс жүргiзедi, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай жүйесiне басшылық жасайды, өндiрiстiк мониторинг жүргiзудiң үлгi тәртiбiн бекiтедi;  
      7) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;  
      8) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;  
      8-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi;  
      8-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың (тексерудi тағайындау туралы акт, хаттама, нұсқама) нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;  
      8-3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары жүйесiнде зертханалық-талдамалық бақылау жұмысының қызметiн жетiлдiредi;  
      8-4) қоршаған ортаның жай-күйiне әсер ететiн қызмет туралы ақпаратты, соның iшiнде зертханалық-талдамалық деректердi жинау мен талдауды жүзеге асырады;  
      9) өзiнiң аумақтық органдары арқылы су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге, су объектiлерi мониторингiн жүргiзуге, өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға, бассейндiк келiсiмдердi әзiрлеуге және олардың жүзеге асырылуын бақылауға, су объектiлерiн пайдалану, молықтыру және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн ережелер әзiрлеуге, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысады;  
      10) өз құзыретi шегiнде жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;  
      11) жергiлiктi маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын келiседi;  
      12) мемлекеттiк табиғи қорық қорының табиғи ресурстары мен объектiлерiн қорғау, молықтыру әрi пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;  
      12-1) жер қойнауын қорғау жөнiндегi экологиялық талаптардың, ережелер мен нормалардың сақталуына, жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерiнде келiсiм-шарт талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;  
      12-2) өндiрiстiк экологиялық бақылау туралы үлгi ереженi бекiтедi.  
      13) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;  
      14) мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiне жалпы басшылық жасауды үйлестiредi және жүзеге асырады;  
      15) табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алуды және олардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзедi;  
      16) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;   
      17) экологиялық аудиторларды аттестациялау жөнiндегі білiктілiк комиссиясының құрамы мен жұмыс тәртiбiн, сондай-ақ экологиялық аудиторларды аттестациялау тәртiбiн бекiтедi;  
      18) қоршаған ортаны ластағаны үшін базалық төлем ставкаларын бекітеді;  
      19) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi.  
       Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді),  өзгерту енгізілді - 2005.07.08.  N 71  (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.        

 9-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау  
               мен табиғат пайдалануды басқару мiндеттерiн  
               жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк  
               органдарының құзыретi      

 Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау мен  табиғат пайдалануды басқару  мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының құқықтық жағдайы мен құзыретiн заң актiлерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  
       Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,  
                астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы  
                органдарының құзыретi      

1. Облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың)  жергiлiктi өкiлдi органдары:  
      экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң тактикалық мiндеттерiн шешу үшiн тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және iс-шаралар тiзбесiн бекiтедi;  
      облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;  
      өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi жолсыздықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген мiндеттi ережелердi техникалық регламенттер негiзiнде қабылдайды. Ережелер оларды халыққа жария еткеннен кейiн кемiнде екi апта өткен соң күшiне енедi.  
      Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етiп жыл сайын бекiтедi.  
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:  
      1) табиғат пайдалануды:  
      табиғат қорғау объектiлерiн салу мен қайта құруды қамтамасыз ету;  
      шағын өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануын, су тасқынын, су басып кетудi, жағалаулардың бұзылуын және судың басқа да әсерiн болғызбау әрi жою;  
      атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында көлiк тасқынын реттеу;  
      қалалар мен кенттер аумақтарының ластануы;  
      жердi құнарсызданудан, шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, батпақтанудан, қайталама орнығудан, құрғаудан, тығызданудан, өндiрiс пен тұтынудың тұрмыстық және қауiптi қалдықтарымен ластанудан қорғау;  
      жердi өз бетiмен басып алу, ағаштарды заңсыз кесу жағдайларын анықтау;  
      ормандағы және даладағы өрттерден қорғау, орман ортасын құрайтын және орман ортасын қорғайтын функцияларын сақтауды, сондай-ақ көшеттердi, дәрiлiк, тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын уақтылы қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзу;  
      шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде биологиялық алуан түрлiлiкке қатер төнуiн болдырмау және оның терiс әсерiн жою үшiн шаралар қабылдау;  
      атмосфералық ауаны қорғау мен сауықтыру;  
      жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға резервке алу мәселелерi бойынша реттейдi;  
      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының бекiтуiне енгiзудi ұйымдастырады;  
      3) экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы бар кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға әрi қайта құруға тыйым салу туралы қорытындылар әзiрлейдi, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызмет жүргiзудi тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қабылдайды;  
      4) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;  
      5) стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердi қоспағанда, шаруашылық қызмет объектiлерiне мемлекеттiк экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi;  
      6) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады;  
      7) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi;  
      8)  алып тасталды -   2006.01.10. N  116  Заңымен.  
      9)  алып тасталды -   2006.01.10. N  116  Заңымен.  
       10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзіне асырады;  
      11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етіп қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын есептейді;  
      12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;  
      13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;  
      14) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;  
      15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;  
      16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару қызметтерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге жер учаскесін бөліп беруге шешім береді;  
      17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, елді мекендердің күтіп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етеді.  
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi заңдарда белгiленген өкiлеттiк шегiнде шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.  
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N  488 , 2001.07.04. N  205 , 2001.12.24. N  276 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.   

 4 тарау. Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану       

 11-бап. Табиғи ресурстар      

 Табиғи ресурстарға меншік нысаны Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді.  
       Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .       

 12-бап. Табиғат пайдаланушылар      

 Табиғат пайдаланушылар  заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес, ұлттық және шетелдiк болып бөлiнедi.   
      Ұлттық табиғат пайдаланушыларға - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, оның iшiнде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдiк табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдiк заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.   
      Табиғат пайдаланушылар:   
      тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);   
      бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртiбiмен алынған) және қайталама (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.        

 13-бап. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану      

 Қазақстан Республикасында  табиғи ресурстар жалпы және  арнайы табиғат пайдалануда болады.   
      Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмiрлiк қажеттерiн қанағаттандыру үшiн тегiн және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берiлместен жүзеге асырылады. Егер заңдарда тiкелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалануды шектеуге жол берiледi.   
      Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғатты тұрақты пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен айыратын немесе иелiктен айырмайтын, ақысын төлеп немесе алатын, бастапқы немесе қайталама болуы мүмкiн.  
      Табиғатты арнайы пайдалану немесе табиғатты шектеулi пайдалану құқығы (сервитуттар) туындауының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.       

 14-бап. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру  
                негiздерi      

 Табиғи ресурстар табиғат  пайдалануға:  
      табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар;  
      табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi;  
      табиғат пайдалану шарттары (келiсiм-шарттары) негiзiнде берiледi.  
       Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 15-бап. <*>       

 Ескерту. 15-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 16-бап. Табиғат пайдалануға рұқсат беру      

 Табиғат пайдалануға  берiлетiн рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығару мен тастауға құқығын табиғат пайдаланудың нақты мерзімі мен көлемін (лимиттерін), шарттарын және қолданылатын технологияны көрсете отырып, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.   
       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04.  N 205 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.       

 17-бап. Табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу      

 Табиғат пайдалануды  мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн оның мемлекеттiк құрылымы жүзеге асырылады, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастры, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүргiзiледi.  
       Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 18-бап. Табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымы мен  
                табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру  
                және қорғау схемалары      

 Табиғат пайдаланудың  мемлекеттiк құрылымы табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалануды, молықтыру  мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесi болып табылады.  
      Заңдарда көзделген жағдайларда табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемалары жасалады.       

 19-бап. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен  
                мемлекеттiк кадастрлары      

 Халықтың және экономика  салаларының мұқтаждары үшiн пайдаланылатын табиғи ресурстардың мөлшерi мен сапасын айқындау мақсатында табиғи ресурстардың жай-күйi, пайдаланылуы, молықтырылуы мен қорғалуы туралы мәлiметтер жиынтығы болып табылатын олардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастрлары жүргiзiледi.       

 20-бап. Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi  
                және олардың құқықтарын қорғау      

1. Табиғат пайдаланушылар:  
      табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес пайдалануға;   
      шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;   
      берiлген табиғи ресурстарды үнемдi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;   
      қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;  
      табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;   
      қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;  
      шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге;  
      қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпарат беруге міндетті.  
      2. Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.  
      Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiрілуге тиiс.  
       Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 ,   2001.12.24. N  276 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.  

 5 тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны  
қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау       

 21-бап. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды  
                пайдалану саласында лицензиялануға тиiстi қызмет  
                түрлерi      

 Қоршаған ортаны қорғау  және табиғи ресурстарды пайдалану  саласында:  
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн  тiзбе бойынша  шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi;  
      2) экологиялық аудиторлық қызмет;  
      3) экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалау, нормалау және жұмыстар мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс.  
       Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2005.04.15.  N 45  Заңдарымен.       

 22-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған  
                ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау  
                тәртiбi       

 Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.   
      Лицензиялар берудiң ережелерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының  лицензиялау туралы  заңдарымен реттеледi.  
       Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді),   2005.04.15.  N 45  Заңдарымен.         

 23-бап. Табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты)      

 Табиғат пайдалану  шарты (келiсiм-шарты) табиғат пайдаланушы мен атқарушы органдар немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында заңдарда белгiленген тәртiппен жасалады.   
      Егер табиғи ресурстарды пайдалану мен шаруашылық қызметтің жекелеген түрлерiн жүзеге асыру мiндеттi түрде мемлекеттiк лицензиялауды талап ететiн болса, табиғат пайдаланушы алдын ала лицензия алмаған жағдайда, табиғат пайдалану шарты (келiсiм-шарты) жарамсыз болып табылады.   
      Шарттың (келiсiм-шарттың) қолданылу мерзiмi, тоқтатылу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына немесе лицензияға сәйкес тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.  
      Шарттың (келiсiм-шарттың) лицензияға қайшы келетiн шарттары жарамсыз болып табылады. Лицензияны қайтарып алу шарттың (келiсiм-шарттың) тоқтатылуына әкеп соғады.  
      Табиғат пайдалану жөнiндегi шарт (келiсiм-шарт) оған қол қойылғанға дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келiсуге тиiс.  
       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .  

 6 тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi       

Информация о работе Экология оқулығы