Экология оқулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:22, реферат

Краткое описание

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.docx

— 112.96 Кб (Скачать документ)

 24-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың  
                мемлекеттiк мониторингi      

 1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады және онда:  
      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiне, сондай-ақ оларға антропогендiк ықпал жасау көздерiне белгiлi бiр бағдарлама бойынша жүргiзiлетiн бақылау;   
      2) аталған бақылау объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау;   
      3) олардағы өзгерiстердi болжау қамтылады.   
      2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторингi қоршаған ортаны қорғау саласында басқарушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдауды қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен жүргiзiледi.   
      3. Қазақстан Республикасында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылып, жұмыс iстейдi, оны ұйымдастыру және жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.   
      4.  алып тасталды  
      5. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде алынатын ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады және оны атқарушы органдар басқарушылық және шаруашылық шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау және олардың пайдаланылуын бақылау үшiн, сондай-ақ халыққа хабарлау үшiн пайдаланады.   
      6. Барлық мемлекеттік органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қажетті ақпаратты тегін, заңдарда белгіленген нысандар бойынша және мерзімде табыс етіп отырады.   
       Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.         

 25-бап. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi      

1. Заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға жасайтын ықпалы туралы есептi және есеп берудi жүргiзуге мiндеттi.   
      2. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингi үшiн пайдаланылатын өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.  
      3. Өндiрiстiк мониторинг деректерi мен стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауiптi объектiлердiң қоршаған ортаға әсерi туралы есептiлiк - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде берiледi.  
      4. Қоршаған ортаға ластағыш заттар нормадан тыс шығарылған (тасталған), авариялық және төтенше жағдайлар туындаған реттерде, табиғат пайдаланушы кәсіпорындар ол туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына заңдарда белгіленген мерзімде жедел хабарлауға міндетті.  
       Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.12.29. N  209  Заңдарымен.  

 7 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетiгi       

 26-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдiстерi      

 Қоршаған ортаны қорғаудың  экономикалық әдiстерi:  
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;  
      табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдер;   
      қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу;  
      табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдер;   
      қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру;  
      экологиялық сақтандыру;  
      қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау және өтеу болып табылады.  
       Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N  276 , 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.        

 27-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды  
                жоспарлау мен қаржыландыру      

1. Қоршаған ортаны қорғау  жөнiндегi шаралар болжамдық және  бағдарламалық-нысаналы құжаттар мен материалдарда ескерiледi, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын индикативтi жоспарлаудың жобаларына, табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар мен тұжырымдамаларға енгiзiледi.   
      Табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары жөнiндегi экологиялық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.  
      2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру:  
      1) бюджет қаражаты;  
      2) экологиялық сақтандыру қаражаты;  
      3) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;  
      4) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары есебiнен жүргiзiледi.  
       Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 , 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.       

 28-бап. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн  
                төлемдер      

 Табиғи ресурстарды  пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде  K010209_  белгiленген салықтар, алымдар және төлемдер түрiнде табиғат пайдаланушылардан алынады.   
       Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276  Заңымен .       

 29-бап. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы төлеу      

 Қоршаған ортаны ластағаны  үшiн төленетiн ақы ластайтын  заттарды шығарғаны және тастағаны,  өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын  орналастырғаны үшiн ұйымдар мен  азаматтардан алынады.   
      Қоршаған ортаны белгiленген лимиттерден тыс ластағаны үшiн ақы Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген көтерiңкi мөлшерде алынады.   
      Қоршаған ортаны ластағаны үшiн бюджетке төленетiн ақының сомасын есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.   
       Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 ,   2001.12.24. N  276 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.           

 30-бап. Табиғи ресурстарды қорғау мен молайту үшiн  
                төленетiн төлемдер      

 Табиғи ресурстарды  қорғау мен молайтуды жүзеге  асыруға арналған бюджет шығындарының  орнын толтыруды өтеу ретiнде табиғат пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының Салық  кодексiне   сәйкес төлем алынады.  
       Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276  Заңымен .       

 31-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан  
                ынталандыру      

1. Қоршаған ортаны қорғауды  экономикалық ынталандыру қоршаған  ортаны қорғауды тиiмдi жүзеге  асыратын заңды тұлғаларға - табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктер мен преференциялар беру және ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.  
      2. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру заңдарға қайшы келмейтiн шаралар арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.  
       Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.         

 32-бап. Экологиялық сақтандыру      

1. Экологиялық сақтандыру  қоршаған ортаға, басқа адамдардың  өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру салдарынан шарттан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі туындаған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік құқықтарын (сақтандырылғандарын) қорғауға байланысты қатынастар кешені болып табылады.   
      2. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiмен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар мiндеттi түрде экологиялық сақтандырылуға тиiс. Мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкiн.   
      3. Ерiктi экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркiн бiлдiруi бойынша жүзеге асырылады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келiсiмдермен белгiленедi.  
      4. Міндетті экологиялық сақтандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.  
       Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .       

 33-бап.<*>  
       34-бап.<*>   
       Ескерту. 33-34-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .  

 8 тарау. Экологиялық нормалау       

 Ескерту. Тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .       

 35-бап. Экологиялық нормалардың негізгі міндеттері мен  
                талаптары      

 Экологиялық нормалау  қоршаған ортаға ықпал етудің  экологиялық қауіпсіздікке және  халықтың денсаулығын сақтауға  кепілдік беретін, қоршаған ортаның  ластануын болдырмауды, табиғи  ресурстарды молықтыруды және  ұтымды пайдалануды қамтамасыз  ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді.   
      Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:   
      Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;   
      қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi.   
      Қоршаған орта сапасының белгiленген нормативтерiн асыра көрсетуге немесе оларды уақытша және төмендетiлген нормалармен алмастыруға жол берiлмейдi.  
      Нормативтер шамаларын аумақтардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты қатаңдату жағына қарай өзгертуге жол берiледi.  
      Бекітілген экологиялық нормативтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылады, жариялануға және еркiн таратылуға тиiс.  
       Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .       

 36-бап. Экологиялық нормативтердің негізгі түрлері      

 Экологиялық нормативтердің  негiзгi түрлерiне:  
      қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi;  
      қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi;   
      шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;  
      радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;  
      агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шектi нормалары;  
      қорғау, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының нормативтерi;  
      зиянды (ластағыш) заттарды шығарудың, тастаудың үлес нормативтері;  
      қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi жатады. <*>  
      Қазақстан Республикасының заңдарында экологиялық нормативтердің өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.  
       Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 , 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.       

 37-бап. Қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге  
                болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi      

 Халықтың денсаулығын,  өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлануының нормативтерi белгiленедi.       

 38-бап. Қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге  
                болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу  
                нормативтерi      

 Тиiстi аумақта қоршаған  ортаны ластаудың барлық көздерi мен көлемдерiн ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсiмдiктер  мен жануарлар дүниесiне олардың  жасайтын кешендi ықпалына жол  бермеу мақсатында ластанудың  әрбiр көзi бойынша қоршаған  ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi белгiленедi.       

 39-бап. Шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де  
                зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын  
                шектi деңгейiнiң нормативтерi      

 Халықтың денсаулығы  мен еңбек қабiлетiн сақтау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, тiршiлiк үшiн қолайлы қоршаған ортаны қорғау мақсатында шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi белгiленедi.       

 40-бап. Радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi  
                деңгейiнiң нормативтерi      

 Адамның денсаулығы  мен генетикалық қорына төнетiн қауiптi болдырмау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында қоршаған орта мен тамақ өнiмдерiндегi радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi белгiленедi.       

 41-бап. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында  
                агрохимикаттарды қолдануға жол берiлетiн шектi  
                нормалар       

 Адамның денсаулығын және генетикалық қорын сақтау, өсiмдiк және жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды, өсiмдiк қорғау құралдарын, стимуляторларды және басқа да агрохимикаттарды, тамақ өнiмдерiндегi, топырақ пен судағы химиялық заттар қалдықтарының жол берiлетiн шектi нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн мөлшерде қолдануға жол берiлетiн шектi нормалары белгiленедi.       

 42-бап. Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де  
                қорғаныш өңiрлерi      

 Қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбау және ерекше күзетудi қажет ететiн объектiлердi сақтау мақсатында күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерi белгiленедi.   
      Күзетiлетiн, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң көлемдерi, оларды пайдалану режимдерi заңдарға сәйкес белгiленедi.   

 9 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу       

 Ескерту. 9-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N  209  Заңымен.       

 43-бап.   Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық  
             реттеу объектiлерi       

 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе оның аумағына әкелiнетiн, экологиялық қауiпсiздiкке, адамның өмiрi мен денсаулығына, табиғи ресурстарды молайтуға және ұтымды пайдалануға, сондай-ақ өнiмнің өмiрлiк циклiнiң процестерiне қауiп төндiруi мүмкiн өнiм жатады.       

 44-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық  
             реттеу        

 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм мен оның өмiрлiк циклi процестерiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарын белгiлейтiн техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрленедi және бекiтiледi.  
      Техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн, нарыққа орналастырылған өнiмнiң айналымына, сондай-ақ өнiмдi осы талаптарды бұзу арқылы жобалауға, өндiруге, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға, өткiзуге, кәдеге жаратуға және жоюға тыйым салынады.       

 45-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестiктi  
              растау       

 Техникалық регламенттерге сәйкестiктi анықтау үшiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiктi растау жүзеге асырылады.  
      Сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмдi сәйкестiктi растау саласындағы тиiстi құжатсыз өткiзуге тыйым салынады.   

Информация о работе Экология оқулығы