Экология оқулығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 17:22, реферат

Краткое описание

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады. Осы Заң қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық, және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтiң табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерiн болғызбауға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экология.docx

— 112.96 Кб (Скачать документ)

 70-бап. Төтенше экологиялық ахуалды және экологиялық  
                апат аймақтарын жариялау тәртiбi      

 Қазақстан Республикасының  белгiлi бiр аумағында төтенше экологиялық ахуалды Үкiмет жариялайды.  
      Экологиялық апат аймақтары Қазақстан Республикасының заңдарымен жарияланады.  
      Экологиялық апат аймақтарының шекараларын белгiлеудi Үкiмет қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және ғылым саласындағы арнайы уәкiлеттi атқарушы органдардың оң қорытындысы болған жағдайда  
жүзеге асырады.  

 14 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат пен  
мемлекеттiк статистика       

 71-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат      

 Қоршаған ортаның жай-күйi, ластануы және сауықтырылуы туралы, қаржыландыру (қаржыландыру көздерi) туралы, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларға қаражат жұмсау, табиғи ресурстардың жай-күйi, молықтырылуы мен пайдаланылуы, қоршаған ортаға жасалатын әсерлер, оның сапасын нормалау мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар туралы мәлiметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат болып табылады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға тиiс.   
      Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жасыруына, дер кезiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.        

 72-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк  
                статистика      

 Қоршаған ортаны қорғау  саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк  органдар статистикалық ақпараттың объективтiлiгi және оның халықаралық статистикамен салыстырмалылығы негiзiнде мемлекеттiк статистиканы жүргiзедi.   
      Заңды және жеке тұлғалардың белгiленген көлемде белгiленген мерзiмде статистикалық ақпарат беруi ақпаратты жiберушiнiң қаржысы есебiнен мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысанында жүзеге асырылады.  
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк статистикалық есеп беру көрсеткiштерiнiң ең төменгi құрамы мен мемлекеттiк статистиканы жүргiзу тәртiбi заңдармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.  

 15 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық  
тәрбие мен бiлiм беру, ғылыми зерттеулер       

 73-бап. Экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң  
                жалпыға бiрдей және үздiксiз жүргiзiлуi       

 Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.   
      Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.       

 74-бап. Экологиялық бiлiм беру      

 Оқу орындарының бiлiм  беру бағдарына және меншiк  нысанына қарамастан, оларда экологиялық  пәндердi оқыту көзделуi тиiс.   
      Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.       

 75-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми  
                зерттеулер      

 Қоршаған ортаны қорғаудың  ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.  
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.  
       Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

 16 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау       

 76-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылаудың  
                мiндеттерi мен түрлерi      

 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау қоршаған ортаның жай-күйiн, шаруашылық және өзге де қызметтiң ықпалымен оның өзгерiстерiн байқап отыруды, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптардың сақталуын тексерудi өзiне мiндет етiп қояды.   
      2. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.   
       Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .       

 77-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк  
                бақылау      

 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жою, сондай-ақ заң бұзушы адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту мақсатында жүзеге асырады.  
      1-1. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мемлекеттiк органдармен, табиғат пайдаланушылармен және жұртшылықпен тығыз өзара iс-қимыл, оның iшiнде:  
      1) баға өлшемдерiн қолдану мен бақылау және құқық қолдану жұмыстарын жетiлдiру;  
      2) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға интенсивтi әсер ететiн қызметiнiң экологиялық нәтижелiлiгiн бағалау;  
      3) тексерiлетiн объектiлер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзiрлеу және зертханалық-талдау деректерiн және қоршаған ортаның жай-күйi, оның шаруашылық қызметiнiң ықпалынан өзгеруi туралы өзге де ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылатын қоршаған ортаға терiс әсердi азайту және жою жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметiнiң деректерi қоршаған ортаны ластау көздерiнiң сапасын анықтау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардан сынамалар алу жолымен алынуы мүмкiн.  
      1-2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:  
      1) мемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк және табиғи ресурстарды есепке алудың материалдарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметiнiң табиғатты пайдалану объектiлерiнiң жай-күйi туралы деректерiн, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң табиғат қорғау қызметi және тексеру барысында анықталған бұзушылықтар туралы деректерiн талдау;  
      2) тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;  
      3) экологиялық құқық бұзушылықтардың туындауын болғызбауға бағытталған шараларды қоса алғанда, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшiн құқықтық құралдарды пайдалануға негiзделген құқық қолдану арқылы жүзеге асырылады.  
      1-3. Тексерудiң түрлерi:  
      жоспарлы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;  
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;  
      қарсы - тексеру жүргізу кезiнде үшiншi тұлғаларға қатысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;  
      рейдтiк - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы жекелеген нормативтiк құқықтық талаптарды сақтау мәселелерi бойынша бiрнеше шаруашылық жүргiзушi субъектiнi бiр мезгiлде тексеру;  
      кешендi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып жүргiзетiн тексеру.  
      Өзге тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.  
      1-4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган шығаратын тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда мiндеттi түрде тiркеледi. Төтенше экологиялық жағдайларға дереу назар аудару қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт негiзiнде тексеру басталады, ол кейiннен белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.  
      1-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша мынадай актiлер шығарады:  
      1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актiсi;  
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;  
      3) нұсқама;  
      4) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы.  
      Кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзiмi аяқталған соң жетi күннен кешiктiрмей беруге тиiс.  
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:  
      меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектiлерге (соның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) кедергiсiз (қызмет куәлiктерiн көрсету арқылы) кiрiп, көруге, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдамалардың нәтижелерi мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшiн тегiн алуға;   
      табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және тиiмдi пайдалану жөнiндегi бағдарламалардың, жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарының орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;  
      қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензияның, жергiлiктi атқарушы органдардың табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешiмдерiнiң, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларының болуын, табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгiленген ережелердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шарттарының (келiсiм-шарттарының) және табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою жөнiнде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгiзуге;   
      экологиялық аудит мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныс енгiзуге және олардың қорытындыларының орындалуын тексеруге;   
      экологиялық жағынан қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын қоршаған ортаның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (әкетуге), сондай-ақ одан алып өтуге (одан әрi тасымалдауға) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;   
      заңды және жеке тұлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнiнде нұсқамалар шығаруға;   
      экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына арыз беруге;   
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi заңдарда белгiленген тәртiппен қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;   
      қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген залал, оның iшiнде құндық мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi адамдардан осы залалды ерікті түрде өтеу туралы талап етуге немесе сотқа талап қоюға;   
      тиiстi қаржы-несие ұйымдарына экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын объектiлердiң құрылысы мен пайдаланылуын, шаруашылық және өзге де қызметтi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама енгiзуге;   
      өндірістік экологиялық бақылаудың және мониторингтің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруге;   
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзушылардың әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін ішкі істер, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарынан көмек сұрауға және оны алуға құқығы бар.   
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының шешiмдерiн барлық азаматтар, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалар орындауға мiндеттi, оларға бағыныстылық ретiмен нeмece сотқа шағым жасалуы мүмкiн.  
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.   
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.   
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.   
      4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.   
       Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N  488 ,   2001.07.04. N  205 , 2002.08.09. N  346 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.  

        77-1-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк  
                   бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар      

1. Қоршаған ортаны қорғау  саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:  
      1) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесiнiң басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы;  
      2) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесi басшысының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары;  
      3) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесi басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтардың орынбасарлары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары;  
      4) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылау бөлiмшесiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;  
      5) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;  
      6) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау аумақтық органдарының мемлекеттiк бақылау бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары;  
      7) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттiк бақылау бөлiмдерiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.  
      2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органының бас мемлекеттiк инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген бланктер болады.  
      Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторға, бас мемлекеттiк инспектордың орынбасарына және аға мемлекеттiк инспекторлар мен мемлекеттiк инспекторларға белгiленген тәртiппен бiрыңғай үлгiдегi мөр, куәлiктер мен нысанды киiм берiледi.  
      Ескерту. 77-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

        77-2-бап. <*>       

 Ескерту. 77-2-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N  116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 78-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндiрiстiк  
                бақылау      

 Өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша орталық атқарушы органдар немесе ұйымдар бекiтетiн ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.  
       Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N 205  Заңымен .       

 79-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық  
                бақылау      

 Қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырады.  
      Қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өз жарғыларына сәйкес белгiлейдi.  
       Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.04. N  205 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.       

 80-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды  
                жүзеге асыратын адамдарды қорғау шаралары      

 Қоршаған ортаны қорғау  саласындағы бақылауды жүзеге  асыратын адамдар мiндеттi сақтандырылуға  тиiс, олар қаза тапқан немесе  мертiккен жағдайда да залалды  белгiленген тәртiппен өтетуге  құқығы бар.  
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын адамдардың арнайы құралдарды, атыс қаруы мен нысанды киiмдi сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.  
       Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 16-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеудi бақылау       

 Ескерту. 16-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 80-1-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылау      

1. Қалдықтармен жұмыс  iстеудi мемлекеттiк бақылауды  қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкiлеттi орган, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.  
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттiк бақылау:  
      қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың орындалуын бақылауды;  
      қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;  
      қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылауды;  
      қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;  
      қалдықтарды тасымалдау талаптары мен ережелерiнiң сақталуын бақылауды;  
      қалдықтардың санын азайту және қалдықтарды қосымша шикiзат көзi ретiнде шаруашылық айналымға тарту жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды;  
      қалдықтармен жұмыс iстеу саласында ұсынылатын ақпараттың және қалдықтар туралы есептiлiктiң дұрыстығын бақылауды;  
      Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.  
      3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шағым жасалына алады.  
       Ескерту. 80-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.       

 80-2-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi өндiрiстiк бақылау      

 1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар өз қызметi барысында Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.  
      2. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар дербес әзiрлеп, бекiтедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен келiседi.  
       Ескерту. 80-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.      

  80-3-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке  
                  алу және есептiлiк      

1. Қалдықтармен жұмыс  iстеу саласындағы қызметтi жүзеге  асыратын жеке және заңды тұлғалар пайда болған, пайдаланылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берiлген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтарды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.  
      2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алуды жүргiзудiң тәртiбiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
      3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және статистика салаларындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде есептiлiктi табыс етуге мiндеттi.  
      4. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепке алу материалдарын Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген мерзiм бойы сақтауды қамтамасыз етедi.  
       Ескерту. 80-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.         

 80-4-бап. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры      

1. Қалдықтармен жұмыс  iстеу кезiндегi мәлiметтердiң жүйесiн  есепке алу мақсатында Қалдықтардың  мемлекеттiк кадастры жүргiзiледi.  
      2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.  
      Ескерту. 80-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09.  N 8  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.  

Информация о работе Экология оқулығы