Тарау Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 20:54, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аржылы_ к_з_арас жа_ынан мемлекеттік бюджетті_ _ш негізі т_сіні.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)

       2005 жылы 10 обьект  кіші   кәсіпкерлік  субьектілеріне  қайтарымсыз негізде  берілген.Олар  бұл бос тұрған  жайларға 59,6 млн.теңге  сомасында   инвестиция құйып, 119 жұмыс орнын  құрған. Мысалы, Жетісай қаласының мәдениет және демалыс  орны мүлкінің базасында  кіші  кәсіпкерлік субьектілері саябақты  көгалдандырып, балалар автодромын, карусельдер, әкімшілік  ғимарат  және кафе салған. 15 жұмыс орны құрылып,  22 млн.теңге құйылған.

      Шымкент қаласының  Уәлиханов  көшесіндегі   орналасқан тұрғын емес жайды сенімгерлік  басқаруға алған субьек кондитерлік  цех ашқан.  Олар 2,9 млн.теңге құйып,  23   жұмыс  орнын  ашқан.

      2005 жылы отыз бір обьектіге  тексеру жұмыстары жүргізілді.обьектілерде  кафе жұмыс істейді, шаштаразы, столярлық цех, автожөндеу цехтары ұйымдастырылған,  ксерокөшірме  және  компьютерлік  қызмет   көрсетіледі.

      Тоқсан сайын   тұрғын емес  мемлекеттік  жайларды мүліктік  жалға беру бойынша  мониторнг  жүргізіледі.

       2005 жылы жалға беруден  бюджетке түскен  түсім сомасы 31534 мың теңгені құрады. Жалға  беруден  түсім жоспары 110,9 % орындалған. Өткен жылдың есепті  кезеңіне сай жалға беруден түскен сома 2077 мың теңгеге төмендеген, бұл  облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 246 қаулысына сәйкес  білім беру обьектілері бойынша жалға беру ставкасының төмендеуі есебінен болып отыр.

       Жоғарыда көрсетілген қаулының  ендірілуіне сай білім беру  обьектілері бойынша  жалға  беру төлемінің  түсімі бір  жылға 5570,4 мың теңгеге төмендеу  мүмкін екендігін көрсетеді.

       2005 жылдың ішінде 87 коммуналдық меншік  обьектілері ішінен аукцион мен  тендерде 71-і 12638 мың теңгеге сатылған,олардың  ішінде 66-сы көлік бірлігі және  «Шымкент-Мега  орталығы» бір  акционерлік қоғамның мемлекеттік  пакеті және Медтехсервис  шаруашылықтың мемлекеттік үлесі 4016 мың теңгеге сатылды. Обьектілерді  жекешелендіруден бюджетке 15780 мың теңге түсім түсті.

        Сатуға бос тұрған обьектілер  қойылуда.  Мысалы, Ордабасы ауданының  жазғы  мейрамханасы, Арыс қаласы  әкімшілігінің  бұрынғы  асхана ғимараты, Жібек- жолы   көшесіндегі  фонтандар.

        Шаруашылық жүргізу құқықындағы  мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындардың  таза табысының бір бөлігін  есепті кезеңнің қорытындысы  бойынша  тиісті бюджетке толық   әрі уақтылы  аударылуына бақылау жүргізілуде.

         2004 жылды оңтайлы қаржылық нәтижемен  23 кәсіпорын аяқтаған, таза табыс  сомасы 38,9 млн.теңгені құрап,  2003 жылмен салыстырғанда 22,1 мың теңгеге  көбейгенін көрсетеді, олар жергілікті  бюджетке аударылуға  жататын  таза  табыс сомасының бір бөлігін 19451,7 мың теңге көлемінде аударған, бұл 2003 жылдың  қорытындысымен салыстырғанда 11201,7 мың теңгеге көп. Бюджетке  таза табыс сомасының  бір  бөлігі 11311 мың теңге сомасында түскен.

     «Оңтүстік   су шаруашылығы» МКК  республикалық бюджеттен 23,5 млн.теңгені түгел  алмауына  байланысты таза табыс  сомасының бір бөлігін, яғни  7054 мың  теңгені  бюджетке аудармаған.

       Департамент  құрған комиссия  мүшелері акционерлік қоғамдар  мен жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер басшыларының 2004  жылдың  жұмыс қорытындыларын  тыңдады.

       2004 жылдың  жұмыс қорытындысы   бойынша 1 акционерлік қоғам мен  мемлекеттік қатысу  үлесі бар  4 ЖШС қаржылық жылды 17 658 мың теңге көлемінде табыспен аяқтаған, олар 8829 мың теңге сомасында дивиденттер  есептеп,   бюджетке  9327 мың  теңге  аударған.

       Бүгінгі күні жылжымайтын мүлік   орталығында коммуналдық меншік  обьектілерінің  тіркелу жұмыстары  жалпы  алғанда аяқталған.

        Оңтүстік Қазақстан   облысы  әкімдігінің мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорындары  мен  мемлекеттік   есебінде  тұрған  тіркелмеген  27 жылжмайтын обьектілері қалған, олардың мемлекеттік басқару  органдары төмендегілер:

 Облыс   табиғи  ресурстар  және  табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыс  білім  беру департаменті,  облыс  денсаулық  сақтау  департаменті,  облыс мәдениет басқармасы, облыс жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік   бағдарламалар департаменті, облыс ішкі саясат департаменті, облыс мұрағаттар және құжатттама  басқармасы.

         Департаменттер мен  басқармалар  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар  мен мекемелердің жылжымайтын  мүлік обьектілерін тіркеу бойынша   жұмыстар  жүргізілуде.  2005 жылы  31 обьект  тіркелген.

        ОҚО ішкі істер департаменті  оларға сенімгерлік  басқаруға берілген коммуналдывқ   меншік   обьектілерін тіркеу жұмыстарын  жүргізілуде. Олардың  саны-63,  бүгінгі   күні   тіркелмегені-2.         

 

3.2 Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы

бюджетінің  2005 жылғы қорытындысы.

I. Бюджет құрылымы:

     Жалпы бюджет көлемі - 1497975,0 мың теңге, нақты орындалғаны 1480554,0 мың теңге, яғни 98,8 % - ке орындалды.

      Ішкі кіріс көзінің жоспары жергілікті бюджет бойынша 100,5 пайызға, яғни жоспар бойынша қаралған 180293,0 мың теңгенің орнына, бюджет есебіне 181 206,0 мың теңге түсіп, жоспар 913,0 мың теңге артық орындалды, контингент бойынша 311969,0 мың теңге түсіп, белгіленген жоспар 100,8 пайызға орындалып аудан бюджетіне 2 598,0 мың теңге артық түсті.

   Субвенция -   868 389,0 мың теңге  субвенция толығымен түсті .

    Жергілікті бюджеттен берілген  несиелердің  қайтарылуы бойынша - 13959,0 мың  теңге жоспарланып, нақты түсімі 1314,0 мың теңгені құрап 9,4% орындалды, аудан бюджетіне 12645,0 мың теңге түспей қалды.

    Даму бюджеті бойынша- жоспар 237737,0 мың теңге, нақты орындалғаны-228207,0 мың теңге, яғни жоспар 96%-ке орындалды, жоспар 9530,0 мың теңгеге орындалмады.

   Ағымдағы бюджет бойынша – жоспар 1260238,0 мың теңге, нақты орындалғаны-1252347,0 мың теңге, яғни жоспар 99,3 %-ке орындалды, 7891,0 мың теңгеге орындалмады.  

II.Кірістер:

  Аудан бойынша жергілікті бюджеттің 2005 жылдың  барлық кірістерінің белгіленген жоспардағы 1 497 434,0 мың теңгенің орнына 1 480 293,0 мың теңге түсіп, аудан бюджетіне 17 141,0 мың теңге түспей,  белгіленген жоспар 98,9 пайызға орындалды.   

Ішкі кіріс  көзінің жоспары жергілікті бюджет бойынша 100,5 пайызға яғни бюджет есебіне 181 206,0 мың теңге түсіп, жоспар 913,0 мың теңге артық орындалды, контингент бойынша 311969,0 мың теңге түсіп, белгіленген жоспар 100,8 пайызға орындалып аудан бюджетіне 2 598,0 мың теңге артық түсті.

Ал 2004 жылмен салыстыра келе, ішкі кірістер бойынша жергілікті бюджетке  172 533,0 мың теңге түскен болса, төмендегі  кестемен қарағанда, 2005 жылы 8 673,0 мың теңгеге артты.

   

                                         Жергілікті бюджет бойынша

                                                (ішкі кіріс көзі.)

Жылдар бойынша

Белгіленген

Жоспар

Нақты түскені.

Орындалғаны

%

Айырымы

2004 жыл

171 524,0

172 533,0

100,6

1 009,0

2005 жыл

180 293,0

181 206,0

100,5

913,0

Айырымы:

8 769,0

8 673,0

   

                                       

Облыстық бюджеттен берілетін 868 389,0 мың теңге  субвенция толығымен түсті .

      Жергілікті бюджеттен берілген  несиелердің  қайтарылуы бойынша  13959,0 мың  теңге жоспарланып, нақты түсімі 1314,0 мың теңгені құрап 9,4% орындалды, аудан бюджетіне 12645,0 мың теңге түспей қалды оның  ішінде:

       •Қарыз алушы банктерге жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу  бойынша бюджет есебіне 1000,0 мың теңге түсіп  жоспар 100% орындалды.

     •Заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша бюджет есебіне 197,0 мың теңге түсіп жоспар 1,6 % орындалды.

     •Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу   бойынша бюджет есебіне 117,0 мың теңге түсіп  жоспар 15,9 % орындалды.

       Берілген несиенің қайтарылуы үлкен қыиндық тудырауда, 1998-2000 жылдары аралығында берілген несие қарыздарының қайтпауының басты себебі, несие берген кезде кепілге алынған мүліктердің дұрыс заңдастырылмағандығы, кепілге тиімсіз мүліктердің алынуы, ипотекалық шарттардың тиісті орындарға тіркелінбеуі және сол кездегі несие бойынша жұмыс атқарған азаматтардың өз жұмыстарына салғырт қарауынан болуда.

Аудан бюджетіне  түскен түсімдер жоспары кіріс көздерінің екі түрінен орындалмады, атап айтқанда:  

        Жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым бойынша  2005 жылы 3539,0 мың теңге түсіп жоспар 62,5% орындалды себебі, аудандық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының мәліметіне сәйкес, жалпы 15029 жылжымайтын мүлік болса,  бүгінгі таңда жалпы 4841 жылжымайтын мүлік тіркелген, жеке тұлғалар дер кезінде өздеріне қарасты жылжымайтын мүліктерін тіркетпеуінен жоспардың орындалуына кері әсерін тигізуде.

      Жер учаскелерін  сатудан түсетін түсім  бойынша 880,0 мың теңгеге орындалмау себебі, жыл басында 21,8 га жер көлемі сатылып бюджет есебіне 5461,0 мың теңге түсуін жоспарланған болатын, алайда  жер сұранысы аз болу салдарынан бюджет қорына 4581,0 мың теңге түсіп 18,3 га жер көлемі сатылуы  жоспардың орындалмауына негіз болып отыр.

Аудан бюджетіне  түскен түсімдер жоспарының

артығымен орындалу себептері.

     Қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы жоспары (контингент) бойынша 14,0 мың теңгеге артық орындалу себебі, жалпы аудан көлемінде 12 сауда-саттық көк-өніс базары тіркелген, бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқан 10 сауда-саттық базардан  2005 жылда аудан бюджет есебіне  (контингент) бойынша 6402,0 мың теңге түсіп,  базарларда сауда-саттық жасаушы саудагерлер  саны артып  жалпы 86263 мың бір жолғы талон таратылуы, белгіленген жоспардың орындалуына ықпал болып отыр.

     Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына  салынатын салық жоспары 42,0 мың теңгеге артық орындалу себебі, аудандық жол полициясының мәліметі бойынша бүгінгі таңға жеке тұлғалардың техникалық байқаудан 2298 автокөлік құралдары өтіп тіркелген, оның ішінде ҚР-ның Салық Кодексіне сәйкес жеңілдетілген автокөлік саны 878 ал төлеуге қалған 1420 авто көліке есептелген салық сомасы 4016,1 мың теңге, яғни өткен 2004 жылмен салыстырғанда ауданда 104 автокөлік саны өскен, жол полициясына тіркелген автокөліктер техникалық байқаудан өту кезінде салықтыда уақытылы төлеу нетижесінде белгіленген жоспар артық орындалды.

    Заңды және жеке тұлғаларға  бөлшек саудада өткізілетін, сондай-ақ  өз өндірістік мұқтаждарына пайдаланылатын  бензин отыны жоспары 39,0 мың теңгеге артық орындалу себебі, ауданда 14 жанар-жағар май бекеті тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 2 жанар-жағар май бекетінде дизель отыны сатылады, 2005 жылда күз мезгілінде егін жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында шаруақожалықтарға  жеңілдетілген бағамен 20075 литр бензин отыны сатылу салдарынан аудан бюджетіне (контингент) бойынша 1064,0 мың теңге түсіп белгіленген жоспар артық орындалды. 

      Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым жоспары 9,0 мың теңгеге артық орындалу себебі, аудандық салық комитетінің мәліметіне сүйене келе сауда-саттық қызметімен айналысатын кәсіпкерлер саны арту салдарынан 2005 жылда бюджет есебіне 779,0 мың теңге түсіп белгіленген жоспар 101,3 пайызға орындалды.

      Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер жоспары 11,0 мың теңгеге артық орындалу себебі, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің берген мәліметіне орай ауданда тіркелген коммуналдық меншік пайдаланушы 48 заңды тұлға, 106 жеке тұлғалар, келісім  шарт негізінде  есептелген түсімді дер кезінде төлеу салдарынан, 2005 жылы  бюджет қорына 794,0 мың теңге түсуі  жоспардың  артық орындалуына септігін тигізуде.

       Жергілікті мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар жоспары 724,0 мың теңгеге артық орындалу себебі, әкімшілік айыппұл салушы жергілікті мемлекеттік органдар, ҚР-ның заңдарына сәйкес салынған  өсімпұлдар мен санкцияларды дер кезінде өндіру нәтижесінде аудан бюджетіне 2056,0 мың теңге түсіп  жоспар  154,4 пайызға артты.                       

III.Шығыстар:

      Қазығұрт  аудан бюджетінің шығыстары  2005 жылғы  анықталған  жоспар 1497975,0 мың теңге, нақты орындалғаны 1480554,0 мың теңге, яғни 98,8 % - ке орындалды, оның ішінде:

      1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер көрсету:

              Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2005 жылғы  анықталған  жоспар 92496,0  мың теңге, нақты орындалғаны 92124,0 мың теңге, яғни жоспар 99,6 % - ке орындалды,  оның ішінде:

          112.01.03  Қазығұрт аудандық маслихат аппаратын қамтамасыз ету бойынша 2005 жылға анықталған  жоспар 7956,0  мың теңге,  нақты орындалғаны 7956,0  мың теңге, яғни 100  % - ке орындалды,  оның ішінде:

             139 (шаруашылық шығыны) –ерекшелігі бойынша 2005 жылғы қаралған 825,0 мың теңге толығымен игеріліп, төмендегілерге жұмсалынды:

   Мекеме балансындағы автокөлікке жанар-жағар майға-272,0 мың теңге, автокөліктің матор майына және қосалқы бөлшектерге-43,0 мың теңге, кеңсе-шаруашылық заттарын алуға- 395,0 мың теңге, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру үшін-28,0 мың теңге, 2005 жылға қызметтік басылымдарға-82,0 мың теңге жұмсалынды.

Информация о работе Тарау Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы