Тарау Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 20:54, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

_аржылы_ к_з_арас жа_ынан мемлекеттік бюджетті_ _ш негізі т_сіні.doc

— 535.50 Кб (Скачать документ)

Республикалық бюджет жобасын Қазақстан  Республикасының Парламентінде қарау

1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

2. Қазақстан  Республикасы Парламентінің палаталары  жалпы отырыстарда алдағы қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы.

3. Алдағы қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңның жобасы  Қазақстан Республикасы Парламенті  палаталарының  бірлескен отырысында  кемінде екі оқылымда қаралады.

Талқылау Қазақстан  Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан  Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша  сальдосының, тапшылығының (профициттің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) жалпы көлемдері бекітіледі.

Келесі оқылымдарда  тиісті жылға арналған республикалық  бюджет туралы заңның жобасы баптары  бойынша бекітіледі.

Тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджетті бекіту

Тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджетті бекіту  Қазақстан Республикасы Парламенті  палаталарының бірлескен  отырысында  заң  қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

1.6  Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын

қарау және бекіту процесі

 Жергілікті  бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты  комиссияларында  қарау.Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында  қаралады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін. 

Тұрақты комиссиялар  жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып,  тиісті негіздемелермен  және  есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды  және оларды  тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.

Бас тұрақты  комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны  мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл  ретте жинақтамаға тиісті негіздемелері  мен есептері бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

Тиісті мәслихаттың  сессиясында жергілікті бюджеттің  жобасын   талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган  уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің  орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы,  орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.

 Мәслихат  сессияда  алдағы қаржы жылына  арналған жергілікті бюджет бойынша  жергілікті бюджеттік бағдарламалар  әкімшілері басшыларының сөздерін  тыңдауға құқылы.

Бюджеттердің атқарылуы мен  нақтылауы бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.Жергілікті атқарушы органдар жергілікті  бюджеттердің атқарылуын  қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекске сәйкес жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Бюджеттің атқарылу прициптері бюджет қаражатын нысаналы пайдалану приципі - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану. Уақтылылық принципі – бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет қаражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану.Бюджеттің бірқалыпты атқарылу приципі – қаржы жылының аяғына қарай  төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу.

 Кассаның  бірыңғайлық принципі – түсімдердің  барлығын бірыңғай қазынашылық  шотқа есепке алу және көзделген  шығыстардың барлығын бірыңғай  қазынашылық шоттан ұлттық валютамен  жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің  барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы приципі негізінде атқарылады.

Бірыңғай  қазынашылық шот бірыңғай қазынашылық шот – аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу  үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы  қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған. Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазақстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.

 

2- тарау   Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің мінездемесі

2.1   Біріңғай бюджеттік сыныптама

Бірыңғай бюджеттік  сыныптама бюджет түсімдері мен  шығыстарын сыныптама объектілеріне  топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама  бюджеттердің барлық деңгейлері үшін бірыңғай және  міндетті болып табылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы заң актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде әзірленеді.

 Бірыңғай  бюджеттік сыныптаманы бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бірыңғай  бюджеттік сыныптаманың құрамы бюджет түсімдерінің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

Бюджет  түсімдерінің сыныптамасы  барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің белгілі бір сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негізделген топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсімдері  сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және  ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады.  Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.

  Бюджет шығыстарының функционалдық  сыныптамасы мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясатты іске асыруды бейнелейтін функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:

функционалдық топтардан;

функционалдық ішкі топтардан;

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен;

бюджеттік бағдарламалардан және ішкі бағдарламалардан тұрады.

3. Функционалдық  топ – бюджет шығыстарын салалық  белгілер мен функционалдық бағыт  бойынша біріктіру.

Функционалдық ішкі топ бюджет қаражатының функционалдық  топ ішінде жұмсалу бағытын нақтылайды.Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы  негізінде бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерін, функционалдық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы  қалыптастырылуы мүмкін. Бюджеттік  бағдарламалар әкімшісінің анықтамасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және  іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде дербес пайдаланады, олардың тиімді, нәтижелі және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады.  Мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Жергілікті  бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері   жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері мен  мәслихаттарының аппараттары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

 Аудан (облыстық  маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын  жергілікті мемлекеттік басқарудың  жекелеген функцияларын жүзеге  асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

2.2 Бюджеттің  түсімдері мен шығыстарына әсер  ететін  нормативтік құқықтық  актілер

 Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының  ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жобаларының ережелерін Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.Осы баптың 1-тармағында көрсетілген актілер жобаларының ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Республикалық бюджет комиссиясының) қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілген жағдайда қолданысқа  келесі қаржы жылынан ерте  енгізіле алмайды. Қорытынды ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.

 Жергілікті  бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды  немесе түсімдерін қысқартуды  көздейтін жергілікті өкілді  органдар шешімдерінің жобалары  әкімдіктің оң қорытындысы болған  жағдайда ғана мәслихаттардың  қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімдіктің  қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Жергілікті  бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды  немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін  жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелерін тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.

Осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер әкімдіктің (тиісті бюджет комиссиясының) оң қорытындысы  болған жағдайда қолданысқа  келесі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.Осы  баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген  ережелер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

Информация о работе Тарау Қазасктан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы