Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 11:03, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлек бюдж.doc

— 656.50 Кб (Скачать документ)

      - темекі өнімдеріне салынатын акциздер бойынша орындалу 103,0%-ды құрады немесе жоспардағы 2 177,4 млн.теңгенің орнына темекі өнімдерін сату көлемінің өсуі есебінен бюджетке 2 242,6 млн.теңге түсті;

      - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз бойынша орындау 4,7%-ды құрады немесе 465,7 млн.теңге жоспарда бюджетке 22,0 млн.теңге түсті. Жоспардың орындалмауы жаңа Салық кодексінде (308 бап) төлемді есептеу тетігінің өзгеруіне байланысты, бірінші тоқсанда бұрын осы төлем түрін төлеушілер болып табылған кәсіпорындар төлемдерді жүргізген жоқ;

      - бензинге және  дизель отынына салынатын акциздер бойынша жоспар 104,4%-ға орындалды немесе жоспардағы 3 122,7 млн.теңгеде мұнай өнімдерін сату көлемін арттыру есебінен іс жүзінде 3 261,4 млн.теңге түсті.

     2. Импортталатын тауарларға салынатын акциздер бойынша 7 286,2 млн.теңге жоспар кезінде іс жүзінде 4 202,0 млн. теңге түсті немесе жоспар 57,7%-ға орындалды. Акциздер бойынша орындалмау акцизделетін жеңіл автомобильдер көлемінің жетімсіздігі есебінен қалыптасты, ол қозғалтқыштарының көлемі үлкен қымбат автомобильдерге сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты, сондай-ақ орындалмау алкоголь өнімдерінің бірнеше түрлері бойынша байқалады  (Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шарап, конъяк, бренди, сыра), ол импорт көлемінің төмендеуіне байланысты.

      Табиғи  және басқа да ресурстарды  пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша 16 740,7 млн.теңге жоспарда бюджетке 41 430,2 млн.теңге түсті, жоспар 247,5 %-ға орындалды. Жоспар төлемдердің мынадай түрлері бойынша артығымен орындалды:

      - пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша бюджетке 2 541,8 млн.теңге түсті, түсімді анықтау факторы өндірілген пайдалы қазбаларды іске асыру көлемі болып табылады, ол өндірудің физикалық көлемі мен бағасына байланысты. Ірі төлемдер уран өндіру көлемінің  тау-кен өндіруші өнеркәсіптерінен түскені байқалады, олар – «ТНК Қазхром» АҚ - 217,1 млн.теңге, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС- 152,3 млн.теңге, «Қазмырыш» АҚ 109,9 млн.теңге сомасында.

      - радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша 979,9 млн.теңге жоспарда түсім 1 211,0 млн.теңгені немесе 123,6%-ды құрады, ол байланыс саласындағы уәкілетті органның берген радиожиілік спектрі номиналдарының (жолақтардың, диапазондардың) санымен шартталған;

      - қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша 11 248,0 млн.теңге жоспарда бюджетке 32 773,6 млн.теңге немесе 291,4% түсті, ол 2008 жылдың 4-тоқсанындағы есеп бойынша табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға шығындылары үшін бюджетке түсетін ірі түсімдермен, сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 495-бабына Қазақстан Республикасының 12.02.09 ж. № 133-ІV Заңымен енгізілген өзгерістермен шартталған, ол ілеспе және (немесе) алаулардағы табиғи газды жандырған кезде шығындылар үшін ставкалармен толықтырылған. . 

      Сомен бірге, мыналар бойынша есепті кезеңге арналған жоспар орындалған жоқ :

      - қалааралық және (немесе) халықаралық телефон  байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін ақы төлеу бойынша жоспар 98,7%-ға орындалды, 1 649,2 млн. теңге жоспарда бюджетке 1 628,1 млн.теңге түсті. Жоспардың орындалмау себебі қалааралық және (халықаралық) телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну құқығына рұқсат құжаттарын алған төлеушілер санының азаюына байланысты;

      - бонустар бойынша 567,0 млн.теңге сомаға немесе 1 007,8 млн.теңге жоспарда іс жүзінде 440,8 млн. теңге түсті. Орындалмау жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың азаюына, сондай-ақ келісім-шарт аумақтарында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуға байланысты;

     - жер төлемдерін пайдалануға төленген төлемдер бойынша жоспар 94,2%-ға орындалды, уақытша өтеусіз жерді пайдалану құқығына келісім-шарттар жасасу, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшеріне әсер ететін кейбір өңірлер бойынша жер салығы ставкаларының артуы салдарынан 1 643,6 млн. теңге жоспар кезінде бюджетке 1 547,9 млн. теңге түсті

      Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар 1 425,3 млн.теңге жоспарда 1 868,5 млн. теңге сомасында түсті, ол жеке және заңды тұлғалар жүргізетін тіркеу іс-әрекетінің артуы есебінен жоспардың 131,1%-ын құрады,.

      Ойын  бизнесі салығы бойынша 24,6 млн.теңге жоспарда салық салынатын базаның өсуінен бюджетке 159,1 млн.теңге түсті;

      Халықаралық сауда-саттық пен  сыртқы операцияларға  салынатын салықтар бойынша 38 418,5 млн.теңге жоспарда іс жүзінде бюджетке 23 551,0 млн. теңге түсті немесе 61,3%-ға орындалды. Жоспардың орындалмауы импорт бажымен байланысты, орта мөлшерлі тариф ставкасының 7,2%-дан 6,5%-ға төмендеу әсер етті, ол бюджеттің жалпы түсімдерінде көрінді. Сондай-ақ ресімделетін кедендік декларациялар санының азаюы есебінен.

      Басқа да салықтар бойынша 3,1 млн.теңге жоспарда 1,9 млн.теңге түсті, ол республикалық бюджеттің жойылған салықтары бойынша берешек сомасының түсуімен шартталған.

      Заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін алынатын міндетті төлемдер (мемлекеттік баж) бойынша жоспар 90,9%-ға орындалды, 4 825,1 млн. теңге жоспарда 4 387,6 млн.теңге түсті, ол есепті кезеңде жасалған заңды іс-әрекеттер санының азаюымен шартталған.

      Салықтық емес түсімдер бойынша есепті кезеңге арналған 11 473,5 млн.теңге жоспарда іс жүзінде 23 723,0 млн. теңге түсті, жоспарды орындау 206,8%-ды құрады.

      Мемлекеттік меншіктен түсетін  кірістер 5 950,8 млн.теңге жоспарда 7 283,9 млн. теңгені немесе 122,4%-ды құрады, оның ішінде:

      - республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің түсімдері бойынша 206,0 млн.теңге жоспарда 806,8 млн.теңге немесе 391,7% түсті. Жоспарланған соманың артуы болжамдалатын көрсеткіштерге таза табыс бөлігінің нақты мөлшерлерінің ұлғаюымен, сондай-ақ кәсіпорындардың заңнамамен бекітілген шекті мерзімінен (30 наурыз) ерте жылдық баланстарын тапсыруына байланысты сәуір айына жоспарланған соманы аударуымен негізделген;

      мемлекеттік меншіктегі мүлікті  жалдаудан түсетін  кірістер бойынша жоспардағы 4 691,7 млн.теңгенің орнына 4 943,6 млн.теңге немесе 105,4% түсті, оның ішінде:

      республикалық меншіктегі мүлікті  жалдаудан түсетін  кірістер бойынша жоспардағы 766,7 млн.теңгенің орнына 967,4 млн. теңге немесе 126,2% түсті. Түсімдердің артуы түгендеу нәтижесінде анықталған республикалық мемлекеттік мекемелердің теңгерімдеріндегі артық пайдаланылмайтын үй-жайларды жалға беруге байланысты шарттар саны ұлғаюының есебінен, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мүлікті жалға беруде жалдау ақысы мен коэффициенттері ставкалары артуының есебінен қалыптасты.

       Банк  шоттарында бюджет қаражатын  орналастырғаны үшін сыйақылар (мүдделер) бойынша жоспардағы 86,8 млн.теңгенің орнына 36,8 млн.теңге немесе есепті кезең жоспарының 42,4%-ы түсті, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша  алынған сыйақылар (мүдделер) бойынша жоспардағы 85,0 млн.теңгенің орнына 33,3 млн.теңге немесе есепті кезең жоспарының 39,2%-ы түсті.

      Жоспардың толық орындалмауына Қазақстан  Республикасы Үкіметінің Ұлттық банкідегі салымдары (депозиттерге) салынатын уақытша бос ақша көлемінің азаюына байланысты.

      Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкті техникалық комитетінің шешімімен 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттері бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы 0,25% жылдық деңгейінде белгіленген, сыйақылар (мүдделер) кірісті жоспарлау кезінде 1% жылдық есебінен сыйақы (мүдде) ставкасы қолданылды;

      Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) түсімдері жалпы сомада 350,8 млн.теңгені құрады, немесе 146,1 млн.теңге мөлшерінде көзделген жоспардың 240,1%-ы, оның ішінде:

      Қарыз беруші банктерге ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) бойынша жоспардағы 12,5 млн. теңгеде түсімдер 114,5 млн. теңгені құрады. Жоспардың артығымен орындалуы  «ҚТЖБ» АҚ жоспарлау кезінде ескерілмеген 102,0 млн.теңгені төлеуіне байланысты;

     қарыз алушы банктерге  үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 0,2 млн.теңге жоспарда түсімдер 13,0 млн.теңгені құрады. Асыра орындау суды пайдаланушы қарыз алушылардың ХҚДБ № 4041 «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» қарызы шеңберінде берілген кредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдер жөнінде сыйақы төлеуіне байланысты.

      Мемлекеттік меншіктен өзге де кірістердің түсімі 1 078,5 млн.теңгені немесе 801,8 млн.теңге сомасында көзделген жоспардың 134,5%-ын құрады, оның ішінде:

      тәркіленген мүлікті, белгіленген  тәртіппен республикалық  меншікке өтеусіз  өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас  тарту режимінде  мемлекеттің пайдасына  ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін  түсімдер бойынша 231,4 млн.теңге жоспарда бюджетке 503,1 млн.теңге немесе есепті кезең жоспарының 217,4%-ы түсті. Артығымен орындалу Алматы қаласы бойынша тәркіленген мүлікті сатудан түскен жоспардан тыс түсімдерге байланысты.

     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша жоспардағы 439,5 млн.теңгенің орнына бюджетке 346,5 млн. теңге немесе 78,8% түсті.

     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын  және қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер  салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар жоспардағы 1 350,2 млн.теңгенің орнына бюджетке 11 202,9 млн.теңге сомасында түсті, оның ішінде:

     - зиянды өтеу туралы талап арыздар бойынша табиғат пайдаланушыларынан алынған қаражат, аң аулау мен балық ұстаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз ауланған өнімді сатудан түскен қаражат жоспардағы 125,7 млн.теңгенің орнына 1 543,7 млн.теңгені құрады. Артығымен орындалу Қызылорда және Ақтөбе облыстары бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін түсімдерге байланысты болды.

     Сонымен қатар, есепті кезеңде бюджетке мынадай  түсімдерден қаражат аударылды: орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 6 190,6 млн.теңгені және мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 98,5 млн.теңгені құрады, олар бойынша 2009 жылға арналған жоспарлар бекітілген жоқ.

     Гранттар  жоспардағы 81,0 млн.теңгенің орнына 36,3 млн.теңгені құрады, оның ішінде:

     орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар (қаржылық көмек) жоспардағы 81,0 млн.теңгенің орнына 36,3 млн.теңгені құрады, орындалмау себебі  міндетті формальді рәсімдердің жаңа жобалары бойынша жұмыстың басталу келісімдерінің созылуына байланысты.

     Өзге  де салыққа жатпайтын  түсімдер жоспардағы 3 647,2 млн.теңгенің орнына 4 850,4 млн.теңгені немесе 133,0% құрады, оның ішінде:

     - бұрын республикалық бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтару жоспардағы 806,8 млн.теңгенің орнына 1 373,3 млн.теңгені құрады. Жоспардың артығымен орындалуы Қазақстан Республикасы  еңбек және әлеуметті қорғау, төтенше жағдай министрліктерінің бұрын республикалық бюджеттен алған, пайдаланбаған қаражатты қайтаруына байланысты болды.

     Негізгі капиталды сатудан  түсетін түсімдер есепті кезеңге арналған жоспардағы 6 285,9 млн.теңгенің орнына 7 394,9 млн. теңге түсті, жоспардың атқарылуы 117,6%-ды құрады, оның ішінде:

     мемлекеттік мекемелерге бекітіп  берілген мемлекеттік  мүлікті сатудан  жоспардағы 3 487,2 млн.теңгенің орнына іс жүзіндегі түсім 5 095,7 млн. теңгені немесе 146,1%-ды құрады, оның ішінде:

     - республикалық бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелерге  бекітіп берілген  мүлікті сатудан  түсетін түсімдер  бойынша жоспардағы 8,8 млн.теңгенің орнына 172,2 млн. теңгені құрады. Жоспардың артығымен орындалуы мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мүлікті сату санының артуымен шартталған;

     - азаматтарға пәтер  сатудан түскен  түсімдер бойынша жоспардағы 3 464,8 млн.теңгенің орнына іс жүзінде 4 878,9 млн. теңге, немесе 140,8% құрады. Артығымен орындау пәтер сату санының өсуімен байланысты.

     Жер және материалдық  емес активтерді сату – жоспардағы 2 798,8 млн. теңгенің орнына іс жүзіндегі түсімдер 2 001,3 млн.теңгені немесе 71,5%-ды құрады, оның ішінде:

     жер телімдерін сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспардағы 2 725,9 млн.теңгенің орнына іс жүзінде түсімдер 1 916,2 млн.теңгені немесе 70,3%-ды құрады. Жоспарды орындамау жеке меншікке жер телімдерін сату көлемінің азаюына байланысты.

     Трансферттердің түсімдері 250 000,0 млн.теңгені немесе 100 %-ды құрады, оның ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 250 000,0 млн.теңге сомасында аударылды.  
 

Информация о работе Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы