Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 11:03, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлек бюдж.doc

— 656.50 Кб (Скачать документ)

Міндеттеме

» Қазақстан Республикасының  мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы 2007 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша
кезенділігі: тоқсан сайын
  Көрсеткіштер  атауы мың.теңге мың.АҚШ  долл.
п/п
I Мемлекеттік борыш1 1 145 987 856 9 023 526
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы 606 431 725 4 775 053
1.1. ішкі: 378 837 219 2 982 970
  1.1.1. Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері 244 043 532 1 921 603
  1.1.2. Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық облигациялары 92 113 000 725 299
  1.1.3. Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық облигациялары 41 834 427 329 405
  1.1.4. Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелері 214 599 1 690
  1.1.5. Өзге  міндеттемелер 631 661 4 974
1.2. сыртқы: 227 594 506 1 792 083
  1.2.1. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі 45 608 350 359 121
  1.2.2. Азия  Даму Банкі 15 993 333 125 932
  1.2.3. Еуропа  Қайта құру және Даму Банкі 11 880 234 93 545
  1.2.4. Ислам Даму Банкі 4 760 897 37 487
  1.2.5. Сауд  Даму қоры 1 001 606 7 887
  1.2.6. Араб  экономикасының дамудын Кувейт қоры 1 635 567 12 886
  1.2.7. Абу-Даби Даму қоры 2 200 663 17 328
  1.2.8. Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі 71 828 063 565 575
  1.2.9. Германия  Үкіметінің кредит агенттігі 2 834 793 22 321
  1.2.10. Шетел коммерциялық банкі 25 400 000 200 000
  1.2.11. Еуроноталар 44 450 000 350 000
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы 533 103 300 4 197 664
2.1. ішкі 533 103 300 4 197 664
2.2. сыртқы - -
3 Қазақстан Республикасының  жергілікті атқарушы органдарының борышы2 82 404 000 648 850
3.1. Казақстан Республикасының Үкіметі алдындағы 75 951 168 598 041
3.2. өзге  кредит берушілер алдындағы 6 452 831 50 810
II Мемлекет  кепілдік берген борыш 74 549 387 587 003
1 ішкі 4 363 752 34 360
2 сыртқы 70 185 635 552 643
Барлығы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы 1 220 537 243 9 610 529
 
Анықтама:

31.12.2006 жылғы АҚШ долларының бағамы - 127 теңге

Көзі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Ескерту:

1 - екі  жақты талаптарды есептемегенде  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің  алдындағы жергілікті атқарушы  органдарының борышы).

2 - жергілікті  атқарушы органдарының қарыз  борышының мендеттемелері бойынша деректер базасын қалыптастыру және салыстыру процесі аяқталған соң қарызды бағалау нақтылануға тиіс

 

Міндеттері

» 2010 жылы жоспарланып  отырылған жобалар  шеңберінде Қазақстан  Республикасының  тартқан қарыздары  бойынша ақпарат
     Қазақстан Республикасының өкілдері мен Халықаралық қайта құру және даму банкі өкілдері арасында 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасын 17,0 миллион АҚШ доллары сомасына қаржыландыруға Дүниежүзілік Банктен қарыз алу бойынша келіссөздер жүргізілді.

     Қарыз Қазақстан Республикасына бес жылғы  жеңілдік кезеңін қосқанда                  15 жыл мерзімге беріледі.

     Осы жоба салық заңнамасын салық төлеушілер ерікті сақтау деңгейін арттыру үшін Қазақстан Республикасының салықтық әкімшілендіруін реформалауға және нығайтуға бағытталған.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жоба бойынша атқарушы Агент болып табылады.

     Келіссөздер нәтижесінде жобаның жалпы құны 56,7 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 17,0 млн. АҚШ доллары (30%) қарыз қаражатынан және республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қаражатынан 39,7 млн. АҚШ доллары (70%).

     Жобаны  іске асыру мерзімі 4 жылды құрады деп болжамдалады  
(2010 жылдан бастап 2014 жылдар).

     Сондай-ақ 2009 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан  Республикасы мен Азия Даму Банкі арасында Қарыз туралы келісімге қол қойылды (Әдетті операциялар) (ЦАРЭС 1 көлік коридоры [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Халықаралық транзиттік коридор «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»] 2 Инвестициялық Бағдарлама).

     Қарыз Қазақстан Республикасына бес жылғы жеңілдік кезеңін қосқанда                 20 жыл мерзімге беріледі.

     Инвестициялық бағдарламаны іске асыру Қазақстан  Республикасының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етеді деп күтіледі.

     Инвестициялық бағдарламаның бөлігі болып табыла отырып, жоба Қазақстан Республикасының аумағында көлік жүйесін тиімді дамытуға бағытталған.

     Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары  комитеті жоба бойынша атқарушы Агент  болып табылады.

     Жоба  бойынша шығындардың жалпы сомасы 220 млн. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 187 млн. АҚШ доллары қарыз сомасы, 33 млн. АҚШ доллары республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қаражатынан.

     Жоба 2010 жылдан бастап 2014 жылдар арасында іске асырылатын болады.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы