Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 20:59, курсовая работа
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.
КІРІСПЕ. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік..................................................3
І тарау. АДАМГЕРШІЛІК САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ.......................................................................................................................5
1.1.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері..............................................................5
1.2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары.....................................5
1.3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері.................................................................7
ІІ тарау.Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері...................................................................................................................9
2.1.Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты.................................................9
2.2.Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру
бірлігі......................................................................................................................11
2.3.Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі..........................................................................................15
2.4.Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбиесі......................................................21
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................25
- Өзiн қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа iзеттiлiкке үйретудi мектептiң бастауыш сыныбынан бастау.
-Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру. Үлкенге iзет, кiшiге құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.
“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адагершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.
Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн ұмытпағанымыз абзал.
Адамгершiлiк iлiмінiң және адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi – азаматтың, оқушылардың жоғары адамгершiлiгiнiң дамығандығының айғағы. “Адамгершiлiктерiң жоғары болсын. Бұл сендердiң ең басты мiндеттерiң” деп жазды философ жазушы Ж.Ж.Руссо. Ал Абай: “Досыңа достық – қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол” деп жырлаған болатын. өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. “Жас өспей ме, жарлы байымай ма!” демекшi, бүгiнгi бастауыш сынып оқушысының ертеңгi азамат екендiгi де еш күмән тудырмайды. Сондықтан өз бойларына жоғары адамгершiлiк мәдениетiн бүгiннен бастап сiңiре бiлу, адал болу, арлы болу әркiмнiң парызы. Адам жақсылыққа жамандық iстеу арқылы жете алмайды, қашан да қайырымдылық қажет. Өйткенi, адамның асыл қасиетi – оның жасаған жақсылығы. Адам – қоғамның мүшесi десек, әрқайсымыз осы атқа лайық болуымыз керек. Ал қоғам жайлы оқушылар дүниетану сабағында танысады. Сондықтан да ұлы Абайдың 19-қара сөзiнде “Адам баласы туа сала естi болмайды. Естiп, көрiп, ұстап, татып, естiлердiң айтқандарын есте сақтап қана естiлер қатарында болады. Естiген нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу ғана естi етедi”-деп ақыл-естiң, тәрбиенiң жемiсi арқылы жетiлетiнiн ғылыми тұрғыдан дәлелдеп бередi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Ш.Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:
Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.
Ақынның жастарға ұсынған адамгершiлiк жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екi жол кiсiнi қиындықтан құтқарады, адамгершiлiк тезге салады.
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi.Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады.
Адамдарды сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы затта емес, рухани қазынада. (В. Сухамлинский). Ал рухани-адамгершiлiк құндылық белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - әлемдi тануы.
2.4. Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбиесі
Мектепке дейінгі
адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік
сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды
қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен
шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік,
қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық
пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық
адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап
қамтитын мәселелері. Адамгершілік тәрбиесінің
әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін
ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы
қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты
жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті
өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің
барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.
Ата-ананың
болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі
ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан
ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей,
ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы-
балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер
айтса, соны айтатынын, не істесе соны
істегісі келетінін бәріміз де білеміз.
Баланың үйден көргені, етене жақындарынан
естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің
ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды
істермен айналысатын адамның айналасындағыларға
көрсетер мен берер
тәлімі мол болмақ.
Жас өспірім
тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді
үлкендерден, тәрбиешілерден насихат
жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында
ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы
адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы
осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның
өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына
мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие
берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің
түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі.
Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады.
Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы
бар және еңбектене білуде өзін көрсететін
балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу
басты міндет болып табылады. Өз халқының
мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы
басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне,
салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз
мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ
халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді
сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында,
балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді
сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу
әрбір адамнан талап етіледі.
Халқымыздың
тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол
адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты
дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы
бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді
сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе»
деген секілді ұлағатты сөздердің мәні
өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның
бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы,
өзі парасатты болады. Ондай адамды халық
«Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды
имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын,
намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық,
кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық,
ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына
сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға,
кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға,
адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің
жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде
ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін
үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің
бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу,
сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға
жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік
қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы
адамгершілік қасиетімен, адамдығымен,
қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының
мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы
тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде
ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық
атаулының көрініс болып табылады.
Жас ұрпақты
адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз
- оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың
дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік
тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық
қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап
қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді
тәрбиелеу арқылы моральдық түсініктердің,
әдеттердің және мінез-құлық себептерінің
қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және
мектепке дейінгі балалардың адамгершілік
тәрбиесін қамтамасыз етеді.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушының адамгершiлiк мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде саналады. Осыған орай, мектепте оқушыларда адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруға дүниетану сабағының өзiндiк орны бар.Осы орайда бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фарабидiң “Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңiл бөлуi қажет. Шын мағынасындағы бiлiмдiлiк – тамаша адамгершiлiк сипат”-деген ұлағатты пiкiрiн мойындай отырып, жас ұрпақты бiлiм нәрiне қандыру да педагогтық парыз екенiн ұмытпағанымыз абзал [2,38].
Адамгершiлiк iлiмінiң және
адамгершiлiк тәртiптiң сәйкес келуi
– азаматтың, оқушылардың жоғары
адамгершiлiгiнiң
Адамның
адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi,
былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi
белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты
ардақтау, әр уақытта жақсылық
жасауға ұмтылу, соған дайын болу,
“Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi
Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның
бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз
iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды,
мейiрiмдi адам кез- келген уақытта
өзгенiң жақсылығын бағалағыш
болып келедi. Арлы адам- ардақты.
Бiздiң ортамызда осы
1. Айтжанова З. Құқықтық
тәрбие беру арқылы
2. Айтжанова З. Салауаттылық
- өмір салты. Адамгершілікке
3. Әбдіжапарова Ж. Мектеп
оқушыларына адамгершілік
4. Бала тәрбиесі. Мұғалімдерге арналған құрал. Іс тәжірибесі. Алматы: Мектеп, 1985.
5. Байжанова Ж. Семья бақыты. Алматы: Қайнар, 1990.
6. Бейсенбаев Ж. Әдептілік әлемі. Алматы: Жалын, 1982.
7. Дүйсембекова Ш.Д. Оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеуде
8. Кенжебаева Р. Педагогикалық зерттеулер. Алматы: ЖАҚ «Бастауыш мектеп», 2004.
9. Қарсыбаева Р. Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту. Алматы: Мектеп, 2001.
10. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998.
11. Құнантаева К.Қ., Халитова
И.Р. Педагогикалық
12. Майғаранова Ш. Сабақтың тәрбиелік міндеттері. //Бастауыш мектеп. 1997, №4. 3-6 беттер.
13. Нойберт Р. Что я скажу моему ребенку. М., 1971.
14. Нүсіпбекова М., С.Сейілғазинова С. Валеологияның негіздері. Әдістемелік нұсқау. Алматы: Кітап, 2003.
15. Нүсіпбекова М.И., Жүнісова Қ.Ш. Педагогикалық сыр-сандық. Алматы: Кітап, 2003.
16. Оразбекова К. Иман және инабат. Алматы: Ана тілі, 1993.
17. Рахимова Э. Педагогикалық зерттеу. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2004.
18. Сәрсенбаева Ұ. Әдептілік - әдемілік. //Биология және салауаттылық негізі (Биология и основы валеологии). 2007, №2 (26).
19. Сламбекова Т., Сыдықова З. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2004, №5.
20. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиенің негіздері. Алматы, Атамұра, 1999.
21. Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Ұл есейсе, қыз өссе. Мұғалімге арналған кітап. Алматы: Мектеп, 1988.
Информация о работе Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері