Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 20:59, курсовая работа

Краткое описание

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік..................................................3

І тарау. АДАМГЕРШІЛІК САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ.......................................................................................................................5

1.1.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері..............................................................5
1.2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары.....................................5
1.3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері.................................................................7


ІІ тарау.Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері...................................................................................................................9

2.1.Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты.................................................9
2.2.Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру
бірлігі......................................................................................................................11
2.3.Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі..........................................................................................15
2.4.Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбиесі......................................................21

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия Адамгершілік.docx

— 64.08 Кб (Скачать документ)

 

 

       2.3.Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

 

      “Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға  және өзiн қоршаған ортаға қатынас  орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата  отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын  ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар  ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң  мiндеттi шарты.

В.Соловьев: “Адамгершiлiк  бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына  ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң  өзi сияқты күрделi де көп қырлы.

Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк  тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан  жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған  тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек  адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен  бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен  сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

        Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым.

        Халыққа бiлiм беру iсiнiң зор қарқынмен дамуы бүгiнде мектептерде жылдан-жылға оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюды талап етедi.

Ата-бабаларымыз өздерiнiң  сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында  жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай  тәжiрибесiн жинақтап, өзiндiк салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн қалыптастырған. Әдеттер физиологиялық тұрғыдан ми қабатындағы динамикалық стереотиптiң  бiр көрiнiсi. Бұлар ми сыңарларының тек оптимальдық қозуы бар  алаптарында ғана емес, сонымен бiрге  тежелуге ұшыраған алаптарында да пайда  болады. Сондықтан да адамның жеке басында жағымды қасиеттердi тәрбиелеуде  әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез  орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Әдет негiзiнде мiнез  қалыптасатынын А.С. Макаренко мiнез-құлықта  дұрыс әдет қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен .

          Әдеп адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдептердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа бөлуге болады. Олар: адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.).Мәдени мiнез- құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б).

        Гигиеналық әдептер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi. Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi.

Адамгершiлiк әдеттерде  бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа  тартады. Ал оқуға деген әдет адамның  әдет-дағдыларының күрделi бiр түрi болып  табылады. Ол адамның қызметi мен  мiнез- құлқының әдеттегi формаларының құрамына енедi. Олар оқушылардың бiлiм  алуына және оқушыларды практикалық  қызметке дайындауға зор әсерiн тигiзедi. Сол әдеттенудiң арқасында оқушы  жинақы, тәртiптi бола түседi. Егер оқушы  өз-өзiне сенбесе, оған оқуда болсын, жұмыста болсын, кездескен кедергiлердi жеңу қиын болады. Оқушының пайдалы  әдеттерiн қалыптастыру, оларды адамгершiлiкке  тәрбиелеуге зор әсерiн тигiзедi. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершiлiк  мәдениетiн тәрбиелеудiң iс- жүзiнде  тексерiлген ең сенiмдi әдiстерiнiң бiрi- мұғалiмнiң оқушыларға жүргiзiлетiн  түсiндiру жұмысы болып табылады.Түсiндiру жұмысын тек теория жүзiнде ғана уағыздамай, пайдалы әдеттердi тәжiрибеде тiкелей көрсетумен ұштастыру керек. “Әдет - дейдi А.Макаренко әрдайым  жаттығып отырудың нәтижесiнде калыптасады, сондықтан жаттығуды дұрыс ұйымдастыру қажет”.Бұл проблема жан-жақты қарастырылып, үнемi iзденiстер жүргiзiлсе де, қаншама концепциялар ұсынылса да бүгiнгi күнге дейiн нақты жауап таба алмай келедi. Бұның шындыққа сай ең негiзгi қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында.

          Болашақта өмiр сапасы, мүмкiн адамзат цивилизациясының өзiнiң өмiр сүруi. Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады. Жаңарған бiлiм беру жүйесiнiң анықтаушы белгiлерiне мыналар жатады: басты мақсат-бiлiм негiздерiн, әлеуметтiк тәжiрибелер жиынтығын беру емес, жеке адамдарды қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарлы қоғамдық қатынасқа тәрбиелеу. Мұның өзi бүкiл оқудың мазмұнын қайта қарауды талап етедi. Бұған дейiн неғұрлым бiлiм негiздерiн көбiрек жинаса, соғұрлым жеке адамдық қасиет мол болады деген тұжырымды басшылыққа алып келдiк. Ендiгi мiндет қандай бiлiмнiң жеке адамдық қасиеттердi қалыптастыра алатынын болжау. 

       Адам - табиғаттағы кемелденiп жетiлген ақыл-ой иесi және қоғамдық тұлға. Осы ерекшелiктерiне орай адамды ғылымның бiрнеше саласы зерттейдi. Ал педагогика мен психология ғылымы болса, адам жандүниесiнiң сырын, психиканың даму заңдылықтарын, жеке адамдық қасиеттердiң жетiлiп, қалыптасу жолдарын зерттейдi.

       Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: «Адам өзiнiң ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас. Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететiн 3 негiзгi фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (iшкi жағдай), орта мен тәрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор баланың дамуына қалай әсер ететiнiн олар өзара қарым- қатынаста болатынын, қайсы және қашан жетекшi болып шығатыны туралы мәселенiң өте зор ғылыми және практикалық маңызы бар. Тәрбие адамның дамуына әрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттiлiктi қанағаттандыру көзi болатын қоршаған ортаға тәуелдi бола отырып, оған белсендi түрде ықпал етедi, оны және өзiн мақсатты iс- әрекет процесiнде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегi белсендi iс- әрекетi оның жеке басын қалыптастырудың негiзi. Жеке адамды бөлшектемейтiн, оның мүддесiн қоғам мүддесiмен ұштастыратын жоғары мативтердiң жалпылану және тұрақтылық дәрежесi жарасымды дамуды тудырып, бiздiң қоғамның адамгершiлiк нормаларына сай келетiн жеке адамның қалыптасқандығын дәлелдейдi. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру- тәрбиенiң өзегi».

         Адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру керек. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнез- құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Тәрбие әдiсiн балалардың моральдiк мiнез- құлқын (әдет) механизмдерiн, адамгершiлiк сапаларын стимулдандыру тәсiлi деп түсіндіреді. Оны сұрыптай отырып топтарға жiктеуге болады. Американдық психолог Л.Кольберг адамгершiлiк тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез- құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiндiредi. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт- бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.

         Бала дамуының алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды. Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады.

       Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.Бұған А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:

Бiрiншi: Имандылық.

Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.

Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.

Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.

Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.

Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.

Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық.

         Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады”.

        М.Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет ... Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.

Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң  адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке  тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың  классигi Ян Амос Каменскийдiң “Тәртiп  жоқ мектеп – сусыз диiрменмен  тең” дейтiн афоризмiн эпиграф  етiп алады. Ол “Саналы тәртiп  оқушылардың еңбекке, оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас, қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi болуын талап  етедi ” .

       Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дүниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А.Сухомлинскийдiң пiкiрiнше адамгершiлiк тәрбие беру дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегенiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу .

         Дәстүр бойынша, адамгершiлiк тәрбие мәселесiне халықтық педагогика аса көп мән берген А.Б.Измаилова табиғатпен қарым-қатынас үрдiсi, оны оқып үйрену және пайдалануды бала өмiрiнiң алғашқы күндерiнен бастап жүргiзу керек. Ертегiлер мен ойындардағы мейiрiмдi үй жануарлары, құстар туралы ойлар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер баланың табиғатты тануына әсер етедi, табиғатпен үздiксiз байланысқа түседi. Табиғатты қорғау, қызықтау сезiмдерi қалыптасады деп көрсеткен.Ал Б.Т.Лихачев жеке адамның мәдениетiн қалыптастыру қажеттiлiгi мәселесiн қарастыра келiп, мектеп жасынан бастап бұл Я.А.Каменскийдiң өсиет етiп кеткен тәрбиенiң табиғатпен байланыстылығын адам тәрбиесiнiң жетекшi құралы деп түсiндiрдi.

           Мектептер қызметi мен мектептен тыс уақытта өзара байланыс жұмысы үздiксiз болатыны жайлы көптеген көрнектi ғалымдар С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.А.Семашко, В.А.Сухомлинскийлер дәлелдеп бердi.И.Д.Зверевтiң пiкiрiнше, тәрбие мен бiлiмнiң негiзгi мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаға, оның қызметiне деген жауапты көзқарасын қалыптастыратын берiк ғылыми бiлiмдердi меңгерту болуы қажет. Табиғат, экологиялық тәрбие берудiң көрсеткiшi ретiнде оқушылардың табиғи ортаға деген көзқарасы, оның адамгершiлiк нормаларын айтуға болады .

       Жалпы қазiргi ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi белгiлейдi:

          -Табиғи және әлеуметтiк ортаға деген жауапкершiлiкпен қарауды қалыптастыру – тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.

Информация о работе Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері