Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 20:59, курсовая работа
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.
КІРІСПЕ. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік..................................................3
І тарау. АДАМГЕРШІЛІК САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ТӘРБИЕНІҢ ӨЗЕГІ.......................................................................................................................5
1.1.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері..............................................................5
1.2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары.....................................5
1.3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері.................................................................7
ІІ тарау.Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері...................................................................................................................9
2.1.Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты.................................................9
2.2.Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру
бірлігі......................................................................................................................11
2.3.Адамгершiлiк тәрбие мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі..........................................................................................15
2.4.Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбиесі......................................................21
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................25
Балалар көбінесе ата-анасы мен тәрбиешілеріне, жақсы көретін, құрметтейтін адамдарға, бір-біріне еліктейді. Тәрбиеші оларды саналы еліктеуге бағыттауы тиіс. Мысалы, дәрі еккенде жылаған Арманды Үсен жұбатып, козінің жасын сүртті. Оны көрген тәрбиеші: "Үсен қандай мейірімді бала!" - деді. Оны естіген балалардың бәрі де сәбилерді жұбатуға кірісті. Тәрбиеші оларды мадақтап: «Біздің балалар осындай, сәбилерге қамқорлық жасайды», деді.Осыдан соң балалар «Мен Бақыттың бәтеңкесін байлап бердім», «Мен Жеңісті ойнаттым», т.б. да істегендерін тәрбиешіге келіп айтып отырды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістері — адамның адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы, тәртібі туралы, балалардың мінез-құлқына, мәдениетіне, тәртібіне қойылатын талаптар туралы түсінік беру, үлгі ету, түсіндіру, сендіру, мадақтау және кінәлау, жаттығу және көндіру. Бұл әдістердің бәрі де бір-бірімен үйлестіріле, байланыстырып, баланың өрескел қылығының түріне, себебіне, жеке ерекшелігіне сай қолданылады.
ІІ тарау.Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері
2.1.Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты
Адамгершiлiк адамзат
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда
айтылған категорияларын
Адамның адамгершiлiгi
- оның жоғары қасиетi, былайша
айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң
бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау,
әр уақытта жақсылық жасауға
ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң
үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi
үшiн оттаған хайуанның бiрi
боласың. Досыңа достық- қарыз
iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды,
мейiрiмдi адам кез- келген уақытта
өзгенiң жақсылығын бағалағыш
болып келедi. Арлы адам- ардақты.
Бiздiң ортамызда осы
Батырлық, ерлiк көрсету
дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң
ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл
халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы,
Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова,
Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек
ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы.
Олардың әрқайсысы бiздiң
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк
кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi
мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын,
бiртуар аяулы перзенттерiн
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз,
атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп
қадiр тұтқан адам ғана есейе келе
туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн
шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi
халқымыз “Отан – от басынан
басталады” деп бекерге айтпаған.
Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай
жақсы көрiп сүймеген баланың
ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн
толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды
кiсiнiң имандылық –
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
Қайырымдылық.
“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет”.
2.2.Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру бірлігі.
Адамгершілік – сана-сезімді
және мінез-құлықты
Тұлға сана мен мінез-құлықтың қоғамдық формаларын игеруі негзінде қалыптасады. Адамгершілік сана деп – кеңес ғылымында адамдардың өзара қарым-қатынастарын, олардың қоғамдық іске, қоғамға қатынастарын реттеп отыратын, адамгершілік принциптері мен нормаларының адам санасында бейнелеуін түсіндіреді. Балаға өзі үшін жаңадан пайда болған ситуацияда мінез-құлық тәсілдерін таңдау кезіндегі бағдарлар ретінде адамгершілік түсініктердің үлкен көлемі, адамгершілік білімдердің қоры қажет. Бірақ адамгершілік түсініктерді игеру, адамгершілік сананы қалыптастыруда және дамытуды маңызды рөл атқара отырып, өзінен өзі адамгершілік мінез-құлықты қамтамасыз ете алмайды.Жеткіншектердің адамгершілікті даму мәселесі тәрбиенің теория және тәжірибенің өзекті мәселелерінің бірі.
М. Неймарктің айтуы бойынша
«адамгершілік деңгейі
Үлкендердің тәрбиесін жеткін-шектерге саналы түрде жеткізу керек. А. Харче дұрыс айтқан екен, жеткіншектердің «психологиялық терри-ториясында» байланыс орнату керек. Оған өзін көрсетуге көмектесіп, соған жағдай жасау керек. А. Власкинаның ойы бойынша егер оны жұмыспен қызық-тыратын болсақ, мүмкін ол жұмысты табыспен орындауы мүмкін. Жеткіншектің моральды пси-хологиялық бейнесінің қарама-қайшы келуі, оның әке-шешесі және тәрбиешінің тарапынан талап-тарының сәйкес келмеуі. Кейбіреулері асыра бағаласа, ал екіншілері оның мүмкіншіліктерін мүлдем баға-ламайды. Мұндай олқылықтар неміс психологы А. Пассаковскийдің психо-логиялық зертте-улерінде жақсы талданған. Оңтайлы өзін-өзі бақылау – бұл бұкіл тұлғаның қызметі. Бірақ психо-физиологиялық көзқарас жағы-нан екі механизм ерекше қажетті көрінеді: «инстинкті-эмоционалды механизмдердің толу деңгейі немесе эмоционалдық толу, тағы да танымдық салалардың бірлігі және теңдігі» деп жазады польшалық психолог Я. Рейховский.Сонымен қатар жеткіншектік әлеуметтік-адамгершілік бейімделу проце-сінде жыныстық жетілудің әсер ету мүмкіншілігін ұмытпауымыз керек. Бұл көбіне буржуазды психологтарға тән мінез. З. Фрейдтің әсер етуі арқылы оқылатын оқуларда психологиялық концепцияларда ерекше бұл тенденция байқалады.
Нефрейдтік концепциялардың әсер етуі, әсіресе, батыс психологиясында қатты байқалады. Мысалы, француз психологы Г. Мендель осы мәселеге байланысты көзге ерекше түсетін екі оқулық басып шығарды: «Әкеге қарсы көтеріліс», «Ұрпақ дағдарысы». З. Фрейд тағы да танымал болды. Ол баланы әлеуметтік даму мәселе-сін қарастырып, жыныстық иденти-фикациясына көп көңіл бөлді. Ұл бала идентификация кезеңінде әкесімен болуы тиіс. Сонда ғана онда «сверх-Я» қалып-тасады (моралды сана). Жеткіншектің адамгершілікті тәуелсіздігі, біріншіден ақпаратты-бағалаушы сана аймағында байқалады (адамгершілік түсінігі, көрініс, идеалар). Жеткіншектердің моралды түсініктерін зерттеген В.А. Крутецкийдің айтуы бойынша бұл жаста «жоғары адамгершілікті сана деңгейі» байқалады екен. Бұл жаста адамгершілік идеалы, жалпыланған көріністер бірлігі ретінде көрінеді. Рационалды-моралды идеалы бар тұлға адамнан көп жоғары тұрады. Тұлғада жоғары идеалдардың қалыптасуы, раци-оналды ойлау және терең эмоционалды негіздің дамуын шамалайды. Адам-гершілікті баға идеалдардағы ойлау мен сезім бір-бірімен өзара әсер ету арқылы байланысқан. Бұл байланыста қыздар мен ұлдар идеалдарының нақты ерекшеліктері көрсетіледі. Жеткіншек ұл балаларда идеал ережеге сай жалпыланған мінез көрсетеді, рационалды ойлауға көп сүйенеді. Қыздар көбіне өзін қоршаған ортадан идеалын табады. Ал ұлдар үлкен, кең диапазонда із-дейді. В.А. Сухомлинскийдің айтуы бой-ынша шындық сезімі ар дауысына сүйеніп, оларда терең болып келеді.
Жеткіншектерге жағымды
Адамгершілікті адам шынайы іс-
Жаңа
кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі
жас ұрпаққа адамгершілік сананы қалыптастыру.Құнды
қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы
керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған
көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»
деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші
роль атқарады. Адамгершілік сананы қалыптастыру
- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің,
ата-аналардың, педагогтардың балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің
белсенділігін қамтитын қылықтарынан,
сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді.
Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра,
адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін
пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың
нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін
зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің
негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен
тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан,
мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық
өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға
деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін
адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ
қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары,
бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық
пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері,
олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық
құндылықтары жатады.
Баланың
өмірге белсенді көзқарасының бағыты
үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу,
білім беру жұмысының мазмұны мен формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы
нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке
тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің
қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде,
ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске
асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары
педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында,
жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің
құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға
арналған шығармаларымен, суретшілер
туындыларымен танысу негізінде іске
асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық
жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық
пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге,
көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және
жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға,
үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға
тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда
ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу,
бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ
мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне
өздері қатысуға талпыныс пайда болады.
Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық
бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді
ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Мектепке дейінгі жастағы баланың адамгершлік
санасың қалыптасып,дамуы балабақшасы
мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың
тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге
асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір
міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше
жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды
әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік
сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік,
үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ
ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі
сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер
жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке
дейінгі жаста балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына
жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен
тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы
саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым
ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық,
жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және
т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара
ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру,
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,
әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және
сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі
қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына,
құрбыларына, төңіректегі үлкендерге
қалай болса солай қарауға мүмкіндігі
жасалмайды.
Адамгершілік
сананы қалыптастыру — бұл дұрыс дағдылар
мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары,
ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің
тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның
адамгершілік санасының дәрежесі оның
мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол
баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам
туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна,
жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады.
Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге,
мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен
жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз
ежелден бағалай білген.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа,
жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...»
«Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға»
— деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер,
жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің
арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің
бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала
бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар,
хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы
беріледі.
Адамгершілік-адамның
рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік
бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне
жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік
тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып
табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен
сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.
Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты
белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың
мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы,
көзқарасымен сипатталады.
Олар
адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік,
кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық,
ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық
т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық
деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік
және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы-
мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас
ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді
сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты
міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл
қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-
халқында, отбасында, олардың өнерлерінде,
әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті
күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін
қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті
педагог В. Сухомлинский «Егер балаға
қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала
солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке
жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне
адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз
ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның
өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен
санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын
адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің
ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ
тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,
ақыл-парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі
озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам
алдындағы борышымыз.
Информация о работе Адамгершiлiк ұғымының ғылыми-теориялық негіздері