Тауарлы- материалдық қорлар есебінің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:17, реферат

Краткое описание

Менің курсдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық-материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары» Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.
Тауарлық-материалдық қорлар –бұл шаруашылық субъектісінің өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар,материалдар,отындар,энергиялар,жартылай фабрикаттар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 материал куоры есеби аж.DOC

— 359.00 Кб (Скачать документ)

      Түгендеу комиссиясы №3 үлгілі түрі «Материалдарға инвентарлык жазба» жасайды. Жазбада материалдардың нақтылы бар берілгендері көрсетіледі.Инвентарлық жазба бір дана көлемінде қайта санау, қайта өлшеу, салыстыру бойынша әрбір материалдарға жауапты тұлға тобына сақталынып тұрған жері бойынша жазылады.

     Инвентаризация басталмас бұрын әрбір материалға жауапты тұлғадан қолхат алынады. Әрбір материалдарға инвентарлық жазбаға бөлек аты, номенклатуралық номері, түрі, тобы, сорты, саны бойынша енгізіледі.

Түгендеу  нәтижесінде анықталған бұзылған немесе жарамсыз материалдарға арнайы акт жазылады. Форманың соңғы бетіндегі комиссия мүшелерінің қолының алдындағы екі бос жолға құжаттардың соңғы номері жазылады. Бұл тек инвентаризация кезінде материалдардың қозғалысы болса ғана жасалады.Егер есепте көрсетілмеген материалдар табылса, онда оларды да түгендеу жазбасына қосады.Бұл инвентарлық жазба жазылып болған соң бухгалтерияға салыстыру ведомісін жасау үшін топтастырылады.

Ереже бойынша  материалдардың инвентаризациясы, олардың  ғимарат ішінде орналасу реті бойынша жүргізіледі және де инвентаризация кезінде олардың орнын ауыстыруға жол берілмейді. Тексеруден кейін комиссия ғимараттың есігіне пломба салып, келесі ғимаратқа көшеді.

           Комиссия мүшелерінің үйғарымымен камиссия қүрамына қоймашы және басқадай материалдарға жауапты тұлғалар қатыстырылып міндетті түрде кұндылықтардың барлығын қайта санау, қайта өлшеу тиіс.

Жазбаны материалдарға  жауапты тұлғаның ауызша айтуы бойынша толтыруға жол берілмейді.

        Егер түгендеу жүргізіліп жатқан кезде материалдар келіп түссе, онда оны материалға жауапты тұлға комиссия көзінше қабылдап, инвентаризациядан кейін реестр немесе тауарлық есеп бойынша кірістейді. Бұл материалдар бөлек «Түгендеу кезінде келіп түскен материалдар» атты жазбада кірістеледі. Бұл жазбада қашан, кімнен келіп түскендігін, күні, кіріс құжатының номері, құндылық аты, саны, бағасы және сомасы жазылады. Ал, егер де түгендеу үзаққа созылып, материалдарды босату керек болған жағдайда кәсіпорын басшысы немесе бас бухгалтердің жазбаша рүқсатымен комиссия мүшелерінің көзінше босату. Бұл материалдарға да бөлек «Түгендеу кезінде босатылған материалдар» атты жазба жазылады.Егер осы кәсіпорынның жауапкершілігінде табылатын, бірақ иесі басқа кәсіпорын болып табылса, бұл материалдарда осы кәсіпорын меншігіндегі құнмен бірге түгенделеді. Бұл құндылықтарға да №5 үлгілі түрде «Жауапты сақтауға алынған құндылықтар» атты жазба жазылады.

      Жолдағы ақшасы төленбеген, басқа кәсіпорын қоймасындағы, тиеліп кеткен материалдарға да мұқият көңіл бөлуі тиіс.  Бұндай материалдарға сомасын дәлелдеп беретін құжаттар рәсімделуі керек;   жолдағы материалдарға - шот төлем - талабы немесе осы құжатты алмастыратын жеткізуші құжаты болуы шарт, тиелген материалдарға сатып алушының счет - фактура көшірмесі көрсетуі тиіс, кейінге қалдырылған төлемге банк құрылтайшысының міндет дәлелдемесі, басқа кәсіпорын қоймасындағы материалдарға түгендеу күніне жақын жазылған қолхаты керек.

  



Қайта бағалау жоспарлық және есептік берілгендердің бірегейлігі мен дәлдігін, материалдық есепте нақты көрсетілуін, өндіріс шығындарын, кәсіпорынның рентабельділігі мен қаржылық нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.Шаруашылық субъектісінің материалдарын Мемлекеттік Статистика органдарымен бекітілген инфлияция коэффицентінен тыс бағалауына мүмкіндігі бар. Бұл тек мына жағдайда ғана орын алуы мүмкін, егер кәсіпорынның материалдарының құны нарықтық бағадан айырмашылығы болғанда ғана.

Материалдарды бағалауда 20 «Материалдар» бөлімінің шоттары дебеттеліп, 5320/543 «Басқада қосымша төлебеген капитал» шоты кредиттеледі. Кейбір кәсіпорындарда нарықтық тауарларға толуына және маусымдық сатылу мерзіміне байланысты қайта баға қою мүмкіндігі туып жатады. Мұндай жағдайда 5320/543 «Қосымша төленбеген капитал» шоты дебеттеліп, 20 «Материалдар» бөлімінің шоттары кредиттеледі.

                Материалдарды қайта бағалау  түгендеу жүргізудің ізі болып  саналады. Түгендеу жазбалары материалдарды  қайта бағалаумен бағалауға қызмет  етуші құжат болып табылады. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері материалдардың әр түрін қолданады. Осыған байланысты материалдардың белгілеріне қарайтопталуы керекБухгалтерлік есепте материалдар былай топталады:

       1.Өндіріс  процесіндегі рөлі мен мақсаты,

       2.Техникалық қасиетіне байланысты.

    Өндірстік  процесіндегі рөлі мен мақсатына  қарай шикізаттармен материалдар деп бөлінеді.Шикізаттар–бұл кен өнеркәсіптерінен алынған және ауылшаруашылығынан алынған қайта өңдеуді талап етеді.Материалдар –бұл алдын-ала өнеркәсіптік өңдеуден өткен өнімдер болып табылады.

 

 

 

 

 

    1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық                   рәсімделуі

        Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы қүжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық запастардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына кдтысы бар барлык тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері — номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда Тауарлы-материалдық қорлардың бары мен козғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралык нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны

кәсіпорынның  барлық бөлімшесі (материалды-техникалык жабдықтау,бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.

 Тауарлы-материалдық запастардын түсуін құжатпен рәсімдеу. Тауарлы - материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мумкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

Материалдардың  қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік кұжаттар пайдаланылады.

      Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды жауаптытұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны келтірілген.

Берілген  сенімхатты есептеу Журналы,сенімхатты тіркеуге  және беруге  жауапты  тұлғада сақталады.

Сенімхатты  беру үшін лауазымды  тұлғамен  келісім  шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ  болған жағдайда  бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта  шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді.Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып,мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың  тізімі сенімхаттың артқы (кері)  жағына  жазылады. Бір қоймаға жататын Тауарлы - материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.

Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық құндылықтарды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді.                                  Тауарлы – материалды қорлар ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, Тауарлы-материалдық қорлар қоймаға өткізу керек, олардың сол кұндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да.

Егер де Тауарлы-материалдық қорларды алу құқы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі еткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны "Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне "пайдаланбаған" деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңнің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады. Жабдықтаушылар (жіберушілер) Тауарлы-материалдық қорлар босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның біріншісі Тауарлы-материалдық қорларды алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін Тауарлы - материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорды босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. Тауарлы-материалдық қорды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:

  • сенімхаттың барлық реквизитгері толық толтырылмаса, жөнделген  немесе өшірілген болса
  • көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
  • сенімхаттың мерзімі біткен болса;
  • субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
  • сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық  өзгерістер жасаса)

Жабдықтаушылар  сатып алушының қоймасына автотранспортпен Тауарлы-материалдық қорды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторьшан алған Тауарлы –материалдық қордың санын және брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен салыстырады, олар екі данада жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН) үлгісі төменде келтіріледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, Тауарлы-материалдық қор қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жактың да жауапты түлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі Тауарлы-материалдық қор кабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акты жабдықтаушыға талап-тілек қоюға негіз бола алады.

Тауарлы- материалдық  қор теміржол транспортымен жеткізіп берген кезде Тауарлы –материалдық қорды қабылдау вагондардан, контейнерден, цистернадан түсірген жерінде немесе теміржол қоймаларынан кабылданады.Тауарлы-материалдық қорлар алушы өкілі олармен қоса келген құжаттардың (жүкті тасымалдауға берілген накладной) негізінде қабылдап алады және қабылдау процесіне тасымалдаушының өкілі де, Сауда-өнеркәсіп палатасынан келген тәуелсіз бақылаушы да қатысады.

Егер жүк  қосарлана жүретін кұжаттарынсыз келсе, онда Тауарлы-материалдық қорларды актімен рәсімделеді, сол актіде нақты Тауарлы-материалдық қордың саны мен бағасы көрсетіледі. Бұл жағдайда жабдықтаушылардың өкілі қатысқаны жөн, егер де олар болмаса тәуелсіз бақылаушылар қатысады. Актіні жасаудын. барлық ережесі сақталса, онда ол заңды құжат болып табылады және жабдықтаушыға талап тілек қоюға негіз бола алады. Тауарлы-материалдық қорды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелінетін жүктердің операциясына ұқсас болып келеді.

Жоғары аталғандардан  басқа Тауарлы-материалдық қорды халықтан да сатылып алынуы мүмкін. Бұл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған Тауарлы-материалдық қорға акті жасайды, онда: сатушынын аты-жөні, СТН (салык төлеушінің тіркеу нөмірі), Тауарлы-материалдық қордың аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледІ (актінің нысаны төменде келтірілді). Осы актіде патентгің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе басқа да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.(таб 161б)

       Тауарлы-материалдық қорды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

  -шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен Тауарлы- материалдық қорларды  сатып алушының СТН, ҚҚС –ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген Тауарлы-материалдық қор атаулары мен саны, құны акцизделетін Тауарлы-материалдық қор сомасы т.б.;

-тауарлы-транспорттық накладной;

  • тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордері. Жабдықтауышлардан немесе ендеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар коймаға келіп түскен кезде толтырылады. Кіріс ордері төменде келтірілді (таб 162б)

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші (жабдықтаушы) өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылданғаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық-келіктік женелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардын, қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі — жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.(таб 163 б)

            Материалдық құндылықтардың өндірісте  дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы акті. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған кұжат негіз бола алады. Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі АКТ-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы  бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі — бөлімшеде қалады.

Информация о работе Тауарлы- материалдық қорлар есебінің теориялық негізі