Тауарлы- материалдық қорлар есебінің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:17, реферат

Краткое описание

Менің курсдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық-материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары» Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.
Тауарлық-материалдық қорлар –бұл шаруашылық субъектісінің өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар,материалдар,отындар,энергиялар,жартылай фабрикаттар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

7 материал куоры есеби аж.DOC

— 359.00 Кб (Скачать документ)

 

                       Кіріспе

          Менің курсдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық-материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары» Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың  өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.

          Тауарлық-материалдық қорлар –бұл  шаруашылық субъектісінің өнімді  өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар,материалдар,отындар,энергиялар,жартылай фабрикаттар.

       Тауарлық-материалдық  босалқылар келесідейактивтер түрінде  болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар,материалдар,сатып алынған жартылай және құрастырушы бұйымдар,оын,ыдыс және ыдыстық материалдар,дайын өнім, тауарлар.

          Тауарлық-материалдық қорлардың  ауыстырылатын және ауыстырылмайтын  түрлері бар. Мысалға энергияны өндірістік қажеттілік үшін көмірді, ағашты,жел, атом энергиясын пайдалану арқылы өндіруге болады. Ал, таза сары майды өндіру үшін тек сүт қолданылады. Бұл ауыстырылмайтын қорларға жатады.

   Материалдық қорлардың  негізгі және көмекші деген екі түрі болады:

           Негізгілер – дайындалатын өнімнің  заттай материалдық негізін құрайтын  материалдар болса, көмекші материалдар  өндірілетін өнімнің өзіндік  құнына кіргенімен негізгі материалдар  сияқты оның заттай негізін  құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін  көмекші материалдар  негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

          Курсдық жұмыстың мақсаты – Тауарлық-материалдық қорлар туралы сипаттап, түрлерін,есептелуін, құжаттық рәсімделуін толықтай қарастыру.

     Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу,бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет етіледі.

         Қорларды кешенді пайдалану,олардың  рационалды шығысталуы, арзан және  тиімді материалдарды пайдалану  өнімді шығаруды көбейтудің маңызды  бағыты және қаржылық жағдайының  жақсаруы болып табылады.

        Қазіргі  уақытта тек табиғи қорлар ғана емес, сонымен қатар кең түрде жасанды, синтетикалық қорлар қолданылады. Соңғыларының ішінде ең көп пайдаланылатыны полимерлер,тамақ ауыстыратындар,ағаш плиталар, синтетикалық маталар және т.б.

                 Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс жасауының  маңызды сипаты материалдық   қорларға қажеттіліктерді жабу көздерімен толық қамтамасыз  ету болып табылады . Олар ішкі  және  сыртқы болуы  мүмкін.  Сыртқы көздерге сәйкес  келісім  шартқа отырылғанмердігерлерден  келіп  түсетін материалдық  қорлар  жатады .  Ал, ішкі  көздер  - бұл  шикізат  қалдықтарын  азайту , шикізатты  екінші  рет  пайдалану  ҒТП жетістіктерін енгізу нәтижесінде  материалдарды  үнемдеу.

                 

 

1. Тауарлы- материалдық қорлар есебінің теориялық негізі

       1.1.Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы

                                Материалдық  қорлар

      Материалдық   қорлар  түсінігі  логистикада   маңызды  болып  табылады . Табиғаттан  алынатын  шикізат  дайын   өнім  түрінде  соңғы  тұтынушыға  келер  алдында  басқа  материалдармен  орналасады , бірігеді , өндірістік  өңдеуге  тартылыды . Материал  жүргізуші  тізбек  бойынша  жылжып , шикізат  өзінің  осы  немесе  басқа  өндірістік  немесе  логистикалық  операцияға  енуін  күтуінен  кешігеді.

    Көпшілік  мұқылдаған  тұжырым  бойынша  пайымдалады  : Материалдық  қорлар  --  бұл  өндірістің  әр түрлі  сатысындаболатын  және  өндірістік – техникалық  бағыттағы  өнім  айналымындағы , жеке  немесе  өндірістік  тұтыну  үрдісіне  енуін  күтетін  халық  тұтынатын  бұйымдар  және  басқа  да  тауарлар .

   Қорлардың   құрылуы  әрқашан шығындармен   кездеседі. Қорлардың  құрылуымен  және  құрамымен  байланысты  шығындардың  негізгі  түрлері   атап  өтейік :

  • қатырылған  қаржы – қаражат;
  • арнайы жабдықталған орынды күтуге кететін шығындар;
  • арнайы персоналдың жалақысы;
  • ұрлаудағы, бұзылудағы үздіксіз тәуекел.

Қорлардың болуы –  бұл шығындар. Алайда қорлардың болмауы  – бұл да шығын, бірақ әртүрлі  жоғалтулар формасында көрсетілген. Қорлардың болмауымен байланысты жоғалтулардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • өндірістің тұрып қалуынан болатын жоғалтулар;
  • сұраныс пайда болған кезде қоймада тауарлардың жоқ болуынан болатын жоғалтулар;
  • жоғары бағамен щығын тауарларды сатып алуынан болатын жоғалтулар.

Қордың құрамы белгілі  бір шығындарға ұшырайтындығына  қарамастан, кәсіпкерлер оны құруға мәжбүр болады, өйткені қорлардың  болмауы пайданың одан да көп жоғалтуына алып келуі мүмкін. Қордың ұтымды басқару  қорлардың құрамына минималды шығындар кезінде ұздіксіз өндірістік және сауда үрдісімен қамтамассыз етуіне мүмкіндік береді.

Материалды қорларды құру барысында кәсіпкерлер басшылыққа алынатын негізгі себептерді атап өтеміз.

Сұранысты ауытқу мүмкіндігі (шығатын материалды ағымның қарқындылығының төмендеуі). Тауарға деген сұраныс ауытқуға шалдыққан, бұны әрқашан тура болжап шешуге болмайды. Сондықтан, егер жеткілікті сақтандыру қоры болмаса, төлей алатын сұраныс қанағаттандырылмайтын жағдай болуы да мүмкін, яғни кәсіпкер дүкендерде тауар болмаса және клиенті сатып алусыз, ақшамен жіберумен тәуекел болады.

Кебір тауарлар түрлеріне  сұраныстың мерзімді ауытқуы. Негізінен  бұл ауыл шаруашылық өнімдеріне қатысты.

Көп тауарлар сатып алуға  жеңілдіктің болуы қорларының құрылу себеп болып табылады.

Нарықтық бағадағы өзгешелік. Кейбір тауарлардың бағасы тез өсіп кетуі мүмкін. Осы өсуді болжай алған кәсіп орын нарықтық бағаны өзгеруінен пайда табу мақсатымен қор құрады.

Тапсырысты жеткізу  және орын ауыстыруды орналастырумен байланысты шығындардың төмендеуі.

әрбір тапсырыстарды жеткізу және дайындау үрдісіде бір қатар шығындар болады.

  • жабдықтаушыны іздеумен, сонымен келіссөздер жүргізумен, іс сапармен, қалааралық келіссөздермен және тағы сол сияқтылармен байланысты әкімшілік сипаттағы шығындар.
  • тапсырыстарды тасмалдауға жұмсалатын шығындар.

Бұл шығындарды тапсырыстарының  санын қысқарту арқылы төмендетуге  болады, ол тапсырылған партияның  көлемінің көбеюіне және сәйкесінше, қорлар мөлшерінің көбейюіне тең  болады.

 

 

 

 

 

 

 

Материалды  қорлардың түрлері

 

Жоғарыда айтылғандай, қор түсінігі материалдық өндірістің барлық саласын қамтиды, өйткені материалды ағым өзінің қозғалу жолында, яғни шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін кез келген учаскіде қор түрінде жиналуы мүмкін. әрбір учаскідегі қорларды басқарудың өзгешелігі болады.

Шикізаттың соңғы бұйымға  айналу жолында және осы бұйымның соңғы тұтынушыға дейінгі келесі қозғалысы жолында қордың негізгі  екі түрі пайда болды:

  • өндірістік қорлар;
  • тауарлы қорлар.

Осы аталған әрбір  түріне сипаттама берейік.

Өндірістік қорлар - өндістік тұтынуға арналған материалдық өндіріс өрісінің барлық салаларындағы кәсіпорындарында болатын қорлар. Өндірістік қорларды құру мақсаты - өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамассыз ету.

Тауарлық қорлар - әзірлеуші  кәсіпорындарындағы дайын өнімнің қорлары, сонымен қатар тауардың жабдықтаушыдан тұтынушыға жұру жолындағы қорлар, яғни көтерме, шағын көтерме және бөлшек саудадағы кәсіп орындардағы, дайындау ұйымдарындағы және жолдағы қорлар. Тауарлы қорлар өндіріс құралдарының қорлары және тұтыну заттарының қорлары болып бөлінеді.

Логистикалық арнадағы өнімнің орны және оның түрі бойынша  материалдық ресурстар, аяқталмаған  өндіріс, дайын өнім, ыдыс, қайтарымды қалдық қорларын бөліп көрсетуге  болады.

Интегралды тәсіл тұрғысынан базистік логистикалық функцичларға қатынасы бойынша жабдықтаудағы материалдық ресурстар, материалдық ресурстардың өндірістік қорлары, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің қорлары тарату жүйесіндегі дайын өнімді сататын қорлар және тұтас материалдық қорлар:

    • Жабдықтаудағы қорлар;
    • Өндірістік қорлар.

Қорлардың топтастыру схемасы.

 

 

Қорлар жағдайын бақылау жұйесін жалпы сипаты

 

Қорларды басқару олардың  нақты жағдайын бақылауды ұйымдастыруды  алдын ала қарастырады.

Қорлардың жағдайын бақылау  – бұл қорлардық мөлшерінің ауытқыуын анықтау және осы ауытқуды жойю үшін оперативті шараларды қабылдау мақсатында өндірістік – техникалық бағыттағы қорлардық деңгейін, халық тұтынатын бұйымдарды және тағы басқа зерттеу және реттеу.

Қорлардың жағдайын бақылау  қажеттілігі қорлардың нақты мөлшерінің шектен шығып кету жағдайында шығынның көбеюмен байланысты. Қордың жағдайын бақылау берілген қорлардың есебі негізінде жүргізіледі және үздіксіз немесе белгілі бір мезгілден кейін жүзеге асырылады.

Тәжірибеде бақылаудың көптеген әдістері қолданылады, олардың келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:

    • Тексеру тәртібі: мерзімді және үздіксіз;
    • Қордың басталу деңгейі: болуы немесе болмауы;
    • Тапсырылған партияның мөлшері: бірдей немесе әртүрлі;

Қорлардың жағдайын бақылау  жүйесінің топтастырылуы төмендегі суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектісінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық  құндылықтардың  коймадағы  есебінің  дұрыс  ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың    қалай    қойылғандығына    байланысты.     Қоймада    материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы,  сорты,  көлемі,  номенклатуралық номері,  өлшем бірлігі,  сақталып тұрган  материалдардың мөлшері  және тағы да  басқа көрсеткіштері  картон немесе фанерге жазылып, материалға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі.   Қоймада  материалдық  құндылықтардың  тек   қана  сандық  есебі жүргізіледі.  Материалдардың әрбір номенклатуралық номері  бойынша бөлек үлгілі   түрі   М   -   17   карточкасы   ашылады.   Бүл   карточкада   материалдық құндылықтардың аты, мөлшері, көлемі , сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралык номері   және   есептеу   бағасы   көрсетіледі.   Бұл   карточканы  жаңадан кіріске алынған материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынган карточкаға материалдық құндылықтардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардық кіріс -   шығысының   сорттық  -   сандық   есебі   сол   материалдарға  жауапты   адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы  басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын шаруашылық субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына   материалдар   есебін   тиісті   түрде   жүргізуге   дайындалып   жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда шоттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгілеген   тәртіп   бойынша   толтырылған   алғашқы   құжаттардың   негізінде материалдардың кіріске алуын және есептен шығарылуы операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Айта кететін  жағдай, ай соңында бухгалтерияға  ондағы көрсетілген материалдың алынған немесе алынып болғанына қарамастан лимиттік -заборлық карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік - заборлық карта жазып береді. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден аутқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар жайы деректер беріп отырады. Қоймалық сорттық карточканың дүрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі - жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жолына қол қояды. Қоймалық - сорттық карточкаларындағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Тауарлы- материалдық қорлар есебінің теориялық негізі