Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 13:22, реферат
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді. Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады.
1. Нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі және маңызы
2. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
3.Бухгалтерлік баланс
4.Негізгі құралдар есебі мен материалдық емес активтер
5.Тауарлы - материалдық қорлар есебі
6.Дебиторлық берешек есебі
7.Ақшалай қаражаттар есебі
материалдық емес ресурстар — мерзімнен бұрын каржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және т.б.);
Шаруашылық
процестер мен олардың
Бухгалтерлік
басқару есебі — есеп процесі
мен кәсіпорынды басқару
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық белімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы — шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтыңбөлімшесі үшін анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін), алайда міндетті түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ (ғылыми-зерттеу институты) зертханасы және т.б.).
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
Шығын орталығы
— өндірістік ресурстардың шығындарын
байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды
пайдалануды баға-лау
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек: .
Әрбір шығын орталығы — жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның басшысына кәсіпорының барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауга көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл осы орталықка шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
- берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
- берілген нәтижеге жету үшін
қажетті қаржыны ең аз
шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Кіріс орталығы — жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның кетерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынган кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті — жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығар-да нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы — бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі — алынған пайда мелшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығын-дардың кұны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер тура-лы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция
орталықтары — кәсіпорын
Басқару есебінің мәні — шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорының болашақ даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).
Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Бухгалтерлік баланс (французша balanсе — таразы) — шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жай-күйін ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты. Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін. Бухгалтерлік баланстың сол жағы (актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын, оң жағы (пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді. Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді. Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді.
Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі
әр баптың тұсында сомаларды көрсететін
ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды
тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің
басындағы (әдетте жыл басындағы) және
аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының
(құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары
жазылады. Бухгалтерлік
баланс — қаржылық жағдайды талдаудың
басты құралы. Талдау жасау арқылы сол
заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған
несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады.
Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік
(ағымдағы), жылдық, жиынтық, т.б. түрлері
болады. Шаруашылық қызметтін жүзеге асыру
үшін субектіге активтер қажет, ал олар
белгілі бір көздерден құралады. 2.4. бөлімінде
бухгалтерлік баланстың шаруашылық ресурстарының
қолда бар мөлшері мен жағдайын және көздерін,
олардың құралуын қортындылайтын тәсіл
ретіндегі қызмет туралы жалпы түсінік
береді.
Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің
жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы
болып табылады.
Баланс жасау тәртібін «бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың» №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген.
Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық:
Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке
меншік капитал) теңдеуі болып табылады.
Активтер субъектісінің
қолында не бар екенін, яғни барлық құны
бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес
жеке игілігімен құқын көрсетеді.
Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие
берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл
жасау немесе одан бастарту міндеті, ал
несие беруші борышкерден өз міндетін
орындауды талап етуге қақылы.
Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.
Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.
Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс,
ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған.
Субъектінің бағыныштылығына қарай баланс.
Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары
жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары
болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект
баланс қарапайым болып келеді, өйткені
мүліктердің көпшілігі негізінен тек
ақша қаражатынан тұрады.
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық
қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер
тізімін инвентатрь деп атайды және ол
тізімге алынатын инвентатрь түрінде
тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген.
Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар–40000 таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000–40000). Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке айналады. Ол бастапқы баланс активті мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік береді.
Инвентатрлық тізім.
Объектілер атауы |
сомма |
«Банк несиесі» |
165 00050 000 |
Бұл жерде теңестіруші
ретіндегі қаржылық нәтиже (табыс
пен шығын) көрсетілмейді, Өйткені
субъект шаруашылық қызметін әлі жүзеге асырған
жоқ.
Бастапқы баланс.
Актив |
Сумма (теңге) |
Пассив |
Сумма |
Материалдар қоры
4. Дебиторлар |
165 000 50000 20 000 5000 |
|
200 000
14 000 10 000 |
Баланс |
240 000 |
Баланс |
240 000 |
Екінші жағдайда
бастапқы ресурстар тек қана ақша
қаражаттарынан емес, сондай–ақ қайыра
құрылған субъектілер баланысындағы
басқа да құндылықтардан: шикізаттар
мен құрал жабдықтардан және т.б. құрылады.
Мысалы: Айталық, ізбасар 400 000 теңгеге
негізгі құралдар (құрал–жабдықтар және
т.б.); банктен жұмысшылар мен қызметшілерге
жалақы төлеу үшін несие түрінде 60 000 теңге
алды делік; ал өнім берушілерден 140000 теңгеге
шикізаттар мен материалдыр алды. Осы
деректер негізінде мынадай формадағы
таблица жасалынуы мүмкін.
Актив | |||
Құрамы, орналасуы
және |
Ресурстардың құралу көздері және ресурстардың бағалық бағыттары. | ||
Атаулар |
Сумма |
Атаулар |
Сумма |
І.Негізгі құралдар. |
400 000 |
І.Жеке меншік ресурстар |
400 000 |
ІІ. Ағымдағы активтер. |
140000 |
ІІ. Міндеттемелер. |
60000 |
Жиынтығы |
600000 |
Жиынтығы |
600000 |