Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 13:22, реферат
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді. Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады.
1. Нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі және маңызы
2. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
3.Бухгалтерлік баланс
4.Негізгі құралдар есебі мен материалдық емес активтер
5.Тауарлы - материалдық қорлар есебі
6.Дебиторлық берешек есебі
7.Ақшалай қаражаттар есебі
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарында; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазу мен күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир касса кітабында (ү.№КО-4) жүргізеді, ол нөмерленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады. Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызық пен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан («Басталған күніне дейінгі қалдығы» деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойған кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен көлбеу жазуды одан әру жалғастырылады.
Есеп бланкасы операциялар аяқталғанаға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарды және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланған шоттарға белгі жасайды, содан соң оның директоры 1010 – «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шотының кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай бухгалтерлік есеп шоттарының сомасы біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 – «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1040 — «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттары» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1250 — «Қызметкерлердің
қысқа мерзімді дебиторлық
6010 — «Сатылған
тауарлар мен көрсетілген
Кассадан ақша берілген кезде 1010 – шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350 — «Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар» шоты – кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
1250 — «Қызметкерлердің
қысқа мерзімді дебиторлық
1040 — «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттары» шоты – кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларды тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынадай функцияларды орындауы тиіс:
-Түсімді бақылау.
-Ақшалай шығындарды бақылау.
-Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
-Кассалық қалдықты салыстыру.
-Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.
-Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі бланктерді парақтап санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімдейді.
Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындаған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.
«Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» есебі.
Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020 – «Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 1020 шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
1050 — валюта шотынан валюта түскен кезде;
2110 — шоты
кассаға алынған валюта
6250 — шоты
тиісті шетел валюталарына
1250 — шоты
есеп беретін адамдардың кассағ
Валюта кассасынан валюта берген кезде 1020 шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
1250 — шоты
есебіне берген шетел
1050 — шоты
валюта шотына өткізілген
7430 — шоты тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.
Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік
есеп–есеп теориясы, қаржы мен
өндірістік есеп, салықтық есеп болып
бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл
бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың
теориялық, әдістемелік және практикалық
негіздері.
Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай–ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір–бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір–біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге–ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді: