Танысу тәжірибесінің есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 13:22, реферат

Краткое описание

Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді. Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады.

Содержание

1. Нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі және маңызы
2. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
3.Бухгалтерлік баланс
4.Негізгі құралдар есебі мен материалдық емес активтер
5.Тауарлы - материалдық қорлар есебі
6.Дебиторлық берешек есебі
7.Ақшалай қаражаттар есебі

Прикрепленные файлы: 1 файл

бУХУЧЕТ.doc

— 304.50 Кб (Скачать документ)

                               2.Бухгалтерлік пәні мен әдісі     

   Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді. Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады.

        Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.                                   

        Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі  құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша  есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі  шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.                                                                                                                                                                                    Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің  дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады.

          Шаруашылық субъектілеріндегі  шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын  бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы  шарт. Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.

          Нарықтық қатынастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.  

           Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады. 

          Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.  Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.

        Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.   

   Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.

        Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.

          Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процестің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады:

1. Активтер мен олардық  көздерінің қалыптасуы;

2. Инвестициялар; 

3. Қаржы активтерінің қалыптасуы , экономикалық ресурстардың және міндеттемелерді қабылдау;

4. Өндіріс процесімен  байланысты активтерде өзгерістердің  болуы; 

5. Табыстардың қалыптасуы;

6. Табыстардың бөлінуі  және қайта бөлінуі; 

7. «Бөлінбеген пайданың»  қалыптасуы және оның өндіріс  процесін кеңейтуге қолданылуы;

 

        Шаруашылық  құралдарының құжатпен ресімделген. қозғалысы  мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады. Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.    Шаруашылық  операциялары жеткізушілерден тауарлы-материалдық  құндылықтарды сатып алудан, негізгі  қорларды пайдаланудан, жалақы есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығыңдарды анықтаудан және т.с.с. тұрады.Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады:

 

- өндірістік  корларды дайындау;

- өнім өндіру;

- сату (өткізу).      

  Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін кәсіпорынның оларды басқа кәсіпорындардан  сатып алуынан тұрады. Бұл жерде ақша қаражаттары еңбек заттарына айырбасталады. Аталған процесте дайындалған материалдар мен оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.                            Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде  кәсіпорындардың, компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды.Олар екі жақты сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқасының алдында борышкер (дебитор) рөлін, ал басқасы — несие берушінің рөлін (кредитор) атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             5.Тауарлы – материалдық қорлар

      Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі – еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан ерекшелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндіретін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өзінің бастапқы құнын түгелдей өндіретін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып саналады.

       Тауарлы – материалдық қорлар ― бұлар:

     - өндіріс үрдісінде пайдалануға және жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арналған өзге материалдар;

     -  дайын өнім;

     - қалыпты қызмет барысында сатуға арналған тауарлар;

     - аяқталмаған өндіріс.

     Тауарлы-материалдық қорлар ― қалыпты қызмет барысында сатуға арналған; өндіріс үрдісінде және қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.

Еңбек заттары  біртекті емес. Олардың бір-бірінен  өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары  бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауға атқарылатын міндеттеріне қарай материалдар: шикізаттар, негізгі материалдар мен көмекші материалдар, жартылай фабрикат және т.б болып бөлінеді. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін құрайды.

        Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) рөлі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.  
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімдердің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

       Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады.

         Қолданылуына қарай тауарлы-материалдық қорлар:

    - өндірісте қолданылатын құндылықтар ― шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, отын, қосалқы бөлшектер, құрастырылмаған бұйымдар, конструкциялар мен тетіктер және басқа да материалдық құндылықтар түріндегі активтер;  
   - еңбек құралдарына жататын құндылықтар ― орнатуға арналған жабдықтар;  
   - сатуға арналған құндылықтар ― тауарлар.

 Меншік құқығы бойынша тауарлы-материалдық қорлар ұйымға тиесілі және меншік құқығы жоқ құндылықтар болып бөлінеді.

 Ұйымға тиесілі және қойма мен өндірістегі материалдық құндылықтарға:  
   - жол үстіндегі құндылықтар; егер ұйымға меншік құқығы жабдықтау келісіміне сәйкес берілсе;

   - ұйымға тиесілі, кепілзат ретінде есептелінетін, ұйымның қоймасындағы құндылықтар.  
Өндірісі бар ұйымдағы тауарлы-материалдық қорларды бағалау мақсатында қорларды келесі үш түрге бөлу қажет етіледі: қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім.

Саудамен айналысатын  ұйымдар үшін тек қорлардың бір  ғана түрі ― тауарлар болады. Тауарлар ― кәсіпорынның алып-сатуға арналған, сатып алынған бұйымдары.  
Қорларға шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер, сатып алынған жартылай фабрикаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс пен ыдыстық материалдар, және қызмет пен жұмыс атқаруға арналған басқа да материалдар жатады. Аты аталынған қорлар өндіріліген өнім құрамына енеді.

         Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорлар есебін ұйымдастыру үшін қорларды сыныптау қажеттілігі туындайды. әдетте қорларды келесі топтарға топтастырады: шикізат және негізгі материалдар, көмекші материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қайтарылма қалдықтар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер.

Шикізат және материалдар – өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды.

Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім болып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.

        Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.

Ыдыс және ыдыстық  заттар – бұл әртүрлі материалдар  мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.  
Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.

         Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.

     Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді. Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар. Аяқталмаған өндіріс – тауар болу үшін ары қарай өңдеуді қажет ететін қорлар. Сонымен қатар толық аяқталған, технологиялық үрдіспен қарастырылған, бірақ сынақтан өтпеген өнім аяқталмаған өндіріске жатады.  
       Дайын өнім - өндіріспен аяқталған, толығымен өңделген, бекітілген стандартқа немесе техникалық шарттарға сәйкес тексеріс өткен, құжаттармен рәсімделген, сатуға арналған бұйымдар. Олардың құны тікелей шығындар мен үстеме шығыстардың соммасы ретінде анықталады.

Информация о работе Танысу тәжірибесінің есебі