«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 21:42, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
- экономикалық өсуді ынталандыру;
- кәсіпорын қызметін тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………..

Ι- Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудитінің теориялық әдістемелік негізі
1.1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық
маңызы…………………………………………………………………
1.2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің экономикалық көрсеткіштерін
талдау……………………………………………………………………
1.3. «Оңүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтер есебін ұйымдастыру
мен есеп саясаты…………………………………………………………

ΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары.
2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің құрамы мен құрылымын
талдау…………………………………………………………………….
2.2. Активтер айналымдылығын талдау…………………………………..
2.3. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау мен табыстылықты
талдау……………………………………………………………………….


ΙΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау мен аудиті.
3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау…………………………..
3.2. Активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін бағалау……………….
3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтерінің аудиті……………

Қорытынды………………………………………………………………………

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорындағы-активтерді-«Оңтүстік-Жарық-Транзит»-ЖШС.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

                                                                                                                              бет

Кіріспе………………………………………………………………..

 

Ι- Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудитінің теориялық әдістемелік негізі

1.1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық

маңызы………………………………………………………………

1.2. «Оңтүстік Жарық Транзит»  ЖШС –нің экономикалық көрсеткіштерін

талдау……………………………………………………………………

 1.3. «Оңүстік Жарық Транзит» ЖШС –нің активтер есебін ұйымдастыру

мен есеп саясаты…………………………………………………………

 

ΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары.

2.1. Талдаудың маңызы мен активтердің  құрамы мен құрылымын 

талдау…………………………………………………………………….

2.2. Активтер айналымдылығын талдау…………………………………..

2.3. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын  бағалау мен табыстылықты 

талдау……………………………………………………………………….

 

 

ΙΙΙ- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын

 талдау мен аудиті.

3.1. Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау…………………………..

3.2. Активтерінің өтімділігі мен  төлем қабілеттілігін бағалау……………….

3.3. «Оңтүстік Жарық Транзит»  ЖШС –нің активтерінің аудиті……………

 

Қорытынды………………………………………………………………………

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:

- экономикалық өсуді ынталандыру;

- кәсіпорын қызметін тиімді  қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.

Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп, активтерді ұтымды пайдалануына байланысты болып келеді.

Есептің маңызы – бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есеп берудің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен анықталады.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

- Активтер айналымының қаржы  нәтижесіне маңызы екендігін;

- осы мәселелерді шешудің жолдарын  активтерді талдаудың мүмкіншіліктерімен ұштастыра отырып шешудің жолдарын ұсынуы.

Жұмыстың негізгі міндеттері:

- ұйымның активтер есебінің  даму ерекшелігін ескере отырып, оны экономиканың пайдалануды  анықтау;

- ұйымның экономикасын қаржыландырудағы  барлық мүмкіншіліктерін пайдалануды  көздеуді қарастыру;

Осыған орай, әдістемелік нұсқаулар ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, яғни бухгалтерлік есеп соның ішінде талдау мен аудит ұйымдастырудың жетілдіру, оның құқықтық мүмкіншіліктерін анықтау, құзыретін бекіту, мемлекетпен өзара байланысын көрсету, реттеу тетіктерін белгілеу, оның қызметтер мен өкілеттіктер шеңберін айқындауы құрайды.

Жоғарыда да айтылғандарды есепке ала отырып, активтерді талдау мен аудиті – ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады.

Ұйымның активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіменен сипатталынады.

Экономиканың нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.

Дипломдық жұмыстың І-бөлімінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы, ІІ-бөлімде активтердің айналымдылығын талдау мен мүліктік жағдайын бағалау, ІІІ-қаржылық жағдайын талдауда: қаржылық тұрақтылығын бағалау мен активтердің өтімділігін талдауды қарастырылады. Тақырыпты толық ашуда заң, стандарттар, оқулықтар пайдаланады. Және де жұмыс «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарының мәліметтерінің негізінде орындалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-Кәсіпорындағы активтерді талдауы мен аудиттің теориялық-әдістемелік негізі.

 

    1. Активтердің құрамы мен құрылымы және оның экономикалық маңызы.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңға, қаржылық есеп беру халықаралық стандарттқа сәйкес «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖЩС-нің активтерін қысқа және ұзақ мерзімді активтер деп жіктеледі. Баланстың I-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер және II-ші бөлімінде ұзақ мерзімді активтер орын алады. Осы уақытқа дейін баланстың I-ші бөлімінде ұзақ мерзімді актив,II-ші бөлімінде қысқа мерзімді активтер орналасқан еді. Қысқа мерзімді активтерге: ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер,қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер, қорлар,ағымдағы салықтық активтер, сатуға арналған ұзық мерзімді активтер, өзгу қысқа мерзімді активтерден құралады. Ал ұзақ мерзімді активтеріне: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер , өзге ұзақ  мерзімді активтер.

    «Щңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің акционерлік қоғамында Чалықаралық қаржылық есептілік стандарттқа  сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді активтерге төменде көрсетілген шоттарды есеп саясатына бекітілген.

     Жалпы ақша қаражаттары «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінщі тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив, егер:

  • Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;
  • Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
  • Пайдалану шеек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.

Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.

Ақша қозғалысы жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбую кездерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы- тапқан табысы-егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар. Егер олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюына байланысты болады.

Дебиторлық берешектер- бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың щаруашылыққа берещек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жекен азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.

«Инвестиция» ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің тетігін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құралады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.

Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарды тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттары әр тараптандыруды ескере отырып бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қатерді азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені, ол өз қолына түнкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылырдың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақшалай қаражат салымшының көздері болып табылады.

Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.

   Инвестициялық қор өзіндік  акцияларды шығару әрі ашық  орналастыру жолымен және тартылған  қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың  инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарды тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез-келген звңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.

  Бұл қорлардың барлық қызметі  әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфелді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.

   Инвестициялық қор өз  қызметінде нақты принциптерді  басшылыққа алады;

  • Инвестициялық салымдарды әр тараптандыру;
  • Бағалы қағаздармен ас қатерлі операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
  • Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;.
  • Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу;

  Инвестициялық қор өндіріспен  және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез-келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ, кастодианның, тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады,бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез-келген тәсілмен береді, сонымен бірге, опциондық және фьючерстік шарт бойынша мәмілелермен,маржа, «ықшамдап сату» бойынша мәмілелермен айналысады.

   Инвестициялық қордың ұйымдық  құрылымын былайша көрсетуге  болады: акционерлердің жалпы жиналысы-басқарма-инвестициялық  қордың басқарушысы.

  Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынандай мәселелерді шешеді;

  • Инвестициялық қордың тұрпатын қайта құру (өзгерту) туралы;
  • Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
  • Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілерімен және ластодиандармен келісім шартқа отыру (бекіту) туралы.

  Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзіреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарыпда басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отыру. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тиым салынған).

   Инвестициялық қордың басқарушысы  – бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын әрі инвестициялық қормен бекітілген келісім шарттың негізінде әрект ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөнінде келісім –шартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.

   Инвестициянық қордың қызметі  Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып  алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

  Кәсіпорындар мен ұйымдардың  қызмет барысында өздерінің өндірген  дайын бұйымдарын сату үшін  сатып алған тауарлары,сатып алған  бірақ әзірге ұйымға келіп  түспеген тауарлары аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсетілген қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдық сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түрінде ағымдағы актив болып табылады.

  Олардың өндіріс құралдарынан  өзге еңбек заттары өндірісте  пайдаланылған кезде өздерінің  бастапқы құнын түгелдей өндірілетін  өнімге ауыстырады. Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

   Ұзақ мерзімді активтер  деп – кәсіпорынның шаруашылық  қызметінде бір жылдан артық  мерзімде пайдаланылатын және  қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық қорларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.

   Ұзақ мерзімді активтерді  мынандай категорияларға жіктеуге  болады;

  • Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
  • Материалдық емес активтер.

   Материалдық активтердің  табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға  болады. Жердің пайдалану меозімі  шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелмейді. Ғимараттар, құрал-жаблықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп тарату үшін тозу есептеледі. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет.

   Бухгалтерлік есептің 28 «Материалдық  емес активтердің есебі» стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):

  • Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
  • Егер активтің құны дұрыс анықталса.

Информация о работе «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті