Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 22:46, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде Қазақстан бар күш жігерін экономиканы әртараптандыруға және әлемдік шаруашылық жүйесін интеграциялауға жұмылдыруда. Бұл саясаттың басты құралы – 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму стратегиясы. Осы стратегияның екінші кезеңінде өнеркәсіпті жетілдіру мен экономиканы әртараптандыруға қатысты нақты міндеттер белгіленген. Яғни, басымдығы бар салаларда технологиялық өндірістерді құрып жүргізу басты міндет болып отыр.
Елбасының халқымызға жолдаған Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге және әлемдік қаржылық дағдарысқа бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………………..3

1. Меншікті капитал түсінігі мен аудиті
1.1. Меншікті капитал түсінігі және сәйкестігіне тексеру жүргізу……….6
1.2. Жарғылық капиталдың аудиті…………………………………………11
1.3 Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аутиті ………………………………………………………………12
1.4 Бөлінбеген табыстың аудиті……………………………………………14

2. Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі
2.1. Меншікті капитал аудитінің бағдарламаларын құру………………...16
2.2. Меншікті капитал аудитінің бағдарламасы негізінде аудит жүргізудің әдістері……………………………………………………………………………20
2.3 Аудиттеу есебі мен қорытындысын шығару…………………………..22

Қорытынды………………………………………………………………………25

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………...27

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕНШІКТІ КАПИТАЛ АУДИТІ.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

Тексеру процесінде аудитор  клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау  жөніндегі ойын өзгерте алады. 
'Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында тәуекелдікке анықтама берілген. "Аудиторлық тәуекелдік - қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді". Аудиторлық тәуекелдіктің үш компоненті бар.

Осы компоненттер сипаттамасы  мен ерекшеліктеріне қарай немесе  пайда болу себебі мен орнына қарай:

    • шаруашылық ішіндегі тәуекел;
    • ішкі бақылау жүйесі тәуекелділігі;
    • бухгалтерлік есептеліктегі қателердің  анықталмау тәуекелі.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақтан Республикасының  заңына сәйкес кәсіпорынның өзінің құрылуы  барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы кәсіпорынның меншікті капи- талы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс  және де ол сол кәсіпорынның құрылтайшыларының акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы кәсіпорынның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржы- лар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп  тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.         

Кәсіпорынның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай екіге бөлінеді.

Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, материлдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралды. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы  барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері 

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы  қаржылар- ының құнынан құралады. Кәсіпорынның меншікті капиталының көздері болып  мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • төленбеген;
  • сатып алынған жеке меншік құралдар;
  • эмиссиялық табыс;
  • резервтер;
  • бөлінбеген пайда;

Кәсіпорындар өздерінің  қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан бақа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа  және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай кәсіпорынның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық  серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жаапкершілігі  бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы және 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Салық Кодексі  қабылданды, осыған орай аудиторлық қызмет те халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Қортындылай келе, курстық жұмысына негіздеп жасаған қорытындым шаруашылық кәсіпорындарының қайсылары болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет екендігі. Яғни, осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық кәсіпорыны алғашқы құрылған кезде оның жарғылық капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол кәсіпорын құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде кәсіпорынға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда кәсіпорынінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп дамып отырады. Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты меншікті капиталдың бухгалтерлік есебін аудиттеудің орны зор екендігіне көз жеткіздік. Яғни меншікті капиталды жүйелеп жүргізудің есептеу тәртібі және аудитінің алатын орны  қаралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық        есеп беру туралы» Заңы. 28.22.2007 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы». 22.05.2007 жылғы  Заңы
  3. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы 2007 ж.
  4. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М., «Аудит»: оқу құралы.- Алматы: Қазақ        Университеті, 2004ж
  5. Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы 2001 г.

 


Информация о работе Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі