Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 22:46, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстан бар күш жігерін экономиканы әртараптандыруға және әлемдік шаруашылық жүйесін интеграциялауға жұмылдыруда. Бұл саясаттың басты құралы – 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму стратегиясы. Осы стратегияның екінші кезеңінде өнеркәсіпті жетілдіру мен экономиканы әртараптандыруға қатысты нақты міндеттер белгіленген. Яғни, басымдығы бар салаларда технологиялық өндірістерді құрып жүргізу басты міндет болып отыр.
Елбасының халқымызға жолдаған Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге және әлемдік қаржылық дағдарысқа бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Кіріспе ……………………………………………………………………………..3
1. Меншікті капитал түсінігі мен аудиті
1.1. Меншікті капитал түсінігі және сәйкестігіне тексеру жүргізу……….6
1.2. Жарғылық капиталдың аудиті…………………………………………11
1.3 Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аутиті ………………………………………………………………12
1.4 Бөлінбеген табыстың аудиті……………………………………………14
2. Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі
2.1. Меншікті капитал аудитінің бағдарламаларын құру………………...16
2.2. Меншікті капитал аудитінің бағдарламасы негізінде аудит жүргізудің әдістері……………………………………………………………………………20
2.3 Аудиттеу есебі мен қорытындысын шығару…………………………..22
Қорытынды………………………………………………………………………25
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………...27
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………………….
1. Меншікті капитал түсінігі мен аудиті
1.1. Меншікті капитал түсінігі және сәйкестігіне тексеру жүргізу……….6
1.2. Жарғылық капиталдың аудиті…………………………………………11
1.3 Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аутиті ………………………………………………………………12
1.4 Бөлінбеген табыстың аудиті……………………………………………14
2. Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі
2.1. Меншікті капитал аудитінің бағдарламаларын құру………………...16
2.2. Меншікті капитал аудитінің бағдарламасы
негізінде аудит жүргізудің әдістері…………………………………………………………
2.3 Аудиттеу
есебі мен қорытындысын шығару…
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………...27
Қазіргі кезде Қазақстан
бар күш жігерін экономиканы
әртараптандыруға және әлемдік шаруашылық
жүйесін интеграциялауға
Елбасының халқымызға жолдаған Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге және әлемдік қаржылық дағдарысқа бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Елбасымыз басқа елдердің
бәсекелес өндірістері мен
Сонымен қатар Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілетін қызмет, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуіміз керектігін міндеттеді.
Яғни, бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуін басқаруға қол жеткізу.
Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау орнату қажет болады.
Бұл стратегия біздің
экономикамыздың жекелеген
Елбасымыз Жолдауында - біз ендігі жерде «қолымыз жеткен» экономикалық өсуді пайдаланумен шектелмей, осы өсуді шындап басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыруымыз керек.
Аса ірі монополистерді қайта құрылымдау мен бәсекелестік қатынастарды дамыту есебінен біздің табиғи монополиялар аясын қысқартуымыз қажет.
Экономиканың табиғи монополиялар сақталып отырған секторларында салалық реттегіштердің көмегімен тарифтік және техникалық реттеу жөнінде елеулі жұмыс жүргізу міндеті де алдымызда тұр.
Әлемдік қаржылық
дағдарысты ырықтандыру
Біздің тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруымыз керек. Халықтың бағалы қағаздардағы өздерінің жинақтарын инвестициялауға белсенді қатысуын қамтамасыз етпейінше, оны ойдағыдай дамыту мүмкін емес - деп нақты атап өтті.
Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның бірден бір дәлелі үштік Одақтың бірі ретінде сенімді нық шешіммен Кедендік Одаққа мүшелікке өтуіміз. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік және саяси негізге қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетілігі мен өнеркәсіптік құрылымын өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды.
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп өндірістің хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге, өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып , өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс әрі дәл анықтау міндетті шарт.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық кәсіпорындары қайсысыларыда болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық кәсіпорыны алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол кәсіпорыні құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда кәсіпорынінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Елбасымыздың Қазақстан экономикасындағы қаржылық дағдарыста кәсіпорындардың қызметін қорғау және дамыту мақсатында кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақты, әрі төлемқабылеттілігі жоғары қатары ғана заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін бағалаудағы капиталдың есептілігіне аудит жүргізуді жетілдіру шараларының орындалуы. Осы орайда дұрыс, жоғары технологиясы дамыған бүгінгі күннің талабына сай ұйымдастырылған бухгалтерлік есепке аудит жүргізіп отырған кәсіпорын, оның ішінде капиталымен қамтамасыз етілген кәсіпорын еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосатынын мәлімдейміз.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы меншікті капитал есебіне жүргізіліп отырған аудиттің экономикалық аспектілері.
1. Меншікті капитал түсінігі мен аудиті
1.1.Меншікті капитал
түсінігі және сәйкестігіне
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорынның өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналғандырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ал капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.
Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан тұрады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, тауарлық-материалдық қорлар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық борыштар жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің құрылу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның
негізгі құралдары мен айналымд
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғамдар) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары.
Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі қаржылық операциялардың жағдай және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталыдң қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді , содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып-өткізу кезінде жасалынатын басқада құжаттарда болады.
Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын тексеріп қарастыруға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық актілер мен ақпараттардың болуы қажет.(кесте1)
Кесте Меншікті капитал аудитінің нормативтік-құқықтық актілер мен ақпараттары.
№ |
Құжаттың аты |
1 |
2 |
1 |
Казақстан Республикасыныц Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994ж. № 269-ХШ, тараулар: 2 "Азаматтық қүқық субъектілері", 3 "Азаматтық қүқық объектілері" |
2 |
"Салық жөне бюджетке теленетін басқа да міндетті телемдер туралы" К^зақстан Республикасының кодексі 12.06.200ІЖ. № 209-2 (езгертулерімен жоне толыктыруларымен 22.10.2004ж) |
3 |
"Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қізақстан Республикасының заңы 02.07.2003ж. № 401-2 (озгертулерімен жоне толықтыруларымен 07.07.2004ж. |
4 |
"Бухгалтерлік есеп
жоне каржылық есеп беру |
5 |
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңы 13.05.2003ж. №415-11 |
6 |
"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңы 22.04.1998ж. № 220-1 (өзгертулерімен және толықгыруларымен 18.03.2004ж) |
7 |
"Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Өндірістік кооператив туралы" жарлығына өзгертулер мен толықгырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы 12.07.2001ж. №241-2 |
9 |
"Лицензиялау туралы" Казақстан Республикасының заңы 17.04.1995ж (өзгертулерімен және толықтыруларымен 09.07.2004ж) |
11 |
"Каржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізі": Қазақстан Республикасы Каржы Министрлігінің бұйрығы 29.10.2002ж. № 542 |
12 |
Бухгалтерлік есептің 8 "Каржылық инвестициялардың есебі" деп аталатын Ұлттық стандарты. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының қаулысы 13.10.1996ж. № 3 (Қазақстан Республикасы Каржы Министрлігінің 28.01.2003ж. № 27 бұйрығымен енгізілген езгертулерімен және толықтыруларымен) |
13 |
Бухгалтерлік есептің 30 "Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру" деп аталатын Ұлттық стандарты. Қазақстан Республикасы Каржы Министрлігінің 17.01.2003ж. № 14 бұйрығы |
14 |
Бухгалтерлік есептің 8 "Каржылық инвестициялардың есебі" деп аталатын Ұлттық стандартына әдістемелік ұсыныстар. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 21.05.1997ж. № 7 бұйрығы |
15 |
"Қаржылық қорытынды есеп беру нысандарын бекіту туралы" Казақстан Республикасы Каржы Министрлігінің 24.06.2003ж №241 бұйрығы |
* Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы 2007 ж.
Аудиттің алдына қойылған мақсаттарды ашып керсету үшін кәсіпорын басшылығының қаржылық қорытынды есептің "Меншікті капитал" бөлігі баптарының дұрыстығы категориялары (бар болу, толыктық, бағалау, құқықтар мен міндеттемелер, тапсыру және ашып керсету) бойынша пікірлерін қарастырамыз.
Информация о работе Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі