Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 22:46, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстан бар күш жігерін экономиканы әртараптандыруға және әлемдік шаруашылық жүйесін интеграциялауға жұмылдыруда. Бұл саясаттың басты құралы – 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму стратегиясы. Осы стратегияның екінші кезеңінде өнеркәсіпті жетілдіру мен экономиканы әртараптандыруға қатысты нақты міндеттер белгіленген. Яғни, басымдығы бар салаларда технологиялық өндірістерді құрып жүргізу басты міндет болып отыр.
Елбасының халқымызға жолдаған Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге және әлемдік қаржылық дағдарысқа бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Кіріспе ……………………………………………………………………………..3
1. Меншікті капитал түсінігі мен аудиті
1.1. Меншікті капитал түсінігі және сәйкестігіне тексеру жүргізу……….6
1.2. Жарғылық капиталдың аудиті…………………………………………11
1.3 Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аутиті ………………………………………………………………12
1.4 Бөлінбеген табыстың аудиті……………………………………………14
2. Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі
2.1. Меншікті капитал аудитінің бағдарламаларын құру………………...16
2.2. Меншікті капитал аудитінің бағдарламасы негізінде аудит жүргізудің әдістері……………………………………………………………………………20
2.3 Аудиттеу есебі мен қорытындысын шығару…………………………..22
Қорытынды………………………………………………………………………25
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………...27
Тексеру жүргізу процедураларын қабылдамас бұрын аудиторға қарастыруға қандай құжаттардың алынатындығын анық білу қажет. Төмендегі кестеде (кесте2) келтірілген құжаттар негізгі ақпарат көзі ретінде көрсетіледі.
Кесте 2. Меншікті капитал аудитінің негізгі ақпарат көздері
№ |
Құжаттың аты |
1 |
Қаржылық есеп беру |
2 |
Есеп саясаты |
3 |
Бас кітап. Бухгалтерлік есеп регистрлері |
4 |
Кәсіпорын жарғысы |
5 |
Құрылтай келісім шарты |
6 |
Құрылтайшылар жиналысының хаттамасы |
7 |
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік |
8 |
Бағалы қағаздарды тіркеу кітабы (тізімдемесі) |
9 |
Акционерлер тізімдемесінен үзінді |
10 |
Мемлекеттік органдарға (салық, статистика және т.б.) тіркеу туралы куәлік |
11 |
Шаруашылық қызметтің
белгілі бір түрінде |
12 |
Эмиссиялар проспектісі |
13 |
Директорлар кеңесі мәжілісінің хаттамалары |
14 |
Акционерлер жиналысының,
директорлар кеңесінің |
* Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы 2007 ж.
Аудиттің алдына қойылған мақсаттарды ашып көрсету үшін кәсіпорын басшылығының қаржылық қорытынды есептің «Меншікті капитал" бөлігі баптарының дұрыстығы категориялары толықтық, бағалау, құқықтар мен міндеттемелер, тапсыру және қызмет көрсету бойынша пікірлерін қарастырамыз:
Тексеру жүргізу процедураларын қабылдамас бұрын аудиторға қарастыруға қандай құжаттардың алынатындығын анық білу қажет.
Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
Ұйымның (кәсіпорынның) шаруашылық қызметтің қандай түрлерімен айналысатындығын, ұйымның тіркелген жарғысында қарастырылған қызметтің түрлерінен ауытқулардың бар немесе жоқтығын зерттеу керек. Жекелеген қызмет түрлерінің мемлекеттік тіркеуден өтуді немесе лицензиялауды талап ететіндігін есте сақтау қажет. Сондықтан аудиторлар тексеру жүргізу барысында лицензиялардьщ бар екендігін, мысалы, сауда—сатып-өткізу қызметінің түрлеріне, бағалы қағаздармен орындалатын операцияларға, банк қызметінің түрлеріне, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және т.б. бар екендігін анықтауға тиісті.
Егер ондай қызметтің түрлеріне кәсіпорында (ұйымда) лицензия (рұқсат) болмаса, онда жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша орындалған операциялар заңсыз деп есептеледі.
Аудиторлар заң сарапшылары болып табылмаса да, олар заңсыз операциялардың болған жағдайларын айқындауға және қажет болса заңгерлердің көмегімен зерттеу жүргізуге міндетті.
Егер жоғарыда көрсетілген тексеру процедураларын орындау кезінде нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерінен (баптарынан) қандай да бір ауытқулар табылып қалса, онда аудитор объектіге қатысты тексеру жүргізеді.
Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізінің 16 "Меншікті капитал" тарауында меншікті капиталдың ұйымның активіндегі міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі үлес екендігі атап көрсетілген. Акционерлік қоғамда ол акционерлер салған қаржылар, бөлінбеген табыс, резервтік капитал, сондай-ақ меншікті капиталға қолдау көрсетуді камтамасыз ететін түзетулерді көрсететін сомалар сияқты топтарға бөлінеді.
Баланста меншікті капиталды құраушы тиісті шоттардың сальдолары (қалдықтары) келтіріледі. Олар, әрине, меншікті капиталдың есепті кезең ішіндегі жағдайы мен оның құралу тәртібі туралы толық мағлұмат бере алмайды. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы қорытынды есеп бұл ақпараттарды құрылымдық және сандық өзгерістер тұрғысынан ашып көрсетеді. Қорытынды есеп қатарлары мен бағаналарында меншікті капитал шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар көрсетілетін кесте болып табылады, ал қорытынды есептің қатарлары бойынша көрсеткіштерді қосқаннан кейінгі жиынтық нәтижесінде есепті жылдың 31 желтоқсанына-құрылған баланстың "Меншікті капитал" бөлімінің жиынтық көрсеткішіне сәйкес келетін соманы береді.
1.2. Жарғылық капиталдың аудиті
Жарғылық капитал дегеніміз - бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшьшың (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. Мысалы, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген 50000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жарғылық капиталдың
құралуының жинақтаушы (синтетикалық)
есебіне тексеру жүргізу
Жарғылық капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу дегеніміз кассалық кіріс құжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың мәліметтері бойынша аудит өткізу больш табылады. Аудитор жарғылық капиталға қосылған үлес ретінде салынған қаржылардың толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеруге міндетті.
Жарғылық капиталдың құралуын тексере отырып, аудитор оның сомасының дұрыстығына көз жеткізуге тиісті. Ол баланста және "Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы" қорытынды есепте көрсетіледі. Аудитор оны құрылтай құжаттарының мәліметтерімен салыстырады. "Жарғылық капитал" шоттары бойынша сальдо кәсіпорынның (ұйымның) құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшеріне сәйкес болуға тиісті.
Құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың шамасының сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін баланс көрсеткіштерін Бас кітаптың 501 "Карапайым акциялар", 502 "Артықшылығы бар акциялар" және 503 "Салымдар мен пайлар" шоттарының мәліметтерімен, сондай-ақ аталған шоттардың кредиті бойынша айналым сомасы көрсетілетін есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.
1.3 Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
Резервтік капитал өндірісті
дамытуға, кәсіпорынның қызметі тоқтаған
жағдайда еңбек ақы және бюджетке
салық төлеуге инфляциялық
Аудитор резервтік капиталдың қаржылары материалдық көмек көрсетуге және кәсіпорын персоналына еңбек ақы мен сый ақы төлеуге жұмсалатын фактілерге кездесіп калуы мүмкін. Сондықтан аудитор резервтік капиталдың пайдаланылуын барлық орындалған операцияларға талдау жасау жолымен егжей-тегжейлі тексеруге тиісті.
Резервтік капиталдың құрылуы міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ал екіншіде - кәсіпорынның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіпке немесе оның есеп саясатына сәйкес құрылады.
ҚР Қаржы Министрлігінің "Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізін бекіту туралы" бұйрығының (29.10.2002ж.) 16-тарауының 66-параграфында "Резервтік капиталдың құралуы кәсіпорын (ұйым) мен оның кредиторларын зиянның зардаптарынан қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында қарастырылады" делінген. Егер кәсіпорынның құрылтай құжаттарында резервтік капиталды құру қарастырылмаған болса, онда кәсіпорынның оны құруға құқығы жоқ.
Резервтік капитал бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарындағы 55 "Резервтік капитал" бөлімшесінің 551 "Заңмен белгіленген резервтік капитал" және 552 "Басқа да резервтік капитал" шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшенің шоттары заңға және құрылтай құжаттарына сәйкес құрылған резервтік капиталдың жағдайы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған. Резервтік капиталға аударым жасау 551 "Заңмен белгіленген резервтік капитал", 552 "Басқа да резервтік капитал" шоттарының кредитінде және 561 "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" шотының дебетінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңында қоғамның резервтік капиталын пайдалану тәртібін анықтау Директорлар кеңесінің ерекше міндетіне жатқызылған. Сондықтан аудитор резервтік капиталға бөлінбеген табыстан аударым жасау және оның мөлшері туралы Директорлар кеңесі шешімінің бар екендігін, сонымен бірге осы резервтің есебінен заңды есептен шығарудың негізділігін анықтауға тиісті.
Резервтік капиталдың пайдаланылуы 551 "Заңмен белгіленген резервтік капитал", 552 "Басқа да резервтік капитал" шоттарының дебеті және 62 "Дивиденд және қатысушылардың табыстары бойынша есеп айырысу" бөлімшесі шоттарының, 68 "Басқа да кредиторлық борыштар" бөлімшесінің 687 "Басқалары" шотының кредиті бойынша көрсетіледі - есепті жылдың табысы болмаған жағдайда резервтік капиталдың есебінен дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептелгенде; 56 "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі — есепті жылда немесе өткен жылдарда кәсіпорынның шеккен зияны резервтік капиталдың есебінен жабылғанда. Осы жазулардың негізінде резервтік капиталдың пайдаланылуына бақылау жасалынады.
Резервтік капиталдың өзгеруі құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы, резервтік капитал меншікті акцияларды қайтарып сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Компанияның акцияларды қайтарып сатып алуы оның қаржылық қызметінде келеңсіз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір шығып кетуін болдырмау мақсатында, акциялардың санын және олардың бағамын жасанды түрде реттеп отыру үшін қолданылуы мүмкін.
Акциялардың қайтарып сатып алынуы не осы мақсат үшін құрылған резервтің есебінен не болмаса бөлінбеген табыстың есебінен жүзеге асырылады. Қайтарып сатып алынған акциялар оларды төлеп алуға шығарылған нақты шығындар бойынша есепке алынады.
Сонымен, аудиторға резервтік капиталға тексеру жүргізу кезіңде онын, құрылуы мен пайдаланылуының дұрыстығын, баланстың "Резервтік капитал" бабында көрсетілген жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтардың Бас кітап пен бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі 551 "Заңмен белгіленген резервтік капитал", 552 "Басқа да резервтік капитал" шоттарының қалдықтарымен сәйкестігін анықтау қажет.
Информация о работе Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі