Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 22:46, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстан бар күш жігерін экономиканы әртараптандыруға және әлемдік шаруашылық жүйесін интеграциялауға жұмылдыруда. Бұл саясаттың басты құралы – 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму стратегиясы. Осы стратегияның екінші кезеңінде өнеркәсіпті жетілдіру мен экономиканы әртараптандыруға қатысты нақты міндеттер белгіленген. Яғни, басымдығы бар салаларда технологиялық өндірістерді құрып жүргізу басты міндет болып отыр.
Елбасының халқымызға жолдаған Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге және әлемдік қаржылық дағдарысқа бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Кіріспе ……………………………………………………………………………..3
1. Меншікті капитал түсінігі мен аудиті
1.1. Меншікті капитал түсінігі және сәйкестігіне тексеру жүргізу……….6
1.2. Жарғылық капиталдың аудиті…………………………………………11
1.3 Резервтік капиталдың, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аутиті ………………………………………………………………12
1.4 Бөлінбеген табыстың аудиті……………………………………………14
2. Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі
2.1. Меншікті капитал аудитінің бағдарламаларын құру………………...16
2.2. Меншікті капитал аудитінің бағдарламасы негізінде аудит жүргізудің әдістері……………………………………………………………………………20
2.3 Аудиттеу есебі мен қорытындысын шығару…………………………..22
Қорытынды………………………………………………………………………25
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………...27
Меншікті капиталдың келесі негізгі элементі қосымша төленген капитал болып табылады. Ол меншікті акциялардың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы. Ол жөнінде ақпараттарды жинақтау үшін 531 "Қосымша төленген капитал" шоты пайдаланылады. Акциялар бойынша сыйақы, яғни, меншікті капиталдың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан артық сомасы 531 "Қосымша төленген капитал" шотының кредиті және ақша қаражаттары шоттарының (431,441,451) немесе 33 "Басқа да дебиторлық борыш" бөлімшесінің 334 "Басқалары" шотының дебетінде көрсетіледі. Аудиторға қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру, баланстағы осы бап бойынша қалдық сомасын 531 "Қосымша төленген капитал" шотының кредиті бойынша есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру кажет.
Қосымша төленбеген капитал — негізгі құралдарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалау нәтижесінде олардың бастапқы құндарының өсу сомасы. Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомаларының нақты бары мен олардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін 541 "Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал", 542 "Инвестицияларды кайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал", 543 "Басқа да активтерді қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал" шоттары пайдаланылады.
Аудиторға осы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау операцияларының жоғарыда аталған шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын тексеру керек.
Негізгі құралдарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалау нәтижесінде олардың бастапқы құндарының өсу сомасы 541-543 шоттардың кредиті және 12 "Негізгі құралдар", 14 "Инвестициялар" және 40 "Қаржылық инвестициялар" бөлімшелері шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі.
1.4 Бөлінбеген табыстың аудиті
Меншікті капиталдың бұл элементіне
тексеру жүргізу кезінде
Жоғарыда заң және құрылтай құжаттарына сәйкес есепті жылдың бөлінбеген табысының есебінен резервтік капиталға аударым жасалынатындығы айтылған болатын. Есепті жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капиталдың қаражаттары сомасына 55 "Резервтік капитал" белімшесінің тиісті шоттары дебеттеліп, 561 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының елеулі бөлігі дивиденд және серіктестік қатысушыларына табыс есептеу үшін жұмсалынады, қалған сома 561 "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотынан 562 "Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шотына көшіріледі.
Қорыта айтқанда аудиторға бөлінбеген табыстың шамасын (мөлшерін) бағалау қажет. Бұл бөлінбеген табыстың динамикасын көру және өзгеру тенденциясын анықтау үшін оны өткен есепті кезеңдермен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау жасау үшін тек есепті жылдың қорытынды мәліметтері ғана емес, сондай-ақ өткен кезеңдердің де мәліметтері алынады.
2. Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі
2.1 Меншікті капитал аудитінің бағдарламаларын құру
Меншіктік капиталдың негізгі
элементі болып табылатын жарғылық
капитал деп шаруашылықтың
Аудит жүргізу барысында қызмет жүргізуші шаруашылықтың жарғылық капиталының орындайтын негізгі құрылымын бөліп көрсету қажет.
Біріншіден, ол шаруашылықтың қызметі үшін мүліктік негіз болып табылады, яғни бастапқы капиталы.
Екіншіден, жарғылық капиталды құру шаруашылықтың әрбір құрылтайшының
(акционерлерінің) үлесін анықтауға мүмкіндік
береді (пайыз). Өйткені оған жалпы жиналыста
құрылтайшыларының дауысының саны және
оған есептелген табыстың (дивиденттінің)
көлемі сәйкес келеді.
Үшіншіден, жарғылық капитал
қоғамның үшінші тұлғасының алдындағы
міндеттемесін орыңдауға
Жарғылық капиталдың бұл аталған қызметтері әр түрлі ұйымдық құқықтық нысандағы шаруашылықтарда калай орындалатынына жеке тоқталып өтуді талап етеді. Өндірістік бірлестіктерде де, шаруашылық серіктестікткерде де мүшелері өз еңбегімен қатысуына құқы бар. Бірақ олар жеке кәсіпкердің рөлін атқармайды. Бірлестіктердің жұмысын басқаруға қатысу құқығына қарамастан, «1пай үшін – 1 дауыс » қағидаты бойынша құрылады.
Алынған табысты пайшылардың арасында тек мүліктік жарнасы ғана емес, олардың еңбекке қатысу сипаты және дәрежесі міндетті түрде ескеріліп жүзеге асырылады. Бірлестіктің жарғылық капиталының көлемі және оны қалыптастыру тәртібі бірлестіктердің жарғысында анықталып белгіленеді. Яғни өндірістік бірлестіктердің жарғылық капиталы мүліктік және кепілдік қызмет атқарады.
Мемлекеттік мекемелердің жарғылық капиталы - бұл атқаратын қызметін жүзеге асыру үшін меншік иесіне бекітіліп берілген (республикалық немесе жергілікті үкімет органдарының) мүліктің жиынтық сомасы. Бұл мүлік бөлінбейтін болғандықтан, үлес бойынша таратылуы мүмкін емес, демек оған еңбек ұйымдарына да шаруашылықтың жеке жұмыскерлеріне де иелік етуге ешқандай құқық берілмеген. Мемлекеттік мекемелердің жарғылық капиталы өндірістік бірлестіктердегі сияқты мүліктік және кепілдік қызмет атқарады.
Біз жоғарыда қысқаша қызмет жүргізуші шаруашылықтардағы олардың ұйымдық құқықтық нысанына қарай жарғылық капиталдың атқаратын қызметіне қысқаша тоқталдық.
Аудитор шаруашылық жүргізуші мекемелердің ұйымдық құқықтық нысандарына қарай жарғылық капиталдың есебіне аудиторлық тексеру жүргізгенде, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, тексерудің ауқымын толық қамтитындай етіп бағдарлама жасауға тиісті. Бағдарламада қаралатын басты мәселелерді және олардыі ақпарат көздерін қоса қамтыған жөн. Жарғылық каиталдың есебін тексеру бағдарламасы мынандай негізгә мәселелерді қамтуға тиісті:
Бағдарламада қаралған
басты мәселелер тексеру
Келтірілген бағдарламадан туындайтыны жарғылық капиталдың есебінің аудитінің бірінші кезеңі баланстық көрсеткішінің құрылтайшыларының құжаттарындағы және баланстың V «Капитал» бөлімінің «Жарғылық капитал» бөлімшесінің, «Жай акциялар», «Артықшылығы бар акциялар», «Үлестер және пайлар» синтетикалық шоттарындағы Бас кітаптағы, машина жазбалардағы, сондай-ақ шоттарының кредиті бойынша айналымдары көрсетілген, құрылтайшыларының, үлес қосушыларының жарғылық капиталға үлестері бойынша қарыз сомаларын көрсететін есеп регистрларында мәліметтеріне сәйкестігін тексеруден басталады. Содан кецін есеп регистрларында жазылған жазуларын аналитакалық есеп мәліметтерімен салыстырып, жарғылық капиталдыі қалыптасу кезеніндегі шоттарының корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін тексеруді жүзеге асырады. Жарғылық капиталдың аудитінің келесі кезеңі оның қалыптасуының дұрыстығын тексеру болып табылады. Аудиттің бұл іс-әрекетін жүзеге асыру үшін аудитор шаруашылықтың қашан, кай ауданда тексергендігін, құрылтайшылардың кімдер екендігін, жарғылық капиталдағы олардың үлесін және қалыптасу тәртібін анықтайды. Жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібі заң актілерімен және құрылтайшыларының құжаттарымен реттеледі. Меншік нысанына және шаруашылықтың шаруашылық жүргізу ұйымдық құқықтық нысанына байланысты олар әр түрлі болып қалыптасады. мемлекеттік шаруашылықтарының жарғылық капиталы, шаруашылықтың өнім (жұмыс, қызмет) қндіру бағытына сәйкес құрылған сәтінде, олардыі қызметін жүзеге асыру үшін мемлееттің бюджеттен бөлген қаржысын көрсетеді . Мемлеттік емес коммерциялық құрылымдардың жарғылық капиталы құрылтайшыларының қосқан қаржыларының (ақшалай, материалдай ж.б) есебінен қалыптасады, сондықтан бірнеше заңды және жеке тұлғалардың, акционердік қоғамның құрылтайшыларының, серіктестіктердің және басқа да өйымдық құқықтық шаруашылық нысандағы ұйымдық меншік түрінде қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Президанттінің Заң күші бар 1995 жылы 2 мамырдағы № 2255 «Шаруашылық серіктестік туралы» жарлығындағы шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың үлестерінің құрамына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы, шетелдік валютадағы ақшалар заң актілерінде анықталған жағдайда, сондай-ақ ғимараттар, құрылғылар, жабдықтар, шикі заттар, материалдар, тауарлар, өнімдер, құнды қағаздар, басқа да материалдық құндылықтар, алшақтатылатын мүліктік құқықтар құны серіктестіктіғ дербес балансында көрсетілетін құқықтар интеллектуалды қызметтің нәтижесінде құқығын қоса өндіру белгіленген. Интеллектуалды қыметтің нәтижесінде құқық заң актілерімен материалдық «құжаттық» үлгілерге сәйкес танылуға тиісті.
Егер серіктестіктерге қатысушылар мүліктерін тұтынуға берген жағдайда қосқан үлестерінің көлемі және қатысушыларының үлестері құрылтайшыларының құжаттарында көрсетілген серітестіктердің бүкіл қызмет мерзіміне «егер құрылтайшыларының құжаттарында басқаша қаралмаса» бұл мүліктерде пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем ретінде анықтайды.
Егер жарғылық капиталға құрылтайшыларының үлесі таза ақшадан құрылса, ондай жағдайда тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізілмейді.
Шаруашылық жүргізуші серіктестіктерді қайта тексеруден өткізген кезде, оның құрылтайшыларының ақшалай бағаланған үлестері серіктестіктердің бухгалтерлік есеп құжаттарында немесе аудиторлық қорытындыда расталады. Шаруашылықтың басшылары және бас бухгалтері 1994 жылы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, 1995 жыл 17 сәуірдегі «Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы» Заң күші бар Президенттің Жарлығында анықталғандай, жарғылық капиталға өойылатын талаптар қатаң сақталуға тиісті.
Жауапкершілігі серіктестіктің жарғылық капиталының көлемі жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы керек. Қазақстан Республикасының Заң актілерінде анықталғандай, жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесінің көлемі жиырма бес пайыздан төмен болмауға тиісті.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акционерлерінің үлестеріне қарай таратылатын қоғамның сатқан акцияларының жиынтық сомасыннан құралыды. Ол несие берушілерінің мүддесіне кепілдік беретіндей қоғамның мүлкінің төменгі көлемін анықтайды. Оның мөлшері қоғамның шығарған акцияларының бастапқы (номиналды) жиынтық құнына тең болады. Ашық акционерлік қоғам үшін бес мың еселенген айлық есептік көрсекіштен, жабық акционерлік қоғам үшін жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауға тиісті.
Аудитор акционерлік қоғамның жарғылық капиталының қалыптасу тәртібімен танысып, мемлекеттік тіркеуден өткен кезде, оның мөлшерінің сақталғандығына көз жеткізіп, артықшылықты акциялар шығарылған акциялардың 25%-де аспайтындығына назар аударуға тиісті.
Жабық акционерлік қоғамның жарияланған ең төмен жарғылық капиталы қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен кезде түгел төленуге тиіс.
Ашық акционерлік қоғамның жарияланған ең төмен жарғылық капиталының 25 % қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен кезінде толық төленуі тиіс, ал қалған бөлігін жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін құру үшін бір жылдың ішінде төленуі керек. Шаруашылық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін құрылтайшы бір жылдың ішінде өзінің жпрғылық капиталға қосатын үлесін толық төлемеген жағдайда, құрылтай шартында қаралған мәмленә бұзған үшін айыппұл төлеуге тиісті. Айыппұлдың мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген ресми қаржыландыру қойылымдарына сәйкес есептеліп шығарылады.
Информация о работе Меншікті капитал бағдарламасы мен аудиттеу есебі