Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 15:49, реферат
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикалық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмектесетін кеңейіп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Аталған стратегиялық мақсаттарға жетудің негізгі құралы ретінде компанияның тиімді бюджет саясаты қарастырылады. Бюджет қалай қалыптасады, оның табыс бөлігі қалай пайдаланылады, табыстар мен шығындар орталығы қалай жұмыс істейді, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру орталықтары қалай жұмыс істейді – осы факторлар түптеп келгенде компания қызметінің тиімділігін анықтап береді.
Қаржы ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылуда. Бүгінде «ҚазТрансОйл» компаниясы SAP R/3 автоматтандырылған басқару жүйесін қолданады. Бұл бағдарлама шығындардың бухгалтерлік және аналитикалық есебін автоматтандыруға мүмкіндік береді, мәліметтерді үнемід уақыт ішінде өңдеуге және тіркеуге, бүкіл басқару жүйесін бақылап отыруға септігін тигізеді.
Инвестициялық қызметінің тартымдылығын арттыру мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ жаңа тарифтік әдістемелерді қолдану, бюджет саясатын жетілдіру үстінде, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және сақтандыру жүйесі енгізілген. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тәуекелдерді басқару және сақтандыру жүйесі – компанияның инвестициялық тартымдылығын арттырудың және халықаралық қатынастарға енудің ең маңызды алғы шарты болып табылады. Сақтандыру, акивтерді сақтау қызметінен басқа, әлемдік қаржы нарықтарына қол жеткізудің шарты болып табылады. Компания тек активтерді сақтандырып қана қоймай, сонымен қатар өзінің сақтандыру бағдарламасында өндірістік қызметімен байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ жұмысшылары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін де сақтандыру қарастырылған. Осылайша, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру тәуекелдерді басқаруға қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Бұл өз кезегінде, компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыруда маңызды роль ойнайды.
Халықаралық қаржы нарықтарына шығу мақсатында жыл сайын компания аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес аудиторлық тексеру жүргізіп отырады. «ҚазТрансОйл» АҚ әлемде танымал «Standard & Poor’s» «Fitch» және «Moodys» компаниялары халықаралық рейтингтер ұсынған. Қаржы менеджментінің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялар қолдануда. Бұл өз кезегінде қаржылық есеп беруді тиімді ұйымдастыруға және компания жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Қаржылық ақпараттардың шынайылығы мен компанияның сенімділігі – инвесторлардың басты талабы.
Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржылық жағдайын, ішкі және сыртқы факторлардың объективті сипаттарын жан-жақты ескереді. Егер қаржы саястаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне және оның өнімінің нарығында қалыптасқан жағдайларына сәйкес келмесе, кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Қаржы менеджментінің басты мақсаты – кәсіпорынды қажетті және жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес нарық талаптарына сай және кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай қаржы саясаты қалыптасады. Мұнда жауапкершілік орталықтарына және жұмыс бағыттарына қарай қаржы ресурстарын қалыптастыру міндеттері анықталады және бөлінеді.
Қаржы стратегиясы басты мақсатқа жетудің алуан түрлі әдістері мен әрекеттерін қамтиды, атап айтқанда:
Осылайша, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесінің тиімді қатынасының нәтижесінде; қаржылық стратегиялық мақсаттардың кәсіпорынның нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген уақытында қамтамасыз етіледі.
Жекелеген мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы басты стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға бағытталған қаржылық операцияларды дұрыс орындаумен сипатталады. Осы орайда қаржы стратегиясының міндеттеріне келесілер жатады:
Қаржы стратегиясының жүзеге асырылуын бақылау табыстар табуды, оларды үнемді қолдануды тексеруге мүмкіндік береді. Жақсы ұйымдастырылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді анықтауға, шаруашылықтың рентебельділігін арттыруға, ақша қорларын ұлғайтуға көмегін тигізеді.
3.4 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы
Кәсіпорынның қаржы стратегиясы дегеніміз – бұл кәсіпорынды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету шараларының бас жоспары болып табылады. Ол қаржы ресурстарының қалыптасуының, оларды жоспарлаудың және қамтамасыз етудің теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістерін қамтиды, шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Қаржы стратегиясының теориясы шаруашылық жүргізудің нарықтық объективті заңдылықтарын зерттейді, бәсекелестік жағдайларда өміршеңдікті қамтамасыз етудің әдістері мен нысандарын жасайды. Қаржы стратегиясы келесілерді қамтиды:
Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржылық жағдайын, ішкі және сыртқы факторлардың объективті сипаттарын жан-жақты ескереді. Егер қаржы саястаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне және оның өнімінің нарығында қалыптасқан жағдайларына сәйкес келмесе, кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Қаржы менеджментінің басты мақсаты – кәсіпорынды қажетті және жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес нарық талаптарына сай және кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай қаржы саясаты қалыптасады. Мұнда жауапкершілік орталықтарына және жұмыс бағыттарына қарай қаржы ресурстарын қалыптастыру міндеттері анықталады және бөлінеді.
Қаржы стратегиясы басты мақсатқа жетудің алуан түрлі әдістері мен әрекеттерін қамтиды, атап айтқанда:
Осылайша, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесінің тиімді қатынасының нәтижесінде; қаржылық стратегиялық мақсаттардың кәсіпорынның нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген уақытында қамтамасыз етіледі.
Жекелеген мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы басты стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға бағытталған қаржылық операцияларды дұрыс орындаумен сипатталады. Осы орайда қаржы стратегиясының міндеттеріне келесілер жатады:
Қаржы стратегиясының жүзеге асырылуын бақылау табыстар табуды, оларды үнемді қолдануды тексеруге мүмкіндік береді. Жақсы ұйымдастырылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді анықтауға, шаруашылықтың рентебельділігін арттыруға, ақша қорларын ұлғайтуға көмегін тигізеді.
Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып басқаруды жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық құралдардың көмегі арқылы ақпараттың жиналуы, өңделуі мен жіберілуінің әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы негізінде жүріп жатыр. Жақсы ақпараттық жүйе жетістіктер мен бәсекеге қабілеттіліктің кепілі ғана емес күшті бәсекелестік жағдайында аман қалу құралы болып табылады.
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері