Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 15:49, реферат
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикалық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмектесетін кеңейіп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Жұмысты талдау дегеніміз – нақты көрсеткіштерді нормалармен салыстыру, жетіспеушіліктер мен ауытқуларды анықтау және олардың себебін түсіндіру. Кез-келген ауытқуларды дер кезінде зерттеп талдау керек, өйткені олар кезекті шешімдерді дер кезінде қабылдауға және түзетулерді уақытында енгізуге мүмкіншілік береді. Бұл әрекеттер – нақты нәтижелерді жоспарлық нәтижелерге жақындату – бақылаудың басты және соңғы фазасының негізін құрайды. Бұл жерде жоспарларды түзететін және жаңа норма қайта құру процедурасын ойластырады.
Бақылаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына тәуелді.
Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастыруға негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер орындары ақпаратты жинап өңдейді, бұл ақпарат бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсатттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. ақпаратты жеткізеді.
Басқарушылық есеп берудің құру принциптері ретінде жауапкершіліктің орталықтары және ”негізгі бақылау нүктелерін” қолдану принциптерін келтіруге болады. Басқарушылық бақылау функциясын орындау кезінде, қазіргі уақытта белгілі ”ауытқылар бойынша басқару” (menegment by exception) және ”мақсатты басқару” (menegment by objective) принциптері де қолданады.
Жауапкершілікті есептеу концепциясының негізгі ойы қарапайым: әрбір басшы жалпы жұмыстардың белгілі бөлігіне жауап береді. Есеп жүйесі басшы жауап беретін іс-әрекеттердің нәтижелерін өлшеуге мүмкіншілік беруге құралады. Ол үшін жауапкершілікті әрбір басшыға табыстау оңай болу мақсатымен оларға тапсырмалар тәптіштеп орнатылады. Бақылаудың тиімділігі жоғары болсын десек, есеп беру жүйесі жоспарлау жүйесіне сай болу керек.
Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер шешімдерінде болады. Егер қызмет барысы жоспар бойынша жүріп жатса, басшыға ешқандай ақпарат түспеу керек. Ауытқу бойынша басқару принципі басшының назарына әр түрлі ауытқуларды туғызатын жағдайлар ғана түседі. Ауытқу барын белгілейтін бақылау ақпараты басшыларға тез талдау жасап, қажетті шаралар қолдануға итереді. Осының нәтижесінде басшылар маңызды және «тар жерлерге» көңіл бөліп оларды жоюға мүмкіндік алады.
Бақылау ақпараттардың ағымдары келесі принциптерге сәйкес ұйымдастырылады: басқару деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын фирма негізгі стратегиялық нүктелерінен шығатын ақпарат соғұрлым синтезделген және еркін болады. Мұндай құрылым ақпарат көлемін шектеу үшін, яғни бақылау көрсеткіштерін неғұрлым азайтып, сонымен бірге басшыға өзінің басқару деңгейінде бақылауға мүмкіндік беру үшін қажет. Негізгі көрсеткіш ретінде жалпы нәтижеге және жеке бөлімшенің мақсатына елеулі ықпал ететін факторлар алынады.
Бөлімшенің және оның басшыларының жұмысына бақылау мақсаттық әдісіне негізделген. Бұл әдіс бойынша әр бөлімше, әр басшыға өз функциясына сай нақтылы және мақсат қойылады және сан мен сапалы көрсеткіштерінен тұратын жоспар бегітіледі.
Мақсаттардың нақты мазмұны және құралымы функциялар және жауапкершіліктерді үлестірумен, басшылық қаншалықты орталықтандырылады соған тәуелді болады. Мақсатты әдіс бақылауда дәстүрлі тәжірибенің кемшіліктерін жоюға, оның ішінде адамдардың моральдік-психологиялық факторларын елемеуден айырады; ынталандыру факторы ретінде қызмет етеді, өйткені қызметкерлердің өзінің рөлін түсінгендіктен алдына қойылған мақсаттарды орындауға ат салысады /2,82-бет/.
Мақсат бойынша басқару әдістерінің негізгі қолдану проблемасы ретінде субъективизмді, мақсаттардың қойылымының дұрыс болмауын, өсу қарқынына негізделген жоспарлау тәжірибесінен арылу болып табылады. Әр түрлі қызметкерлер және бөлімшелер мақсатын салыстыруға болмайтындықтан, сапа жағынан айырмашылығы олардың қызметін дәл бағалау критерийі ретінде пайдалануға көп кедергі туады.
Дағдарыстық жағдайларда өміншеңдік стратегиясы жиі қолданылады. Оның мақсаты – кәсіпорынның, аймақтың, саланың негізгі потенциалын сақтай отырып, нашарлаған конъюнктураға бейімдеу. Бұл жағдайда өндірістен сұранысы жоқ, ескірген өнімдер алынып тасталады, иноовациялық және инвестициялық қызмет ауқымы төмендейді, жаңа нарықтарға бейімделу, қызметкерлерді қайта дайындау және оны қысқарты жүргізіледі. Ұйымның сыртқы ортасы мен ішкі резервтерін зерттей отырып, кәсіпорынның басшылығы алдына стратегиялық баламаны талдау мәселесін қояды. Стратегиялық баламаның келесідей түрлері белгілі: өсу, шектелген өсу, қысқарты және осы үш стратегияның үйлесімділігі.
Шектелген өсу стратегиясы кемеліне жеткен кәсіпорындарды қолданылады.
Өсу стратегиясы алдыңғы кезең көрсеткіштерінің деңгейін тұрақты түрде көтеріп отыруын білдіреді. Ол тез өзгеріп тұратын технологиялы, серпінді түрде дамушы кәсіпорындарда қолданылады. Өсу стратегиясының ішкі және сыртқы түрлері болуы мүмкін: ішкі өсу тауарлар мен қызмет көрсетулер мен тауар ассортиментің кеңейту жолымен жүргізіледі; сыртқы өсу компаниялардың бірігуімен байланысты болады.
Қойылған мақсаттар қол жеткізілген деңгейлерден төмен болған жағдайда кәсіпорын басшылығы қысқарту стратегиясын қолданады. Қысқарту стратегиясының келесідей түрлері белгілі: кәсіпорынның таратылуы (ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толығымен сату), қызметтің кейбір түрлерін қысқарту.
Барлық баламалардың үйлесімдік стратегиясын бірнеше салаларда белсенді қызмет атқаратын ірі кәсіпорындар қолданады.
3.2 Кәсіпорынның дамуын басқару стратегисы
Кәсіпорынды стратегиялық басқарудың басты мақсаты – оған жоғары рентебельділікті (табыстылықты) қамтамасыз ететін бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу.
Кәсіпорынды басқару стратегиясы нарықта мүмкін болатын өзгерістерді есепке ала отырып, оның дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары мен табыстылықтың өсу факторларын анықтауды білдіреді. Басқару стратегиясында кәсіпорын дамуының ұзақ мерзімді міндеттері, сондай-ақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражаттар мен ресурстар көрініс табады. Сондай-ақ, кәсіпорынның сыртқы жағдайлары мен потенциалды мүмкіндіктерін табу, оны жүзеге асырудың жағдайларын, жаңа өнімге, технологияға өту, басқару жүйесін, шаруашылық саясатын жүргізу шараларын ойластыру қажет. Стратегиялық басқарудың міндеті корпорацияны нарықтық жағдайлардың мүмкін болатын өзгерістеріне дайындау, кездейсоқ факторлардың қолайсыз әсерінен қорғау. Ол мүмкін болатын өзгерістерге икемді құрал болуы қажет.
Басқару стратегиясын жасау және оны жүзеге асыру келесі реттерден тұрады:
Нарық конъюнктурасының тұрақсыздық жағдайларында басқару стратегиясы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін тұрақтандыруға ықпал етеді. Кәсіпорын табысының тұрақтылығы және оның жетістігі стратегиялық шешімдердің сапасына тікелей байланысты.
Стратегиялық басқару ісінде корпорация табысын көбейтетін барлық факторларды жинақтау қажет. Корпорация табысының өсуіне әсер ететін факторлардың қатарына мыналар жатады:
Бұл бағыттардың барлығын басқарудың стратегиялық міндеттерін жасау және жүргізу есепке алынуы қажет. Осылайша, стратегиялық басқару ішкі және сыртқы жағдайларды тұрақты түрде талдап, олардың өзгерістерін бақылап отыруды білдіреді.
Кәсіпорынның даму стратегиясын жасау және оны енгізу бойынша жұмыстардың барлық кешенін келесідей ірі блоктарға бөлуге болады:
Саланың инвестициялық тартымдылығын талдау кәсіпорын дамуының стратегиясын жасаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оның мақсаты келесі сұрақтарға жауаптар алу:
Осы сұрақтарға жауаптар табу кәсіпорынның даму базасын құрады. Саланың тартымдылығы, оны сапалы және терең талдау, банктермен, потенциалды инвесторлармен келісім-шарттар жүргізуде маңызды негіз болып табылады, себебі бос ресурстардың иелеріне өз салымдарының оңтайлы болуы үшін бағыттарын анықтау өте қажет.
Перспективті жоспарлау жүйесінің тұтқасы ретінде кәсіпорынның стратегиясын жасау қарастырылады. Келешектің бейнесі нақты болуы қажет. Оны жобалау кезінде саланың даму бағытын, сұраныс және ұсыныс конъюнктурасының өзгерісін, шаруашылық құрылымының күшті және әлсіз жақтарын, ішкі және сыртқы ортаға әсер ететін мүмкіндіктер мен қауіптер және басқа да көптеген факторларды есепке алу қажет.
Бұл істе маңызды болып стратегиялық мақсатты ойлау кезеңі табылады. Онда келешектің сапалы нақты бейнесі және дамудың ұзақ мерзімді бағыттарының тізімі қалыптасады және ол келесідей бағыттардан тұрады:
Стратегиялық бағыттар кешенді сипатта болады және арнайы бағдарламалардың негізінде жүргізіледі
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері