Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2015 в 15:49, реферат
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикалық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмектесетін кеңейіп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік инвестициялардан құралған кәсіпорын.
Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы белгілі-бір мөлшерлік критериймен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұлыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларды 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады.
Ірі кәсіпорын – не сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттармен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен толық серіктерімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатусышылармен қатар, серіктестіктің салымшылардың мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізген және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады /5,75-бап/.
1.3 Кәсіпорынды басқару функциялары
Жалпы сипаиттама бойынша жоспарлауға енетіндер: сыртқы қоршаған ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оны орындауға қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау өнімдері жоспарлар жүйесі болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және оперативті. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортақ мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасында дұрыс бөледі. Белгілі өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып, әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты. Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі болып табылады /10,114-бет/.
Жоспарлау мәні – кәсіпорынның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады:
Болашақ мүмкіндіктер зерттеліп, сыртқы ортаның түрлі факторларының әсері анықталып, ықтимал шектеулер бағаланғаннан кейін кәсіпорынның болашақ іс-әрекет мақсаттары қалыптастырылады. Ең маңызды мақсаттар қатарына мыналар жатады: пайданың белгілі бір деңгейін, сату көлемін қамтамасыз ету, тауарлардың жылдам өтуі, рынокқа ену, өнімдер сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарлату, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өндірісті ырғақпен бір қалыпта жүргізу.
Фирманың басты мақсаты – белгілі-бір пайда көлемін табу – ұйым қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады. Бұл үшін мақсаттар ағашын құрастыру әдісі қолданылуы мүмкін. Ағаштың түбі болып кәсіпорынның басты стратегиялық концепциялары табылады. Олар ретті түрде бұтақ бойынша таратылып, басқарудың әр төменгі звеносы үшін нақты және жеке мақсаттарды анықтайды. Мысалы, егер рыноктағы жағдайды нығайта түсу стратегиялық мақсат болса, онда мақсаттар ағашының ең ұсақ бұтағы ретінде фирманың құралдарымен жабдықтау бойынша бөлім құру болып табылады. Осыған сай әр басқарушы өзінің нақты мақсаттарын анықтайды. Мақсаттар қалыптасқаннан кейін, қойылған тапсырмаларды қай шамада орындағаны арқылы басқарушы жұмысын бағалау үшін жағдай жасалынады /6,63-бет/.
Жаңадан қойылған мақсаттар ұйым қызметін, оның құрлымын қайта құруды көп ретте талап етеді. Қойылған мақсаттар нақтылы және өлшенуге көнуге тиіс. Бұл тапсырмаларды оптимизациялау критерийлерін жасауды жеңілдетіп, жүйе қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Пайданы максимизациялау немесе өндіріс шығындарын минимизациялау сияқты мақсаттарды толық өлшеуге болады. Ал тұрақтылықты сақтау, жаңа өнім түрлерін шығару арқылы рынокқа ену сияқты тапсырмалармен бұл жұмыс күрделене түседі. Орнатылған мақсаттардың жеткіліксіз өлшенуі мақсаттарды орындауды қамтамасыз ету үшін барлық жүйелердің өзара үйлесімділігін күрделендіреді.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін:
Жоспарлау – тиімді басқаруды ұйымдастыруда жауапты да қиын жұмыс, өйткені көбінесе мақсаттарды, туатын мүмкіндіктерді, проблемалар мен альтернативаны белгілеуде орасан қиындық кездеседі. Сонымен қатар нарықты экономикада коньюктура ұдайы құбылып тұрғандықтан жоспарларды түзету, оны дәлірек анықтау қажеттігі жоспардың орындалуын қосымша қиындата түседі.
Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар жүйесінің құрылу процесі, барлық жоспарлар жиынтығының үйлесуі басқарылатын объектің ортақ мақсатқа талпынуына тікелей байланысты. Бұл жерде жоспарлауда қолданылатын сапалы және сандық көрсеткіштер жүйесінің маңызы өте зор.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардың көрсеткіштері қысқа мерзімді жоспарлар мен бюджет көрсеткіштерімен бірдей болуы керек. Алайда соңғы көрсеткіштер егжей-тегжейлі тәптіштелінеді. Жоспарлардың дұрыс үйлесуін қамтамасыз етуі үшін түрлі жоспарларды құру процестерінде қатысушы басқарушылар өзара тәуелді жұмыстарды атқару тиіс. Осы жұмыстар үйлесуіне сай әр басқарушының іс-әрекет бағыты, оның табысы, жоспардың орындалуының әрменгі жұмысының сапасы білінеді. Ортадықтандырылған басқару ұйымдарында ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар ылғи да өзгермейтін адамдар тобымен жасалады, сондықтан бұл жоспарлар оңай бірігеді.
Ал көптеген кәсіпорындарда орталықсыздандырылған басқару тән, мұндай жағдайда жоспарлар түрін біріктіру өте күрделі жұмыс болып табылады.
Ұйым жоспарларының өзара байланысы. Ұйымның стратегиясын қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін қажетті іс- әрекеттердің жалпы жоспары ретінде анықтауға болады; ал мақсаттар – болашақ іс белсенділігінің қалаулы түпкі нәтижелері деп анықтауға болады. Ұйым стратегиясы қоршаған жағдайды және күтпеген жағдайды есепке ала отыпып, кәсіпорын қызметінің болашақ перспективаларын зерттеу нәтижесінде туады. Ол үшін іс-әрекеттердің ықтимал бағыттар диапазоны қарастырылып немесеәрі қарай тәптіштеп зерттеу үшін бірнеше вариантын белгілейді. Болашаққа бағытталған жоспардың негізгі баптарын қойыоған мақсаттарға сай, сыртқы және ішкі факторларға сүйеніп орнатады.
Қандай өнім шығару не қызмет көрсету керек екендігін анықтайды, кәсіпорын ресурстарын және бәсекелестер күшін есепке ала отырып, рыноктағы өзінің іс-әрекетінің бағытын қалыптастырады.
Ортақ немесе негізгі мақсаттар келесі түрде орнатылады. Жоғарғы басшылар әр бөлімше үшін бірнеше жылдық кезеңге алғы бастағы жалпы және таза табыс шамасының түрлі варианттарын ұсынады. Әр бөлімше әбден талқылағаннан кейін өздерінің ой-тұжырымдарының білдіреді, одан кейін оны штаб қызметкерлері мен тікелей басшылар алдын-ала дәйекті талқылайды. Сөйтіп, жалпы стратегияны жобалауға негіз салынады. Бекітілген мақсаттар кәсіпорын не оның болімшелері үшін өзгергенге дейін өз күшін сақтайды.
Стратегиялық жоспарды құру кезінде көптеп қабылданған шешімдер ішінде кәсіпорынның жалпы, басты мақсаттарын белгілеу маңызды орын алады. Қалған шешімдердің маңыздылығы төмендеу, олар ортақ мақсаттарды тиімді орындау үшін арналған.
Ұзақ мерзімді жоспарларға тән мына ерекшеліктерді атап өтуге болады:
Бүкіл кәсіпорынның стратегиялық жұмыстарын белгілеу жұмысты аяқталған соң, мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін олар, көрсеткіштер жинағы түрінде беріледі.
Бұл өндірістік кәсіпорындардың басқару жүйесінде қолданылатын іріктелген стандартты көрсеткіштер.
Орта мерзімді жоспарларда көрсеткіштер нақтылау түрде беріледі. Мұнда, ұзақ мерзімді жоспарлардан туған мақсаттарға жету үшін құрал таңдалынады және ресурстар тиімді қолдануы ескеріледі. Орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау үшін бастапқы деректер ретінде өнімге күтілетін сұраныс, өнімнің техникалық сипаттамасы, бюджеттік шектеулер және ойда жоқ, күтпеген өзгерістер мүмкіндігі туралы мәліметтер пайдаланылады. Орта мерзімді жоспарларды жобалау процесінде қабылданатын шешімдер стратегиялық шешімдерге бағынышты болады және де жуық болашаққа бейімделінеді.
Қысқа мерзімді жоспарлау ішкі нақтылы мәселелерді шешеді, тікелей өндіріс сферасындағы жедел іс-қимылдарды белгілейді және ресурстарды үлестірумен айналысады. Қысқа мерзімді жоспарлаудағы шешімдердің мақсаты - өндірістің календарлық бағдарламаларын жасау және өндірістің орындалуын бақылау, тауарлы – материалды запастарды басқару, тұтынушыларға ұсынылған несиені кең тарату.
Қысқа мерзімді жоспарлау әдетте жуықтағы бірнеше аптаны қамтиды, ал оперативті – күнделікті кәсіпорын жұмысын анықтайды. Іс-қимылды тәптіштеп реттеу, жұмыстың бастау мен аяқтау мерзімін, жаңа заказ болған жағдайда жұмыс орынндалу ретін өзгерту, пайда болған дауларды шешу т.б қысқа мерзімді жоспарлаудың функциялары болып танылады. Даулар сәтті шешілсе шығарылатын өнім көлемінің үнемділігі, ресурстардың шектілігі, орнатылған мерзімдер, жұмыс күшіне сұраным, өндірістік қуаттарды қолдану арасында келісімге келуге болады.
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері