Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 21:47, курсовая работа

Краткое описание

Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні,
мақсаттары мен міндеттері 4
Кәсіпорын басқару объектісі ретінде 6
Кәсіпорынды басқару функциялары 7
2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері...14
2.2 Қаржылық есеп берушілік 16
2.3 Баланс 20
2.4 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп беру 28
2.5 Ақша ағымы туралы есеп беру 31
2.6 Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау 33
2.2 КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.2.1 Кіріс құжаттары 37
2.2.2 Шығыс құжаттары 37
2.3 АҚПАРАТТЫҚ БАЗА ................................................................38
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база..................................39
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база................................40
2.4 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ
2.4.1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы................42
2.4.2 Программалық жабдықтау құрылымы.............................44
3.ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ..........................................55
Құқықтық қамтамасыз ету 60
Ақпараттық қамтамасыз ету 61
Техникалық қамтамасыз ету 62
4.АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
4.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау...........................63
4.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды
жаңарту кепілдемесі....................................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-КӘСІПОРЫНДЫ-БАСҚАРУДАҒЫ-БУХГАЛТЕРЛІК-ЕСЕПТІҢ-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕСІН-ТҰРҒЫЗУ1.doc

— 700.00 Кб (Скачать документ)

ӨСі – і-ші жылда өндірілген өнім саны;

ӨТС – осы негізгі құралдың өндіруге тиісті өнім саны ;

БҚ – негізгі құралдың бастапқы құны.

    1. Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

 а) қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі

 

 

ААі < ААі+1                                                                          (6)

 

 

Мұндағы:

ААі -  і-ші жылдағы амортизациялық аударылым;

ААі+1  - і+1 ші жылдағы амортизациялық аударылым.

 ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік ) әдіс

 

 

ААі =  (ҚЖС/ПЖС)*БҚ                                                          (7)

 

 

Мұндағы:

ААі – і-ші жылдағы амортизациядақ аударылым мөлшері;

ҚЖС – қалған жылдар саны;

ПЖС – пайдаланылатын жылдар саны;

БҚ – негізгі құралдың бастапқы құны.

Сөйтіп (050- бап) негізгі құралдардың тозуы деген  бабы үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, аяқталмаған өндіріс, тағы басқалары негізінде жиналған амортизациялық аударылымдарынан құралады.

Ал (060-бап) негізгі құралдардың баланстық немесе қалдық құнын көрсетеді және оны былай көрсетуге болады.

 

 

(060-бап) =  (040-бап) - (050-бап)                                         (8)                                         

 

 

Келесі бап (070-бап) инвестициялар - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығы /18,61-бет/.

Ол былай есептелінеді:

 

 

(070-бап) = Дс (Еншілес серіктестіктерге  инвестициялар + Тәуелді серіктестіктерге  инвестициялар + Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғаларға инвестициялар + Қозғалмайтын мүлікке инвестициялар   + Алдағы кезең шығындары + Басқадай  берешек қарыздар шоттарындағы дебиттік сальдо қосындысы).

 

 

     (9)


 

 

Дебторлық борыш (080–бап) – деп белгілі бін қарым қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін  қайтаруға тиісті борыштарын айтамыз. Ол былай есептеледі:

Сонымен жалпы ұзақмерзімді активтер (090-бап) былай есептеледі:

 

 

(090-бап) = (030-бап)+(060-бап)+(070-бап)+(080-бап)      (10)

 

 

Енді II. АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР бөлімін қарастырып өтейік

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету жағдайлардың бірі – еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатысып өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемі пайдаланылуына көмегін тигізеді./19,87-бет/

Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 7-ші стандартына бойынша материалдық құндылықтар төменде көрсетілген әдістер негізінде бағаланады.

1.Арлайы есептеу әдісі

2.Орташа өзіндік құнын есептеу  әдісі

3.ФИФО

4.ЛИФО

Арнайы есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын нақтылы бір материалдық құндылықтардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдармен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ, бұл арнайы есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе субъектінің өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша субъектіге кіріске алынған әрбір материалдық құндылықтардың бағасы олардың, яғни материалдық құндылықтардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық құндылықтар тобының орташа өзіндік құны субъектідегіматериалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі – есептен шығарылған материалдық құндылықтарды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.

ЛИФО әдісі – шаруашылық субъектісіне ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар шаруашылық субъектісіне ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланалы.

Өндіріске босатылған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша 1-кесте түрінде есептеледі.

 

 

2-кесте ФИФО және ЛИФО әдістері  бойынша есептеулер/16,141-бет/

 

саны

бағасы

сомасы

А материалдың қалдығы

100

150

1500

Бір айда кіріске алынған

1-топтамада

50

160

8000

2-топтамада

30

180

5400

3-топтамада

20

200

4000

4-топтамада

90

130

11700

5-топтамада

40

150

6000

Кіріске алынған А материалының жиыны

 

230

 

35100

Бастапқы қалдық пен қоса есептелгендегі қалдығы

 

330

 

50100

Ай бойы А материалының шығыс етілгені

ФИФО - әдісімен

220

 

35000

ЛИФО - әдісімен

220

 

33500

Ай соңында А материалының қалдығы

ФИФО - әдісімен

110

 

15100

ЛИФО - әдісімен

110

 

16600


 

 

ФИФО әдісі бойынша:

Айдың басындағы қалдық 100 дана, сомасы 1500 теңге бірінші топтамада кіріске алынғаны 50 дана, сомасы 8000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 30 дана, сомасы 5400 теңге, үшінші топтамада кіріске алынғаны 20 дана, сомасы 4000 теңге және төртінші топтамада кіріске алынғаны 20 дана, сомасы 2600 теңге. Барлығы 220 (100+50+30+20+20) дана сомасы 35000 (1500+8000+5400+4000+2600) теңгенің материалдары шығыс етіледі.

 

 

ЛИФО әдісі бойынша:

Соңғы, яғни бесінші топтамада кіріске алынғаны 40 дана, сомасы 6000 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 90 дана, сомасы 11700 теңге, үшінші топтамада кіріске алынғаны 20 дана, сомасы 4000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 30 дана, сомасы 5400 теңге, және бірінші топтамада кіріске алынғаны 40 дана, сомасы 6400 теңге. Барлығы 220 (40+90+20+30+40) дана, сомасы 33500 (6000+11700+4000+5400+6400) теңгенің материалдары шығыс етіледі.

 

Жалпы тауарлы-материалдық құндылықтар (100)

Қысқамерзімдік дебиторлық борыш (110-бап) – есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар болып табылады және олар ағымдағы активтерге жатқызылады. Қысқамензімді қаржы инвестициялар (120-бап), Ақша (130-бап).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы ағымдағы активтер (140-бап) =(100-бап)+(110-бап)+(120-бап)+(130-бап) 

 

 

(11)

Ал жалпы баланс  =(090-бап)+(140-бап)        

 

                                  

(12)

Жалпы меншік капитал (220-бап) = Жарғылық капитал+ Төленбеген капитал+ Қайтарылып алынған капитал+ Қосымша төленген капитал+ Қосымша төленбеген капитал+ Резервтік капитал+ Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

 

(13)

Ұзақ мерзімді міндеттемелер(250-бап) = Несиелер+ Кейінге қалдырылған корпоративті табыс салығы

 

(14)

 

Ағымдағы міндеттемелер(330-бап) = Қысқамерзімді несиелер мен овердрафт+ Ұзақмерзімді активтердің ағымдағы бөлігі+ Қысқамерзімді кредиторлық борыш+ Бюджетпен есеп айырысу+Еншілес (тәуелді ) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы+ Басқадай алашақ борыштар

 

 

 

 

(15)

Ал пассив бөлігінің жалпы балансы = (220-бап)+(250-бап)+(330-бап)

 

(16)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру

 

 

Енді потенциалды инвестор үшін үлкен маңызға ие документ – пайда мен шығын туралы есеп беру. Ол кәсіпорынның жыл ішінде кәсіпорынның қандай пайда мен шығындарын көргенін көрсетеді. Пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорынның барометрі деп айтса болады, ол болашақта кәсіпорынмен не болу мүмкін екенін көрсетеді. Бір жылыдың көрсеткіштері кәсіпорынны қызметінің нақты жағдайын көрсете алмайды. Ол үшін бірнеше жылдың көрсеткіштерін қарастыру керек. Әдетте пайда мен шығын туралы есеп беруде екі жылдың көрсеткіштері беріледі, ал он жылда жиынтық қаржылық есеп беру дайындалады./20,58-бет/

Пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорын қызметінің нәтижесі бойынша қаржылық резюмесін қарастырады. Тек нақты жылды қарастыратын балансқа қарағанда пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорын қызметінің белгілі бір уақыт аралығындағы нәтижесін көрсетеді. Пайда мен шығын туралы есеп беру компания активтерін қаншалықты тиімді орналастырғанын көрсетеді, басқа сөзбен айтқанда пайда мен шығын мөлшері басқарушылардың тиімділігі. Пайда мен шығын туралы есеп беру белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынның табыстарын (тауарларды сату бойынша және басқа да табыстар), осы уақыт аралығында болған шығыстар мен шығындарын және де кәсіпорынның пайдасын (табыстан шығын мен салықтарды алып тастаумен табылады) көрсететін жай ғана құжат болып табылады.

   Пайда мен шығын  туралы есеп беру мен баланстық  есеп беруді салыстырсақ мынадай  айырмашылықтарды атап өтуге  болады:

Баланстық есеп беру

Пайда мен шығын туралы есеп беру

Кәсіпорынның ресурстардың шығу көздері мен олардың ораласуын көрсетеді

Кәсіпорынның табыстылығын көрсетеді

Белгілі бір уақытқа жасалады

Белгілі уақыт аралығындағы қызмет нәтижелерін бағалайды


 

Бұл есеп беруде қызмет пен өнімді сатудан түскен және басқа да баптардағы табыстар көрсетіліп кәсіпорын қызмет етуіне байланысты шығындармен салыстырылынады. Нәтижесі есеп беру кезеңіндегі таза пайда немесе таза шығындар болып табылады.

 Пайда мен шығын туралы  есеп беру

       

КӨРСЕТКІШТЕР АТАЛЫМЫ

бап коды

Өткен кезең басы

 Есеп беру кезең соңы

Өнімді(тауарды,қызметті,жұмысты) сатудан түскен табыс

010

   

Сатылған өнімддердің(тауарды,қызметті,жұмысты) өзіндік құны

020

   

Жалпы табыс

030

   

Кезең шығындары

040

   

оның ішінде

     

сату бойынша шығындар

041

   

жалпы және әкімгершілік шығындар

042

   

расходы на выплату вознагрождения

043

   

Негізгі қызмет бойынша пайда(шығын)

050

   

Негізгі емес қызмет бойынша пайда(шығын)

060

   

Жай қызмет бойынша пайда(шығын) салық салуға дейін

070

   

Корпоративті табыс салығы бойынша шығын(кейінге қалынған табыс салығы)

080

   

Жай қызмет бойынша пайда(шығын) салық салудан кейін

090

   

Күтілмеген жағдай бойынша пайда(шығын)

100

   

Таза пайда(шығын)

110

   

Информация о работе Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу