Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 21:47, курсовая работа

Краткое описание

Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні,
мақсаттары мен міндеттері 4
Кәсіпорын басқару объектісі ретінде 6
Кәсіпорынды басқару функциялары 7
2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері...14
2.2 Қаржылық есеп берушілік 16
2.3 Баланс 20
2.4 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы
есеп беру 28
2.5 Ақша ағымы туралы есеп беру 31
2.6 Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау 33
2.2 КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.2.1 Кіріс құжаттары 37
2.2.2 Шығыс құжаттары 37
2.3 АҚПАРАТТЫҚ БАЗА ................................................................38
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база..................................39
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база................................40
2.4 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ
2.4.1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы................42
2.4.2 Программалық жабдықтау құрылымы.............................44
3.ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ..........................................55
Құқықтық қамтамасыз ету 60
Ақпараттық қамтамасыз ету 61
Техникалық қамтамасыз ету 62
4.АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
4.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау...........................63
4.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды
жаңарту кепілдемесі....................................................................67

ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-КӘСІПОРЫНДЫ-БАСҚАРУДАҒЫ-БУХГАЛТЕРЛІК-ЕСЕПТІҢ-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕСІН-ТҰРҒЫЗУ1.doc

— 700.00 Кб (Скачать документ)

   Қаржылық есеп беру –  бұлкәсіпорынның есепті кезеңдегі  қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама  беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан  Республикасы Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастанБухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп берунысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процессінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелерікөрсетіледі.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылықұ жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететінкөрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашырытылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорының меншікті қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

 Қаржылық есеп берулердің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілетіндігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес-кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды /16,62-63-бет/.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

Кәсіпорынның қаржылық есепберушілігінің мақсаттары:

  1. қаржылық жағдай туралы потенциалды несиие берушілер мен инвестрларға сенімді және шынайы ақпаратты ұсыну;
  2. бар инвесторларға ақша ағымдарының қозғалысы, экономикалық ресурстар, капитал және жалпы табыс жөнінде ақпарат ұсыну.

Қаржылық есепберушілік бухгалтерлік мәліметтердің жинау, өңдеу және соңғы жалпылау нәтижесі болып табылады. Қаржылық есепберушіліктің Қазақстандағы негізгі формалары болып табылады:

  1. Баланс (форма 1);
  2. Табыс пен шығын туралы есеп беру (форма 2);
  3. Ақша қозғалысы туралы есеп беру (форма 3).

 

 

 

 

 

                                          2.3.  Баланс

 

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда,басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алу үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3.09.1994ж  №10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады.

Актив пен пассив  жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілмегендігімен түсіндіріледі.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді. Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кездебұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады /16,16-бет/.

Кәсіпорынды құрған кезде иеленушілер әдетте инвестиция ретінде ақша құралдарын, өндіріс құралдарын, товарлы-материалды құндылықтарды т.б. салады. Кәсіпорын қызметі басында активтер құндылығы иеленушілердің осы салымдарына тең болады.

Активтерді сондай-ақ несие берушілерден алуға болады. Мысалы кәсіпорын бір нәрсе сатып алу үшін несиеге ақша алуы мүмкін. Сонымен бұл жерде несие берушілер кәсіпорын активын арттырып отыр. Несие берушілер құралдары міндеттемелер деп аталады.

Бухгалтерлік есептің негізгі принципі: Өзіндік капитал мен міндеттемелердің қосындысы активтерге тең және оны мына түрде көрсетуге болады:

 

 

АКТИВТЕР = МІНДЕТТЕМЕЛЕР+ӨЗІНДІК КАПИТАЛ  (1)

 

 

Баланстың жалпы түрін 1-кесте түрінде көрсетуге болады:

 

 

1 Кесте  “Баланс“/34/

АКТИВТЕР

 

ПАССИВТЕР

 

I. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

 

III. МЕНШІК КАПИТАЛ

 

Материалдық емес активтер

010

Жарғылық капитал

150

Материалдық емес активтердің амортизациясы

020

Төленбеген капитал

160

Материалдық емес активтердің баланстық құны 

030

Қайтарылып алынған капитал

170

Негізгі құралдар

040

Қосымша төленген капитал

180

Негізгі құралдардың тозуы

050

Қосымша төленбеген капитал

190

Негізгі құралдардың баланстық құны

060

Резервтік капитал

200

Инвестициялар

070

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

210

Дебиторлық борыштар

080

Жалпы меншік капитал

220


1 Кестенің жалғасы

Жалпы ұзақмерзімді активтер

090

IV. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ КАПИТАЛ

220

II. АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР

 

Несиелер

230

Жалпы тауарлы-материалдық құндылықтар

100

Кейінге қалдырылған корпоративті табыс салығы

240

Қысқамерзімдік дебиторлық борыш

110

Жалпы ұзақ мерзімді міндеттемелер

250

Қысқамензімді қаржы инвестициялар

 

V. АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

260

Ақша

 

Қысқамерзімді несиелер мен овердрафт

270

Жалпы ағымдағы активтер

 

Ұзақмерзімді активтердің ағымдағы бөлігі

280

   

Қысқамерзімді кредиторлық борыш

290

   

Бюджетпен есеп айырысу

300

   

Еншілес (тәуелді ) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы

310

   

Басқадай алашақ борыштар

320

   

Жалпы ағымдағы міндеттемелер

330

БАЛАНС

 

БАЛАНС

 

 

 

Енді осы баланстың негізгі баптарының есептелу формулаларын қарастырып өтейік:

Матералдық емес активтер ( 010-ші бап) деп – белгілі бір нақты табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, бағаға бағаланатын болғандықтан субектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Және ол былай есептелінеді:

 

 

(010-ші бап) = Лицензиялық келісімдер+Программалық  жабдықтау+Патенттер+ұйымдастыру шығындары+басқадай  материалдық емес активтер

 

     (2)


 

 

 

(030-ші бап) – Материалдық емес  активтардің баланстық құны –  осы материалдық емес активтердің  тозуын алып тастағаннан кейінгі қалдық құнын айтамыз және ол былай есептелінеді:

 

 

(030-ші бап) = (010-ші бап) - (020 –ші  бап)                            (3)

 

 

Негізгі құралдар (040 – ші бап) = деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке бірітіндеп бөліп-бөліп есептелген аммортизациялық аударым мөлшеріне ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтамыз және ол былай есептелінеді (040).

(050) Негізгі құралдар (үйлер мен  ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы  басқалары)  өндіріс прцессінде  пайдаланылған кезде өздерінің  бірте-бірте тозуына байланысты  құндарын өздерінің көмегімен  өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге бірітіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайларып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнның кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады. Бухгалтерлік есептің 6-ші стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бегітілген /17,127-бет/.

    1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі

 

 

ААі =БҚ/n                                                                              (4)

 

 

Мұндағы: ААі –  і–ші жылдың амортизациялық аударымы;

N – негізгі құралды пайдалану мерзімі;

БҚ – негізгі құралдың бастапқы құны.

 

    1. Құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)

 

 

ААі = (ӨСі/ӨТС)*БҚ                                                                (5)

Мұнда:

ААі – і-ші жылдағы амортизациялық аударылым мөлшері;

Информация о работе Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу