Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 20:30, реферат
Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан. К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар, айналым шығындары.
1. Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны, мәні және құрылымы
2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
3. Бәсеке жағдайында өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
Сонымен қатар, өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың соммасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы. Шығындарды өнім бірлігіне жатқызуына қарай тікелей және жанама шығындар деп бөледі, ал экономикалық мазмұнына қарай калькуляциялық статьялары негізгі шығындар және қосымша шығындар деп бөлінеді. Өнім көлемінің өсуіне байланысты өндірістік шығындар пропорционалды, яғни шартты-ауыспалы және пропорционалды емес, яғни шартты-тұрақты болып бөлінеді.
Ағымдағы шығындарға нормативті және сметалық калькуляция жасалады, біріншісі нормалық шығындар негізінде, ал екіншісі жаңадан игерілетін өнімге қолданылады. Сонымен қатар, жоспарлы калькуляция - нормалы шығындардың қосындысы, ол жоспарлы шығындар мен жоспарлы пайданы байланыстырады.
Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады.
Өзіндік құнға жолдама жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды және тағы басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.
Қорытындылап
айтатын болсақ, өнімнің өзіндік
құнын арзандату – еңбек
Егер материалдық ресурстардың бағасына, еңбек ресурсына шығындар өзгермейтін болса, ол уақытта өнімді көбейту тек қана өнімнің өзіндік құнын азайту арқылы іске асады. Ал техникалық ұйымдастыру шараларын іске асыру жоспарын жасақтау, ішкі өндірістік резервтерді пайдалану мүмкіндіктерін талдау қорытындысына сүйеніп жасауды талап етеді.
Өзіндік құнды кемітудің ең басты көздері – еңбек ресурстары мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану. Ол еңбек өнімділігін арттырады немесе бір уақыт бірлігіне өнім шығару артады, ал екінші қайнар көзі – материалдық шығындарды азайту. Сонымен қатар, өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің тиімділігін арттыру материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты.
Өнімнің қор сиымдылығы мен материал сиымдылығы басты экономикалық категорияларға жатады. Өнімнің материал сиымдылығы өндіріс үрдісінде материалдық шығындарды тиімді пайдалану деңгейін көрсетеді. Неғұрлым жаңа техника мен технология пайдаланылса, оны қолданатын жұмысшылар жоғары дәрежелі маман болса, соғұрлым тауардың материал сиымдылығы кемиді, ол кеміген сайын оның өзіндік құны да кемиді. Өнімнің материал сиымдылығы өндірістік қорға ықпалын тигізеді. Неғұрлым материал сиымдылығы аз болса, соғұрлым материалдық қорға шығын аз керек болады.
Материалдық ресурстарды үнемдеуде материалдық шығынды нормалау үлкен рөл атқарады. Барлық экономикалық болжам-есептер нормативті көрсеткіштерге байланысты болады. Егер материалдық шығындар нормативі технико-экономикалық жан-жақты негізделген болса, онда материалдық шығын азаяды, ал пайдалану тиімділігі артады. Материалдық ресурстарды үнемдеу жолдары әрбір фактор бойынша бөлек есептеліп, қорытынды жасауды талап етеді.
Резервтерді
анықтау үшін нақтылы көрсеткіштерді
нормативті (жоспарлы) көрсеткіштермен
салыстыру қажет. Ол үшін калькуляциялық
статьялардың жоспарлы, нақтылы көрсеткіштерін
салыстырып, қорытындыларын жеке-жеке
талдап, материалдық шығындарды азайту
көздерін, нақтылы шараларды белгілеу
керек.
Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары