Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 20:30, реферат

Краткое описание

Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан. К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар, айналым шығындары.

Содержание

1. Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны, мәні және құрылымы
2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
3. Бәсеке жағдайында өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАРЖЫ Өнімнің өзіндік құны.doc

— 635.00 Кб (Скачать документ)

      Шаруашылықты  жүргізудің   жаңа   жүйесі  үнем   тәртібін   қатаң  сақтап  өзіндік  құнды   төмендетуді   көздейді.  Өнімнің,  жұмыстың  өзіндік  құны  материал  мен   еңбек   ресурстарының    үнемделу, өндірістің    техникамен   жарақтану   дәрежесін,  сонымен   бірге   шаруашылық   есеп негіздерінің   сақталуын   көрсетеді.   Кәсіпорындардың    өзіндік құнына   өндірістен тыс   сатуға   жұмсалған   шығынды   қосып   өнімнің   толық    өзіндік   құнын   есептеп   шығарады. Толық   өзіндік   құн - өнімді    өндіруге   және    сатуға   кеткен   шығындар   жиынтығы, құнның   негізгі   бөлігі.

      Өнекәсіптегі  өнімнің  өзіндік  құнын  талдау   тауарлы  өнімнің   1  теңгеге   шығынын   қысқартудан  басталады,   өйткені  ол  өзіндік  құнның  негізгі   көрсеткіші   болып   табылады.  Ол  өзіндік  құн  динамикасын   және  шығын  деңгейін  сипаттайды.  АҚ «Рахат»  тауарлы  өнімінің 1 теңгеге  шаққандағы  шығындар  динамикасы   1-таблицада  көрсетілген.

                    АҚ «Рахаттың» 1999 жылдың ақпан-желтоқсан  айларындағы

тауарлы  өнімінің  1  теңгеге  шаққандағы  шығындарын  талдау.

 

қ/с

 
          Шығындар  бабы
1  теңгеге   шаққандағы  шығындар
Желтоқсан Ақпан-желтоқсан
1995 1996 Ауытқу 1995 1996 Ауытқу
1      Шикізат және негізгі  материал 48,48 48,06 -0,42 61,5 49,07 -12,43
2 Көмекші материалдар 4,37   3,94    -0,43 4,14 5,33    1,19
3 Отын 7,62   2,74    -4,88 5,78 4,71 -1,07
4 Электр энергиясы 0,45   0,61     0,16 1,2 0,95 -0,25
5 Айлық еңбек  ақы негізгі 2,1   3,83     1,73 6,01 6,0 -0,01
6 Айлық еңбек  ақы қосымша 1,87 4,3 2,43 0,06 1,35 1,29
7 ЕА-ға  есептеулер 1,97 1,41 -0,56 2,2 2,22 0,02
8 Құрал-жабдықты пайдалану -23,44 4,82 28,26 26,21 9,22 -16,99
9 Цехтық  шығындар 4,58 7,2 2,62 16,48 14,08 -2,4
10 Жалпы  заводық  шығындар 8,03 4,71 -3,32 23,81 14,23 -9,58
11 ФЗС 56,01 81,62 25,61 147,38 107,18 -40,2
12 Өндірістік  емес шығындар 1,16 3,06 1,9 4,31 5,31 1
13 Толық  өзіндік  құн 57,17 84,68 27,51 151,69 112,49 -39,2
14 1 теңгеге   шаққ. ТӨ-ге шығын 57,17 84,68 27,51 151,69 112,49 -39,2
15 Үстеме(накладной)шығ. м, тг -9,68 19,79 29,47 70,81 42,85 -27,96

 

      Осы мәліметтерді  қарастыра  отырып, мынадай  қорытындыға  қоытынды  жасауға  болады, 1995 жылмен  салыстырғанда  фабрика  1996  жылы жақсы  жұмыс жасаған.  Таблицада көрсетілгендей  фабрикада тауарлы өнімнің теңгеге шаққанда  шығындары төмендеген.  Ең  төменгі нәтиже  «шикізат  және  материалдар» бөлігінде 12,43 теңгеге,  «құралдарды пайдалану»  бөлімінде 16,99 теңгеге және  жалпы өндірістік  шығындар  9,58  теңгеге жеткен. 

      Бұл  кәсіпорынның  жұмысын  жалпы  оптималдаумен   байланысты  және  де    шикізатты   тиімдірек  пайдалнумен,  ескі  құрал-жабдықты  жаңасымен  алмастырумен  байланысты  болды.  «Көмекші  материалдар»  бөлімінде  өсім  байқалады,  ол  1996  жылдан  бастап   өнімнің  басқаша  және   әшекейлі  ұсақ  орамамен қапталуына  байланысты  болды.

      Өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады. Өзіндік   құн  тікелей   кәсіпорындарда   қалыптасады. Халық   щаруашылығы    бойынша   орта   есеппен   өнімнің    өзіндік   құны    шамамен    алғанда    оның   құнының    ¾   бөлігіндей болады.  Өзіндік   құнды   төмендетудің    негізгі жолдары :  өнім   көлемін   көбейтіп, сапасын    арттыру,  ғылым   мен   техника   жаңалықтарын   және   қалдықсыз   технологияларды   өндіріске   енгізу, еңбек   өнімділігін   арттыру,  өндіріс   қорларын   ұтымды   пайдалану,  өндіріс  циклын   қысқарту,  ұйымдастыру  мен   басқаруды   жақсартып   оған   кететін   шығындарды   азайту, өндіріс   қалдықтарын   толық    пайдалану,  өндірістің   тоқтауын   және   шығын   мен  ақауды    азайту,  дер   кезінде   жүргізілетін   бақылау, есеп   пен   экономикалық   талдау, айналым   қаржыларының   айналуын   тездету, тағы басқалар.

      Келешекте   өзіндік   құнның    кейбір   шығын    түрлерінің   ғылыми-

техникалық   прогресс,  механикаландыру,  автоматтандыру,  электрлендіру, 

химияландыруға  байланысты   үлес   салмағы   едәуір   өзгеретін   болады.

Өзіндік   құн   категориясын   қолдану,  оны   бақылау,   талдау   өндірістің   ішкі   мүмкіндіктерін   ашуға,  оны    жұмылдыруға    көмектеседі.   Ондай   резервтер   барлық   кәсіпорындарда   да   болады.  Өндіріс   көлемі    жыл   сайын   өсіп   отырады,  соған   сәйкес   шығын  да   көбейеді.  Бағаның   да  негізі - өзіндік   құн.  Осыған   байланысты    өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.

       

  «Адал» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау 

     Отандық сүт және сүт өнімдерін шығаратын  кәсіпорындар үшін өндірісте жоғарғы  технологиялық құрал-жабдықтарды  өздерінің қызметтерінде қолдану  қажет болып жүр, себебі осы арқылы нарықтағы қызметі дұрыс жүре алады. Дүкендерде сүт өнімдерінің кең ассортименті пайда болады және олар импортталған тауарларға төтеп тұрарлықтай бәсекелестік білдіреді. Оны Батыс өндірушілері өздеріне өзі дайындаған. Мысалы, «Альфа - Ловаль» фирмасы (Есік қ.) «ФудМастер» компаниясына инвестиция ретінде қымбат құрал–жабдықтар сатып алған болатын. Бұл компания қазіргі  кезде Қазақстан нарығында беделді орын ала отырып, Шымкентте, Астанада, Қордайда өздерінің филиалдарымен жұмыс жасайды.

     Сонымен қатар, Қазақстанның қайта өңдеу  кәсіпорындарының жандануына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорындар қол ұшын береді. Мысалы, «ТетраПак» компаниясы қораптау материалдарын жеңілдік негізінде өз бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Техникамен қарулануы сүт өнімдерінің ассортиментін қазіргі заман талаптарына сай жасауға тураланған. Мысалы, ол сүт өнімдерін ұзақ сақтаудан бастап, оны әр түрлі майлылық деңгейіне бөлу. Ол - жоғарғы температура технологиясымен өңделген «Космис» фирмасының (Қостанай қ.) өнімдері және кең таңдаудағы йогурттар.

     Бұл деңгейде қазақстандық өндірушілер үшін актуалды болып өндірістік қағидалар және тауар концепциялары саналады, себебі шетел өндірушілерімен бәсекелестікке түсе алады, егер олар өз өндірісіне қазіргі кездегі технико-экономикалық әдістерді қолданса. Алайда, белгілі бір позицияларға байланысты отандық өндірушілер шетелдіктермен бекер салыстырылған жоқ. Олардың ішінде асып түскендері де бар, өйткені отандық тауарларға ассортимент енгізу шетелмен салыстырғанда кең болып отыр. Оған себеп - күнделікті тауарлар қорына қазақтың ұлттық сүт өнімдері енгізілген. Өз өнімдерін сол сияқты басқа компаниялардың өнімдерінен айыру үшін, тұтынушылардың жағымды әсерлерін тарту үшін және оларды тұрақты тұтынушыларға айналдыру үшін белгілі бір өзіндік белгілер енгізу қажет болды. Сондықтан, «Адал», «Қайсар» және тағы басқа кәсіпорындар өз өнімдері үшін тауарлық белгілер қолдана бастады, әдеттегідей, ол сүттен бастап, ақырындап, өз белгісін барлық ассортиментке таратқан («Пеппи» йогурты, «Деревенская» қаймағы және т.б.). Қазіргі күнде сүт нарығында әр тұтынушыға өз қызметін көрсетеді.

     Қазіргі кезде әлемде экологиялық таза өнімді шығару үшін көп жұмыстар атқарылып отыр. Біздің республикамызда берілген мақсаттар жүзеге асып жатыр: «Адал» АҚ, «Фудмастер» компаниясы қышқыл сүт өнімдерін және диетикалық құрамы бар жаңа өнім түрлерін шығарды, мысалы, «БФБ» (Биоридум бактериясы), «Био-С», «Источник здоровья» айраны, ақуызға толы йодталған сүт және т.б.

     Сүт өнімдері ассортиментінің бәсеке қабілетті  мәселесін шешу арқылы, бөлу саясатын белсенді қолдану арқылы кәсіпорын нарықтың көп бөлігін жаулап алған. Көп қолданатын сауда нүктелеріне - орташа және орташадан жоғары табысы бар сатып алушыларға арналған супермаркеттер, гастрономдар, шағын өндірістік дүкендер, киоскілер, дала саудасының элементі ретінде және бөлшек сауда нарығында орналасқан сауда нүктелері жатады.

     Тұтынушылардың  қалауын анықтау үшін олардың  арасында маркетингтік зерттеу жүргізілген. Ол келесі бағыттарды ұстанған: тұтынушылардың қалауы, өніммен қанағаттану деңгейі, реквизитті бөлімі бойынша тұтынушылардың сүт өнімдерін өндірушілерге  деген қатынасы. Сонымен қатар, маркетинг кешенінің элементі бойынша сол өнім өндіруші кәсіпорынға бәсекелестік талдау жасалған. Алынған нәтижелер рекрезитке тексерілген болатын, жауаптар коэффициенті 73 % болды, бұл жауаптар коэффициентіне сәйкес келеді (K > 50 %).

     Тұтынушы  сүт өнімдерін сатып алғанда  келесі қағидаларға сүйенеді: сүттің майлылығы, шығарылған мерзімі, қораптың дизайны, мөлшері, табиғилылығы және бағасы. Анкеталардың нәтижесіне сәйкес, тұтынушылардың 30 %-ы өнімнің табиғилылығына, 26 %-ы  оның майлылығына, 27 %-ы өнімнің шығарылған мерзіміне, 20 %-ы бағасына, 5 %-ы қораптың дизайнына және 8 %-ы мөлшеріне қарайды. Сүт өнімдерінің қағидасының деңгейі неғұрлым тұтынушының қалауына сәйкес келсе, соғұрлым ол оны қанағаттандыратындығын білдіреді.

     Қазіргі кезде «Адал» АҚ мыңдаған сату нүктелерімен сауда жүргізеді, екі делдалмен және бірнеше корпоративті сатып алушылармен жұмыс жасайды, мысалы, «Рахат» кондитерлік фабрикасының асханасы. «Адал» АҚ нарықтағы үлесі 15 % құрайды, негізгі бәсекелесі «ФудМастер» компаниясымен салыстырғандағы нарықтағы үлесі 35 %, екінші жақын бәсекелесі «Винн Биль Дамм» компаниясымен салыстырғанда нарықтағы үлесі 10 % және басқа да «Смак», «Қайсар», «Агропродукт», «Камони» сияқты нарықтағы қатысушылармен салыстырғандағы оның үлесі 8 %.

     Берілген  жағдайды толығымен ашу үшін Алматы қаласы бойынша маркетингтік зерттеу  жұмысы жүргізілді. Маркетингтік қызметтің  қорытындысы бойынша «Адал» АҚ айтарлықтай  бәсеке қабілетті болып табылады.

     Кәсіпорында өнімді өткізуді ынталандыру механизмі жақсы ұйымдастырылған. Өйткені, автокөлік жүргізуші–экспедиторлардікі секілді, өткізу бөлімінің менеджерлерінің жалақысы өткізген өнімдерінің көлеміне байланысты болып келеді. Мысалы, бір айда жалпы соммасы 300 000 теңгелік дайын өнімді өткізді десек, менеджер оның 10 %-ын алады, яғни айына 30 000 теңге.

     «Адал»  АҚ 2000 жылдың 8 қаңтарында Октябрск совхозы  негізінде құрылған. Бұл кәсіпорын  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғам  туралы» заңына сәйкес, құқықтық ұйым негізінде Ашық Акцонерлік Қоғам  деп құрылды. Кәсіпорынның толық аты «Адал » Ашық Акцонерлік Қоғам, қазіргі қысқартылған атауы «Адал» АҚ. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы, Ленин көшесі, 32.

     Кәсіпорынның  белгіленген жарғылық капиталы 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге және олар 30 000 жай акцияға бөлінген, оның біреуінің номиналды құны 10 000 теңге.

     Қоғамның  өз балансы және басқа да банктік  есептері бар, өз атауымен қазақ және орыс тілінде берілген мөрі бар. Өзінің тауарлық және символикалық белгілері, олардың үлгілері жарғылық тәртіпте тіркеліп бекітілген. Қоғам Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін әрекеттерді істей алады. Оның негізгі қызметі болып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіру табылады.

     Кәсіпорынның  жалпы жер көлемі – 5616 га, оның ішінде шаруашылыққа жарамдысы – 3968 га (егістігі – 3253 га, жайылымы – 715 га).

   Техникалық  қамсыздануы:

   1) Комбайндар:

   «Енисей»  комбайндары - 7 дана, іске жарамды мерзімдері 9 жыл;

   К–700 А - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл;

   К–701 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 10 жыл;

   Т–150 - 3 дана, іске жарамды мерзімдері 7-10 жыл.

   2) Тракторлар:

   Дөңгелекті  тракторлар (МТЗ, ЮМЗ, Т-16) – 41 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл, соның  ішінде:

   МТЗ барлық модефикациясында – 36 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;

   ЮМЗ – 4 дана, іске жарамды мерзімдері 2-7 жыл;

   Т–16 – 1 дана, іске жарамды мерзімі 2-7 жыл.

   КРАЗ  негізіндегі дөңгелекті трактор – 1 дана.

   Силос, жүгері жинайтыны - 6 дана, соның ішінде:

   КСКУ–6 - 3 дана;

   Өзі жүретін «Ягуар» - 2 дана;

   «Марал» - 1 дана.

   Цептегі тракторлар – 7 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам, соның ішінде:

   ДТ 75 А – 5 дана, іске жарамды мерзімдері 7 ж-дан астам;

   Т–170 - 2 дана, іске жарамды мерзімдері 7ж-дан астам.

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары