«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2013 в 09:25, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
экономикалық өсуді ынталандыру;
кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................................3


I- Акционерлік қоғамның техникалық экономикалық сипаттамасы
1.1.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау......................................................................................6
1.2.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің есепті ұйымдастыру...............20


II- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі
2.1. Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар есебі.......................26
2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар есебі...................34
2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі....................................................................43


III- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы
3.1. Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы және айналым қажеттілігін талдау...........................................................................................67
3.2. Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің үлесі....................................................................................................................71
3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау......75


Қорытынды........................................................................................................86
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

++Дип. Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы.DOC

— 767.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

     Көмекші  материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майланатын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

     Материалдық  қорлардың ішінде бөлек топ  болып отындар, ыдыс және ыдыстық  материалдар, қосалқы бөлшектер,  құрылыс материалдарды және тағы  да басқалар есептеледі. Отындар  тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй – жайларды жылытуға жылытуға райдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

     Қорлардың есебі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты №2 «Қорлар» негізінде жүргізіледі.

     Қорлар – бұл активтер:

    • қарапайым шаруашылық жүзінде сатуға арналған;
    • мұндай сатуға өндіру процесінде;
    • өндірістік процесте немесе қызмет көрсетуде қолдануға арналған шикізат немесе материалдар түрінде.

     Таза сату  құнының мүмкіндігі дегеніміз  – бұл қарапайым шаруашылық  түріндегі есепті сату құны, бұған жетілдіру шығындары мен активті сату бойынша шығындарды есептеу кірмейді.

 

                                   Салыстырмалы кесте                                       кесте-2.2.2.

Р/с

Шоттар 

(ХҚЕС)

Шоттың атауы

Талдама

Шоттар 

(ҚБЕС)

1

2

3

4

5

1

1310

Қорлар

Шикізат және материалдар

-сақтау орындары

бойынша

201

2

1311

Сатып алынатын жартылай фабрикаттар  және жиынтықтаушы бұйымдар

-сақтау орындары 

бойынша

202


 

   

                                                                                                   кесте 2.2.2.жалғасы

3

1312

Отын 

-сақтау орындары

бойынша

203

4

1313

Ыдыс және ыдыстық материалдар

-сақтау орындары

бойынша

204

5

1314

Қосалқы бөлшектер

-сақтау орындары

бойынша

205

6

1315

Өзге материалдар

-сақтау орындары

бойынша

206

7

1316

Ұқсатуға берілген материалдар

-сақтау орындары

бойынша

207

8

1317

Құрылыс материалдары және басқалар

-сақтау орындары

бойынша

208

9

1330

Тауарлар 

-сақтау орындары

бойынша

222,223

10

1340

Аяқталмаған өндіріс

-тапсырыстар,

объектілер бойынша

211-213

11

1360

Қорларды есептен шығару бойынша резерв

   

 

     Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай – ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісінде әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.

     Сатылып  алынған жартылай фабрикаттар  шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.

     Ыдыс және  ыдыстық материалдар шотында  ұйымдағы ыдыс және ыдыстық  материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланылатындардан басқасы), сондай – ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға, оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды «Сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді.

     Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдаланудағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөндеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.

     Басқадай  материалдар деп аталатын шотта  өндіріс қалдықтары, түзелмейтін  өндіріс ақаулары, ұйымның өзінде  материал, отын немесе қосалқы  бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бұл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмек және тағы да басқа материалдарды есептейді.

     Өңдеуге  берілген материалдар шотында  қайта өңдеу үшін басқа ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі.

     Құрылыс  материалдарды атты шотта тікелей  құрылыс салуға және монтаж  жұмыстарына, сондай – ақ құрылыс  бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне басқадай материалдар есептеледі.

     Материалдар  есебін дұрыс ұйымдастыру үшін  материалдардың номенклатуралық  тізімі мен баға көрсеткішін  дайындаған дұрыс. 

     Материалдардың  номенклатурасы деп өндірісте  пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін атайды. Номенклатуралық тізімінде әр материалдардың дұрыс аты, оған берілген нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдардың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркелімдерінде және әр түрлі кестелерде (таблицаларда) көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (шифрлары) және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындалғанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай – ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау керек.

     Кәсіпорындағы  материалдық-қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүлінген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлшек сауда бағасымен өндіріледі.

 

Тауарлық-материалдық  қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

                                                                                                                                   кесте-2.2.3

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін 

шот

Кредиттелетін

шот

1

2

3

4

1

Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден  келген материалдар есеп айырысу құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынады. Құны төленіп, ай соңында жолда қалған немесе жабдықтаушы қоймасынан әлі алынбаған материалдар ай аяғындақоймаға кіріске алынбай көрсетіледі. Келесі айдың басында бұл сома сторно етіледі. Төленген сома материалды құндылықтарды алғанға дейін алашақ борыш болып саналады.

 

 

20-шы бас шот (1310)

 

 

671 (3310)

2

Сатылып алынған материалдардың құны кассадан (қолма-қол ақшамен) төленеді

201-206

(1310-1340)

451,452

(1010,1020)

3

Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық құндылықтардың құны

201-206

(1310-1340)

333

(1250)

4

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз (тегін) келіп түскен материал

201-206

(1310-1340)

727

(6280)


 

 

 

                                                                                                                           кесте-2.2.3.

5

Негізгі құралды бұзғаннан, істен  шығарғаннан алынған

материалдық емес

201-206

(1310-1340)

722 (6210)

6

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды кіріске алу

(1310-1340)

201-208

8030 (920)

7

Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі  шоттардан төленеді.

(1310-1340)

201-206

(1070)

421-423

8

Пайдалануға болатын өндірістік ақаулардан алынған материалдарды кіріске алу

201-208

(1310-1340)

900 (8010)

9

Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу

201-206,208

(1310-1340)

727 (6280)

10

Еншілес және тәуелді серіктестіктермен  бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған материалдар

201-206,208

(1310-1340)

641-643

11

Материалдық құндылықтарды дайындайтын  жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы

201-206

681 (3350)

12

Өндіріс пен шаруашылыққа пайдалану  үшін жіберілген материалдар:

-негізгі өндіріске;

-қосалқы өндіріске;

-цехқа (үстеме шығын);

-ұйымның әкімшілік шығындарына.

901 (8011)

921 (8031)

931 (8041)

821 (7210)

1310

13

Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа  жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар

126 (2718)

201-206,208

(1310-1340)

14

Өндірістік ақауды жөндеу үшін есептен шығарылған материалдар

901 (8011)

921 (8031)

201-206

(1310-1340)

15

Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептеп  шығару

821 (7210)

201-206,208

(1310-1340)

16

Басқа ұйымға әрі қарай жөндеуге берілген материалдар

207 (1316)

201-206

(1310-1340)

17

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөндеуге берілген материалдар

201-206

(1310-1340)

207 (1316)

18

Жөндеуден алынған материалдар  үшін есептелінген (төленеілетін) сома

201-206

(1310-1340)

671 (3310)

687 (3370)

19

Сатылған, есептен шығарылған материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны

845 (7450)

201-206

(1310-1340)

20

Түгендеу барысында жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық кем  шыққан материалдарға жауапты адам табылмаған жағдайда

821 (7210)

201-206

(1310-1340)

21

Түгендеу барысында жоқ болған материалдарға жауапты адам табылып, ол адамның төлеуге тиісті есептелінген сомасы

333

(1250)

201-206

(1310-1340)

22

Басқа заңды тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға немесе жеке адамдарға  қайтарымсыз берілген материалдар

845

(7450)

201-206

(1310-1340)

23

Ақау немесе басқа да себептерге байланысты жабдықтаушыларға қайтарылған  материалдар:

• жабдықтаушылардың шоты төленгенге дейін;

• жабдықтаушылардың шоты төленгеннен  кейін.

671 (3310)

334 (1410)

201-206,208

(1310-1340)


 

2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі

     «Бухгалтерлік  есеп және қаржылық есеп беру  туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы  Қазақстан Республикасының №234-III заңына сәйкес ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебін ұйымдастырады. Және де қаржылық есеп беру халықаралық №38 «Материалдық емес активтер», №16 «Негізгі құралдар», Бухгалтерлік есеп №6 «Негізгі құралдар», №28 «Материалдық емес активтер» деп аталатын стандарттар негізінде есепті жүргізеді.

     Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.

     Мысалы, сатып-өткізу  үшін жасалынған жазу столы  оны жасаушы кәсіпорын үшін айналым құралы болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды.

     Ұзақ мерзімді  активтерді мынадай категорияларға  жіктеуге болады:

     ● Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

     ● Материалдық емес активтер.

     Материалдық  активтердің табиғи натуралдық  нысаны бар. Мысалы, оларға жерді  жатқызуға болады. Жердің пайдалану  мерзімі шексіз болғандықтан, оған  амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.

Шоттар жұмыс  жоспарынан үзінді

                                                                                                                    кесте-2.3.1.

2010

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

Ұзақ мерзімді қаржылық қарыздар

2020

Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар

2040

Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер

2110

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

Сатып алушылар мен тапсырушылардың  ұзақ мерзімді берешегі

2150

Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2160

Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2170

Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

2180

Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 

2310

Жылжымайтын мүлікке  инвестициялар

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

2320

Инвестициялардың амортизациясы  және құнсыздануы

2410

Негізгі құралдар

2411

Жер

2412

Ғимараттар

2413

Машиналар мен жабдықтар

2414

Көлік құралдары

2415

Компьютерлер, перифериалық қондырғалар және деректі өңдеу жөніндегі жабдық

2416

Кеңсе жиһазы

2417

Өндірістік құрал-саймандар мен  керек-жарақтар

2420

Негізгі құралдардың  амортизациясы және құнсыздануы

2421

Тозуы

2422

Ғимараттардың құнсыздануы

2423

Машиналар мен жабдықтардың тозуы

2424

Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы

2425

Көлік құралдарының тозуы

2426

Көлік құралдарының құнсыздануы

2427

Компьютерлер мен перифериалық қондырғылардың тозуы

2428

Кеңсе жиһазының тозуы

2429

Өндірістік құрал-саймандар мен  керек-жарақтардың тозуы

2730

Материалдық емес активтер

Өзге материалдық емес активтер

2740

Өзге материалдық емес активтердің  тозуы

2741

Өзге материалдық емес активтердің  құнсыздануы 

2810

Корпорациялық табыс салығы бойынша  кейінге қалдырылған салықтық активтер

2910

Өзге ұзақ мерзімді активтер

Берілген ұзақ мерзімді аванстар

2920

Алдағы кезеңдердің шығыстары 

2930

Алынбаған құрылыс

2940

Өзге ұзақ мерзімді активтер

Информация о работе «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы