«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2013 в 09:25, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
экономикалық өсуді ынталандыру;
кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................................3


I- Акционерлік қоғамның техникалық экономикалық сипаттамасы
1.1.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау......................................................................................6
1.2.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің есепті ұйымдастыру...............20


II- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі
2.1. Ақша қаражаттар және қаржылық инвестициялар есебі.......................26
2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар есебі...................34
2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі....................................................................43


III- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы
3.1. Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымы және айналым қажеттілігін талдау...........................................................................................67
3.2. Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің үлесі....................................................................................................................71
3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау......75


Қорытынды........................................................................................................86
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

++Дип. Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы.DOC

— 767.50 Кб (Скачать документ)

                                          Жоспар

                                                                                                                          Бет

Кіріспе ..............................................................................................................3

 

 

I- Акционерлік қоғамның техникалық экономикалық сипаттамасы

1.1.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау......................................................................................6

1.2.«Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің есепті ұйымдастыру...............20

 

 

II- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі

2.1. Ақша қаражаттар  және қаржылық инвестициялар  есебі.......................26

2.2. Қысқа мерзімді  дебиторлық берешектер мен қорлар  есебі...................34

2.3. Ұзақ мерзімді активтер есебі....................................................................43

 

 

III- «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы

3.1. Қысқа мерзімді  активтердің құрамы мен құрылымы  және айналым қажеттілігін талдау...........................................................................................67

3.2. Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдауда активтердің үлесі....................................................................................................................71

3.3. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің баланс өтімділігін талдау......75

 

 

Қорытынды........................................................................................................86

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................88

Қосымшалар…………………………………………………………………...90

 

 

 

 

Кіріспе

     Нарықтық  шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.

     Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:

  • экономикалық өсуді ынталандыру;
  • кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;

     Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.

     Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді.

     Жұмыстың негізгі мақсаттары:

  • отандық экономиканың нақты секторының мәселелерін ашып көрсету;
  • осы мәселелерді шешудің жолдарын активтердің мүмкіншіліктерімен ұштастыра отырып шешудің жолдарын ұсыну.

     Жұмыстың  негізгі міндеттері:

  • ұйымның активтер есебінің даму ерекшелігін ескере отырып, оны экономиканың нақты секторын белсендіруде толық пайдалануды анықтау;
  • ұйымның экономикасын қаржыландырудағы барлық мүмкіншіліктерін пайдалануды көздеуді қарастыру.

     Осыған  орай, әдістемелік нұсқаулар ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, яғни бухгалтерлік есеп соның ішінде талдау мен аудит ұйымдастырудың жетілдіру бірегей органды құру, оның құқықтық мүмкіншіліктерін анықтау, құзыретін бекіту, мемлекетпен өзара байланысын көрсету, реттеу тетіктерін белгілеу, оның қызметтер мен өкілеттіктер шеңберін айқындауы құрайды. Талдау үшінші бөлімде қарастырылған, онда шетелдік тәжірибе негізге ала отырып, отандық нарыққа сәйкестендірілген нұсқаулар көрсетілген.

     Қазақстан  Республикасының нарықтық экономикаға  көшіп, даму жолында нарықтық қатынастардың реттелінуі мемлекеттің белгілі бір реттеуімен жүзеге асырылып отырды және бүгінгі таңға дейін асырылып келеді.

     Осы айтылғандарды  есепке ала отырып, активтерді  талдау мен аудиті дегеніміз  – ұйымның қаржылық жағдайын реттеуге байланысты шығарылған және шығарылатын барлық заңнамалық актілердің жиынтығының негізінде активтерге аудитті талдау әдістерін пайдалана отырып жүргізу деуге болады. Ұйымның активтері экономиканың нақты саласын белсендірудегі реттелінуі халықтың – салымшылардың мүддесін, құқықтарын, тәуекелдік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіменен сипатталынады.

     Экономиканың  нақты секторын белсендірудегі активтерді талдау мен аудитті жүргізуді ашып көрсету мәселесі өте маңызды болып табылады. Себебі қысқа мерзімді активтермен кәсіпорындар өздерінің міндеттерін өз уақытында өтеген жағдайда кәсіпорындар өтімді болып табылады.

     Осы дипломдық  жұмыстың мақсаты – экономика  саласына өзінің алатын орны  ерекше екендігін көрсету. Және де ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебі мен талдау атты тақырыпты жазу себебім, серіктестіктердің негізгі құралдарды мен материалдық емес активтер иммобильдық құралдар, қысқа мерзімді активтеріміз мобильдік қорлар болып табылатындықтан, осы құралдарсыз өндіріс жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қорыта айтқанда, экономиканың нақты секторын белсендірудегі және пайда табу көздерін ұлғайтудың негізі активтердің айналымдылығын жетілдіру мен қаржыланудың жолдары меншікті және тартылған капитал тарапынан, әр түрлі қоғамдық ұйымдар бухгалтерлік есептің стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді қажет ететін мемлекеттің жүзеге асыруға міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.

     Осымен  бұл дипломдық жұмыс 3-бөлім  және бөлімшелерден тұрады. Бұл  бөлімдерде тақырып толық ашылатын болады. Тақырыпты толық ашуда заң, стандарттар, оқулықтар пайдаланады. Және де «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің жылдық есеп беру нысандарын пайдаланып жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I- бөлім Акционерлік  қоғамның техника-экономикалық сипаттамасы

1.1. «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің техника экономикалық көрсеткіштерді талдау

     Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік      «Crocus Multimedia Services» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепберу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заң, Қазақстан Республикасының өзге заң актілеріне сәйкес, өзінің жарғылық қызметін орындау арқылы табыс мақсатымен нарық тетіктерін енгізу барысын үдету және Қазақстан Республикасының Заңдары тыйым салмаған кез-келген шаруашылық қызметінің түрлерін либерализациялау үрдісін әрі қарай дамыту үшін құрылды.

     Серіктестіктің  атауы:

     Толық:

     Қазақ тілінде — «Crocus Multimedia Services» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

     Орыс тілінде — Товарищество с ограниченной ответственностью «Crocus Multimedia Services»

     Қысқартылған:

     Қазақ тілінде — «Crocus Multimedia Services» ЖШС;

     Орыс тілінде  — ТОО «Crocus Multimedia Services»;

     Серіктестіктің  құрылтайшы:

     - Нурлыбеков  Азамат Нурлыбекүлы жеке күәлігінің № 004547379, Қазақстан Республикасы ІІМ 04.09.1998 жылы берілген, тұрғылықты мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ, 15 ықшам ауданы, 55 үй, 39 пәтер.

  

 

     Серіктестік шағын кәсіпкерлік субъектісі, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа есеппен алғанда 50-ден және активтерінің жыл ішіндегі жалпы құны орташа есеппен алғандағы алпыс мың айлық есептік айырысу көрсеткіштен аспайды. Серіктестіктің қызметтері болып келесілерді жатқызуға болады:

● есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың         айналымымен байланысты қызметті;

● акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

● астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

● лотереялар өткізуді;

● ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;

● сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы  қызметті;

● мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өндеу және сату;

● жөніндегі қызметті;

● радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;

● банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру;

● нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

● аудиторлық қызметті;

● бағалы қағаздар нарығындағы  кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

     Заңды мекен-жайы: 050022, Қазақстан Республикасы, Алматы  қаласы, Абай даңғылы, 77 үй, 7 офисі,  Алмалы ауданы.

     Меншік  нысаны — жеке меншік.

     Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің мерзімі – шектелмеген.

     Серіктестік  қызметінің негізгі мақсаты таза  табыстар алу және 

 

 

 

Құрылтайшыға тұрақты табысты қамтамасыз ету болып табылады.

     Көрсетілген  мақсаттарға қол жеткізу үшін  серіктестік қызметінің келесі  негізгі түрлерін жүзеге асырады:

● жарнамалық және маркетингтік қызметтер;

● сауда және делдалдық қызмет;

● халыққа қызмет көрсету;

● халық тұтынатын тауарларды өндіру;

● сыртқы экономикалық қызмет;

● тәтті тағам және аспаздық бұйымдарды өндіру және сату;

● бар, кафе, ресторан, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындарын, қонақ үйлерді ұйымдастыру;

● сауда-саттық операцияларын  және делдалдық қызметін жүргізу  үшін ауылшаруашылық өнімдерін, қалдықтарын  дайындау, өндіру және өндеу;

● ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық құралдарын өңдеу және өндеу;

● жарнама-ақпарат қызметі;

● қосымша шикізаттарымен өнеркәсіптік қалдықтарын дайындау, өңдеу;

● комиссиялық сауданы  ұйымдастыру;

● Қазақстан Республикасы заңдарына тиым салынған басқа қызмет түрлері.

     Серіктестік  белгіленген тәртіпте алынған лицензияны пайдалану мерзімінде ғана 17.04.1995 ж. заң күші бар ″Лицензиялау туралы″ сәйкес лицензиялауға тиісті қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

     Серіктестіктің құқықтық мәртебесі

     Серіктестік  мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқығын алады.

     Серіктестік  өз қызметін осы Жарғыға, Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңдарына  сәйкес жүргізеді.

     Серіктестік  Қазақстан Республикасының заңдарында  осындай  ұйымдық-құқықтық нысан үшін белгіленген барлық құқықтарды пайдаланады.

     Серіктестік өз міндеттемелері үшін барлық оның иелігіндегі мүлкімен жауап береді. Серіктестіктің Қатысушысы міндеттемелері бойынша жауапты емес және Серіктестіктің іс-әрекеттеріне байланысты шығының өзінің Жарғылық капиталға енгізген салымының құны шегінде көтереді. Серіктестік Қатысушысы міндеттемелері үшін жауапкершілік үшін көтермейді. Қазақстан Республикасы Серіктестіктің міндеттемелері үшін жауапты емес, ал Серіктестік Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін жауапты емес.

     Серіктестік  өз атынан келісімдер жасасуға, мүліктік және жеке-дара мүліктік  емес құқықтарды иемденуге, сот  органдарында талапкер және жауапкер  болуға құқылы.

     Серіктестіктің  дербес балансы болады және  толық шаруашылық есеп жасау, өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеушілік, соның ішінде валюталық өз шығынын өзі өтеушілік негізінде іс-әрекет жасайды. Серіктестіктің фирмалық атауы көрсетілген мөрі, фирмалық таңбасы, фирмалық бланкі болады.

     Серіктестік қолданыстағы заңдарға сәйкес өз мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына, өз қызметінің мақсаттарына және мүліктің пайдаланылуына сәйкес иемденеді, пайдаланады және билік етеді.

     Сеоіктестік  Қазақстан Республикасының аймағында  және шетелдерде филиалдар мен  өкілдіктерді ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға, құқылы. Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы жөнінде және олардың мекен-жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.

Информация о работе «Crocus Multimedia Services» ЖШС-нің қысқа және ұзақ мерзімді активтерін талдауы