Бюджетпен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2015 в 08:31, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – нақты мысалдармен бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- салықтар мәні мен салықтың қызметтеріне түсініктеме беру;
- салық төлемдерінің жіктемесін зерттеу;
- бюджетпен есеп айырысудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- кәсіпорында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;
- бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................5
3 Бюджетпен есеп айырсудың аудитін ұйымдастыру............................45
3.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі................................................................45
3.2. Бюджетпен есеп айырсудың аудиті........................................................51
3.3 Бюджеттік төлемдерді талдау.................................................................56
Қорытынды....................................................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетпен есеп диплом.docx

— 78.53 Кб (Скачать документ)

Жеткізушілер мен мердігерлердің ҚҚС бойынша есеп айырысу толық автоматтандырылған, сонымен қатар резидент емес тұлғалардың қызметі бойынша ҚҚС есебі автоматтандырылған. ҚҚС–тың есебін жүргізуде ҚҚС–ты есептеудің барабарлық және бөлек есептеу әдістерін қолдануға мүмкіншілік бар. «Салық кезеңі (есептік тоқсан) барысында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот–фактуралар тізілім» формасын толтыру толық автоматтандырылған.

Бағдарлама салық салудың жалпы жүйесіне негізделген. Салық есебін жүргізу мақсатында бағдарламаға арнайы салықтық шоттар жоспары енгізілген. Бұл бухгалтерлік есеп пен салық есеп бойынша мәліметтерін 12 ХҚЕС стандарты бойынша сәйкестендіруге  мүмкіншілік туғызады.

Салық есебінің мәліметтері бойынша автоматты түрде салықтық реестрлер құрылып және декларацияны толтыру үшін салықтар бойынша ақпарат жинақталады.

Компьютерлік технологиялардың озық жүйелерін қолдану арқылы есепті тиімді жүргізумен қатар серіктестіктің жоспарлауына да үлкен әсерін тигізеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Бюджеттің қайнар көзі – салықтар саналады. Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан түсетін міндетті төлемдері.

Салық жүйесі экономиканың ең басты салаларына, яғни ауылшаруашылық саласына, жеңіл және ауыр өнеркәсіп саласына, шағын және орта бизнес саласына оңтайландырылған жеңілдетілген, әрі тиімді етіп құруда бірнеше кезеңнен өтті. Салық жүйесінің өзгерістерге ұшырауының себебі, нарықтық экономика бізге жеке кәсіпкерлік пен өндіріс саласын дамыту арқылы ғана экономиканың тұрақты дамуына, жалпы ішкі өнімнің өсуіне, халықаралық сауда қатынастарына түсуге, тәуелсіз дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға негізгі жол екендігін көрсетті. Сондықтан қазіргі салық жүйесі келесі принциптерге негізделгені дұрыс болып саналады:

  • салықты жинау жүйесі өте ықшам, оған жұмсалатын шығындар мүмкін болғанша төмен, ал тиімділігі жоғары болуы қажет;
  • салықты төлеу процедурасы төлеушілер үшін ыңғайлы, көп уақыт алмайтыны болғаны дұрыс;
  • салықтың салмағын шамадан тыс арттырып, кәсіпкерлердің белсенділігіне нұқсан келтірмеуге тырысу керек;
  • салық салу принципі өндіріс шығындарын арттырып, өндіріс көлемінің өсуіне, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтың өтімділігіне кедергі болмауы өте маңызды;
  • салықты салу процесі конъюктуралық және жұмыстылық саясатының іске асырылуына сәйкес ұйымдастырылуы қажет;
  • салықтарды алу принциптері, сонымен бірге, табыстың мүмкін болғанша әділетті болу принципіне жақын болғаны дұрыс;
  • құрамындағы әрбір салықтың мақсаты нақты анықталған біртұтас салық жүйесін қалыптастыру өте маңызды.

Салық салу жүйесін оңтайландыруда биылғы жылы салық жүйесіне біршама өзгерістер еңгізілді. Бұл өзгерістерді еңгізудің себептері болып салық төлеуден жалтарушыларды көлеңкеден шығару, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау, салықтық түсімдердің уақытында бюджетке түсуіне жол ашу, салық ауыртпашылықтарын жеңілдету.

Жыл сайын салық жүйесін жаңадан құру әр мемлекетте болатын күрделі процесс. Оның күрделі процесс болуына қарамастан ол өзгеріп отырады және өзгеріп отыруға тиісті.

Мемлекетте салық жүйесін жетілдіргеннен бері жеке кәсіпкерлік дамып, заңды тұлғалар көбейіп келеді. Бұның салдарынан жұмыссыздық азайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бюджетпен есеп айырысу бойынша салықтық міндеттемелерді өтеу жағдайын нақты кәсіпорының мәліметтері негізінде талдау жасау. 

Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:

  • салық салудың теориялық және әдістемелік негіздерін талдай отырып, жалпы салық жүйесінде салықтардың рөлі мен маңызын анықтау;
  • қолданыстағы заңды және жеке тұлғаларға салынатын салықтарының мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы ықпалын анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау  жасау;
  • тікелей мен жанама салықтар бойынша есебінің дұрыс ұйымдастырылғаны мен Салық кодексіне сәйкестігін тексеру;
  • Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдіру бойынша негізделген тәжірибелік ұсыныстар беру.

Орындалған жұмыстың объектісі болып «Бақтыбаев» ЖК-гі  табылады.

Зеттеру барысында кәсіпорынның толық өндірістік-ұйымдастырушылық сипаттамасы, қызметіне қаржылық және салықтар бойынша жыл бойы есептелген және бюджетке төленген салықтарға, олардың жыл соңында қалған қалдықтарына талдауы жасалды.

«Бақтыбаев» ЖШС  активтері әр жылы артып жатыр. Бұл өсім ұзақ мерзімді активтерінің өзгерісінен болып отыр. Ұзақ мерзімді активтердегі өзгеріс негізгі құралдардың құнының артуымен түсіндіріледі. Негізгі құралдар құнының артуынын себебі, кәсіпорын тұрғын үйлер, әлеуметтік саладағы ғимараттарға қызмет көрсету барысында жыл сайын құралдар, техникалық көліктер  сатып алынып отыр.

Кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер әртүрлі мәндерге ие болып отыр. Бұл үш жылда да мүлік пен негізгі құралдардың коэффициенттері шекті мәнен жоғары. 2009 жылы активтер құнының 85% өндірістік бағыттағы мүліктен құрылады. Негізгі құралдардың нақты құнының, жарамдылық пен негізгі құралдардың тозу коэффициенттері салыстырылған үш жылда да талаптарға жауап береді.

«Бақтыбаев» ЖШС-нің капитал көздерінің басым бөлігін меншікті капитал үлесін алып жатыр. Әрине бұл субъект үшін оң фактор болып отыр, өйткені кәсіпорын өз міндеттемелерін уақытында толығымен орындауға тырысады. Меншікті капитал құнын арттыру мақсатында жарғылық  капиталға салымдар көбейді. Өз кезегінде кәсіпорын үшінші жақтан қарыздарды алуды азайтты, бірақ соңғы жылы, кәсіпорынға қызметін толық көлемде орындау үшін қаражат жетіспегендіктен сыртқы көздерден қарыз  алып, бюджет алдында да міндеттемесі пайда болды, тартылған капит ал сомасы  көбейді.

Серіктестік төлеген салықтардың сомасы да жылдан жылға артып келеді. Бұл салық ставкаларының төмендеуіне қарамастан артуда, яғни кәсіпкерліктің дамуы біршама болса да байқалады.

Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде кәсіпорынның бюджетпен қарым-қатынасы талданған. Әрбір салық түрі бойынша есептелген мен бюджетке төлегне сомалардың арасындағы айырмасы мен жыл соңында салықтар бойынша қалдықтар көрсетілген.

Сонымен қоса, бюджетке түсетін салықтар мөлшерінің артуы және ол кәсіпорынның жағдайына әсері тимейтіндей естіп салық жүйесін жасауды ұсынылған. Салық жүйесін дамыту әлі бірнеше кезеннен өтеді және ол болшашақта заңды тұлғалардың табыстарына қоғам дамыған сайын тиімді болады.

Жұмыста талданған мәліметтерді  есекере отырып, мынандай ұсыныстар жасауға болады:

  • кәсіпорын ішінде ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру;
  • басқару есебіне көбірек көңіл бөле отырып, табыстарды бөлу жоспарын келтіру;
  • салық кодексінің шеңберінде  кәсіпорын төлеп жатқан қосылған құн салығын төмендету;
  • әлеуметтік салығы бойынша медициналық сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру мөлшерлерін дұрыс есптей отырып, салық сомасын төмендету;
  • несиелер мен қарыздарды мүмкіндігінше уақытында өтеу мен көлемін азайту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу