Бюджетпен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2015 в 08:31, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – нақты мысалдармен бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- салықтар мәні мен салықтың қызметтеріне түсініктеме беру;
- салық төлемдерінің жіктемесін зерттеу;
- бюджетпен есеп айырысудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- кәсіпорында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;
- бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................5
3 Бюджетпен есеп айырсудың аудитін ұйымдастыру............................45
3.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі................................................................45
3.2. Бюджетпен есеп айырсудың аудиті........................................................51
3.3 Бюджеттік төлемдерді талдау.................................................................56
Қорытынды....................................................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетпен есеп диплом.docx

— 78.53 Кб (Скачать документ)

-ұйымдардың  бюджет алдыңдағы міндеттемелердің  орындалуының уақытылы мен толықтығын  қамтамасыз ету;

-қаржы ресурстары  өсуінің ішкі өндірістік резервін  табу;

-ресурстардың  барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептілік жасауға және басқаларға  жәрдемдесу.

Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі болып табылады. Бақылаудың пәні – қаржы көрсеткіштері(табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары).

Қаржылық бақылауды ұйымдардың экономикалық қызметі, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.

Қаржылық бақылауды ұымдастыру. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Қазақстан Республикасының қазірігі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілеріне, мақсаттарына, міндеттері мен функционалдық арналымына қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.

Аудиторлық бақылау (аудит). Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылау дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес ұйымдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау есеп саласында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр.

Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты ұйымдардың бухгалтерлік есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста аналитикалық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді.

Аудит дамуының тарихының  басталуы Ұлыбританияда, мұнда 19 ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда «Міндетті аудит туралы» заң шықты. Францияда мұндай заң 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-қарашасынан бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастырды реттейді.

Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. [24] Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, аудитке қоса, өз әрекетінің бейімі бойынша өзге де қызметтер көрсете алады.

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар. Оқытушылық, ғылыми және өзге де қызметті қоспағанда, аудиторлардың кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуға тыйым салынады.

Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады:

-тәуелсіздік;

-объективтілік;

-кәсіби біліктілік;

-құпиялылық;

       Аудит – жүргізілген қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыстығын және олардың Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкестігін бағалау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі аудиттелетін субъектілердің) қаржылық есептілігін және өзге де құжаттарын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тәуелсіз тексеруі.

         Аудиттің түрлері – міндетті аудит және бастамашылық аудит.

Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізіледі.

Бастамашылық аудит аудиттелетін ұйымның бастамасы бойынша аудиттелетін ұйым мен аудитордың, аудиторлық ұйым арасындағы аудит жүргізуге арналған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті, тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақсатн Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқара алатын және өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық ұйым болып табылады.

Аудитор – бұл ұйымдардың қаржы-шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде, немесе аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде қызметін жүзеге асыруға құқылы.

Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттар, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызмет қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар:

-аудиторлық  қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық  қызметінің тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілетін қамтамасыз  етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға  бағытталған. Тексеріс қызметі бірнеше  кезекте мемлекеттің мүддесін  қорғайды, бұзушылықтарға ықпал  етудің сан алуан түрлерін  қолдана отырып, ұйымдардың заңдары, нормативтік актілерінің сақталуын  қамтамасыз етеді;

-аудит кезінде  тексеруші ұйым мен бақылаудың  объектісі арасындағы байланыстар  көлденең, ерікті келісім-шарт негізінде  болса, тексеру жүргізгенде тік, әкімшілік белгілеу ретінде болады;

-аудиторлық  қызметті клиент немесе оның  келісімімен аудиторлық қорытындыны  алуға мұқият болып отырған  орган төлейді. Тексерістерді жоғарғы  орган немесе мемлекет төлейді;

-аудиторлық  тексерудің тиімділігін тиісті  бақылаушы орган анықтайды;

-аудиторлық  тексерудің нәтижелері клиентке  арналған аудиторлық қорытынды  мен ұсыныстар да қамтылып  көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері  бойынша акт жасалады, онда бақыланатын  ұйымдық түйіндер, жазалау, міндетті  нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;

-аудиторлар  алған ақпарат пен аудит нәтижелерінің  құпиялығын қамтамасыз етуге  тиіс, ревизорлардың оларды жария  етуіне құқығы бар.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан. Оны Қазақстан Республикасының алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым «Қазақстанаудит» компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік консультациялар, қаржы-шаруашылық қызметті талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдегі кәсіби қызмет және басқалары – компания көрсететін қызметтердің толық емес қызметтер тізбесі осындай. «Қазақстанаудит» компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаларын бұлжытпай сақтайды.

Аудитордың міндеті – ұйымның қаржылық есептілігінің дұрыстығын және есептің белгіленген ережелеріне сәйкес келетінін растайтын кәсіби аудиторлық қорытынды жасау, ол аудиттің стандарттарына сәйкес болуға тиіс.

Аудит жүргізуде қалыптасқан пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

-Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;

-Ескертулері  бар (шартты) аудиторлық қорытынды;

-Аудиторлық  қорытынды беруден бас тарту;

-Теріс аудиторлық  қорытынды. [22]

Аудиторлық қорытындының құрылымы мынандай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың (аудиторлық ұйымның) мекен – жайы, аудитордың қолы.

 Қорытынды есептің аты. Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудитолық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы

мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принцптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудитордың қорытынды есептернің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.

 Адрес иесі (Адресат). Аудиторлық қорытынды есеп жергілікті ережелер мен келісім – шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есеп акционерлерге, не болмаса қаржылық қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорынның директорлар кеңесіне арналып құрылады.

 Аудиторлық  қорытынды есеп кәсіпорынның  тексерілген қаржылық қорытынды  есебіне қарастырылған мерзімді  және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен  бірдей болуға тиісті.

 Қорытынды  есепке қаржылық қорытынды есептің  ақпараттарына кәсіпорын басшылары  жауап беретіндігі, онымен бірге  аудитордың жауапкершілігі жүргізілген  аудиттің негізінде қаржылық  қорытынды есеп жайында өзінің  қорытындысын беру болып табылатындығы  туралы пікірлер кіруге тиісті.

 Қаржылық  қорытынды есеп – кәсіпорын  басшылығы дайындап тапсырған  ақпараттар. Ондай қорытынды есепті  дайындап, басшылықтан елеулі есептік  бағалаулар жүргізуді және пікір  білдіруді, сонымен бірге қаржылық  қорытынды есепті дайындау кезінде  пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік  принциптер мен әдістерді анықтауды  талап етеді. Және оған қарама  – қарсы, аудитордың міндеті сол  қаржылық қорытынды есеп бойынша  өзінің қортындысын беру мақсатында  оған аудит өткізу болып табылдады.

  Аудиттің масштабын анықтау. Аудиторлық қорытынды есепте аудитің Халықаралық аудит стандартына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады. Ақпаратты пайдаланушыға ол аудиттің жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға немесе тәжірибеге сәйкес орындалғандығының дәлелі ретінде керек.

 Аудиторлық  стандарттар немесе тәжірибе  ретінде, егерде тек басқа стандарттар  немесе тәжірибе ескеріліп айтылмаған  болса, аудитордың адресінде көрсетілген  стандарттар немесе елдің тәжірибесі  есептелінеді.

Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдаулар болуға тиісті.

 Аудиторлық  қорытынды есепте төмендегілер  кіретін аудиттің жазбаша суреті  болуаға тиісті:

-қаржылық  қорытынды есепте ашылған көрсетілетін  ақпараттардың сомаларын растау  мақсатында дәлелеудерді тестілеу  негізінде тексеру жүргізу;

-қаржылық  қорытынды есепті дайындау кезінде  басшылық бухгалтерлік есеп жүргізу  принциптерін бағалау;

-қаржылық  қорытынды есепті дайындау кезінде  басшылық жүргізген маңызды алдын  – ала бағалауларды талдау;

-жалпы қаржылық  қорытынды есепті дайындап тапсыруды  бағалау.

 Қорытынды  есепке аудиттің қорытынды жасау  үшін қолайлы негізді қамтамасыз  ететіндігі туралы аудитордың  пайымдауы кіруге тиісті.

 Қорытынды жасау. Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.

 Аудитарлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын « дұрыс және дәл көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілірі бойынша дәлберілген» терминдері бір – бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.

 Қаржылық  қорытынды есеп дайындап тапсыру  негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен  сәйкес келетін елдегі жалпы  тәжірибенің дамуымен және жергілікті  заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды «  дұрыстық» түсінігім пайдаланылатын  контекс (мағына) жөнінде хабардар  ету үшін аудиторлық қорытынды  «Халықаралық аудит стандарттарына  сәйкес» деген сөйлемді пайдалана  отырып, қаржылық қорытынды есепті  дайындап тапсыру негізін көрсетуге  тиісті.

 Есеп беру мерзімі. Аудиторлық қорытынды есебінде қойылыатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл – аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандығы туралы оқырмандарды хбардар етеді.

 Аудитордың адресі (мекен-жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт (әдете қала) көрсетілуге тиісті.

 Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылдады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу