Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2015 в 08:31, дипломная работа
Зерттеу жұмысының мақсаты – нақты мысалдармен бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- салықтар мәні мен салықтың қызметтеріне түсініктеме беру;
- салық төлемдерінің жіктемесін зерттеу;
- бюджетпен есеп айырысудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- кәсіпорында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;
- бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.
КІРІСПЕ............................................................................................................5
3 Бюджетпен есеп айырсудың аудитін ұйымдастыру............................45
3.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі................................................................45
3.2. Бюджетпен есеп айырсудың аудиті........................................................51
3.3 Бюджеттік төлемдерді талдау.................................................................56
Қорытынды....................................................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................66
КІРІСПЕ.......................
3 Бюджетпен есеп айырсудың
аудитін ұйымдастыру...........
3.1 Аудиттің мәні және
3.2. Бюджетпен есеп айырсудың
аудиті........................
3.3 Бюджеттік төлемдерді талдау........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті», - деп атап өтті. Бұл Қазақстан Республикасының салық саясатының ұтымды құрылуы себебінен де болып отыр.
Бюджет жүйесінің негізін салықтардың құрайтыны белгілі. Салық – қаржылық ғылымдарындағы негізгі түсініктерінің бірі. Сондықтан да оның мәнін, міндеттері мен мақсаттарын оқудың маңызы зор.
Салықтар – мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзілетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық пен бюджетке төленетін басқа төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі – бухгалтерия қызметтерінің бірі болып табылады. Бухгалтерия – әр кәсіпорынның жүрегі, осы салықтық өзгерістерге өте сезімтал келеді. Салық жүйесінің құрылымы ұйымның қызметін жоспарлау мен болжауда шешуші роль атқарады.
Зерттеу жұмысының мақсаты – нақты мысалдармен бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- салықтар
мәні мен салықтың
- салық төлемдерінің жіктемесін зерттеу;
- бюджетпен
есеп айырысудың теориялық
- кәсіпорында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;
- бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.
Жұмыстың зерттеу объектісі – «Бақтыбаев» ЖК.
Зерттеудің ақпараттық базасын бюджетпен есеп айырысу есебі бойынша Қазақстандық және шетел авторларының еңбектері; осы саланы реттейтін нормативтік–құқықтық актілер; «Бақтыбаев» ЖК–нің жылдық қаржылық есептіліктері мен бюджетке төленетін төлемдердің есебі құрайды.
Дипломдық жұмысты орындау барысында экономика ғылымының баланстық, экономикалық–статистикалық, монографиялық және бухгалтерлік есептің өзіндік әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы қолданылды.
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бюджетпен есеп айырсудың аудитін ұйымдастыру
1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі
Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған соң өзінің салық жүйесін қалыптастыруға қажет болды. Мемлекет салықтар тек қана бюджеттік кіріс жағын құрып қоймай, сонымен қатар экономикаға реттеу жүргізіп отырады.
Бюджеттік-қаржылық жүйе мемлекеттің – бюджет пен бюджеттік емес қорларды, қаржылық ресурстарын құрастыру мен қолдану жөні бойынша қатынасты өзіне қосады. Салықтар тауарлық өндіріспен, қоғамның класстарға бөлінуімен және әскер, сот және басқа қажеттіліктерді ұстау үшін қаражатты қажет ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты.
Мемлекеттік бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бекітіп, пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл–ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі жеке және заңды тұлғалардан алынған салықтық түсімдерден құрылады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасыньщ басқа да заң актілерінің арасында қайшылыктар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салыктық емес зандарға енгізуге тыйым салынады.
Салықтық міндеттемелердің пайда болуы – заңдылықтың әр түрлі фактілермен ара–қатынасынан пайда болады: мүлікті иемдену, тауар өткізу, қызмет көрсету, табыс алу және т.б. Салық пен басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі нормативтік базалармен реттеледі. Кәсіпорынның салық есебі Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңының ережелеріне сәйкес жасалынуы тиіс және де осы заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi.
Салық салудың негізгі мақсаты – белгілі бір территорияда заңда көрсетілген мөлшерлемеге сәйкес салық алу ғана емес, сонымен қатар салықтың барлық құраушы элементтерін (салық төлеуші, салық базасы, салық салу объектісі, салық кезеңі және т.б.) анықтау болып табылады. Осы механизмнің дұрыс құрылуы салық қызметінің негіздері мен салық салудың принциптеріне негізделуі тиіс. Бұл салықтың қызметі мен мәнін, олардың қоғамдық өндірістегі ролі мен жалпы салықтың экономикадағы әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Еліміздегі салық нормаларының өзіндік құрылу ерекшеліктеріне байланысты мемлекет өзінің нормативтік базасын құруға мәжбүр болды, бұл нормативтік базаның көмегімен салық жүйесінің құрылу мен салықтық қарым–қатынастардың құқықтық реттелуі, белгілі салық түрлері мен төлемдердің есептеу мен төлеу тәртібін бір жүйеге келтіру мақсатында Қазақстанда Салық Кодексі қабылданды.
Сөйтіп, қаржылық бақылау ұйымдар мен аудитордың, аудиторлық ұйым арасындағы аудит жүргізуге арналған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит сыртқы және ішкі болу мүмкін. Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз нысаны, ішкі – ұйымды бақылаудың ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит ұйымның тілегі бойынша және шартымен жасалады.
Аудит мынадай деректі стадиялар бойынша жүргізіледі:
-жоспарлау (тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеумен);
-аудит объектісі туралы ақпарат алу және оны бақылау;
-аудит рәсімін
жасау және бағдарламаны
-бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттілеу;
-аудит рәсімін жүргізу;
-аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған «Аудитор біліктілігінің берілуі туралы» куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез-келген ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.
Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті, тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Аудитор – бұл ұйымдардың қаржы-шаруашылық және коммерциялық аудиторлық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйыдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде, не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттеріне ұқсас: тексерілетін ақпараттардың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау. Сонымен бірге аудитоық қызмет қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар;
-қаржы ресурстарын
неғұрлым тиімді пайдалану, салалар
мен аймақтардың қаржы
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді. Құрама (жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық) қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың пәні болып табылады. Әр түрлі қаржылық есептердің, жоспарлардың өндірістік көрсеткіштері талданып, қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік, сақтық, банктік қадағалау түрінде болады.
Салықтық бақылау түсімдердің бюджетке толық және дер кезінде түсуін, ұйымдардың салықтар мен алымдар туралы қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз етуге шақырады. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдар, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және аналитикалық қызметтің мынандай түрлерімен қамтылған: елдің негізгі қаржы жоспарының мемелекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылыу; қаржылық ақпараттарды, соның нәтижесінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпараттарды талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау, шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтердің орындалуы бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуы қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, сысрыптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын ұйымдарда, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін кәсіпорындарында жүзеге асырады.
Банктік қадағалау несие ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында ұйымдардың кассалық тәртіпте сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айрысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік бақылаумен несие-есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық ұйымдар қамтылған.
Сақтандыру саласында қаржылық бақылау мемлеекттік сақтық қадағалау нысанында сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операциялардың дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңның талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
-ұйымдардың
қаржы саласындағы қолданылып
жүрген заңдардың сақталуын