Бюджетпен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2015 в 08:31, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – нақты мысалдармен бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- салықтар мәні мен салықтың қызметтеріне түсініктеме беру;
- салық төлемдерінің жіктемесін зерттеу;
- бюджетпен есеп айырысудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- кәсіпорында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;
- бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................5
3 Бюджетпен есеп айырсудың аудитін ұйымдастыру............................45
3.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі................................................................45
3.2. Бюджетпен есеп айырсудың аудиті........................................................51
3.3 Бюджеттік төлемдерді талдау.................................................................56
Қорытынды....................................................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетпен есеп диплом.docx

— 78.53 Кб (Скачать документ)

 

1.2. Бюджетпен есеп айырсудың аудиті

 

Салықтық төлемдерді есептеу мен төлеу кезінде нормативтік салықтық актілердің және оларға енгізілетін өзгертулердің өте үлкен көлеміне, бухгалтерлік персоналдың біліктілігінің төмендігіне, сату бойынша операциялардың дер кезінде және толық көрсетілмеуіне, салықтар сомасын есептеу кезінде жіберілген арифметикалық қателерге т.б. себептерге байланысты ауытқулар кездеседі.

Бұларды дұрыс анықтай білу үшін аудитор ең алдымен кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын зерттейді, яғни корпоративтік табыс салығын есептеудегі табысты анықтау әдісін (кассалық және есептеу)  мүліктің (оның ішінде жер салығы) салықтық есебіне, ТМҚ бағалау әдістеріне, негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдісіне, жеке табыс салығын есептеу көңіл бөледі.

 Тексеру  кезінде қайта есептеу, қарама-қарсы  тексеру, операциялардың заңдылығы  тұрғысынан тексеру әдістері  қолданылады. [24]

Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын  жалпы мәселелер мыналар болып табылады:

-салық салынатын  негізгі анықтаудағы толықтығы  және дұрыстығы;

-салық мөлшерлемесінің  және басқа төлемдерді қолданудың,сондай-ақ  төлемді есептегенде арифметикалыө  есептің дұрыстығы;

-жүргізілетін  есептеулердің заңдылығы мен  негізділігі және салық  төлеуде  жеңілдіктерді қолдану;

-салық инспекциясына  төлем түрлері бойынша есеп  беруді ұсынуды құрастырудың  дұрыстығы мен өз уақыттылығы;

-бюджетпен  есеп айырысудың талдамалық және  жинақтамалы  есебін  жүргізу дұрыстығы;

-талдамалық  және жинақтамалы есептер жазбаларының  Бас кітаптағы және субьекті  балансы жазбаларымен сәйкестігі. Аудитор әрекет етуші заңдарды  мұқият зертеу негізінен салық  төлеу негізі мен салық мөлшерлемесінің  өзгеруінің салық төлеуде  жүргізілген есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен тексеруі тиіс.

 Аудиторлық  тексерудің жалпы бағдарламасын  кестеден көруге болады.

 Осы сызбаға  сәйкес тексеру барысында келесі  жағдайлар бақылауға алынады:

- салық декларацияларындағы  көрсеткіштердің бухгалтерлік есеп  мәліметтеріне сәйкестігін тексеру (тексеру декларацияларының әрбір  формасы бойынша жүргізіледі

- талдамалық  және топтамалық шоттар бойынша  салық салу базасы анықталады;

- салық салу  базасының қалыптасуына әсер  ететін қаржылық-шаруашылық операциялардың  бухгалтерлік есепте дұрыс және  толық көрсетілуі;

- тауар алмастыру  операциялары бойынша тауар бағаларының  дұрыс қолдануы;

- заң талаптарымен  қарастырылған салық ставкаларының, жеңілдіктердің дұрыс қолданылуын  тексеру (КТС -20%, ЖТС-10%, ҚҚС 12%, әлеуметтік  салық 11%).

 Тексеру  нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалуы  қажет, мысалы: алдағы кезеңге есеп  жүргізу саясатына өзгерістер  енгізу, негізгі емес қызмет түрлері  бойынша шығындарды қысқарту, калькуляция  баптарының құрылымын рационализациялау.

Бюджетпен есеп айырсуды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:

  а) салықтардың  көлемінің құқықтық-нормативтік  акті талаптарына сай болуын;

  ә) салықтар  мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;

  б) бухгалтерлік  есепте салықтар шамасына ықпал  ететін операцияларды көрсетудің  және қолданған корреспонденциялардың  дұрыстығы тексеріледі.

Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:

3110 — «Төленуге  жататын корпоративтік табыс  салығы»;

3120 — «Жеке  табыс салығы»;

3130 — «Қосылған  құн салығы»;

3140 — «Акциздер»;

3150 — «Әлеуметтік  салық»;

3160 — «Жер  салығы»;

3170 — «Көлік құралдарына салық»;

3180 – «Мүлік  салығы»;

3190 — «Басқа да салықтар».

Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды, яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.

3110 “Корпоративтік  табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі.  Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер  4310 шотта есепке алынады.

Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына  3120 «Жеке табыс салығы»  шот кредиттеледі және 3030, 3350 және басқа шоттар дебеттеледі.

3130 — «Қосылған  құн салығы» шоты бюджетпен  қосылған құнға салық бойынша  есеп айырысулар жөніндегі операцияларды  көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.

3130 — «Қосылған  құн салығы» шотының кредиті  бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың  дебетімен корреспонденциясында  сатып алушылар мен тапсырыс  берушілерге өткізілген өнім  және басқа да активтер үшін  көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі,  ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т.б.) шоттарымен корреспонденциясында – бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі.

Акциздік салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот  дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160  шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160  шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160  шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі.

Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты  дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі. Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал – ордерде бейнеленеді.

Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:

3210 — «Әлеуметтік  салық бойынша міндеттемелер»;

3220 – «Зейнетақы  қоры бойынша міндеттемелер»;

3230 – «Басқадай  міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер»;

3240 – «Басқадай  ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер».

Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша – оның азаюы көрсетіледі.

Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар 3210 — «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер» шотының кредиті және ұйымның шығын шоттарының (7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410) дебеті бойынша бейнеленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау  3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыз» шотының дебеті және 3220 «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер» шотының кредитімен көрсетіледі. Басқа міндетті бөлулер (жинақтар, баж салығы, төлемдер)  3230 «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер» тобы сәйкес шоттарының кредиті және 1310, 1330, 1350, 2410 шоттарының дебеті бойынша есепке алынады. Ерікті төлемдер есебі үшін  3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» шоты пайдаланылады.  Мұнда  мүліктерді сақтандыру және негізгі және көмекші өндірістер жұмысшыларын сақтандыру төлемдері есептелінеді. Көрсетілген сомаларға 3240 шот кредиттеледі және 8410 «Үстеме шығындар» шоты дебеттеледі.

 

 

1- кесте Бюджетпен есеп айырсудың аудитінің бағдарламасы

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

                      1

                    2

1. Баланс көрсеткіштерінің Бас  кітап мәліметтеріне сәйкестігін  тексеру

Баланс, 3110,3120,3130,3140,3150,

3160,3170,1380,3190 шоттары бойынша  мәліметтер, Бас кітап

2.Салықтарды есептеудің дұрыстығын  тексеру

Қолданылып жүрген заңнама, бухгалтерлік құжаттар, машинограмма, бухгалтерлік анықтама

3Құжаттардағы есеп көрсеткіштерінің  анықтығын, толықтығын және арифметикалық  есептеліну тәсілдерінің  дұрыстығын  тексеру

еңбек ақы есептеу ведомості, кассалық төлем ведомості,  төлем тапсырмалары тағы басқалар

4.Салықтар қозғалысының синтетикалық  және аналитикалық есебін жүргізудің  дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 5, 8,10, журнал-ордер, жеке табыс салығын есептеу бойынша қызметкерлердің есеп карточкалары, корпортавтік табыс салығы жер салығын есептеу құжаты, салықтарды аудару төлем тапсырмалары, және т.б.

5.Қолданыстағы заңнамамен  салыстырғандағы  бюджетке аударылған салықтар  есебінде анықталған ауытқуларды  жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу  мен негіздеу

Аудитордың тұжырымдамасы, есептеулері және ұсыныстары


    Ақпарат көзі: [24]     

 

Аудитор салық есептілігінен қателіктер тапқан, салық есептілігінде келтірілген мәліметтердің арасынан қайшылық табылған, сондай – ақ шағын бизнес субъектілері үшін көзделген щарттарды асыра пайдаланған кезде қолданыстағы салық Кодексіне сәйкес салық төлеушіге жіберілген қателіктерді өз бетінше жоюы үшін хабарлама жіберіледі.

Бюджетпен есеп айырсуы тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы аудиторлық қорытындыда тиісті тұжырымдама беріледі.

Аудиторлық қорытындыға қажетті құжаттардың көшірмелері, салық қызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп – қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

 Аудиторлық  қорытынды кем дегенде екі  дана етіп жасалады және тексеруді  жүргізген лауазымды адамдары  қол қояды. Актісінің бір данасы  шаруашылық субъектісіне тапсырылады, ол аудиторлық қорытындыны алған  кезде оны алғаны туралы белгі  қоюға міндетті.

 

1.3 Бюджеттік төлемдерді  талдау

 

Мемлекеттік бюджет –  жалпы мемлекеттік тұрғыдан бекітіп, пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл–ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.  Сондықтан да әрбір кәсіпорын өзінің бюджет алдындағы берешегін уақытылы, әрі шынайы барлық салықтарды бюждетке төлеуі тиіс.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Оыс белігленген мақсатты орындау үшін бюджет түсімдерін талдау қажет. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор.

Қазақстан Республикасындағы салық төлеу міндеттемесі азаматтардың конституциялық міндеттемесіне енгізілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана салық төлеу емес, сонымен бірге алымдар және басқа да міндетті төлемдер туралы айтылған.

«Бақтыбаев» ЖКнің қысқа мерзімді міндеттемелердің құрылымы мен құрамына және өзгеру тенденциясы  2–кесте келтірілген.

 

2 кесте –   Қысқа мерзімді міндеттемелердің құрамы мен құрылымы, жыл соңына

Көрсеткіштер

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2011/

2009, %

тг

%

тг

%

тг

%

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

140500

32,2

150200

43,9

205000

48,6

145,9

Салық бойынша міндеттемелер

125800

28,9

85000

24,8

124700

29,5

99,1

Басқа да міндетті төлемдер

25600

5,9

35600

10,4

26500

6,3

103,5

Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз

122200

28,0

42800

12,5

30800

7,3

25,2

Басқа міндеттемелер

21800

5,0

28500

8,3

35000

8,3

160,6

Барлығы

435900

100,0

342100

100,0

422000

100,0

96,8

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу