Бюджетпен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2015 в 08:31, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты – нақты мысалдармен бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- салықтар мәні мен салықтың қызметтеріне түсініктеме беру;
- салық төлемдерінің жіктемесін зерттеу;
- бюджетпен есеп айырысудың теориялық аспектілерін қарастыру;
- кәсіпорында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;
- бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................5
3 Бюджетпен есеп айырсудың аудитін ұйымдастыру............................45
3.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі................................................................45
3.2. Бюджетпен есеп айырсудың аудиті........................................................51
3.3 Бюджеттік төлемдерді талдау.................................................................56
Қорытынды....................................................................................................63
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бюджетпен есеп диплом.docx

— 78.53 Кб (Скачать документ)

          Ақпарат  көзі: «Бақтыбаев» ЖК есетпілігі 2009-2011 ж.ж.

 

2-кесте мәліметтері негізінде 2011 жылы серіктестіктің  қысқа мерзімді міндеттемелері 422000  теңгені құрайды. Оның сомасы 2009 жылмен салыстырғанда 3,2%–ға кеміген. Міндеттемелер ішінде ең көп үлесті қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, салық бойынша міндеттемелер құрайды. 2011 жылдың бюджет алдындағы салықтық міндеттемелері 124700 теңгені құрайды, ол барлық міндеттеменің 29,5%-ы.  Ал басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер 26500 теңгені құрайды, ол жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығынан құрылған.

Кәсіпорын осы салықтарды заңнамаға сәйкес төлеу үшін салық саясатына негізделіп жасайды.

Жыл бойы есептелген салық пен бюджетке төленген салықтардан жыл соңында салық бойынша қалдық қалады. Егер кәсіпорын салық органдарының есебі бойынша шыққан сомадан көп төлеген жағдайда кәсіпорынның салық бойынша қалдығында оң қалдық қалалы. Ол келесі кезеңнің есептелген салықтан шегеріліп тасталады.

«Бақтыбаев» ЖК–нің 2009-2011 жылдарға есептелінеген салықтардың құрамы мен құрылымы және динамикасы 12–кестеде бейнеленген.

 

3 кесте – «Бақтыбаев» ЖК бюджетке төленген  салықтық төлемдердің  динамикасы

 

Салық түрлері

Сомасы, мың тг

2011–2009жыл. +-

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

мың теңге

%

КТС

2145

1845

1215

-930

-43,4

ЖТС

1025

1450

1310

+285

+27,8

Әлеуметтік салық

1085

1540

1456

+371

+34,2

Мүлік салығы

560

584

594

+34

+6,1

Жер салығы

112

108

105

-7

-6,3

Көлік құралы салығы

85

96

105

+20

+23,5

Барлығы

5012

5623

4785

-227

-4,5


          Ақпарат  көзі: «Бақтыбаев» ЖК есетпілігі 2009-2011 ж.ж.

«Бақтыбаев» ЖК–де 2011 жылы жалпы 4785 мың теңгенің салықтары мен төлемдері төленген. Оның ішінде ең басты үлесті корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық алады. Осы үш салық түрі барлық төленген салықтың 80 пайыздан астамын құрайды.  

Төленген әлеуметтік салығының сомасы 2009 жылы – 1085 мың  тг, 2011  жылы 1456 мың тг құрап отыр, әлеуметтік салық сомасы 371 мың теңгеге не  34,2 пайызға өскен.  Онын себептері – жалақы қорын есептеу үшін жұмысшылар санының өзгеруінен, жалақы деңгейінің өсуінен  және де әр жылы минималды жалақының өзгеруінен туындап отыр.  Сонымен қатар  2011 жылдары әлеуметтік салық  11 пайыздық ставка бойынша төлесе, 2009 жылы 13 пайыздық ставка бойынша әлеуметтік салықты аударды.

Салықтар әр мемлекет бюджетінің ең негізгі құраушы көзі болғандықтан, бүгінгі күнге дейін мемлекетте экономиканың әр түрлі салаларына салық салуды жетілдіру бағытында үлкен жұмыстар жасалынып жатыр.

Экономикадағы әр түрлі салалардың ішінде қазіргі кезде ең маңызды саласы заңды тұлғалар болып табылатын ірі кәсіпорындар мен өндіріс болып табылатындықтан және шикізат шығарушы ел болып қала бермеуіміз үшін Предидент бұл салаға салық салу жүйесі мен салық салу механизіміндегі мәселелерді шешуді және жетілдіруді ең басты мақсат етіп қойды.

Заңды тұлғаларға салық салудағы мәселелердің ең негізгісі болып, салық ставкаларының әр түрлі болуы. Бұның себебінен экономиканың ең маңызды деген салаларының дамуына кері әсер етеді. Сондықтан қазіргі міндет заңды тұлғаларға салынатын салық бойынша салық ставкаларын төмендету немесе салық салудың тиімді әдістерін қолдану. Бірақ заңды тұлғаларға салынатын салықтар бюджетке қанша пайда әкелгенімен, кәсіпорындардың болашағына соншалықты зиян келтіретінін байқау керек. Мемлекет неғұрлым көп алса, кәсіпорындардың жабдықтарын жаңартуларына, өндірісін кеңейтулеріне, сұранысты қанағаттандыруларына, көп жағдайларда өндірісіне де қаражат соғұрлым аз қалады. Заңды тұлғалардан ұсталынатын салықтық түсімдер бюджетке түсіп мемлекет ақпаратын ұстауға, мәдени шараларды жүзеге асыруға, денсаулық сақтауға, яғни мемлекет қажеттілігін қамтамасыз етуге жұмсалуда. Ал кәсіпорындарға бұл үшін кері жауап жоқ.

Мемлекет бюджетінің кіріс бөлімін қалыптастыратын салықтық түсімдердің ішінде маңызды салықтар болып корпоративті табыс салығы және қосылған құн салығы табылады.

Американдық экономист жалпы экономикалық конъюктураны ынталандыру мақсатымен Лаффердің есептеулері бойынша салықтың төмендеуінің нәтижесінде экономикалық өсу және мемлекет табыстарының өсуі орын алады (Лаффердің қисық сызығы). Корпорациялардың  табыстарына  салықтың тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады. Ғылыми технткалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді төмендетеді. Осының нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі 20%-дан жоғары болса, кәсіпорындардың белсенділігі төмендеп, бюджет түсіміне де теріс әсерін береді. Бұл өзгерісті төмендегі 1-суреттен көруге болады:

1-суретте келтірілген сызбадан мемлекеттік бюджетке түсетін корпоративті табыс салығы оның көлеміне елеулі әсерін көруге болады. Алдыңғы жылдары Қазақстан Республикасында КТС мөлшерлемесі жоғары болғанда, бюджет түсімінің аз болғаны байқалады.

 

 

Сурет 1 – Салық мөлшерлемесіне байланысты бюджет түсімінің өзгерісі

 

Бұндай мөлшерлемеде кәсіпорындар өздерінің табыстарын жасырып немесе көленкелі экономика пайда бола бастайды. Ал ең минимум нүктесінде кәсіпкерлер саны шектен асып кетеуі мүмкін. Осы сызықтың мәні, салық төлеушілерге де, мемлекетке де ең тиімді салық мөлшерлемесін анықтау.

Жалпы салық саясатының мақсаты – салық салу базасын кеңейту, әрі жаңа технологияларды пайдалана отырып, салықтық және кедендік әкімшілік жасау сапасын көтеру жолымен мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, сондай-ақ өндірістің дамуын және инвестициялардың өсуін ынталандыру үшін салық және кеден заңнамасын жетілдіру.

Мемлекеттің мақсаты өндіріс саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, аз да болса салық ставкаларын төмендету болады. Өйткені біздің мемлекетімізде салық ставкасы әлі де болса жоғары.

Бюджетпен есеп айырысуда тек салық мөлшерлемелерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар салықтық бақылау технологиясын қарастыру керек.

Қазіргі жағдайдағы салықтық бақылауға жетілдірудің қажеттігі тәжірибе көрсеткендегі төменгі шарттарда байқалады:

  • салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті дәрежеде еместігінен;
  • салықтық бақылау субъектісі мен салық төлеуші арасындағы қарым-қатынастарда кездесетін қиындықтарды, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген онша жақсы емес көзқарастарынан және де салық төлеуден жалтарушылардың негізінен;
  • салықтық бақылау органының қаржылай жеткіліксіз қамтылуынан, яғни салық жинауға байланысты мемлекет шығынын үнемдеу тек экономикалық емес, саяси фактор да болып отыр.

Салықты бақылаудың тиімділігі олардың заңды бұзушылықтарды болдырмауына және салық қарыздықтарын болдырмау мен салық салу объектілерін көбейту арқылы бюджет тапшылығын жою.

Салықтық бақылаудың ақпараттық технологияларын жетілдіруде төмендегідей мәселелерді шешуді мақсат етіп қою керек:

  • әр маманды біліктілігін  арттыру үшін курс семинарлар міндетті түрде өткізіп отыру;
  • компьютерлік бағдарламамен қатар салық заңдарына өзгерістер енуден салық инспекторы мен оны төлеушілердің ара қатынастарын жетілдіру.

Салықта бақылауды жетілдірудің ең негізгі міндеті оның базасы мен саласын кеңейту. Салық салу базасы – Салық кодексі бойынша мемлекеттік орган оның дұрыс есептелінуімен қатар салық салынбай жүрген объектілерді есепке алу.

Егер кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу жағдайы жағынан қарасақ, жыл соңында салық қалдықтары бар екенін көруге болады. Соңғы жылы салық қалдықтарынан қосылған құн салығы, мүлікке салынатын мен әлеуметтік салықтар бойынша қалдық көп болып отыр. Мүлік салығының қалдығы көп болған себебі, кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің ішінен көп бөлігін негізгі құралдар алғаннан. Кәсіпорын қызмет көрсету көлемі жылдан жылға өсіп келе жатқаннан, қызметті орындау үшін негізгі құралдар санын арттырды. Сондықтан салық қалдығының себебі анық.

Кәсіпорында қосылған құн салығы жөнінде қалдықтың бар болуы кәсіпорынға көрсетілген қызметтер сомаларын, құн салығын бухгалтерияда дұрыс есептемегендіктен болуы мүмкін. Салықтың қалдығын азайту мақсатында, сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша жасалған операциялар жөнінде сомалар мен олардан есептелген қосылған құн салығының сомасын дұрыс қойылғандығын тексеру керек. мердігерлік кәсіпорындармен сәйкестендірулер жасау қажет.

Әлеуметтік салықтың өсуіне себеп болып кәсіпорында жұмыскерлердің санының артуы болып отыр. Ал оның қалдығының артуы әлеуметтік салықтың дұрыс есептелмеуінен қалыптасады. Медициналық сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандырулардың пайыздарын Салық кодексіне сәйкес анықтамағандықтан болу себептері бар.

Талдауда көрсетіген ауытқуларды болдырмау үшін кәсіпорынның көрсететін қызметтерден түсетін табыстарды дұрыс тарату керек. Бюджет алдында салықтық міндеттеме бойынша қарыздарының артуы кәсіпорында басқару есебінің дұрыс ұйымдастырылмағандықтан айтаға болады.

Кәсіпорындарда қазіргі кезде ішкі бақылауы дұрыс жүргізілмеген, ал сырттай оны қадағалайтын органдарға мемлекет тексеруге шектеу койылған. Осының себебінен кәсіпорындарда мемлекет алдында берешектері кейінге қалдырылып, жабылмай жатады. Бұдан мемлекеттің бюджеті жоспарлаған мөлшерінен аз болуының себебіде осыдан.

Бюджетпен қарым–қатынасының есебінің ерекшеліктерін ескере отырып, серіктестікте барлық салықтық міндеттемелердің дұрыс жүргізілуі мақсатында серіктестікте әрбір есеп кезеңіне арналған жиынтық ведомостарды жүргізу. Бұл жиынтық ведомостар – салықтық декларациялардың мәліметтеріне негізделген ақпараттардың жиынтығы. Жиынтық ведомость пен салықтық декларациялардың мәліметтерін салыстыра өтіп, қандай салықтық міндеттемелердің бар екендігі және әрбір салық түрлері бойынша міндеттемелердің уақытылы төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру дербес компьютерлер көмегімен жүзеге асырылады. Серіктестікте есеп «1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасына көшуі тиіс. «1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасы осы күнгі заманауи  технологиялық платформада құрылған. Осы бағдарламаның функциялары икемді және типтік конфигурациялардың жетілдіруіне байланысты бухгалтерлік есеп пен салық есебін жүргізудің тиімді базасы болып табылады.

«1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасы – бухгалтерлік пен салық есебін жүргізудің автоматтандырылған бағдарламасы, оның көмегімен міндетті қаржылық есеп беру формаларын даярлауға мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның негізгі артықшылығы – әр түрлі коммерциялық ұйымдарда: көтерме және бөлшек саудада, өндіріс пен қызмет көрсетуші кәсіпорындарда және т.б. есеп беруді автоматтандыруға мүмкіндік береді

«1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасы көмегімен көптеген мәселелерді шешуші құрал болып табылады: алғашқы құжаттарды шығару, қызмет көрсету бойынша операциялар есепті жүргізу және т.б. сонымен қоса әр түрлі саудалық және өндірістік қызмет түрлері бойынша әрбір бөлімше қызметкерлері өздеріне қажетті ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

«1С: Бухгалтерия 8» салық есебіне арналған жеке шоттар жоспарын қолданылуы бухгалтерлік есеп пен салық есебінің ақпараттарын сәйкестендіруді жеңілдетіп, бұл 100.0. «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация» мен  200.0. «Жеке табыс салығы бойынша декларация» сияқты салық есептілігін жасауда тиімді, сонымен қатар кейінге қалдырылған салықтық активтер мен корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері бойынша есепті жүргізуге мүмкіндік береді.  Қосымша құн салығын есептеуде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге: ҚҚС есебін жүргізуде төлеу мерзімін өзгерту мүмкіншілігі, есептеу әдісі арқылы есептелген ҚҚС есебін жүргізу.

«1С: Бухгалтерия 8» типтік операцияларды жүргізуде пайдаланушыға ыңғайлы әр түрлі өзгертулер (настройки) мүмкіншілігі бар, мысалы: жиі пайдаланатын бухгалтерлік жазбалардың топтық енгізілуі – бұл бағдарламаның тиімділігін арттырып, пайдаланушы оңай және оперативті өзгерте алады.

Салық есептілігінінің қайта құрылған, жаңа механизмі пайдаланушыға көптеген салық есептілігінің формаларын: 300.0 «ҚҚС бойынша декларация» және 100.0 «КТС бойынша декларация» сияқты формаларын тиімді, әрі ұтымды жұмыс атқаруға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп пен салық есебінің есеп беру формаларын құру жүйесінің көмегімен есеп берулерді құрумен қатар, оларды қағаз бетіне шығару немесе арнайы файл ретінде сақтап, салық комитетіне беруге мүмкіншілік туғызады. Құрылған есеп беру формаларына қолдан, яғни пайдаланушы өзі түзетулер енгізе алады және «1С: Бухгалтерия 8» бұл өзгерістерді сақтайды. Дайын есеп берулер ақпараттық базада сақталып, оларға кез келген уақытта оңай қол жеткізуге болады және алдыңғы кезеңдердегі есеп берулеріне түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу