Басқадай кредиторлық қарыздар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 08:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде кредиторлық қарыздар теориялық тұрғыдан зерттелініп, түсінігі, түрлері мен тану және бағалау ерекшеліктері қарастырылды. Екінші бөлімде «Шымкент құс» ЖШС кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысулар ерекшілігі қарастырылды. Үшінші бөлімде кредиторлық қарыздар қозғалысына талдау жасалынып, кәсіпорын қызметінінің тиімділігін арттыру бойынша бизнес жоспар жасалынады. Қорытындыда негігі нәтижелер туралы жазылады.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………..…..............
1 Кредиторлық қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері…….
1.1 Кредиторлық қарыздар: түсінігі мен түрлері ………………………..
2 «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС кредиторлық қарыздармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері ......……………………………...
2.1 Кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ...
3 «ШЫМКЕН ҚҰС» ЖШС кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну .......…….…….....................
3.1 Кредиторлық қарыздар айналымын талдау ..….…………………….
Қорытынды ...…………………………………………………………….............
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....……………………………………...........

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 253.50 Кб (Скачать документ)

      Кәсіпорындар  мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған  салықтардан басқа да өзінің  меншігіндегі жерге, көлік құралына  және мүлкіне заңда бекітілген  мөлшерде салық төлеп тұруы  тиіс. Салықтардың бұл түрлері  есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:

      Д-т:  «Жалпы және әкімшілік шығындар»  деп аталатын шоты,

      К-т:  «Жер салығы»,

              «Көлік құралына салық»,

              «Мүлікке салық» деп аталатын  шоттар түріндегі екі жақты  жазуы жазылады.

      Сондай-ақ  «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:

  • шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады.

      Салықтардың,  алымдар мен міндетті төлемдердің  түрлері, мөлшері және олардың  төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы  заңдарында қаралады. «Бюджетпен  басқадай есеп айырысу» шотының  кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен есептелген салық, алымдар мен міндетті

төлемдер сомасы, ал бұл  шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар  жазылады.

   Бюджетпен  есеп айырысу шоты бойынша  жүргізілетін операциялар

 

                 Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Заңды ұйымдардан бюджетке алынатын корпоративтік табыс салығы сомасына

        7700

3110

2

Ұйымның есеп саясатының өзгеруіне немесе кеткен кемшіліктерді  түзетуге байланысты, бөлінбеген табыстың бастапқы қалдығын реттеуге жататын салық сомасының:

  • ұлғаюына;
  • азаюына;

 

         5430

3130

 

        3110

        5430

3

Төтенше жағдайларға  және тоқтатылған операцияларға  байланысты табыстар салығының сомасына

 

7460-7470

 

3110

4

Төтенше жағдайдың және тоқтатылған операциялардың салдарынан шеккен зиянға байланысты өзгерген салық  сомасына

 

3110

 

7460-7470

5

Заңды ұйымдардың бюджетке нақты аударған корпоративтік табыс  салығы сомасы

 

3110

 

1040

6

Ағымдағы кезеңде пайда  болған немесе жойып жіберудің нәтижесінде уақытша айырмашылық (Бухгалтерлік есеп пен салық есептерінің талаптарының айырмашылығының нәтижесінде болған) алдағы уақытта төлеуге тиісті салық.

 

7710

 

3110

7

632-«Кейінге қалдырылған  табыс салығы» деп аталатын  шотқа түзетулер енгізуге байланысты :

  • салық мөлшерін ұлғайтуға;
  • салық мөлшерін азайтуға.

         7710

3110

         3110

        7710

8

Пайда болған немесе жойып  жіберудің нәтижесінде кездескен  уақытша айырма салық сомасына:

  • бюджетке төлеуге;
  • зиянды жабу нәтижесіне есептелген.

 

       3120

       3120

 

 

         3110

7710

9

  • Активтерді қайта бағалауға байланысты салық сомасының үстеме өсісмі, салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезде,
  • салық есебіндегі қайта бағалау үстеме өсімінің, бухгалтерлік есептегі қайта бағалау үстеме өсімінен жоғары болған кезінде

 

    5320

    3120

 

  3120

  5320

 

10

Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге сатылған өнім (жұмыс, қызмет)үшін талап етілген шот бойынша  қосылған құн салығының сомасына.

 

1210-1230

 

3130

11

Орны толтырылатын қосылған құн салығы сомасымен есептелген қосылған құн салығы сомасының өзара  жабылуына

 

3130

 

    1260

12

Бюджетке аударылған қосылған құн салығы сомасына

3130

1040

13

Жеке тұлғаларға есептелген табыс салық сомасына

3350

3120

14

Серіктестіктерге қатысушылардың дивидендтерімен табыстарынан , олардың  үлестеріне қарай , төленетін көздерінен ұсталуға тиісті, есептелген салық  сомасына

 

    3320,3330

3390

 

3190

15

Жеке тұлғалардың еңбекақысынан  ұстал ған табыс салығы сомасының бюджетке аударылғаны

    3190

 

1040

16

Бюджетке артық аударылған салық сомасының қайтарылуы

1040

3110-3190

17

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

7210

3150

18

Есептелген әлеуметтік салық сомасы бюджетке есеп айырысу  шотынан аударылды

 

3150

 

1040

19

Есептелген акциз салық сомасы

1210

3140

20

Есептелген акциз салығының  сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан  аударылды

 

3140

 

1040

21

Есептелген жер салығы сомасы

7210

3160

22

Есептелген жер салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан  аударылды

3160

1040

23

Есептелген мүлік салығы сомасы

7210

3180

24

Есептелген мүлік салығы сомасы бюджетке есеп айырысу шотынан  аударылды

 

3180

 

1040

25

Есептелген көлік құралдарына  салық сомасы

7210

3170

26

Есептелген көлік құралдары  салығы сомасы бюджетке есеп айырысу  шотынан аударылды

 

3170

 

1040


 

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі

  Еншілес серіктестіктерге  кредиторлық қарыздардың есебі  «Еншілес серіктестіктердің алашағы», «Тәуелді серіктестіктердің алашағы»  және «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттарда жүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Аналитикалық есеп әрбір еншілес серіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.

   Еншілес кәсіпорыннан  бас кәсіпорынның алған материалдары  мен сатып алынған тауарларына  мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

      Д-т:  1310-«Материалдар» шоты,

      К-т:  1230-«Еншілес серіктестіктердің алашағы»,

              «Тәуелді серіктестіктердің алашағы»  немесе «Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың алашағы» - шоттарының  тиістілері.

      Ал еншілес  кәсіпорыннан бас кәсіпорынның  алған дайын өнімдері, негізгі  құралдары және материалдық емес  активтеріне бас кәсіпорынның  бухгалтерлік есебінде:

      Д-т: 2730-«Материалды  емес активтер»,

             2410- «Негізгі құралдар» және тағы  да басқа шоттар,

      К-т:  1220«Еншілес серіктестіктердің алашағы»,

               1230-«Тәуелді серіктестіктердің алашағы»  немесе 

               1240«Бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың алашағы» деп аталатын  шоттардың тиістілері түріндегі  екі жақты жазуы жазылады.

      Еншілес  кәсіпорынға бас кәсіпорынның  өтеген қарызына:

      Д-т:  1220-«Еншілес серіктестіктердің алашағы»

              1230-«Тәуелді серіктестіктердің алашағы»  немесе

               1240-«Бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың алашағы» деп аталатын шоттардың тиістісі,

      К-т:1010 «Ақшалар»  деп аталатын шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Бас  кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер  арасындағы есеп айырысуларды  салыстырып, тексеру актілері негізінде  дебиторлық қарыз сомаларының кредиторлық қарыз сомаларымен жабылуына мына түрдегі бухгалтерлік жазу жазылады:

      Д-т: 3320-«Еншілес  серіктестіктердің алашағы»,3330 «Тәуелді  серіктестіктердің алашағы» және 3340«Бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың алашағы» деп аталатын  шоттардың тиістілері,

      К-т: 1220«Еншілес  серіктестіктердің берешегі»,1230 «Тәуелді  серіктестіктердің берешегі» және 1240«Бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың берешегі» деп аталатын  шоттардың тиістілері.

 

Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Еншілес серіктестіктермен, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан  келіп түскен ақшаларын, айналымнан тыс активтерді, тауарлық-материалдық қорларды кіріске алу:

  • Сатып алу құнына;
  • қосылған құн салығы сомасына

2730-2412-2413,

1310-1317,

 

1040,1050,

1010,1020

т\б

1260

 

 

 

 

 

3320-3330

3320-3330

2

Еншілес серіктестіктердің  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың, кәсіпорынның цехтарын, ғимараттарын жөндеу бойынша қызметіне:

  • қызмет сомасына;
  • қосылған құн салығы сомасына.

 

 

 

 

8044,7210

1260

 

 

 

 

3320-3330

3320-3330

3

Кәсіпорынның бұрынырақта  алынған банк мекемелерінің алдындағы  несие қарызын, еншілес серіктестіктермен  бірлесіп бақыланатын тұлғалардың өтеуі

 

 

3010

 

 

3320-3330

4

Кәсіпорынның жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдындағы қарызын, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  өтеуі

 

3310

 

3320-3330

5

Кәсіпорынның еншілес  серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалардың алдындағы қарызы есеп айырысу шотынан, кассадан өтелінді

 

3320-3330

 

1010,1040

6

Кәсіпорын еншілес серіктестіктермен  бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  алдындағы қарыздарын дайын өнім беру жолымен өтеді

 

3320-3330

 

6010

7

Кәсіпорын еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алдындағы қарыздарын материалды емес активтерді беру жолымен өтеді

 

 

3320-3330

 

 

  6210

8

Салыстыру актісіне сәйкес, еншілес серіктестіктермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың  берешек қарыздарын, олардың несиелік қарыздарының есебінен жабу

 

 

3320-3330

 

 

1220-1230


 

                       Алынған аванстар бойынша есеп  айырысу есебі

 

      Басқа  заңды немесе жеке тұлғаларға  сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін  қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша  есеп айырысу есебі «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі.

     Осы аталған  операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

      Д-т:  «Ақшалар» шоты

      К-т:  «Тауарлы-материалдық қорларды қою  үшін алынған аванстар» немесе  «Жұмыстарды орындау және қызмет  көрсету үшін алынған аванстар»  деп аталатын шоттарының тиістілері  түрінде екі жақты жазу жазылады.

      Ал сатып  алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер құнынан  алдын ала алынған аванстар  сомасы шегерілгенде:

      Д-т:  «Тауарлық-материалдық қорларды  қою үшін алынған аванстар»  немесе «Жұмыстарды орындау және  қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері,

      К-т:  «Сатып алушылар мен тапсырыс  берушілердің берешегі» немесе  «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық  борышы» деп аталатын шоттардың  тиістілері түрінде бухгалтерлік  жазу жазылады.

      Егер  алынған аванс сомасын толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

      Д-т:  «Тауарлық-материалдық қорларды  қою үшін алынған аванстар»  немесе «Жұмыстарды орындау және  қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері.

      К-т:  «Ақшалар» деп аталатын шоты  түрінде бухгалтерлік жазщу жазылады.

      Кәсіпорынның  алған аванстарының талдамалық  есебі әрбір аванс берген ұйым  бойынша бөлек жүргізіледі.

Операциялардың мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Сатылатын тауарлы-материалдық  қорлар немесе көрсетілетін қызметтер  үшін алдын ала аванс ретінде  алынған сомаларға

 

1050,1051

1040,

1010,1020

 

 

4410,4420

2

Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын ала алынған аванстар сомасынан шегеріледі

 

4410-4420

 

1210

3.

Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардан аванс ретінде  алынған соманың пайдаланылмаған  бөлігі қайтарылғанда

 

4410-4420

4410,4420,

1010,1040,

1020




 

      Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі.

 

      Кез  келген кәсіпорын үзіліссіз және  ырғақты жұмыс істеп тұруы  үшін оны уақытылы керекті  материалдармен жабдықтап отырудың  маңызы зор болып табылады. Ұйымды  материалдық – қорлармен жабдықтау  экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті мтериалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

      Осы  жоғарыда аталған ұйымды керекті  материалдармен және басқа да  құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындар  мен есеп айырысуының есебі  «Жабдықтаушы және мердігерлермен  есеп айырысу» деп аталатын  шотта жүргізіледі. Бұл шотта  есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша есеп нөмірі 6 журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық-құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

      Келіп  түскен шот-фактураларды алдымен  үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен  жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық-құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналға жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары, кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық-құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.

    Фактураланбаған жабдықтар есебі.

      Кейбір  жағдайларда келіп түскен материалдық  құндылықтардың құжаттары болмауы  мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған яғни шот-фактуралармен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен рәсімделмеген материалдар, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп нөмірі 6 журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6 журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетеді. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөйтіп, жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиісті шоттарда шартты түрде есептелініп, олардың құндары жабдықтаушылармен есеп айырысулар тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылады. Келесі айдың басындав жолдағы материалдардың қалдығы сторно етіледі.

Информация о работе Басқадай кредиторлық қарыздар есебі