Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 08:47, курсовая работа
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде кредиторлық қарыздар теориялық тұрғыдан зерттелініп, түсінігі, түрлері мен тану және бағалау ерекшеліктері қарастырылды. Екінші бөлімде «Шымкент құс» ЖШС кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысулар ерекшілігі қарастырылды. Үшінші бөлімде кредиторлық қарыздар қозғалысына талдау жасалынып, кәсіпорын қызметінінің тиімділігін арттыру бойынша бизнес жоспар жасалынады. Қорытындыда негігі нәтижелер туралы жазылады.
Кіріспе ………………………………………………………………..…..............
1 Кредиторлық қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері…….
1.1 Кредиторлық қарыздар: түсінігі мен түрлері ………………………..
2 «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС кредиторлық қарыздармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері ......……………………………...
2.1 Кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ...
3 «ШЫМКЕН ҚҰС» ЖШС кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну .......…….…….....................
3.1 Кредиторлық қарыздар айналымын талдау ..….…………………….
Қорытынды ...…………………………………………………………….............
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....……………………………………...........
Кейіннен өлшеу
Субъект шығындардың тек олар бастапқыда танылған бағалау міндеттемелерінің орнына ғана есептен шығарады.
Субъект әрбір есепті күнге бағалау міндеттемелерін қайта қарауға және қаралып отырған есепті күнгі жағдай бойынша ағымдағы міндеттемені жабу үшін қажетті соманың ең үздік есептік бағалауын көрсету үшін оларды түзетуді жүргізген жөн. Бұрын танылған соманы кез келген түзету бағалау міндеттемелері бастапқы қорлардың немесе негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі ретінде танылған жағдайларды қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында танылуға тиіс. Егер бағалау міндеттемелері ол, күтіліп отырғандай, міндеттемені жабу үшін талап етілетін келтірілген соманың құны негізінде өлшенетін болса, онда дисконттауды реверсиялау қарыздар бойынша шығындар ретінде көрсетілуге тиіс.
Бағалау міндеттемелері жөніндегі ақпаратты ашу
Бағалау міндеттемелерінің әрбір сыныбы үшін субъект мынаны ашады:
1) кезеңнің басы мен соңындағы баланстық құнды;
2) әрекет ететін бағалау
3) кезең ішінде соманың
4) кезең ішінде реверсияланған пайдаланылмаған соманы;
5) уақыт өткеннен кейін
6) міндеттеменің сипатын қысқаша
сипаттауды және осы
7) осындай істен шығу сомасына немесе уақытына жататын белгісіздіктерді көрсету;
8) осы күтілетін өтемге қатысты танылған кез келген активтің сомасын көрсете отырып, кез келген күтілетін өтемнің сомасын.
Салыстырмалы ақпарат талап етілмейді.
Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді.
Осы бөлімде айтылған талаптар осы Стандарттың басқа бөлімдерінде қаралатын бағалау резервтеріне қолданылмайды, мынаны қамтиды:
1) жалға алуды;
2) құрылысқа арналған шарттарды;
3) жұмыскерлерге сыйақы беру жөніндегі міндеттемелер; және
4) пайдаға салынатын салық.
Кейде «бағалау міндеттемелері» термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді қарыздар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды.
Қортындылай келген де міндеттеме бұл – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).
Пайда болу сипатына қарай кредиторлық қарыз қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.
Қалыпты кредиторлық қарыз пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын санаған жөн.
2. «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Кредиторлық қарыздың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қарастырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алын, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі.
Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі.
Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім (процент) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық
экономика жағдайында несие
Коммерциялық несие – бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі – ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие
беру және оны қайтару (өтеу)
тәртібі тиісті заңдарға
Кәсіпорындар
банк мекемесінен несие
Несиенің
объективті қажеттілігі – бұл
кәсіпорынның өндірістік және
сауда айналымы капиталының
Банк мекемелері несиелерінің есебі.
Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.
Несиелер
қайтарымдылық, төлем және
Несие
алу үшін кәсіпорындар банк
мекемесі басшысының атына
Кәсіпорындар
мен ұйымдар банктен бірінші
рет несие алуы барысында
Жалпы
кәсіпорындарға берілетін
Банк
мекемесі мен несие алушы
Қысқа мерзімді банк несиелері 1 жылдан аспайтын уақытқа беріледі. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар немесе жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және тағы басқа шоттар,
К-т:
«Банк мекемесінің қарызы»
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т:
«Банк мекемесінің қарызы»
К-т:
«Ақшалар» шоты түрінде
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорын
бұл міндеттемені төлеген
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты,
К-т:
«Ақшалар» шоты түрінде
Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі
Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция тартып, әр түрлі дүние жүзіндегі ірі банктерден де несие алынады. Соның ішінде есептелетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше елдеріне берілетін «СТЭД-БАЙ» несиесі болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына, кедендіт төлемдерін төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.
Шетелдік
банктерден немесе басқалардан
шетелдік валюта түрінде несие
алған ұйымның
Д-т:
«Ел ішіндегі валюталық
К-т:
«Банк мекемесінің қарызы»
Ал ұйым
бұл несиені қайтарған
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты
К-т:
«Ел ішіндегі валюталық
Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі
Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есеп беру
туралы заңға сәйкес барлық
кәсіпорындар өздерінің меншігі
Ұйым банктен тыс мекемеден несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар» шоты,
К-т:
«Банктен тыс мекемелердің
Ал бұл
алынған несие қайтарылған
Д-т: «Банктен тыс мекемелердің қарызы» шоты,
К-т:
«Ақшалар» шоты түрінде
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т:
«Төленетін сыйақы» шоты
Кәсіпорындар
бұл міндеттемені төлеген
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты,
К-т:
«Ақшалар» шоты түрінде
Басқадай несиелік операциялар есебі.
Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде, яғни пайдаланатын вексель түрінде береді. Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісімшартта қарастырылып белгіленеді. Бұл айтылған вексельдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған ұйым несиелік келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелетін пайыз сомасын аударады.