Банк шоттары мен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 08:46, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: арнай шоттардағы ақша қаражаттарымен танысу және де оның ішіндегі әрбір шотқа экономикалық, есептік талдау жасап көрсету.
Курстық жұмыс міндеті: Арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын толық мағұлымат арқылы ашып жазу.
Қурстық жұмыстың өзектілігі: бүгінгі таңда ел экономиканың нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметкердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1 БАНКТІК ШОТТАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.....................................................6
1.1. Банктік шоттар туралы ұғым және пайдалану жүйесі.........................6
1.2. Банктегі ағымдағы шот ашу операциялары........................................11
1.3. Төлем тапсырмаларын дайындау.........................................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКТЕГІ ШОТЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ.......................................................................................16
2.1. Есеп айырысу операциялары ,олардың жітелуі..................................16
2.2. Кассалық операцияларды жүргізудің тәртібі кассалық кітап
жүргізу...........................................................................................................18
2.3. Банкаралық корреспонденттік қатынасьарды ұйымдастыру және
олардың есебі.................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

банк шоттары жане есеп айырысу турлеры.DOC

— 230.50 Кб (Скачать документ)

Бағамдық айырма № 6250 «Бағамдық айырмадан түскен кірістер» шотына апарылады және өткізуден тыс табыстардың (негізгі емес қызметтің табыстары) жеке бабы ретіеде бейнеленеді.              

 

2.2. Кассалық операцияларды  жүргізудің тәртібі.

 

Қолма-қол қабылдау,сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса болады.Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген.

Нұсқау мыналарды ұйғарады:

  • ҚР банк мекемелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау;
  • Чекте көрсетілген мақсаттарға,банктерден алынатын қолма-қол ақшаларды жұмсау;
  • Банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;

Кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі;

  • Ақша құжаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;
  • Кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.

Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізлер 

ежелерімен танысып  және кәсіпорын әкімшілігімен толық  және кәсіпорын материалдық жауапкершілік туралы келісім шартқа отыруға тиісті.Ол өзі қабылдаған құндылықтардың түгелдігі үшін Материалды жауапты болады.

Кассалық операцияларды  дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады;

  • кіріс кассалық ордері;
  • шығыс кассалық ордері;
  • кіріс және кассалық ордерлерді тіркеу журналы;
  • кассалық кітап;

 Кассаға қолма-қол кіріс кассалық ордерлер бойынша қабылданады,ал шығыс етілуі-шығыс кассалық ордерлер арқылы жасалады.Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тігіледі.

Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордерлердің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі.

Қолма-қол ақша беру кезінде  шығыс кассалық  ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарды қаржы  басқарушының қолтаңбасы болуы тиіс.Құжаттарға келсек,олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні,айы,жылы белгіленген «Алынды» немесе «Төленді» таңбасымен жойылады.Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өлшеулер мен түзетулерге жол бериейді.

Егер ақша бұл кәсіпорында  жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін  жағдайда,сол шығыс ордеріне реквизиттері жазылатын төлқұжат немесе оның орнына жүретін құжаттын көрсетуге тиіс.

Кіріс және шығыс ордерлер,оларға кезекті нөмір беріледі,тіркеу журналында есепке алынады.

Кассалық кітап жүргізу.

Кассалық операциялар  бухгалтерлік кітаптарды жүргізу жөнінде алдын ала қарастырылған барлық талаптарға сай келетін кассалық кітап жазылады.

Беттер нөмірленіп,кітап  түптеліп,ал ондағы парақтарға саны басшы  мен бас бухгалтердің қолтаңбалары және кәсіпорынның мөрі қойылуы тиіс.

Кассалық кітаптағы  жазулар көшіргіш арқылы 2 данада жазылады.Екінші данасы-жыртылмалы,оған тіркелетін құжаттарды қоса,ол кассирдің есебі болып саналады.Есеп күнделікті қолма-қол ақшаның келуі мен шығыс етілуі барысы бойынша жазылады.  

Қолма-қол ақша сейфте сақталады.Онда қатаң есеп берудің бланкілері (еңбек кіткпшалары мен оларға қосымша беттер ,автокөлік жолдама қағаздарының квитанциялары және т.б) және басқа бағалы құжаттар (демалыс үйлері мен санаторияларға жолдамалар,пошталық маркалар, қоғамдық көлікте жүру талондары,кәсіпорын қайта сатып алған акциялар) да болуы мүмкін.   

Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  кассасы жұмысшы- қызметкелерге  есептелінген  еңбекақы  бойынша  есеп  айырысу  үшін, күнделікті  көлік  құралдарына  қажетті  шығындарды  (жанар-жағар  майға) төлеп  отыру  үшін, кеңсе тауарларын  сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және  басқа да  құжаттарды  пошта арқылы  жөнелтуі  үшін  есеп  айытысуға арналған. Касса арнайы  жабдықталған, яғни  дабылдама (дыбыстық  белгілер, сигнолизация)  орнатылған, және  ақшаларды  сақтайтын  сейфі  бар  бөлмеде  орналастыруды  қажететеді. Кассадағы  нақты ақшалар  касса  қызматкерінің  мөрі  сүргіш  (сургуч) арқылы  басылып  жабылатын  сейфте  сақалуы  тиіс. Бұл  сейфтің  кілті  мен  сүргіш (сургуч)  басатын  мөр  касса  қызметкерінде, ал  кілтін  екінші  данасы  арнайы  ыдысқа  салынып  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  баснысында  сақталады. Касса  қызметкері  әрбір  жұмыс  күнінің  соңында  кассаны  жауып  күзетшіге  тапсыруы  тиіс. Кассадағы  ақшалардың  түгелдігіне  касса  қызметкері, яғни  кассир  толық  жауап  береді. Кәсіпорында  мен  ұйымдарда  кассирлік  жұмысқа  қызметкер  орналасқан  уақытта, яғни  ұйым  басшысы  касса  қызметкерін  тағайындау  туралы  (жайлы)  бұйрыққа  қол  қойғанан  кейін  кәсіпорынмен  касса  қызметкері  арасында- материялдық  жауапкершілікке  келісімшат  жасалуы  қажет. Кәсіпорындар  мен  ұйымдар  өздерінің  есеп  айырысу  шотынан   нақты  ақшаны  сол  есеп  айырысу  шоты  ашылған  банк  мекемесі  берген  чек  кітапшасы  арқылы  ғана  ала  алады. Банк  мекемесінен нақты ақша  алу үшін  кәсіпорынның  касса қызметкері  чек кітапшасындағы  парақты толтырады. Бұл чек парғын  толтыру барысында чекке банк  мекемесіне  алынғалы  отырған, яғни  кәсіпорынның  жұмсауға  тиіті нақты ақшаларының сомасы  және  бұл  соманың  қандай  мақсатқа  жұмсалатындығы  жазылып  көрсетілуі  тиіс. Тотырылған  чекке  кәсіпорынның  бас  бухгалтері  және  басжысы  қол  қойып, осы  ұйымның  мөр  таңбасы  басылады. Барлық  толытуға  тиіті  ақпараттар  толтырылмағанша, чекке  қол  қойюға  болмайды. Сонымен  қатар  чекке  лауазымды  адамдардың,  яғни  қол  қоюға  тиісті  адамдардың  қолы  қойылмаса  (екі  адамның  қолдары  қойылмайынша), мөр  басуға  рұқсат  етілмейді. Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  касса  қызметкері  банк мекемесінен нақты ақша  аларда  банк  бақылаушысының  қатысуымен  ақшаны  санап алуы  тиіс. Сонымен қатар банк  мекемесінен алыгнған  нақты ақша  сол алынған күні  кәсіпорындар  мен ұйымдардың  кассасына кіріске алынуы  керек. Ол  үшін  кассир  кассалық  кіріс ету ордері  толтырып, содан соң оны кассалық   кітапқа жазады. Кәсіпорынның  кассасына қолма-қол нақты ақшаны  кіріске алу, яғни  қабылдау  үшін  бас бухгалтердің  немесе  ол  сенім білдірген адамның кассалық  кіріс ету ордеріне  қол  қоюы керек  және  ақша  толеген  заңды  немесе  жеке тұлғаға  осы  толтырылған  кассалық  кіріс  ету  ордерінің  квитанциясы  беріледі. Осы  нақты  ақшаны  кассаға  қабылдау  барысында  толтырылатын  кассалық  кіріс  ету  ордеріне  ұйымның  аты, ақша  төлеуші заңды немесе  жеке  тұлғаның  аты-жөні, қандай  мақсатқа  және  не  үшін  ақша  төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген  уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир  мен бас бухгалтердің  қолдары қойылуы қажет. Кассалық  кіріс ету ордері  мына  үлгілі  түрде болады:

Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  кассасынан  нақта  ақша  кассалық  шығыс  ету  ордері  немесе  тиісті  үлгілі  түрде  дайындалған  басқа  да  ақша  төлеу  тізімдемелері, сондай- ақ  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басшысы  мен  бас  бухгалтерінің  қолдары  қойылған  ақша  алу  үшін  жазылған  өтініштер, шоттар  тағы  да  басқа  құжаттар  бойынша  беріледі. Бұл  құжаттарға  кассалық  ордердің  деректемесі  көрсетілген  мөр  таңба  басылуы  керек. Егер  кассалық  шығыс  ету  ордеріне  қоса  тіркелген  құжаттарда кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басшысының  “рұқсат  етемін” деген жазуы және  қолы қойылған  болса, онда  кассалық  шығыс ету ордеріне  оның  қол қоюы  аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар  мен ұйымдардың кассанынан  адамдарға кассалық  шығыс ету ордері  бойынша ақша  берген  кезде касса қызметкері  нақты ақша  алушы адамның төл құжатын немесе  өзін  куәландыратын басқа да  құжаттарын  көрсетуді талап етуі  керек. Сонымен қатар касса қызметкері  осы  көрсетілген  құжаттарда  жазылған  деректерді, яғни  ақша  алушы  адамның  аты – жөнін, құжатының  нөмірін   және  ол  құжатты  кім  бергендігін, қай  уақытта  берілгендігін  кассалық  шығыс  ету  ордеріне  жазуы  тиіс. Кассадан  нақты  ақша  алушы  адамдар  кассалық  шығыс  ету  ордеріне  алып  жатқан  соманың  теңгедегі  бөлігін  жазумен, ал  тиынын  сандармен  көрсетеді. Кассалық  кіріс  ету  ордері  және  квитанциясы, сондай – ақ  кассалық  шығыс  ету  ордері  және  оның  орнына  жүретін  немесе  оған  қосымша  тіркелетін  құжаттарды  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  бухгалтерия  қызметкерлері  сиямен  немесе  шарикті  қаламсаппен  анық  етіп  толтыруы  қажет. Бұл  құжаттарды  өзгертуге  олардағы  сандармен  әріптерді  түзетуге, қшіруге  ешқандай  рұқсат  етілмейді. Кассалық  кіріс  ету  және  кассалық  шығыс  ету  ордерлерін  немесе  олардың  орнына  жүретін  құжаттарды  кассаға  берместен  бұрын  бухгалтерия  қызметкерлері  тіркеу  журналына  тіркеп  жазады. Кассалық  шығыс  ету  ордері  мына  үлгілі  түрде болады:

Кәсіпорындар  мен  ұйымдарда  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  жәрдемақы, сиақы, еңбекақы  төлеу  үшін  тқлеу  тізімдемелері  қолданылады. Бұл  тізімдемелер  тіркеу  журналына  еңбекақы, жәрдемақы  және  сыйақыларды  төлеп, үлестіріп  болғанан  кейін  ғана  тіркеледі. Кассалық  кіріс  ету  немесе  кассалық  шығыс  ету  ордерлері, сондай – ақ  олардың  орнына  жүретін  құжаттар  бойынша  кассаға  аұша  қабылдауға  және  кассадан  ақша  төлеуге  тек  қана  осы  құжаттар  толтырылған күні  ғана  рұқсат  етіледі. Кәсіпорындар  мен ұйымдардың  кассасына нақты ақшаны  қабылдау  немесе  кассадан  ақша  төлеу барысында (кассир) касса қызметкері  кассалық  кіріс ету және  кассалық  шығыс ету ордерлерінің  дұрыс толтырылғандығын  бұл  құжаттарда  ұйымның  басшысы  мен  бас  бухгалтерінің  қолдарының  болуын, және  ордерлерде  көрсетілген  қосымша  құн  түгелдігіне  тексеру  жүргізуге, қадағалауға  міндетті. Бұл  операциялар  орындалғанан  кейін  құжаттардың  тиісті  жеріне  касса  қызметкері  өз  қолын  қоюы  керек. Касса  операцияларының  есебі  кассалық  кітапқа  тіркеліп  отырылуы тиіс. Бұл  кітапты  касса  қызметкері  жүргізеді. Кассалық  кітаптың  беттері  нөмірленіп  және  оған  жіп  өткізіліп, кәсіпорын  басшысы  мен  бас  бухгалтері  қолдарын  қойып, куәландіруі  керек. Кәсіпорының  кассасына  келіп  түскен, кірістелген немесе  кәсіпорынның  кассасынан  төленген, яғни  шығыс  етілген  ақшалардың  кімнен  келіп  түскендігін  немесе  кімге  не  үшін  төленгендігін  білу  үшін  ол операцияларға  толтырылған  құжаттардың  нөмері  және  бухгалтерлік  жазулар, сонымен  қатар  алынған, сондай-ақ шығыс етілген  сомалар  кассалық  кітапқа  жазылуы  тиіс. Күн  сайын  кәсіпорынның  касса  қызметкері  кассадағы  нақты  ақшалардың  қалдығын  жұмыс  күнінің  соңында  санап, және  оның  сомасын  кассалық  кәтапқа  жазады. Бұл  кассалық  кітаптағы  деректерге  өзгеріс  енгізуге, өшіруге, түзеруге  жол берілмейді  және  касса  операциялары  мен  ондағы  жүргізілетін, толтырылатын  құжаттардың  дұрыстығына  ұйымның  бас  бухгалтері  бақылау  жасап  отыруы  керек. Кәсіпорынның  кассадағы  шетелдік  валюта  түріндегі  нақты  ақшаларының  есебі  үшін  ең  алдына  кассалық  кітап  ашылады. Сонымен  қатар  бұл  жағдайда  кассалық  операциялар  бойынша  толтырылатын  барлық  құжаттарда  кіріске алынған яғни  келіп түскен  және  шығыс етілген, кассадан  төленген  аөшалардың  сомасы  шетел валютасымен және  сол күнгі баға  бойынша ұлттық  валютаға  айнадырылып жазылады.

Мысалы: кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2005 жылдың  21 шілдесінде  алған тауарлары үшін  5000 (бес мың)  АҚШ доллары көлемінде кәсіпорынның  кассасына ақша  тқлеген (сол күнгі доллардың теңгеге шаққандағы  бағалық айырмашылығы  125- ке  тең)  деп  алатын  болсақ  бухгалтерлік  есепте  мынадай  жазу  жазылады:

Д-т: Касса                                                             $5000(625000тг.)

К-т: Тауарларды сатудан  алынған табыс         $500(625000 тг.)

Мұндағы  625000 тг.=125*5000

Жалпы  кәсіпорынның  кассасындағы  шетел  валютасы  түріндегі  ақшалардың  есебі  кассадағы  ұлттық  валюта  түрінде  нақты  ақша  қаражаттарының  есебіне  ұқсас  жүгізіледі. 

Кәсіпорындардың  кассасындағы  ақшаларын  есептейтін  шоттар  бойынша  жүгізілетін  операциялар  кредиті  бойынша  нөмірі  бірінші  журнал – ордерде, ал  девиті  бойынша  осы  журнал – ордердің тізімдемесінде  жүргізіледі.

Сонымен  қолма –  қол ақшаларды  қабылдау, сақтау  және  жұмсау  үшін  шаруашылықтың  субъектісінде  касса  болады. Касса – бұл  қолма – қол  ақшалар  мен  қзге  құнжылықтарды  қабылдауға, беруге  және  уақытша  сақтауға  арналған, арнайы  жабдықталған, оқшауланған  үй – жай. Касса  операцияларының  есебі  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкі  Басқармасының 1993 жылғы 23  шілдедегі №24 хаттамасымен  бекітілген  “Қазақстан  Республикасының  халық  шаруашылық  касса  операцияларын  жүргізудің  уақытша  тәртібіне” сәйкес  жүзеге  асырылады.

Касса  операцияларын  орындау  кассирге  жүктеледі. Ол  материялды  жауапты  адам  болып  табылады  да  (онымен  толық материялдық  жауапкершілік  шарты  жасалады), ережелерді  мүлтіксіз  орындауға  міндетті  болады.

Кассир  ақша  қаражаттарын  банк мекемелеріне  ақша  чектері  бойынша  алады.

Кассалық  ордерлер  кассадағы  ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы  құжаттар  болып табылады. Қолма – қол ақшаларды кассаға қабылдау  бас бухгалтер немесе  ол  өкілеттік берген  тұлға қол қойған  касса ордерінің №1 нысанындағы кіріс касса ордері  бойынша жүргізіледі. Қолма-қол  ақшаларды  кассадан  беру  касса  ордерінің  №2 нысанындағы  шығыс  касса  ордері  бойынша  немесе  шығыс  касса  ордерінің  мөр  таңбасы  қойылып, тиісті  түрде  рәсімделген  құжаттар  (төлем  ведомоі, қолма-қол  ақшаны  беруге  өтініш, шоттар)  бойынша  жүргізіледі  де  шығыс  касса  ордеріне  бас  бухгалтер  мен  басшының  қолы  қойылған  болуы  керек. Егер  шығыс  касса  ордерінің  қоса  берілетін  құжатта  ету  туралы  басшының  қолы  болса, онда  оның  шығыс  касса  ордерінде  оның  қойған  қолының  болуы  міндетті  емес.

Кіріс  касса  ордері  мен  оның  түбіршегі, шығыс  касса  ордері  мен  оны  алмастыратын  құжаттар  сиямен  немесе  қаламсапты  сиясы  мен  айқын  және  түсінікті  жазылуға  немесе  машинкалармен  басылуға  тиіс. Бұл құжаттарды  тазалауға, өшіріге немесе  ескертіп  болсын  түзетуге  жасауға болмайды. Кассалық  ордерлер  бойынша ақшаларды қабылдау  және  беру  тек   олар  жасалған  күні  жүргізілуі  мүмкін.

Кіріс  касса  ордері  мен  шығыс  касса  ордерін  кассаға  берілгенге  дейін  бухгалтерияда  кіріс  және  шығыс  касса  ордерлерін  тікеу  журналында  тіркелінеді. Операциялар  жасалғаннан  кейін  ордерлерге  кассир  қол  қояды, ол  оған  қоса  берілген  құжаттар  мөр  табан  қоюмен  немесе  күні  көрсетілген  “ төленді” жазуымен  реттеледі. Ақша  қаражаттарының  келіп  түсуі  мен  жұмсалуы  жөніндегі  барлық  операцияларды  кассир  Кіріс  ордері  №4 нысанындағы  касса  кітабіна  жазады. Ол  тесіліп  байланған, нөмірленген  және  мөрленген  болуға  тиіс. Ондағы  парақтардың  саны  басшы  мен  бас  бухгалтерлердің  қолдарымен  расталған  болуы  керек. Жұмыс  күнінің  соңында  кассир  күн  бойындағы  операциялардың  жиынын  касса  кітабіна  жазады  да, кассада  келесі  күнге  қалатын  ақша  қалдығын  шығарады. Касса  кітабіндағы  жазулар  көшіру  қағазы  арқылы  2 данада  жүргізіледі.

Екінші  даналары  жыртпалы  болады  және  кассирдің  есеп  беруіне  қызмет  етеді. Егер  кәсіпорында  аздаған  касса  оперециялары  жасалатын  болса, кассалық  есеп  беру  үш-бес  күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме  деректерін  бухгалтерия қызметкерлері тексереді.

Кассада  алушының  шығыс  касса  ордерін  қолхатымен  немесе  басқа  құжаттар  растамаған  ақшалар берілгендігі  анықталса, бұл  сома  жетіспеушілік  болып  саналып, кассирден  өндіріліп  алынады. Егер  қолма-қол  ақшаның  сомасы  Кіріс  касса  ордерімен  расталмаса, онда  олар  кассаның  артық  ақшалары  болып  саналады  және  субъектінің  кірісіне  есептеледі. Кассадағы  ақша  қаражаттарының  қолда  бары  мен  қозғалысын  есепке  алу  үшін  активтік  1010-1020- шоттар  қолданылады. Бұл  шоттардың  девиті  бойынша  ақшаның  кассаға  түсуі, кредиті  бойынша- берілуі  көрсетіліді. Валюталық  кассадағы  есеп  субъектінің  кассадағы  есебіне ұқсас жүгізіледі, бірақ Кіріс касса ордерінде, Шығыс касса ордерінде және  касса кітабінда қаражаттардың шетелдік  валютадағы  және  теңгелік  баламасындағы сомасы  көрсетіледі. Валюталық касса үшін  жеке  кассалық  кітап ашылады. Шетелдік  валютадағы  қолма-қол  ақша  қаражаттарының  қозғалысы  туралы  ақпартты  теңгелік  бағасы  және  номиналы  бойынша  жинақтауға  “Кәсіпорының  валюталық  қаражаттарына  талдамалы  есеп  жүргізу  карточкасы” арналған. Ол  шетелдік  валютадағы  бастапқы  талдамалы  есеп  пен  теңгедегі  жинақтамалы  есептің  арсындағы  аралық  буын  болып  табылада. Қажет  болған  жағдайда  көлік  пен  байланысты  объектілері     шотта   мынадай  субшоттар  аша  алады:   субъект кассасы,   операциялық  касса.

Информация о работе Банк шоттары мен есеп айырысу