Банк шоттары мен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 08:46, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың мақсаты: арнай шоттардағы ақша қаражаттарымен танысу және де оның ішіндегі әрбір шотқа экономикалық, есептік талдау жасап көрсету.
Курстық жұмыс міндеті: Арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын толық мағұлымат арқылы ашып жазу.
Қурстық жұмыстың өзектілігі: бүгінгі таңда ел экономиканың нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметкердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1 БАНКТІК ШОТТАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.....................................................6
1.1. Банктік шоттар туралы ұғым және пайдалану жүйесі.........................6
1.2. Банктегі ағымдағы шот ашу операциялары........................................11
1.3. Төлем тапсырмаларын дайындау.........................................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКТЕГІ ШОТЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ.......................................................................................16
2.1. Есеп айырысу операциялары ,олардың жітелуі..................................16
2.2. Кассалық операцияларды жүргізудің тәртібі кассалық кітап
жүргізу...........................................................................................................18
2.3. Банкаралық корреспонденттік қатынасьарды ұйымдастыру және
олардың есебі.................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

банк шоттары жане есеп айырысу турлеры.DOC

— 230.50 Кб (Скачать документ)

Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі,басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбаларымен қоса,кәсіпорынның мөрі қойылады.   

Жолдағы ақша аударымдарымен байланысатын шоттар корреспонденциялары:

    1. Ақша қаражатын енгізу сомасына (түсімді өткізу) Д – 1020  К – 1010
    2. Жолдағы ақша қаражаттары (стып алушы дебиторлардың төлемі)

Д – 1020  К  – 1210.

    1. Пошта бөлімшесіне өткізілген түсім (есеп беретін тұлға арқылы)

Д – 1020  К  – 1250

    1. Аванс түріндегі жолдағы ақша қаражаттары Д – 1020  К – 1030
    2. Нақты есептелмеген сомаға Д – 1020  К – 1040

1020-шоты бойынша  операциялардың есебі №3 журнал ордерде жүргізіледі.

Мысал: жұма күні 29 шілдеде инкассатор кәсіпорынның кассасынан сомасы 142 900 тг түскен қаржыны  қабылдап алды, бұл түсім есеп айырысу  шотына тек дүйсенбі, тамыз күні қосылады.

Өткізілген  түсім шілдеде 1010 шоттың кредиті бойынша және 1020 шоттың дебеті бойынша, тамыз айында 1030 шоттың дебеті бойынша және 1020 шоттың кредиті бойынша өткізіледі.

Бір валютаны басқасына  айырбастау нәтижесінде туындайтын табыстар мен шығыстарды бағам айырмасынан  түскен шығыстар мен табыстардан ажырату керек және негізгі емес қызметтен түскен өзге де табыстар мен шығыстар ретінде көрсету қажет. Мұндай табыстар мен шығыстар бір күні бағамның екі түрін – шетелдік валюта бухгалтерлік есепте көрсетілетін валюта айырбастаудың нарықтық бағамы мен нақты мәміле бағамын, яғни осы сатып алынатын және сатылатын бағамды қолдану нәтижесінде тындайды.

ЖШС РФ компаниясымен  тауар экспортына арналған контрактіні жасасты. Контракт бойынша жөнелтімнің бағасы мен жалпы сомасы АҚШ долларымен көрсетіледі. Экспорттың тауар үшін төлемі төлем күніндегі РФ орталық банкінің бағамы бйынша Ресей рублімен жүргізіледі. ҚҚС 0 ставка бойынша есептеледі. ЖШС тауарды тиеп жөнелтіп, шот-фактураны жөнелту күніндегі нарықтық бағам бойынша теңгемен қайта есептеп, АҚШ долларымен жазып береді, содан кейін теңгеден сомасын жөнелту күніндегі нарықтық бағам бойынша Ресей рубліне қайта есесптейді. Теңгедегі соманы Ресей рубліне қайта есептеу экспортталған тауар үшін валюталық шотқа Ресей рублімен түетін және түскен күнгі нарықтық бағам бойынша теңгеге қайта есептелінетін алдын ала төлемді жабуға қажет.22.07.2003ж. банк көшірмесі бойынша 668 321,07 RUR валюталық түсім түсті, төлем күні доллар бағамы 30,4891 RUR болды, демек 21 920  АҚШ доллары түсті.

Қазақстан Республикасының  АҚШ долларының 22.07.2003ж. нарықтық бағамы – 146,43 тг, RUR-4,82 тг. 25.07.2003ж. көшірме бойынша 606 938 RUR валюталық түсім түсті, төленген күнгі доллар бағамы 30,3469 RUR, демек 20 000 АҚШ доллары түсті, Қазақстан Республикасында АҚШ долларының 25.07.2003ж. нарықтық бағамы – 146,37 тг, RUR-4,82 тг. Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: бұл кезде 1030,1020,1012 шоттары дебеттеледі де, 1250 шот кредиттеледі

Мысал.

Ұйым 100 АҚШ долларын сатады. Сатқан күні валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – 1 АҚШ долларын үшін 135 тг, мәміленің нақты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 136 тг. №9 БЕС әдістемелік ұсынымдарында көрсетілген шоттар корреспонденциясынан басқа бухгалтерлер іс жүзінде басқаша шоттар корреспонденциясын пайдаланады. Ол:.

 

№2 Кесте

 

Шоттар корреспонденциясы

Операциялардың  мазмұны

Сомасы,

теңге

Д-т

К-т

1020

1030

Валюталық шоттан ақша есептен шығарылды, валюта нарықтық бағамы бойынша ескерілген

13500

1030

1020

Нарықтық бағамынан  жоғары нақты мәміле бағамы бойынша есеп айырысу шотына ақшаның түсуі

13600

1020

6280

1010 - шотты жабу

100


 

Экспортталған тауар  үшін түсім 41 920 АҚШ доллары сомасында  түсті. Валюталық түсімнің жалпы  сомасы – 1275259,07 RUR, теғгеге қайта  есептегенде 6146748,72 тг, содан кейін  нарықтың бағам бойынша валюталық түсімнің АҚШ долларындағы сомасы 41836,16 АҚШ долларын құрады. 28.07.2003ж.41836,16 АҚШ доллары сомасына 63.872 тонна көлемді тауар жөнелтілді, 461,53 тг бағам бойынша теңгеге қайта есептегенде 6130252,52 тг, ал RUR-не қайта есептегенде 1266581,10 RUR құрайды.

Бұны шоттар корреспонденциясына  көрсерпек бұрын, Ресей рублінен АҚШ долларына ауыстырған кезде  Ресей рублінен көрсетілген соманы бір Ресей рублінің теңгедегі  бағамына көбейтіп, бір АҚШ долларының теңгедегі бағамына болу қажет. Контракт АҚШ долларымен жасалғандықтан, 301 және 661 шоттар бойынша сатып алушылармен өзара есеп айырысуларды контракт валютасы – АҚШ долларымен көрсеткен жөн.     Кассада ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды құнды қағаздар және құжаттары есепке алынады.

Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі.

Кәсіпорынның акциялар және облигациялар бланкілерінің және басқа да қатаң есеп беру бланкілерінің түрлері бойынша, қайсы бір бланкілердің бастапқы және соңғы көшірмелерін есепке ала отырып, сондай-ақ сақталу орны бойынща немесе жауапты тұлға бойынша жүргізіледі.

Кем шыққан ақша қаражаттары  мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады: 1250 «Жұмысшылардың және басқа да тұлғалардың қарыздары» шоты дебеттеліп, 1010,1020,1030,1040 шоттары кредиттеледі.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттар шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.

Ұлттық Банк ақша-несие жүйесіне орталықтандырылған жоспарлы басқаруды, бюджеттің кассалық жүйесінің орындалушы жүзеге асырады  және жиынтық валюта жоспарын қалыптастыруға қатысады. Ол ақша эмиссиясын, ұйымдар мен мекемелердің несиемен қаржыландырылуын және есеп айырысу қызметін атқарады.

Прогрессивті  есеп саясатын жүзеге асыру, негізгі  қызметті несиелендірудің бүкіл  жүйесінің тиімділігін арттыру, күрделі      қаржымен қаржыландыру мен несилендіру, сондай-ақ қажетті есеп айырысуларды жүргізу төмендгі акционерлік банктерге жүктелген:

Тұран Әлем Банкі - өндірісті, құрылысты, көлікпен байланысты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету  саласында,сыртқы экономикалық қызметті; «Наурызбанкі» - агроөнеркәсәіп кешенін; «Орталықнесиебанкі» - тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, тұрмыстық қызмет көрсетуді және экономиканың басқа да салаларын; Халықтық банк – елдегі жинақ ісін ұйымдастыруды қамьтамасыз етеді; «Дамубанкі» - елдің экономикалық дамытудың басымды бағдарламаларына және ұза мерзімге арналған тиімді инвестициялық жобаларын несиелендіруді жүзеге асыруына қызмет көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Кәсіпорынның банктегі шоты және есеп айырысу

операциялары

2.1. Есеп айырысу операциялары,олардың  жіктелуі.

 

Есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

  • банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;
  • жеке секторлар-үй шаруашылығының банктер арқылы есеп айырысулары;
  • банктік секторлар-банк аралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне  қарай;

  • тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
  • бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
  • банк ссудалары,вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырысу аумағына қарай:

  • Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар,соның ішінде:

 бір қаланың ішінде;

 қаладан тыс жерлерде,аудандарда,ауылда  және т.с.с.

  • Мемлекет арасында (халықаралық)есеп айырысулар;

Есеп айырысу уақытына қарай;

  • сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;
  • мәміле жасалған соң,мерзімді төлемдер;
  • коммерциллық несие шартында,яғни келіскен мерзімге жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;
  • мерзімнен бұрын,яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен;
  • мерзімі өтіп кеткен төлемдер,яғни төлем уақыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүйелеріне қарай:

 

  • пошта байланысы арқылы;
  • телеграф-телетеап байланысы арқылы;
  • телефон байланысы арқылы;
  • электрондық байланыс арқылы;
  • SWIFT (Дүниежүзілік банкаралық телекоммуникациялық қоғамы)жүйесі арқылы;

Есеп айырысу нысанында  қарай;

  • Қолма-қолсыз аударымдар (банктік),соның ішінде:

Кредиттік;

Дебеттік;

Ашық шот арқылы; 

Аккредитив;

Инкасса;

  • Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар)арқылы;

Есеп айырысу тәсіліне қарай;

  • толық есеп айырысу;
  • жартылай есеп айырысу;
  • өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг)арқылы есеп айырысулар.

Есеп айырысу құралдарына  қарай;

  • Кредиттік аударымының құралдарымен есеп айырысулар,соның ішінде:

Төлем тапсырмасымен;

Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар,соның ішінде;

  • төлем талап-тапсырмасы
  • чек
  • вексель
  • инкассалық өнімдер
  • Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар,яғни бірде дебеттік,бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын:аккредитив,пластикалық карточкалар,банктік аударымдар және т.б.

Есеп айырысу шамасына қарай:

  • ірі төлемдер;
  • ұсақ төлемдер;

Есеп айырысу кезектілігіне  қарай:

  • жалақы,бюджет,сақтандыру және т.с.с. төлемдер;
  • несилер үшін төлемдер;
  • материалдық құндылықтар үшін төлемдер;
  • сот шешімі бойынша төлем құжаттарынмен есеп айырысулар.Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассклық операциялар мынадай түрге бөлінеді:
  • банктік шоттар;
  • ұлттық немесе шетел волютасында аударым операциялары;
  • алдағы уақытта волюталау күні қойылуға тиісті,ұлттық волютадағы аудармы операциялары;
  • төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
  • волюталық операцияларға бақылау жасау;
  • шоттың архивін беру;
  • ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
  • банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассалау;
  • құндылықтарды жеткізіп беру.       

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің     

банктердегі ашқан ағымдық және басқада шоттары арқылы жүзеге асырады.

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктерде  шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық

Банк Басқармасының  №266 бекітілген «Қазақстан Республикасының  банктеріндегі клиенттерінің банктік  шоттарын ашу,жүргізу және жабу тәртібі  туралы» нұсқаулықтар көзделген.Осы  нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:ағымдағы,жинақ  және корреспонденттік.

№1050 «Ағымдағы банктік  шоттардағы волютамен ақша қаражаттар» шоттарында шетелдік волютадағы операциялар есепке алынады.Бір уақытта олар операцияны жасау күніне жүретін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы (курсы) бойынша теңгеде белгіленеді.№1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы волютамен ақша қаражаты» шоты активті екенің еске аламыз.Олардың дебеті бойынша волютаның келуі,кредиті бойынша-шығыс етілуі бейнелейді.Әрбір шетел волютасы бойынша оған қосымша аналитикалық есеп жүргізу қажет.

Информация о работе Банк шоттары мен есеп айырысу