Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 15:49, дипломная работа
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы банк қызметі нарығында бәсекелестіктің күшеюіне қызығушылық артып отырғандықтан банк аралық несиенің мазмұнын зерттеп, талдау жүргізуде. Бұл зерттеу жұмысының басты шарты - банктің төлемпаздығын ретеудің маңызды құралы ретінде банк аралық несиелердің (БАН) ролін негіздейтін теориялық және әдістемелік ережелерді жасау қажеттілігінде болып отыр.
КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... 3
1. БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕ ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ..................... 6
1.1. Банк аралық несиенің теориялық негіздері ........................................................... 6
1.2. Банк аралық несие түрлері ........................................................................................... 9
1.3. Банк аралық несиенің мәні ......................................................................................... 18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕГЕ ТАЛДАУ................................................................................................................................28
2.1. Банк аралық несиелеудегі шетелдік тәжірибеге талдау .................................. 28
2.2. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы банк аралық несиенің дамуы 36
2.3. Банк аралық несиені дамыту әдістері ..........................................................
3. ҚАЗАҚСТАНДА БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕНІ ДАМЫТУДЫДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ...........................................................................................................................44
ҚОРТЫНДЫ ........................................................................................................................ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................................ 58
Қазақстан 1992 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкінің мүшесі болды. Әлемдік банк тобы Қазақстандағы ішкі қаржыландырудың ірі көздерінің бірі болып табылады.
Әлемдік банктің бұрынғы қарыздары (реабилитациялық, жаңа құрылымдарды қолдау мен қаржы секторын дамытуға арналған) өкіметтің жекешелендіру, кәсіпорынды қайта түзу, қаржы нарығын реформалау және әлеуметтік қорғау сияқты негізгі салалардағы жаңа құрылымдарды құруды қолдауын күшейтуге бағытталған. ҚДХБ-нің қарыздарының көпшілігі нақты жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған, сондай-ақ ҚДХБ экономикалық, қаржылық және өзге де маңызды салалардағы жаңа құрылымдарға қолдау көрсетуге қарыз береді. Осындай қарыздарға қаражат ұсыну белгілі бір мақстаттар мен міндеттерге қол жеткізу болып табылады. ЭЖпаңа құрылымдарға қолдау көрсетуге берілген қарыздар валюталық нарықты дамытуға көмек көрсетті және бюджет тапшылығын қаржыландыруда инфляцияны болдырмауды қамтамасыз етті.
1993-2000 жж кезеңіндегі шеттен алып пайдаланудың барлық мөлшерінің инвестициялық қарыздар 41%, құрылымдық қарыздар 59% құрайды. Жаңа құрылымдарға қарыз беру тез жұмсалатын қарыздарға жатады. АҚШ 1 070 млн доллар міндеттемелерінің барлығынан құрылымдарға 970 млн доллар жұмсады. Жобалардың физикалық жүзеге асырылатындығымен байланысты болғандықтан жаңа құрылымдарға қарағанда инвестициялық жобаларға қаражат жай жұмсалады.
Әлемдік банк қаржыландыратын жобалардың географиялық қамтылуы әрбір областың осы жобалардан табыс алатындығын не алатындықтарын көрсетеді. Алдағы үш жылға несиелеу бағдарламасы географиялық ауқымды кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Демек, банктік несие халықаралық неисе түрі ретінде халықаралық сауданы дамытуда маңызды роль атақарады. Сонымен бірге, несиені пайдаланудың жағымды жақтарына қарамастан оның мемлекет үшін жағымсыз жақтары да болатындығын ұмытпау керек.
Халықаралық несиенің жағымды жағы ол елдің ішкі экономикалық қызметін ынталандыратындырады, шетелдік жеке инвестиция үшін жайлылық тудырады, елдің ішкі экономикалық байланыстарына қызмет ететін халықаралық есеп айырысу мен валюталық операциялардың үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Нарықтың экрономиканың дамуындағы халықаралық несиенің жағымсыз жағы оның қарама-қайшылығында. Халықаралық несие қарыз капиталын елдер арасында бөле отырып, тауарларды қайта өңдеуді форсирует, барынша табысты салалардың дамуын жетілдіре және шетелдік капитал тартылмайтын салалардың дамуын кешеуілдете отырып, қоғамдық ұдайы өндірісті үйлестірмейді. Қарыз капиталының әлемдік нарық каналдары бойынша ақшалар орын ауыстырады. Ол ақша айналымының, несиенің, валюта жүйесінің, төлем баланстарының, ұлттық және әлемдік экономиканың тұтастай тұрақсыздығын күшейтетеді.
Жетекші елдердің ұстанымын нығайту мақсатында банктер, мемлекеттер, халықаралық және аймақтық несие мен қаржы ұйымдары өздеріне жарамсыз саясатты жүргізетін белгілі бір елдерге жүйелі түрде несиелік дискриминация және несиелік қоршау саясатын жүргізіп отырады. Несиелік дискриминация деп оларға саяси немесе экономикалық қысым көрсету үшін халықаралық несиені алу, пайдалану және өтеудің ең тиімсіз нашар шарттарын бекіту. Несиелік дискриминацияның негізгі әдістері – несиені шектеу, несие бағамдарын, комиссиялық салымдарды ж.т.б. көтеру.
Бұдан да қатаң экономикалық санкция несие қоршауы болып табылады. Бұл – қандай да бір елге несие беруден бас тарту. Көп жағдайда бұл түрлі себептермен ресми емес түрде несие беруден бас тарту болып табылады.
Бір сөзбен айтқанда халықаралық банктік несиенің негізгі дамуы халықаралық несиенің кез-келген өзге түрі сияқты өндірісті интернациаландыруды күшейтуге және ауыстыруға, сондай-ақ әлемдік шаруашылық байланыстардың жаңа түрінің пайда болуына қызмет етеді.
Біздің жасаған таладуымыз бен зерттеуіміз шет елдердегі банк аралық несие олардың банктік жүйелерінің және валюталық нарық, мемлекеттік құнды қағаздар нарығы сияқты қаржылық нарықтың өзге де салаларының дамуымен қатар дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Индустриялды дамыған елдерде ақша нарығының негізгі бөлігін қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) құнды қағаздар құрайды. Құнды қағаздар нарығы нашар дамыған елдердің (жабдықтар мен операциялар барынша шектелген жиынтықпен) ақша құрылымы нарығына қарағанда банк аралық несие нарығының (коммерцииялық банктерді қайта несиелейтін орталық банктердің несиелерін қосқанда) үлесі зор.
Ресейлік БНН нарығы шетелдік БНН нарығымен бірге дамып келеді.
Енді оның даму сатыларын қарастырып көлерік.
1993 жылдың күзінде ақпараттық орталық (Рейтинг) өздерінің ай сайынғы бюллетендерінде шығарып тұру үшін MIBOR бағамдарын өздерінше есептей бастады.
1994 жылдың шілде айында Орталық банк банк аралық несиенің бағамдар көрсеткіші ретінде неисені ұсыну бағамын - MIBOR-ды және несиені тарту бағамы – MIBID-ті қабылдады. Аталған бағамдар мәскеулік тоғыз банктің күнделікті бағамдарына сәйкес анықталды. Банк аралық несиенің дамуы бойынша аталған көрсеткіштердің жүйесін құріға қатысушы банктердің құрамы кеңейді.
Банк аралық несиенің индикаторын анықтаудың өзге тәсілін жасалған келісімдер бойынша INSTAR (Interbank Short-Term Astual Rate) бағамдарды есептейтін Банк аралық қаржы үйі (БҚҮ) ұсынды. INSTAR бағамдарын анықтау ісі мынадай. БҚҮ—нің келісімдері мен шарттары негізінде банктен әр келісімнің несиелеу мерзімі, сомасы, пайыздық бағамы және несие түрі (тарту немесе тарату) туралы ақпарат алады. Одан әрі әрбір несие мерзімі үшін БҚҮ орташа бағамды есептейді. Бұл ретте келісімдерді сүзгілеудің статистикалық процедурасы қолданылады (барынша көп қолданылатындардан ерекшеленетін пайыздық бағамдар қырқылып қалады).
1994 жылдың қыркүйек айының
Сонымен бірінші сатыда Ресейдің БАН нарығының ұйымдары орташа нарықтық бағамдарды анықтау технологиясын дамыта бастады және банк аралық нарықтағы нарықтық бағаның мониторингі пайда бола бастады. Дегенмен де, жоғарыда аталағн себептерге қарай әрбір банктің банк аралық қорлардың соңғы бағасы мен өз шығындарын анықтау үшін қажетті ақырғы тиехнологиялар пайда болып үлгермеді.
Екінші саты 1995 жылдың 5 мамырынан 1996 жылдың наурыз айларын қамтыды. Аталған сатыда банк аралық несие нарығы тұтас құбылыс ретінде бола алмады. Банктер тек өздері жақсы білетін аздаған контрагенттермен ғана жұмыс істеді. Қатаң валюталық дәліз тәртібі БАН нарығындағы банктердің нарығын шектеді, ақша ГКО-ны сатып алуға ғана бағытталды. Банктер арасында қаражаттарды бөлу механизмі мүлдем болмады. Бұл саты инфляцияның күр төмендеуіне, ақша-несиелік қатынастардың барлық саласын қамтьыған төлемдік дағдарыстың күшеюіне әкеліп соқтырды. Банктердің өсу үрдісі төменгдеді. Банктердің капитализациялау деңгейі де төмендеді.
Үшінші саты – 1996 жылдың наурыз айынан бастап 1997 жылдың күщіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл сатыда нарық реалийлерде жұмыс істеді (қаржылық тұрақтылықта), рубль курсы ақырын түсе бастады, банк аралық нарықта банктердің ағымдағы төлемпаздықтарын ұстап тұру үшін қысқа қаражаттар белсенді түрде сатыла бастады. Нарық өз-өзіне келе бастады.
Нақ осы сатыда мемлекеттік құнды қағаздар нарығының БАН-ға ықпал ете бастады. Тек 1996 жылдың бірінші жартысының өзінде банктердің қорларың аталған қағаздарға ұлғайтуы салдарынан банктерге несие 50,1 трлн рубльден 46,9 трлн. Рубльге төмендеді. БАН құрылымында үлестің көбін тек ең қысқа несиелер алды.
1997 жылдың басында банктердің 70% 50 млрд. рубль, 12-13% банктер – 500 млрд. Рубльден жоғары және тек 20 банк (1% аз) – 5 тен 25 трлн.рубль активтері болды. Бұл ретте барынша капиталдары жоғары банктер тобына (бар болғаны 856 банк) 200 млрд. рубль активтері бар банктер ие болды. Капиталдары төмен банктер мен шығынға ұшыраған банктер үлесіне барлық банктік қорлардың 30% тиюі тек ақша қатынастарындағы тұрақсықдыққа ғана емес, көптеген субъектілердің банкротқа ұшырауына әкеліп соқтырды. Бұл 1998 жылғы дағдарыс кезінде де байқалды.
Төртінші саты 1997 жылдың күзінен 1998 жылдың 17-тамызына дейінгі арлықты қамтиды. Аталған сатыда ақша қаражаттары мемлекеттік қағаздар нарығына өтті, нағыз сұраныс басталды. Сол себепті БАН нарығы дамымады. Банк жүйесінің айналасындағы жағдайдың өзі де мәз болмады.
Банк дағдарысының алдында 1998 жылы банк аралық несие нарығы елеулі түрде артқан. Мұндай өсудің ерекшелігі Ресейдің ірі банктерінде байқалды. Екі жылда (1995-1997жж) Ресейдің он ең ірі банктерінде жеке капиталдарының өзге банктерден тартылған қорларына ара-қатынасы 21,8 тармақтық пайызға (1/3 тен артық) кеміді. Несие дағдарысының тарихы банк аралық несие қозағлысының арнайы заңның қолданылғандығын көрсетеді: өндірістің жалпы төмендеуі немесе тұралап қалуы кезінде банк жүйесі дағдарысқа жақындаған сайын банк аралық несиелердің деңгейі мен көлемі жоғары болды.
Банк аралық несиенің технологиялық негізі 1995 жылы да дамымады.
Бесінші саты 19998 жылдың 17 тамызында басталып, 1999 жылдың мамыр айына дейін созылды. Ол ресейлік банк жүйесі үшін барынша қайғылы болды. 1998 жылдың тамызындағы қаржы дағдырысы банктердің тұрақтылықтарына елеулі соққы болды.
Дағдарыс – бұл не сұраныстың не ұсыныстың тым артуы. Мұнда сұраныс пен ұсыныстың баға көрсеткіштерінің елеулі түрде шашыраңқылығы байқалады. Сондықтан да бұл қаржы нарығындағы дүрбелеңді туғызады. Мысалы, БАН нарығықтағы дағдарыстық жағдай бірер сағат ішінде туындайды. Бұл ретте дағдарыс тұрақты валюталарға қарағанда рубль курсының бірден түсуне әкеліп соқтырады.
Аталған кезеңде банктердің
тоқыраулары олардың қызметінің
барлық өлшемдері бойынша
Жоғарыда аталған іс-әрекеттер осы сатыда тұралап қалған банк аралық несиелеуге де әсер етті. Банк аралық несие көлемі мардымсыз болды, банктерде бос ақша қаражаттары мүлде болмады, барлық қаражаттар тек өздерінің төлемпаздықтарын қолдауға ғана кетті.
Дағдарыс кезінде рейтингтік агенттіктер жағымсыз роль атқарды. Олардың рейтингтерді құру әдісі банктердің баланстарының жалпы деректеріне (олардың төлемпаздықтарысыз активтерінің мөлшері, ОБ әдісі бойынша есептелінген капитал, ж.т.б.) негізделді және осы көрсеткіштер мазмұнының сапалы жақтарын есепке алмады.
Нәтижесінде төленмпаздықтары ең аз, бірақ рейтингтері жоғары ірі банктер ең алдымен күйреді, бұл агенттіктердің рейтингтік көрсеткіштеріне сенімсіздікті күшейтті, сондай-ақ олардың ресейлік банктердің қызметтерін талдауға қолданған әдістерінің сенімсіз болғандығын және қайғылы нәтижелерге әкеліп соқтырғанын, сондықтан да техникалық, сапалы компонеттері бар жинақты, қашықтықтан бақылайтын (дистанционды) банктік талдау қажеттігін көрсетті. Ресейлік банктердің рейтингтерін шығаратын халықаралық агенттіктердің бірқатарының (мысалы, Bank Watch) өнімдерін пайдаланатындар олардың рейтингтерін қолдану кезінде шығынға ұшырағандары және олардың сапасыз талдаулары үшін оларды сотқа берді.
Дағдарыс бір жағынан банк аралық несие нарығында контрагенттердің несие қабілеттіктері мен төлемпаздықтарына жинақты түрде талдау жасауға мүмкіндік беретін технологиялардың жоғына, екінші жағынан банктердің өзінде төмендегілердің жоқтығын көрсетті:
Алтыншы саты (әзірше соңғы) 1999 жылдың мамыр айынан басталып, қазірге дейін жалғасып келеді. Барлық шығынға ұшыраған банктер 1998 жылдың тамызынан кейін жұмыстарын тоқтатты. Кейбір банктер (Автобанк, Қайта өрлеу, ж.т.б.) тұрақтандырылған несиелер алды. Аман қалған банктер өз капиталдарын өсіре бастады, активтерді салу саласында өз саясаттарын сақтықпен жүргізе бастады.
Қазіргі уақытта мың екі жүзден аса банктерден жеке капиталы 1 млрд. рубльге тең 22 банк бар, жүз елу банктің жеке капиталы 100 млн. рубльден артады. Бар болғаны бір мың екі жүз банктің ғана капиталы тұрақты (нақты жұмыс істейтін банктер). Отыз бір банктің активтері 10 млрд. рубльді құрайды, ол РФ жиынтықты активтерінің 50 %. 1998 жылдан соң банк жүйесінің өзі тұрақты болмаса да (активтердің көп бөлігі небәрі 30 банкте ғана шоғырландырылған) банктер капиталдарының барабарлық көрсеткіштері төмендегендігін байқаймыз.
Бұл саты дағдарыстан кейін банк аралық несие нарығының дамуымен сипатталады, батыстың банк аралық несие нарығы сияқты жұмыс істей бастады, бірақ ресейлік ерекшеліктері де бар. Арнай сараптау технологияларын құруды қажет ететін нарықтық қауіптердің нақты қиындықтары да туындай бастады.