Банк аралық несие және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 15:49, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы банк қызметі нарығында бәсекелестіктің күшеюіне қызығушылық артып отырғандықтан банк аралық несиенің мазмұнын зерттеп, талдау жүргізуде. Бұл зерттеу жұмысының басты шарты - банктің төлемпаздығын ретеудің маңызды құралы ретінде банк аралық несиелердің (БАН) ролін негіздейтін теориялық және әдістемелік ережелерді жасау қажеттілігінде болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... 3
1. БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕ ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ..................... 6
1.1. Банк аралық несиенің теориялық негіздері ........................................................... 6
1.2. Банк аралық несие түрлері ........................................................................................... 9
1.3. Банк аралық несиенің мәні ......................................................................................... 18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕГЕ ТАЛДАУ................................................................................................................................28
2.1. Банк аралық несиелеудегі шетелдік тәжірибеге талдау .................................. 28
2.2. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы банк аралық несиенің дамуы 36
2.3. Банк аралық несиені дамыту әдістері ..........................................................
3. ҚАЗАҚСТАНДА БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕНІ ДАМЫТУДЫДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ...........................................................................................................................44
ҚОРТЫНДЫ ........................................................................................................................ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................................ 58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 491.00 Кб (Скачать документ)

Осы нарықта осындай  көп қатысушылардың және әлеуетті контрагенттердің болуы олардың қаржылы-экономикалық жағдайларына шұғыл талдау жасау технологиясын жасау мен контрагенттерге несие лимиттерін анықтаудың қарапайым механизмдерін құруды қажет етеді.

Сондықтан да, банк аралық несиенің негізгі  қызметі несие беретін мекемелердің төлемпаздықтарына қолдау көрсету  болып табылады. Бұл контрагенттердің ағымдағы қаржылы-экрнрмикалық жағдайлары мен олардың төлемпаздықтарын зерттеуге бағытталған аналитикалық технологияларды құруды қажет етеді. Банк аралық несие нарығында контрагенттердің саны мен оларға тиісті операциялардың санының көп болуы осындай операцияларды өткізудің тиімділігін бағалаудың, сенімді механизмдерде осы операцияларды өткізуге кететін шығындарды анықтаудыі және сол шығындарды азайтудың қажеттілігі туындайды.

Бір сөзбен айтқанда, банк аралық несие нарығына  сарапшылар жағынан да және тікелей банктер жағынан да көңіл бөлу заңды құбылыс. Көптеген мысалдар көптеген банктердің қызметі осы банк аралық несие нарығына шығудан басталғандығын көрсетіп отыр.  Әрине несие нарығы жаңа ғана ашылған банктер үшін (операцияның басталуы үшін, мысалы, валюталық нарықта банкке тиісті лицензия алу қажет) барынша қол жетімді, дегенмен де олардың осы нарықтағы белсенділіктері тек осыдан ғана көрінбейді. Міне осы жерде ғана банктің аты шыға бастайды деуге болады, бірақ оның  әріптестерінің арасында өзін қалай таныта алатындығы оның келешектегі қызметіне байланысты. 

Осы нарықтағы банктердің  өзара көптеген байланыстарын ескере отырып, тіпті олардың біреуінің  келісім шарттарынан жеңіл-желпі  шегінуінің өзі (алған несиені қайтарып бермеу туралы айтпағанның өзінде) тек банк аралық несие нарығында  ғана емес қаржы нарығының  қатар секторларында да «домино әсерін» тудыруы мүмкін. Сондықтан да қандай да бір банктің абыройы банк аралық несие нарығындағы  оның іс-әрекетіне байланысты. Әріптестерінің алдындағы міндеттемелерін бұзуы банктің «тұрақсыз» екендігін білдіреді. Бүгінде өз клиенттерінің алдындағы міндеттемелерін орындамай отырған көптеген банктер бұған дейін де несие берген әріптестеріне қарызгер болған банктер.

 

 

 

 

1.2. Банк аралық  несие түрлері

 

Төлемпаздығы жоғары банк аралық нарық  тиімді шарттармен несиелеу үшін уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Бану аралық несиелер  банктік баланстардың төлемпаздықтарын қолдау мен шұғыл реттеу құралы ретінде  кейде қаржылық емес сектор мекемесіне несие беру немесе табысты ұлғайту  мақсатында валюталы және қор нарықтарында операциялар жүргізу үшін пайдаланылады [2].

Банк аралық несие  – бұл несие мекемелерінің  уақытша бос ақша қаражаттарын банктердің өзара тартуы мен таратуы.

Тәжірибеде банк аралық несиенің мынадай түрлері кездеседі:

  1. Корреспонденттік есептер бойынша овердрафт несиелер: олар тиісті есепте банктердің корреспонденттік есептеріндегі операциялық күннің соңындағы қалдықтарының дебеттік (несиелік) сомаларын есепке алады.
  2. Өзге банктерге берілген  (алынған) овернайт несиелер: олар  өзге банктерге бір операциялық күннен аспайтын мерзімге беріледі. Банк аралық несиенің бұл түрі ағымдағы күннің есебін аяқтау үшін қолданылады.
  3. РЕПО операцилары бойынша өзге банктерге берілген  (алынған) қаражаттар. Бұл операциялар олардан алдын-ала келісілген бағамен белгілі бір уақытқа қайта сатып алу шартымен немесе егер де РЕПО операциясының мерзімі құнды қағаздарды өтеу мерзімдеріне сәйкес келген жағдайда  қайтармайтын кепіл шарттарымен құнды қағаздарды сатып алумен байланысты.
  4. Синдикатталған несие (бұл атауды барлық екі жақты емес несиелер деп түсінуге болады) – бұл банк басқарушысы мен төлем агенті қызметтерін  бірге атқарушы бір банк-агентінің басқаруымен банк синдикаты ұсынған қарыз. Синдикатталған несие көп қатысушыларды тарта отырып, қомақты сомаларға жиі беріледі. Барлық несие берушілердің іс-әрекеттерін  үйлестірудің қажеттігі мен онымен байланысты  заңдық  және өзге де шығындар банк-агенттің шығындарды өтеуімен шартталады. Қаражаттаржы тарту кезінде агентке несиені ұйымдастырып, басқарғаны үшін және міндеттемелер үшін комиссия төленеді. Одан әрі қарыз алушы агентке алдын-ала келісілген күні жыл сайынғы төленетін агенттік комиссияны  оның несиені жүргізуге  кеткен операциялық шығындарының өтемі ретінде аударады.

Несие қатынастарының субъектілеріне коммерциялық және орталық

банктер жатады. Бос несие  қорлары бар банктер оларды банк аралық несие – ақша нарығында  сатады. Банк аралық несие арқылы банктер  олардың төлемпаздықтарын шұғыл  басқара алады, қажет болған жағдайда қаражаттарды тез тарта алады  немесе уақытша бос несие қорларын тарата алады. Банк аралық несиеге қатысушыларына қаржылық жағдайлардың туындауларына байланысты өз операцияларын жүйесіз жүргізетін банктер жатады.  Банк аралық несие нарығының барынша белсенді операторларына  қарыз беруші не қарыз алушы ретінде өз аттарынан және өз есептерінен әрекет ете алатын банк-диллерлер жатады. Олардың табыстары – пайыздық маржа, қаражаттарды тарту мен тарату бағамдарының арасындағы айырмашылық. Бос несие қорларына көрнекті клиенттері бар банкілер ие. Банк аралық несиелеу қаржы нарығының барынша ірі сегментіне жатады. Банк аралық несиелер екінші деңгейдегі банкілердің төлемпаздықтарын қолдаудың , сондай-ақ белсенді операциялар өткізу мен корреспонденттік есептерді толтырудың ең шұғыл кіріс көзі болып табылады. ТМД елдерінің банк жүйесінің алғашқы қалыптасып келе жатқан шағында банктер үшін банк аралық несиелер қаражаттарын толтырудың бірден-бір кіріс көзі болған болатын. Әлемдік тәжірибеде мұндай кіріс көздері депозиттер болды. Банк аралық несие мәселелерін шешу үшін басында несие дүкендері қолданылды.  Дүкенге қорларды сатып алуға тапсырыс беруге болатын, одан әрі «қысқа мерзімді ақшалар»  нарығы (несие мерзімі 1-7 күн) әрекет ететін еді. «Қысқа мерзімді ақшалар» сатушыларды да, сатып алушыларды да, әсіресе сатушыларды қызықтырған болатын. Несие мерзімдері ұзақ болмағандықтан қауіп те аз болатын. Онымен қатар банк аралық қысқа мерзімді валюталық депозиттер нарығы, банк аралық валюталық несиелер нарығы құрылды. Банк аралық несиелеу қызметінің ерекшелігіне инфляция мен экономиканың барлық секторларындағы төлемеулердің өсулері әсер етті. Заң тұрғысынан негізі , біртекті ережесі, технологиясы, іс-әрекеттері, сараптау қызметтері, төлей алмаған жағдайда нарыққа қатысушылардың материалды жауапкершіліктерінің механизмдері жоқ нарық әрекет ете бастады.

Операциялық жүйелер  келісімдерді шұғыл жасаудың техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Банктер  стандартты ақпараттарды (ағымдағы баға белгілеулер, шарттар және тағы басқалары), сондай-ақ келісімдерді жасау үшін белгілі бір жабдықтьарды алады. Операциялық жүйелердің табысы есеп-шоттарға қатысушылардан түсетін комиссиялар мен абоненттік төлемдерден құралады.

Коммерциялық банк өзге банктердің несиелерін тікелей не делдалдар (өзге банк, қор биржасы, брокерлік  мекеме ж.т.б.) арқылы ала алады.  Банк аралық несие – қымбат несие қоры, дегенмен де депозиттерге қарағанда оған қосымша талаптар қойылмайды, сондықтан да банк аралық несиенің барлық сомасын банк табыс табуға жұмсай алады.

Несие қорларының бағасы – банк аралық несие нарығындағы ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті кезіндегі несиенің пайыздық бағамы. 

Банк аралық несие  нарығындағы пайыздық бағамдар деңгейі  несиелеу мерзіміне байланысты өзгеріп  отырады.

Несие келісім шарттары банк аралық несие нарығында стандартты уақытша тәртіптермен және өзге мерзімдермен жасалады. Банк аралық несиелерді шектеу кезінде банк аралық келісімдердің атауларына назар салудың қажеті жоқ. Мысалы көптеген банк аралық  овернайт несиелерді депозиттер деп қарау керек. Сондай-ақ банк аралық несиелерге онкольды қарыздар да жатады. Онкольды қарыз -  қайтарып беру, ақылық, жеделдік шарттарымен, қамтамасыз етумен, кепілмен  ұсынылатын және  бір жылдан отыз жыл мерзіміне дейін берілген несилерді өз орнымен пайдаланатын банк аралық қарыз. ҚР Ұлттық банкінің қарыз беру мөлшері (портфелі) «Қарыз беру  мен ҚРХБ-нің несиелері бойынша мүмкін болатын шығындарының орнын толштыруға қажетті қосымша қорлар мөлшерінің жіктелуі туралы» ережеге сәйкес анықталады. Ұлттық банкісі ұсынатын несиелер қарыз алушылардың қарызды қайтару мерзімдерін сақтауларына, несиені қамтамасыз ету мен қаржылық жағдайына қарай  мынадай топтарға жіктеледі:

Стандартты – мерзімі  өтіп кетпейтін қарыз емес несие  және ол кепілмен қамтамасыз етілген. Бұл топқа ҚР өкіметіне, Қайта  өңдеудің Еуропалық банкі  мен Қазақстан Республикасындағы кіші және орта кәсіпорындарды дамыту бағдарламасы бойынша Даму қаражаттарының  есебінен екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелер.

Күмәнді – ұсынылатын және стандартты несиелердің және негізгі қарыз немесе сыйақы бойынша несиені 30 күн кешіктіріп қайтарумен байланысты шығын қаупі бар несиелердің талаптарын қанағаттандырмайтын несие.

Шығынды –  негізгі  қарыз бойынша төлеу мерзімі 30 күннен асып кеткен несие. Қарыз алушы  таратылған жағдайда оған несие беру несиені өтеу мерзіміне қарамастан, шығын ретінде жіктеледі. Шығынды несие тобына  соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде Ұлттық банкі ұсынған несиелер жатады. Қосымша қорлар Ұлттық банкінің операциялық шығындары есебінен құрылады.

Ұлттық банкі банктік қарыздардың мынадай несие түрлерін ұсынады:

- корреспонденттік есепшоттарында  уақытша ақша жоқ не жеткіліксіз  болған кезде екінші деңгейлі  банктердің клиенттердің тапсырмасы  бойынша төлемдер мен ақша  аударымдарын жүзеге асырулары  үшін берілетін күндізгі несилер;

  - овернайт -   банктердің коррепонденттік есепшоттарындағы дебеттік сальдо пайда болған кезде банктермен  есеп айырысуды аяқтау үшін Ұлттық банкінгің бір түнге беретін несиесі;

- соңғы сатыдағы қарыз  беруші ретіндегі қарыздар;

- арнайы тағайындалған  қарыздар.

Банк аралық несие  нарығындағы контрагенттерді таңдау кезінде банктер банктің болашақ  қарыз алушысының нақты баланстары мен экономикалық нормативтері негізінде  анықталатын құқықтық, қаржылық жағдайларын  ескереді.

Коммерциялық  банк БАН нарығында лимитті есептемей отырып контрагентпен жұмыс істемейді. Баланс мәліметтерін, экономикалық нормативтерді талдау, қозғалыста алынған балансты есептердің мәліметтерін шешу негізінде кез-келген банктің жағдайын дәл бағалауға мүмкіндік беретін банк-контрагенттеріне лимитті анықтауды есептеудің арнайы әдісі бар.  Көп жағдайда лимит банк-контрагенттің жеке капиталы туралы мәліметтердің негізінде  банктің қаржылық жағдайын көрсететін арнайы синтетикалық коэффициент арқылы есептеледі. Бұл коэффициентті банк-контрагенттің өзі жасайды. Банктер серіктес банктердің қызметтеріне, сондай-ақ олардың рейтингіне баға бере алады.

Рейтинг – банк қызметтерінің  арнайы көрсеткіштері. Рейтинг негізіне берілген белгі бойынша жалпылама  сипаттама. Ол коммерциялық банктерді белгілі бір жүйемен берілген белгінің кему деңгейі бойынша топтауға мүмкіндік береді. Рейтингтерді банктерді қадағалау органдары банктердің есептілік мәліметтерін талдау және  оларды сол жерде тексеру негізінде құрылады.

Банк аралық несие  нарығында банктер контрагенттерді талдауда болашақ қарыз алушы банктің құқықтық жағдайын, баланс деректері мен экономикалық нормативтер негізінде анықталатын қаржылық жағдайларын ескереді.

Банк аралық несилеудің ролі мен жолдары.

Банк аралық несие  тек өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оны тездетеді де. Несие айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді. Бұған ақша белгілерін жасау, есепке алу және сақтауға кететін шығындарды қысқарту немесе қолма-қол ақшаның бір бөлігі қажет болмай қалу,  ақша қаражаттары айналымын жеделдету, бос ақша қаражаттарын көп рет пайдалану, қосымша қорларды қысқарту есебінен қол жеткізіледі.

Экономикалық кезеңнің әртүрлі сатысындағы банк аралық несиенің ролі бірдей емес. Жеткілікті экономикалық тұрақтылықтың экономикалық өрлеу жағдайында несие өсу факторы болады. Аса ірі ақша және тауар массаларын бөле отырып, несие банктерді қосымша қорлармен қоректендіреді. Дегенмен де ол тауарларды қайта өндіру жағдайында жағымсыз әсер етуі мүмкін. Әсіресе мұндай әсер инфляция кезінде байқалады.  Кредит арқылы айналымға енетін жаңа төлем құралдары айналымға қажетті онсыз да артылған ақша массаларын ұлғайтады.

Несие өзінің әлеуметтік жағына қарамастан жиынтықты ақша айналымының көлемін реттеу, кейіннен оларды қайтару шарттарымен ақша қаражаттарын қайта бөлі, уақытша бос қаражаттарды шоғырландыру сияқты белгілі бір қызметтерді атқарады.

Банк бан аралық несиені  тарта отырып, өзінің қаржылық жағдайын жақсартады және банк нарығында  нығая  түседі. Сондықтан да банк аралық несиелер несие беруші банктерге де, қарыз алушы банктерге де пайда келтіре отырып, банктерді ынталандырады. Банк аралық несие соммасы жоғары болғандықтан қарыз беруші мұндай несиені бере отырып, барынша көп мөлшерде сыйақыға ие болады.

Коммерциялық банктердің қорларының түзілулерінде үлкен роль атқара отырып, банк аралық несиелердің елеулі кемшіліктері де бар. Олар – қаражаттарды қайта бөлу кезінде шапшаңдықтың болмауы, мөлшерлер мен мерзімдердің шектеулілігі. Бұл кемшіліктерді «соңғы сатыдағы» қарыз беруші ретіндегі Ұлттық банкінің қорларын тарту арқылы жоюға болады. Нақ осы банк ел экономикасының ақшалай-несиелі реттеуді жүзеге асырады және несие саясатының бағытына қарамастан коммерциялық банктермен өзінің қарым-қатынасын құрады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге қатысты несиелік салымдар көлемін кеңейту не азайтуға бағытталған саясатын жүргізеді. Бұл ретте есеп бағамының деңгейін, банктерден тартылатын қорларды міндетті түрде сақтау бойынша ең аз талаптардың мөлшерін, ашық нарықта өткізілетін операциялардың көлемін өзгерту сияқты құралдар пайдаланылады.  ҚР Ұлттық банкінің реттеудің қандай да бір әдісін не олардың жиынтығын қолдануы елдегі нарықтық қатынасстардың даму деңгейіне байланысты.

Банк аралық несиелерді рәсімдеу

Банк аралық несиені алу кезінде  қарыз алушы несие бөліміне төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • сомасы көрсетілген арыз-хат;
  • несие қорларындағы талаптар;
  • пайдалану мақсаты;
  • қайтару мерзімі;
  • нотариалды куәландырылған жарғы;
  • құрылтайшылық келісімшарт;
  • тіркеу туралы куәлік;
  • қол қоюлар мен мөрлердің баспа таңбаларының үлгілер құжаты;
  • біл жылдық баланс және несиеге тапсырыс берген күннің балансы;
  • экономикалық нормативтердің есебі;
  • баланстың жеке баптары бойынша толық мағына;
  • несиені қайтаруды қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
  • өзге несие мекемелерінің  кепілі, қоса тіркелген баланстарымен;
  • жылжымалы мүлікке меншік құқығы туралы куәлік.

Информация о работе Банк аралық несие және оның дамуы