Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 15:49, дипломная работа
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы банк қызметі нарығында бәсекелестіктің күшеюіне қызығушылық артып отырғандықтан банк аралық несиенің мазмұнын зерттеп, талдау жүргізуде. Бұл зерттеу жұмысының басты шарты - банктің төлемпаздығын ретеудің маңызды құралы ретінде банк аралық несиелердің (БАН) ролін негіздейтін теориялық және әдістемелік ережелерді жасау қажеттілігінде болып отыр.
КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... 3
1. БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕ ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ..................... 6
1.1. Банк аралық несиенің теориялық негіздері ........................................................... 6
1.2. Банк аралық несие түрлері ........................................................................................... 9
1.3. Банк аралық несиенің мәні ......................................................................................... 18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕГЕ ТАЛДАУ................................................................................................................................28
2.1. Банк аралық несиелеудегі шетелдік тәжірибеге талдау .................................. 28
2.2. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы банк аралық несиенің дамуы 36
2.3. Банк аралық несиені дамыту әдістері ..........................................................
3. ҚАЗАҚСТАНДА БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕНІ ДАМЫТУДЫДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ...........................................................................................................................44
ҚОРТЫНДЫ ........................................................................................................................ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................................ 58
Несие келісімшарты мен келісім бойынша міндетті құжатқа шұғыл міндеттеме жатады. Бұл міндеттемемен бас келісім (несие келісімшарты) аясында несиенің әр сомасын алу рәсімделеді. Оферт жіберген тараптың екінші тараптан (акцепт) жауап алған сәтінен бастап келісім жасалған болып есептелінеді. Өзге тараптың ұсынған керемет шарттарына келісімге отыруға келіскені туралы екінші тараптың жауабы акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап акцептің бас тартуы және жаңа оферта болып табылады. Банк аралық несиені беру кезінде қарыз беруші қарыз алушының талабы бойынша оған факспен орындалғаны туралы белгі қойылған төлем тапсырысының көшірмесін жібереді. Өз кезегінде қарыз алушы шұғыл міндеттеме береді, сондай-ақ несиені және есептелінген пайызды қайтаруға тиісті күнге сәйкес қаражатты қайтаратын күнітөлем тапсырысының көшірмесін факс арқылы жіберуге міндеттеме алады. Шұғыл міндеттеме келісімнің жасалғандығын растау болып та табылады.
Қарыз алушы банк несиені алғаннан кейін қарыз беруші банкке өзге банктер алған несиелері туралы мәліметтер жөнінде үнемі есеп беріп отырады, ҚР Ұлттық банкі бекіткен төлемпаздық нормативтерінің сақталуы жөнінде хабарлап отырады. Қарыз беруші банктің сарапшы қызметтері банк аралық несие нарығында бірлесе жұмыс жасайтын банкілердің қаржылық жағдайларын, сондай-ақ әрбір банкке бекітілген несиенің мөлшерін қарыз алушының сенімділік деңгейіне қарай қадағалап отырады.
Келісімнің мерзімі аяқталғанша тараптар ай сайын бір-біріне баланстары мен экономикалық нормативтерін ұсынып отырады. Банк аралық несиені алуға ұсынысты қарау кезінде қарыз беруші қарыз алушыдан қол қойылып, мөр басылған соңғы есептілік күнінің балансын сұрауға құқылы. Тараптар келісімге қарсы ақпараттарды қатаң түрде құпия сақтауға міндеттеме алады және берілген құжаттардың электронды нұсқасын түп нұсқамен тең деп таниды. Бос ақша қаражаттары бар кезде немесе несие алу қажет болған жағдайда тараптардың диллерлері байланыс жүйлереі арқылы келісім жасауға ұсыныс жібереді, онда мынадай шарттар көрсетілуі тиіс:
Оферт жіберген тараптың екінші тараптан (акцепт) жауап алған сәтінен бастап келісім жасалған болып есептелінеді. Өзге тараптың ұсынған керемет шарттарына келісімге отыруға келіскені туралы екінші тараптың жауабы акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап акцептің бас тартуы және жаңа оферта болып табылады. Банк аралық несиені беру кезінде қарыз беруші қарыз алушының талабы бойынша оған факспен орындалғаны туралы белгі қойылған төлем тапсырысының көшірмесін жібереді. Өз кезегінде қарыз алушы шұғыл міндеттеме береді, сондай-ақ несиені және есептелінген пайызды қайтаруға тиісті күнге сәйкес қаражатты қайтаратын күнітөлем тапсырысының көшірмесін факс арқылы жіберуге міндеттеме алады. Шұғыл міндеттеме келісімнің жасалғандығын растау болып та табылады.
Несие келісімшартында пайыздық бағамның мөлшері анықталады. Оның негізіне несие қорларына сұраныс пен ұсынысқа байланысты нарықтық бағамдар жатады. Банк аралық несиелер бойынша пайыздық бағамның деңгейі валютаның түрі мен несиенің мерзіміне байланысты.
Несиені пайдалану үшін пайыз БАН пайдаланудың әрбір календарлық күніне, қарыз берушінің корреспонденттік есепшотына қаражат түскен күннен бастап есептеледі. Келісімге отырған кездегі диллерлердің келіскен пайыздар мерзімнің аяғында төленеді, БАН соммасын бірге қайтару бас келісімшартта қарастырылмаған. Өзара түсіністікті келісім болған жағдайда несие қорлары мен қарыз алушының кешігуі қарыз берушінің келісімі бойынша әрекет ететін сәттің басталуымен өткен келісімнің аяқталған күні өткен келісімдегі пайызды міндетті түрде төлеумен жаңа келісім ретінде рәсімделеді. БАН несие мерзімінің соңында бір сомамен төленеді. Егер де қарыз алушыдан алынған сома негізгі қарыз бен пайызды өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда қарыз беруші ең алдымен қарыз алушыдан алынған сомадан тұрақсыздық айыбын, содан соң БАН бойынша негізді пайызды алады, ал қалған соманы қарыз алушының төлем тапсырысында көрсетілген төлем тәртібіне қарамастан БАН-ды төлеуге алады. БАН-ды немесе оның бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға тек қана қарыз берушінің жазбаша түрде келісімімен рұхсат етіледі.
Несие келісімшартының маңызды сәті несиені өз уақытында қайтарумен қамтамасыз ету болып табылады. Банк аралық несиені қамтамасыз етусіз де (банк деңгейіне, оның капиталына, қаржылық жағдайына қарай) беруі мүмкін. Бірақ банк аралық несиелер бойынша жасалған келісімшарттардың көпшілігінде есепшотты белгілі бір қамтамасыз етуді банк аралық несиелер нарығындағы бас келісімінде міндеттеме ретінде жазылады.
Несиені қамтамасыз етуге қарыз алушының мүлкі, корреспонденттік есепшоттарындағы, кассасындағы қаражаттар, яғни заң бойынша өтетуге болатын қаражаттары кепіл бола алады. Бан аралық несилерде қарыз пайыздары бойынша мынадай заңдылық бар:
> банк аралық несилер бойынша бағамдар <
несиелер бойынша бағамдар
Несие қарым-қатынастарының
шарттарын орындаудағы
Банк аралық несиелер бойынша несие шарты бірінші рет банк аралық несие ұсынылып отырғанғандықтан баланстық деректерді бүше-шүгесіне дейін шешуді және несиені қайтаруға кепілді барынша сенімді аудиторлық компанияның растау қажеттігін талап ететін банкпен ынтымақтас болумен байланысты. Несие аз мерзімге барынша жоғары пайызбен беріледі. Несие сомасы қарыз алушы банктің жеке капиталының мөлшерімен шектеледі.
Банк аралық несиелердің есебі
Қазіргі уақытта банк аралық несие барынша кең тараған. Ол банктер арасында несие қорларын сату-сатып алу туралы келісімшарттар жасалғанда туындайды.
Сенімді және қауіпсіз төлемдер жүйесі мемлекеттің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын тұтастай арттыруға ықпал етеді, қаржылық қорларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, қаржы нарықтарының төлемпаздығын жақсартады, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мерзімінде есеп айырысуды қамтамасыз етеді.
Қазақстанның бұрынғы орталықтандырылған жоспарлы жүйеден қалған және Кеңестер Одағының Мемлекеттік банкі қолдаған қолма-қолсыз есептесу жүйесі қазіргі нарықтық экномиканың жаңа шарттарына сай болмай шықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1991 жылы төлемдер жүйесі реформасын енгізуді бастады.
Алғашқы кезде Қазақстан Республикасының төлемдер жүйесі реформасының негізгі мақсаттары банктер мен олардың клиенттерінің арасында төлемдердің өтуін жылдамдату (90-шы жылдардың басында бір төлемнің өтуі 3-12 күн болды), сондай-ақ түрлі төлем құралдарын айналымға кеңінен енгізу (тапсырыстар, чектер, төлем талаптары) болып табылды.
Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы қадамы 1991 жылы коммерциялық банктердің бөлімшелер аралық есептесулердің (БЕШ) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде ашылған бөлімшелерде корреспонденттік есептесуге өтуінен басталды. Бұл БЕШ-терді жауып, банк аралық есептесулерді ұйымдастыруға, коммерциялық банктердің кассалық қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етулеріне мүмкіндіктер берді.
Банк аралық есептесулерді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк 1992 жылы барлық аудандарда, қалаларда, облыс орталықтарының қалалық аудандарында, Алматыда есептік-кассалық орталықтар өқұрды. 1992 жылдың ортасына қарай Ұлттық банктің 19 облыстық ЕКО және 274 ЕКО ашылды.
1993 жылы төлемдерді жылдамдату, сондай-ақ жалған авизоларды пайдалануды болдырмау мақсатында техникалық құралдардың дайындық шамаларына қарай Қазақстанның облыстары арасында есептесулердің электронды төлемдерін енгізу басталды.
1995 жылы Ұлттық банктің
базасында жан-жақты өзара
Қазақстан Республкасында төлем жүйесін дамыту және жақсарту мақсатында Ұлттық банктің облыстық бөлімшелерінде 1996 жылы аймақ ішіндегі банк аралық клирингті жүзеге асыратын аймақтық клирингті палаталар құрылды. Осы уақытқа дейін 19 клирингті палаталар құрылды.
Сондай-ақ 1996 жылы АКП Банк аралық есептесулердің Қазақстандық Орталығы (БЕҚО) болып қайта құрылды. Онда заманауи жаңа жабдықтар орнатылып, қағазға жазуды қажет етпейтін электронды төлем тапсырыстарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бағдарламалар жасалды. Бұл Қазақстан Республикасының Заңында төлемдерді электронды әдіспен жүзеге асыруға болатындығы және «электронды төлем тапсырысы» ұғымы туралы бекітіліп қарастырылғаннан кейін мүмкін бола бастады.
Республикадағы төлем жүйесі дамуындағы айтулы оқиға 1996 жылдың тамыз айында Банк аралық есептесулердің Қазақстандық Орталығында электронды төлем тапсырыстарын өңдейтін, валдық негізде есептесулерді жүзеге асыратын және келешегі бар RTGS (нақты уақыт тәртібіндегі валдық есептесу жүйелері) сипатына ие ірі төлемдер жүйесінің құрылуы болды.
Төлем жүйелерін жақсартуға ықпал еткен маңызды шара 1998 жылы қазан айы мен қараша айы аралығында жүргізілген Ұлттық банктің орталық аппаратында екінші деңгейдегі банктердің коррепонденттік есепшоттарын орталықтандыру болды.
Бөлшек төлеу нарығын дамыту және банк қызметінің осы саласындағы ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында Ұлттық банк 1999 жылы облыстық бөлімшелердегі клирингті палаталарын жапты. Қазіргі уақытта бөлшек төлемдер клирингін клирингті жүйе жүзеге асырады.
200 жылдың аяғында Ірі
төлемдер жүйесі (ІТЖ) пайдаланушылардың
есепшоттарындағы қол жетімді
қаражаттар шегінде нақты
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын аумағындаекі ұлттық төлем жүйесі бар: ақша аударымдарының Банк аралық жүйесі (ААБЖ) және Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ).
Өткен тақырыптарда атап кеткендей халықаралық несие дәстүрлі түрде басты түрде жеке мемлекеттер арасындағы ішкі сауда байланыстарына қызмет ететін фактордың ролін атқарады.
Ол бір мемлекеттің кәсіпорындары мен қаржы институттарының валюталы және тауар қорларын қайтарып беру, жеделдік, төлемдік шарттарымен екінші мемлекеттің кәсіпорындарына, қаржы институттарына және өкіметіне беруден тұрады. Несие берушілер мен қарыз алушылар түрлі елдердердің өкілдері болады. Тауарлық несиені қаржыландыру мен валюталық қорларды аудару көзі мұндай жағдайда әрдайым ұлттық капитал нарығы болды. Қазір ұлттық капитал нарығынан басқа неисе қорларының маңызды көзіне қандай да бір ұлттқа тиесілі емес халықаралық капиталдар нарығының өзі айналып отыр.
Халықаралық саудада
фирмалық несиеге қарағанда
Халықаралық банктік несилер түрі
Банктік несиелерді банктер, банкирлік үйлер, өзге де несие мекемелері береді.
Жедел несиені экспорттаушы елдің банкісі импорттаушы елдің банкісіне көліктер, жабдықтар ж.т.б. жеткізуді несиелеу үшін беріледі. Әдетте ол ақша түрінде беріледі және қарыз алушы қарызды несие беруші мемлекеттен тек тауарларды сатып алу үшін ғана пайдалануға міндетті болғандықтан «байланысты» сипатқа ие.
Экспорттық несиеге қарағанда қаржылық несие кез-келген нарықта және барынша тиімді шарттармен тауарлар сатып алуға мүмкіндік береді. Ол көбіне тауарларды жеткізумен байланысты емес, мысалы, шетел валютасымен авуарларды толтыру үшін, валюталық бағамды қолдау немесе ішкі қарызды өтеу үшін қолданылуы мүмкін.
Акцептік несиені әдетте ірі банктер траттың акцепт түрі ретінде береді. Оның мәні экспорттаушы импорттаушымен тауарға банктің экспорттаушыға берген акцепті арқылы төлеу туралы келісіп алатындығында. Акцепт ештеңемен шартталмаған қарапайым болуы тиіс, бірақ векселді соманың бір бөлігімен (1930ж. Женевадағы векселді келісімінде қабылданған Біріңғай векселді заңға сәйкес) шектелген болуы мүмкін. Ағылшындық векселдік құқық жалпы және шектеулі акцептке рұхсат етеді. Басты қарызгер акцептант болып табылады, төлемеген жағдайда векселге ие болушы акцептантқа қарсы тікелей сотқа арыздана алады. Банктер акцептеген векселдер банк аралық несиелерді берудің құрадлы болып табылады, бұл ішкі сауданы несиелеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Акцепті-рамбурсты несие
үшінші бір елдің экспорттаушы банкісінің
акцепті векселмен