Банк аралық несие және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 15:49, дипломная работа

Краткое описание

Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы банк қызметі нарығында бәсекелестіктің күшеюіне қызығушылық артып отырғандықтан банк аралық несиенің мазмұнын зерттеп, талдау жүргізуде. Бұл зерттеу жұмысының басты шарты - банктің төлемпаздығын ретеудің маңызды құралы ретінде банк аралық несиелердің (БАН) ролін негіздейтін теориялық және әдістемелік ережелерді жасау қажеттілігінде болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... 3
1. БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕ ҰҒЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ..................... 6
1.1. Банк аралық несиенің теориялық негіздері ........................................................... 6
1.2. Банк аралық несие түрлері ........................................................................................... 9
1.3. Банк аралық несиенің мәні ......................................................................................... 18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕГЕ ТАЛДАУ................................................................................................................................28
2.1. Банк аралық несиелеудегі шетелдік тәжірибеге талдау .................................. 28
2.2. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы банк аралық несиенің дамуы 36
2.3. Банк аралық несиені дамыту әдістері ..........................................................
3. ҚАЗАҚСТАНДА БАНК АРАЛЫҚ НЕСИЕНІ ДАМЫТУДЫДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ...........................................................................................................................44
ҚОРТЫНДЫ ........................................................................................................................ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................................ 58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 491.00 Кб (Скачать документ)

Брокерлік несие фирмалық және банктік несие арасындағы несиенің аралық түрі болып табылады.  Әдетте брокерлер банктерден қарыз алушылар болатындықтан, коммерциялық несие  сияқты оның да тауарлық келісімдерге  және банктік несиеге қатысы бар.

Банктер компенсациялық келісімдер бойынша өзара келісіммен құнына тең тауарларды жеткізуге ұзақ мерзімді несиелер береді. Мұндай несиелердің әрқашанда мақсаты болады және импорттаушы үшін сатып алынған көліктер мен жабдықтар үшін төлемдер мен тиісті шығындарды өтеуге тауарларды қарсы жеткізуден түскен табыстардың үйлесім құралы болады.

Халықаралық несиелеудің  жаңа түрі- бірнеше несие мекемелерінің  бірлесе инфрақұрылым салаларындағы  ірі жобаларды қаржыландыруы.  Бірлесе қаржыландырудың мынадай екі түрі бар:

  • Оларға бекітілген квота шегімен түрлі қарыз берушілердің несие берген жобалары екіге бөлінетін параллельді қаржыландыру;
  • Жобаны орындау барысында барлық қарыз берушілердің қарыз беретін бірлесе қаржыландыру:

Халықаралық ұзақ мерзімді несилеудің қазіргі заманға түріне жобалы қаржыландыру жатады. Ол – инвестициялық  жобаларды банктік несилеудің түрі. Мұнда қарыз беруші өзіне жобаны жүзеге асырудағы қауіптің бір бөлігін  не толықтай өз мойнына алады. Несиені  ерекше түрде немесе жобаны жүзеге асырудан түскен табыс есебінен өтейді.

Халықаралық несиенің валюталы-қаржылық және төлемдік шарттары

Халықаралық несие шартына  мыналар жатады: несие валютасы мен  төлем валютасы, сома, мерзім, пайдалану  және өтеу шарты, құн, қамтамасыз ету түрі, қауіптерді сақтандыру әдістері.

Несие валютасы мен төлем  валютасы. Несие валютасы – несие  келісімшартына қатысушыларға несие  беру кезінде бекітілген валюта.  Оны таңдауға оның тұрақтылық деңгейі, пайыздық бағам деңгейі, халықаралық  есептесулеп тәжірибесі, инфляция деңгейі ж.т.б. сияқты бірқатар факторлар әсер етеді.  Халықаралық несиелер валютасына ұлттық бірліктер, еуровалюталар, халықаралық есептік валюталық бірліктер жатады.  Төлем валютасы – бұл несиені төлейтін валюта. Ол несие валютасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда  несие берушінің валютасымен берілген   «жұмсақ қарыздар» дейтін қарыздар, олар қарыз алушының ұлттық валютасымен төленеді.

Несие сомасы – бұл  тауар немесе ақшалай түрде қарыз алушыға  ұсынылған қарыз капиталының бір бөлігі. Коммерциялық келісімшартта міндетті түрде жазылады. Банктік несие сомасы (несие желісі) несие келісімшартында немесе телексалармен алмастыру арқылы анықталады. Әдетте несие өз шарттарымен ерекшеленетін үлес (транштар) түрінде ұсынылады.

Халықаралық несие мерзімі - әлем нарығындағы бәсекелестік күрестің маңызды құралы.  Ол бірқатар мынадай  факторларға: несиені мақсатына  жұмсауға, балама несиелерге сұраныс пен ұсыныстың  келісімшарт мөлшерінің, ұлттық заңдылықтың, несиелеудің дәстүрлі тәжірибесінің, мемлекет аралық келісімшарттардың  арақатынасына байланысты.несиенің тиімділігін анықтау үшін толық және орта мерзімдер болады.

Толық мерзім несиені пайдалана  бастаған сәттен бастап оны толықтай төлеп біткенге дейін есептеледі. Берілген несиенің кезеңіне жеңілдікті (дәстүрлі) кезеңді, яғни пайдаланылған несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыру мен негізгі қарыз бен пайызды төлейтін өтеу кезеңі де кіреді. Несиенің толық мерзімін есептей формуласы:

Сп = Пи + Лп + Пп

  мұндағы: Сп – несиенің толық мерзімі

Пи – пайдалану  кезеңі

Лп – жеңілдікті кезең

Пп -   қарызды өтеу мерзімі

Толық мерзім несиенің барлық сомасының қандай кезеңнен бастап қарыз  алушыда болғандығын көрсетпейді. Сондықтан несиенің тиімділігін  өзге шарттармен салыстыру үшін қарыздың барлық сомасы орташа есеппен қандай кезеңге келетіндігін есепте көрсететін орташа мерзім қолданылады. Несиенің орташа мерзіміне жеңілдікті кезең толықтай және несиені пайдалану мен өтеудің толық мерзімі кіреді.

Біркелкі пайдаланып, өтеген кезде несиенің орташа мерзімі мынадай формуламен есептелінеді:

Сср = ½ Пи + Лп + ½ Пп,

мұндағы:  Сср – НЕСИЕНІҢ ОРТАША МЕРЗІМІ

Пи – пайдалану  кезеңі

Лп – жеңілдікті кезең

Пп -   қарызды өтеу мерзімі

Несиені өтеу шарттарының  мынадай түрлері бар:

  • Келісілген мерзім ішінде тең үлестермен біркелкі өтеу;
  • Келісімде жазылған принцип пен кестеге байланысты  әркелкі етіп өтеу;
  • Барлық соманы бірден бір мезгілде өтеу;
  • Аннуитетті (қарыздың негізгі сомасының жылдық тең  жарналары мен пайыздары).

Экспортты несиелеудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес несиені өтеудің басталуын есептеу өлшеміне экспорттаушының коммерциялық келісімшарты бойынша тиісті міндеттемелерін орындауды аяқтаған күні алынады.

Несие құнының элементтері  келісімшартты және бұқпа болып екіге бөлінеді. Келісімшартты, яғни келісімнің шарттарымен шартталған элементтерге негізгі және қосымша деп бөлінеді. Несие құнының негізгі элементтері – бұл қарызгердің тікелей несие берушіге төлейтін сомалары жатады, оның ішіне пайыздар, комиссяны кепілдерндіруді ресімдеуге кететін шығындар. Қосымша эелементтерге қарыз берушінің үшінші бір тұлғаға төлейтін сомасы кіреді. Негізгі пайыздың үстіне банк арнайы (несиенің сомасы мен мерзіміне қарай) және бір мезгілді (қарыздың мерзімі мен мөлшеріне қарамастан) комиссияны ұстап қалады. Орта және ұзақ мерзімді несиелерден қарызды беру және қаражаттарды қорда ұстауға (0,2-0,75% жылдық пайызбен) берген міндеттеме үшін комиссия алынады. Банк консорциумы несие операцияларын жүргізу кезінде қарыз алушы банк-менеджеріне басқару үшін (несие сомасының 0,5 % ), келіссөздер үшін, сондай-ақ өзге банктерге қатысқаны үшін бір реттік комиссия төлейді.

Комиссияның мынадай  түрлері бар:

  • келіссөздер үшін комиссия;
  • қатысу үшін комиссия;
  • басқару үшін комиссия;
  • агенттік комиссия;
  • міндеттеме үшін комиссияны қарыз алушыға қажетті қаражатты ұсыну (қаражаттар қорын сақтағаны үшін несиу берушінің сыйақысы).

Халықаралық несие бойынша  пайыздық бағамдар ішкі несиенің пайыздық қорында түзілмейтін болса да, ақырында халықаралық несиенің бағасы алдыңғы қатардағы несие беруші елдердің (АҚШ, Жапония, Германия) пайыздық бағамдарында негізделеді.  Қарыздың пайыздарына әсер ететін аса көп факторлардың әсерінен ұлттық бағамдар деңгейлерінің арасында айырмашылық пайда болады.

Пайыздық бағамдарды анықтайтын негізгі факторлар мыналар:

  • қарыз беруші елдің валюталы-қаржылық, экономикалық және саяси жағдайы;
  • жоба шығындарының сипаты;
  • несие көздері;
  • несие құнын реттеу туралы халықаралық келісімдер;
  • пайыздық бағамдар түрі;
  • бәсекелестік ұсыныстардың болуы;
  • несие мерозімі;
  • инфляция жылдамдығы;
  • несиенің коммерциялық операциялармен байланысы немесе байланысы жоғы;
  • әлемдік және ұлттық қарыз капиталдар нарығының жағдайы;
  • қарыз алушының (қарыз берушінің)

-  мәртебесі, коммерциялық  абыройы және қаржылық жағдайы;

-  несиені қамтамасыз ету сапасы;

- несие бойынша сақтандырудың  (кепілдің) болуы;

- қарыз алушының несиені  алдын-ала келісілген мерзімде пайдалануы (шартсыз) туралы нақты міндеттемелері;

- коммерциялық келісімшартқа  қатысты несие келісімшартына  отыру сәті;

- келісімшарт сомасы;

- несие валютасы және  төлем валютасы;

- валюталық курстың  қозғалысы.

Оның ауытқу пайызы мен  амплитудасының  үздіксіз теңдесіз өсуі экономиканың тұрақсыздығынан, инфляцияның  күшеюінен, валюталық курстың ауытқуынан,  әлемдік нарықтағы «пайыздық бағамдар соғысынан» болады.

70-ші жылдары белгілілерімен  қоса нарықтық бағамдар деңгейлеріне  қарай өзгеріп отыратын толқымалы  пайыздық бағамдар пайда болды. Бағамның өзгермейтін деңгейі (3-6 ай) аралығындағы толқымалы бағамдармен ұсынылған несие мерзімінің бір бөлігі  пайыздық кезең деп аталды.

Нақты пайыздық бағам  деп инфляция жылдамдығын белгілі  бір кезеңнен шегеріп тастағандағы номиналды бағамды айтады. Егер де ақшаның құнсыздану жылдамдығы номиналды  бағамнан асып кететін болса, онда нақты  пайыздық бағам керіге айналады. Ұлттық пайыздық бағамдарды елдер арасындағы қысқа мерзімді капиталдар қозғалысының нәтижесінде ғана емес, валюталық курстардың қозғалысымен де теңестіріледі. Әдетте валюта курсы жоғары болған сайын осы еуровалютадағы салымдар бойынша пайыздар төмен болады.

Еуронесиелер бойынша  халықаралық пайыздық бағамдар қолданылады. ЛИБОР (Ұсыныстың лондондық халықаралық  бағамы) әдетте салымдар бойынша 1/8 тармақ және ақырғы қарыз алушының несие  пайызы бойынша ½ тармақ төмен.

Несие құнының бұқпа элементтеріне несиені алу мен пайдалануға, қатысты және келісімшартта көрсетілмеген  түрлі шығындардан тұрады. Бұған фирмалық несиелер бойынша бағасы қымбат тауарлар, қарыздан бекітілген мөлшердегі мәжбүрлі депозиттер, банкпен байланысты  белгілі бір сақтандыру компаниясының  несиені сақтандыру талаптары, банктің тауарлық құжаттарды  инкассациялаумен байланысты ж.т.б комиссияларды көтеруі жатады. Кейбір халықаралық несиелердің жеңілдік шарттары қарыз алушыға қымбатқа түсетін жасырын кіріптар шығындарға тіркеседі.

Түрлі несиелерді ұсынудың шарттарын  құру кезінде грант-элемент (субсидияның  жеңілдік элементі) деп аталатын көрсеткіші қолданылады. Ол қарыз алушының нарықтыққа қарағанда барынша жеңілдікпен несие алу нәтижесінде несиені өтеу есепшотына төлемдердің қандай көлемін үнемдейтіндігін көрсетеді. Жеке халықаралық несиелер бойынша дамудың ресми көмегіне (76,2-80%)  қарағанда грант-элемент төмен. (3,2-4,5%).

Субсидияның қарапайым элементі төмендегідей формуламен есептеледі:

Эс = % р - % ф,

мұндағы,   Эс – субсидия элементі;

% р – нарықтық пайыздық бағам;

% ф – нақты субсидияланған пайыздық бағам.

Субсидияның өлшенген элементі мына формуламен есептелінеді:

Эс.в = (Сл*Тср*Эс)100,

мұндағы,    Эс.в – субсидияның  өлшенген элементі;

Ск- несие сомасы;

Тср – несиенің орташа мерзімі;

Эс - субсидия элементі (нарықтық және нақты пайыздық бағамдар арасындағы айырмашылық).

Халықаралық несиенің маңызды  сипаты оны қамтамасыз ету болып  табылады.

Несиені қаржылы-тауарлық қамтамасыз етудің мынадай түрлері бар:

  • қарыз алушының құрылтайшысын төлемдік контркепілге қоюы;
  • кепілдік мерзім келген кезде  келісімшартта белгіленген тауарларды ұсыну міндеттемесі;
  • тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі, есепшоттардағы қаражаттар және клиенттің өзге де қазіргі, келешектегі активтері, оның ішінде банк несиесі есебінен төленгені;
  • белгіленген бағалар бойынша шикізатты ұзақ мерзімді және кепілді жеткізу;
  • жылжымайтын мүліктің (инвестициялық тауарлардың) шетелдік фирмалар мен жалға алушылардың жалға беру туралы кенлісім шарттары бойынша құқықтар кепілі;
  • несиені өтеудегі төлемдердің икемді құрылымы;
  • «стэнд-бай», «континдженси» түріндегі қосымша несиелер (несие желілері);
  • Консорциум құрамындағы жеткізулерді «рамбурсоммен» бірге бас контакторға неиселеу;
  • банк-жеткізушінің несиесінің есебінен  банк-клиентке берілген 100 % несие мөлшерінде қайта қаржыландыруды алу;
  • банк-клиентке оларға берілген контркепіл бойынша жауып тасталған есепшоттан құрылтайшылардың (жоғарғы тұрған органдардың) валюталық түсімдерін көрсете отырып, экспорттық табысты қысқартумен төлемдерді жүзеге асыру құқығын беру;
  • экспорттық өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың  бірлескен контркепілдері;
  • бірінші классты банктер мен инвестициялық жобаларға қатысушы фирмалардың конркепілдері (бірлескен кепілдері);
  • өкіметтің немесе мемлекет өкілдеген органның төлемдік кепілі;
  • келісімшарт құнында аванстық және өзге де қолма-қол төлемдерді ұлғайту;
  • арнайы қосымша және өзге есепщоттар жүйесі;
  • жобаның тәуелсіз бағасы, тұтыну нарығындағы ережелер туралы қортынды, салық сараптамасы;
  • қарық берушінің несиені мәжбүрлі түрде өтету құқығы ж.т.б.

Халықаралық несие шарттарының  валюталы-қаржылық шарттарын анықтау  кезінде қарыз беруші несие төлеу  қабілеттігіне (қарыз алушының несие  алу қабілеттігі) және төлеу қабілеттігіне (қарыз алушының өз міндеттемелері бойынша өз уақытында толықтай есетесе алатындығы) қарайды.

Халықаралық несиелерді сақтандыру және кепілдендіруді арнайы ұйымдар  (мемлекеттік, жартылай мемлекеттік  және жеке) жүзеге асырады. - Мемлекеттік сақтандыру барынша қауіпті операцияларға арналған, ол жеке кәсіпкерлерді қауіптерден барынша босатады.

Әлемдік банк тобы (ӘБ) – БҰҰ мамандандырылған мекемесі, оның құрамына: Халықаралық  қайта құру мен даму банкі (ХҚДБ), Халықаралық даму одағы (ХДО), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) кіреді. Әлемдік банк – бұл  кедейлік пен артта қалушылықпен күресетін,  ауыспалы экономикамен дамушы мемлекеттер мен елдердің экономикалық өсуі мен нарықтық қатынастарын ынталандыратын әлемдегі ірі инвестициялық институт.

Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) 1956 жылы дамушы елдердің экономикасындағы жеке инвестицияларды ынталандыру және жеке секторды нығайту мақсатында құрылды.  ХҚК ХКДБ қызметіне қарағанда едәуір қызметтерді атақарады және де оның бастамаларын толықтырып отырады. ХҚК-ға қарағанда ХКДБ өкіметтің кепілін талап етпейді және қауіптерді өз мойнына алады. Сондықтан да жобаларды таңдауға аса мұқият қарайды. ХКДБ бөлген несиелер әдетте жобаның 25% -нан аспайды.

Инвестицияларды кепілдендіру бойынша жан-жақты агенттік (ИКЖА) 1988 жылы дамушы елдердегі инвестицияларды ынталандыру үшін құрылды. ИКЖА инвестицияларды коммерциялық емес қауіптерден сақтандырады. Ондай қауіптерге: валютаның конверсиялануының жойылуы, осының салдарынан табыстарды аударудағы  туындаған кедергілер, инвестор мүлігін экпоприациялау, әскери іс-қимылдар, саяси катаклизмдер және сонымен байланысты әлеуметтік-саяси жағдайдағы өзгерістер, өкіметтің шешімдері салдарынан келісімшартты орындамау жатады.

Қайта құру мен дамудың  халықаралық банкі – топтың бас  иснтитуты, ол 1944 жылы шілде айында Бреттен-Вуд келісімдерінің аясында құрылып, өз қызметін 1946 шілде айында бастады. ҚДХБ қызметі мынадай бағдарламалар аясынан тұрады: кедейлікпен күрес және экономикалық басқару; әәлеуметтік даму және экология; қаржылар, жеке сектор, инфрақұрылым; адамзаттың әл-ауқатын дамыту.

ҚДХБ қорларының бір  бөлігі  әлемдік қаржы нарығында облигацияларды эмиссиялау жолымен  жұмылдырылатын болғандықтан оның несие құны осы нарықтың конъюктурасымен анықталады. Несиелеу шарты жылына екі рет қаралады. Табус табу ҚДХБ-нің негізгі қызметі емес. Дегенмен де, ол өз балансын табыспен есептейді. Спрэд әдетте 0,25,-0,5% мөлшерінде бекітіледі. Көптеген елдер үшін банктік неиселерге қарағанда бұл едеуір төмен. Коммерциялық банктерге қарағанда  ҚДХБ спрэдті қарыз алушының төлем қабілетіне қарамастан бекітеді. Несиелер 12 жылдан 20 жылға дейін беріледі, жеңілдік кезең - 3-5 жыл. Бұл банктік және экспорттық несиелер мерзімінен көп.

Информация о работе Банк аралық несие және оның дамуы