Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 23:23, реферат
ГМК – генетикалық элементтердің манипуляциясына негізделген елекция өнімі болып табылады. Ағза геномына белгілі бір функциясы бар полипептидті (ақуыз) немесе полипептидтер тобын кодтайтын ген енгізіледі, нәтижесінде жаңа фенотиптік қасиеттері бар ағза пайда болады. Осындай қасиеттерге әдетте мыналар жатады: гербицидтар және/немесе жәндіктерге тұрақтылығы. Нақты осы фенотиптік қасиеттер көптеген пікірталастар тудырып отыр. Табиғаттың осындай процестеріне араласу ГМК өнімдерін тұтынушылары үшін зиянды болуы мүмін деп тұжырымдалады.
Ферменттер
1) таксономиялық
жағдай (штамның тектік және түрінің
атауы, нөмірі мен түпнұсқалы
атауы; дәнді-дақылдар коллекци
2) дәнді-дақылдарды
токсикогендік пен
3) ферментті
препараттарды өндіруде
Мыналарға:
1) ферментті
препараттарда фермент
2) бактериялы
және саңырауқұлақ тектіден
3) саңырауқұлақ
тектіден алынған ферментті
Ферментті препараттарда микотоксиндердің болуын бақылау кезінде микотоксиндердің продуценттері көбіне саңырауқұлақтардың токсигенді штамдары екендігін ескерген жөн, олар:
1) Aspergillus flavus және Aspergillus parasiticus - афлатоксиндер мен стеригматоцистин үшін;
2) Aspergillus ochraceus және Penicillium verrucosum, сирек - Aspergillus sclerotiorium, Aspergillus melleus, Aspergillus alliaceus, Aspergillus sulphureus - А охратоксині үшін;
3) Fusarium graminearum, Fusarium-ның басқа да түрлері - зеараленон, дезоксиниваленол мен Т-2 токсині үшін.
Тағамдық қоспаларды өндіру мен олардың айналымының
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Тағамдық қоспаларды өндіру бойынша объектілерді орналастыру және олардың айналасына санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Өндірістік үй-жайларда техникалық жабдықтарды орналастыру шикізат және дайын өнім ағымының араласуын болдырмауы тиіс.
Объектілердің
барлық өндірістік және қосалқы үй-жайларында
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы
Жұмыс аймағының
ауасындағы зиянды заттардың құрамы
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы
Шикізатты қабылдау, сақтау, дайындау және қайта өңдеудің, тағамдық қоспаларды өндіру және сақтаудың барлық процестері тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес гигиенаны сақтау және оларды ластану мен бұзылудан, оларға өзге заттар мен заттектердің енуінен сақтау шарттарымен жүргізілуі тиіс.
Қайта өңдеуге келіп түсетін шикізатты кіріс бақылау оның қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды тексерумен және зертханалық зерттеулермен қамтамасыз етіледі.
Тағамдық қоспаларды өндірудің әрбір технологиялық процесі үшін технологиялық регламенттермен мыналар белгіленеді:
1) технологиялық
операцияларды орындаудың
2) қауіпсіз өнімнің
шығарылуын қамтамасыз ету
3) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестің жұмысын тұрақты жақсарту үшін қажетті ескерту және түзету шараларын қабылдау ережесі;
4) технологиялық
процестің параметрлерін
5) қауіпті бақылау нүктелері мен олардың қатерін талдау.
Өндіру технологиясын өзгерту және қолдануға бұрын рұқсат етілген және тіркелген тағамдық қоспаларды қолдану аясын кеңейту оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.
Тағамдық қоспаларды орауды, сақтауды, тасымалдауды қоса алғанда оларды өндіру кезінде, сондай-ақ өндірістің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу кезінде өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік тәжірибе принциптерін қолдану қажет.
Кешенді тағамдық қоспаларды дайындаушылар нормативтік-техникалық құжаттамада олардың құрамына енетін тағамдық қоспалардың, сондай-ақ егер бар болса, гендік-түрлендірілген объектілерден (немесе қолдану арқылы) алынған компоненттердің сандық құрамын көрсетуі тиіс.
Тағамдық қоспалар тез бұзылатын тамақ өнімдеріне жатпайды. Дайындаушы өнімнің түріне, сақтау температурасына, орау материалының және рецептуралық құрамының түріне байланысты тағамдық қоспаларды сақтау мерзімін белгілейді және шарттарын айқындайды.
Тағамдық қоспалар жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес көліктің тиісті түрінде жұмыс істеп тұрған барлық көлік түрімен тасымалданады.
Тағамдық қоспаларды сақтау және тасымалдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Адам өміріне және денсаулығына кері әсер етпейтін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Балалардың тағамы өнімдері, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, өнімдер мен заттардың жекеленген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтару ережесінің талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен тағамдық қоспалардың айналымына рұқсат етіледі.
Айналымдағы тағамдық қоспалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Мынадай жағдайларда, егер:
белгілі бір технологиялық қажеттілік болса және нормативтік-техникалық құжаттамада көзделген мақсатқа басқа әдістермен қол жеткізу мүмкін болмаса;
тағамдық қоспалардың адам денсаулығы мен болашақ ұрпақ үшін қауіпті болмауы ғылыми негізде расталған болса;
оларды қолдану тұтынушыны жаңылыстырмаса;
сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарына арналған тамақ өнімдерін пайдаланудан басқа, өнімдер өзінің тағамдық құндылықтарын сақтаса тағамдық қоспаларды қолдануға рұқсат етіледі.
Шикізат немесе дайын тамақ өнімінің бұзылуын және сапасыздығын жасыру мақсатында тағамдық қоспаларды қолдануға рұқсат етілмейді.
Құрамында тағамдық қоспалар пайдаланылатын тамақ өнімдерін дайындаушы осы өнімде қолдану үшін рұқсат берілген және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін барлық тағамдық қоспаларға арналған ерекшелігі бар ингредиенттерді қолданады.
Тағамдық қоспаның, хош иістендіргіштер болатын кейбір биологиялық белсенді заттардың және тамақ өнімдерінде қосалқы заттардың кетпейтін қалдықтарының рұқсат етілген құрамы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің ең жоғары рұқсат етілген деңгейінен артпауы тиіс.
Тағамдық қоспалар
тамақ өнімдеріне технологиялық
әсерге қол жеткізу үшін қажетті
мөлшерде және нормативтік-техникалық
құжаттамада белгіленген
Адам ағзасына тағамдық қоспаларды қоса алғанда, тамақ өнімдерімен бірге стронций-90 мен цезий-137-нің түсуінен ішкі сәуле алу дозасының үлесі жылына 1 миллиЗиверттен аспауға тиіс.
Тағамдық қоспаларды қолдану кезінде тағамдық қоспалардың санын, барабар араласуын және өнімнің гомогендігін өндірістік бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.
Мыналарды:
1) бөлшек саудада
сатуға арналған ұнды дайындау
кезінде «ұнды өңдеуге
2) жаппай тұтынатын тамақ өнімдерін: сүтті, сары майды, ұнды, нанды (қатталып салынған және ұзақ уақыт сақтау үшін оралғаннан басқа), жас етті өндіру кезінде, сондай-ақ диеталық және балалар тағамы өнімдерін және «табиғи» ретінде белгіленетін тамақ өнімдерін өндіру кезінде консерванттарды;
3) өңделмеген тамақ өнімдерін; пастерленген немесе стерильденген, шоколадты сүтті, қышқылсүтті өнімдерін, хош иістендірілмеген пахтаны; консервіленген, концентрацияланған, қоюландырылған, хош иістендірілмеген сүтті, кілегейлерді өндіру кезінде бояғыштарды қолдануға рұқсат етілмейді.
Бояуға рұқсат етілмейтін өнімдерден басқа, қолданылуы техникалық құжаттармен регламенттелетін бояғыштарды тамақ өнімдерінің барлық түрлері үшін пайдалануға болады.
Мынадай тамақ өнімдерін:
1) пюрелерді, пасталарды (көкөністерден басқа) қоса алғанда, көкөністерді (зәйтүннен басқа), жемістерді, жас, кептірілген саңырауқұлақтарды, консервіленген саңырауқұлақтарды;
2) жұмыртқалар
мен жұмыртқадан жасалған
3) басқа ингредиенттер қосылмаған, шикі тартылған етті қоса алғанда, етті, құс етін, жабайы құс етін, балықты, шаян тәрізділерді, тұтас немесе кесек немесе ұсақталып тілінген моллюскаларды;
4) ұнды, жармаларды, бұршақ жармаларын;
5) жеміс және көкөніс шырындарын, пасталарды, пюрелерді;
6) қантты, глюкозаны,
фруктозаны (рафинад қантты өндіруде
ультрамаринді пайдалануға
7) балды;
8) какао өнімдерін;
9) қуырылған кофені, цикорийді, шайды;
10) дәмдеуіштерді және одан жасалған қоспаларды;
11) ас тұзын, тұзды алмастырғыштарды;
12) үш жасқа
дейінгі дені сау және
13) шөлмекке құйылған ауыз суды;
14) сиыр сүтінен
жасалған майды, май пастасын
(B-каротиннен басқа) өндіру
Тамақ өнімдерін
бояу үшін ең жоғары деңгейі бояғыштардың
еритін нысандарына арналған регламенттерге
(деңгейлерге) сәйкес келуі тиіс суда
ерімейтін лак түріндегі
Тағамдық бояғыштар үшін ең жоғары деңгейлер тамақ өнімінде негізгі бояйтын заттың мазмұнын көрсетеді.
Бояғыш тағамдық қоспаларға мыналар жатпайды:
1) қайта бояу әсері бар тамақ өнімдері (мысалы: жеміс және көкөніс шырындары немесе пюрелер, кофе, какао, шафран, паприка);
2) тамақ өнімдерінің
жеуге болмайтын сыртқы
Ет өнімдерін өндіру кезінде нитриттер кешенді тамақ өнімдерінің құрамында немесе нитритті-тұзды қоспалардың немесе жұмысқа арналған ерітінділер түрінде ғана оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген сақтандыру шаралары сақтала отырып қолданылуға тиіс.
Тәтті дәм бергіштер (интенсивті) энергетикалық құндылығы төмен тамақ өнімдерінде және медициналық көрсеткіштер бойынша қантты пайдалануды шектеу (немесе пайдаланбау) ұсынылатын адамдарға арналған арнайы диеталық өнімдерде қолданылады.
Медициналық көрсеткіштер бойынша балаларға арналған арнайы өнімдерден басқа, балалар тағамы өнімдерін өндіруде тәтті дәм бергіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Табиғи қант алмастырғыштарды табиғи тәтті дәм бергіштерді және олардың қоспаларын, сондай-ақ басқа да тағамдық ингредиенттермен (толтырғыштармен, еріткіштермен, қантпен, глюкозамен лактозамен және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспалармен) қоспасын пайдалану нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттеледі.
Балалар тағамы өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың қалыпты (ең жоғары) деңгейі пайдалануға дайын (қалпына келтірілген) өнімдерге жатады.
Бес айдан асқан балаларға арналған кейінгі қоспаларды, бір жастағы дені сау балаларды қосымша тамақтандыруға және бір жастан үш жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған, үш жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы диеталық өнімдерді өндіру кезінде "Балаларға арналған, диеталық және емдік-профилактикалық тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес тағамдық қоспалар қолданылады.
Тамақ өнімдеріне тән табиғи дәмі мен хош иісін күшейту мақсатында және шикізаттың бұзылуына немесе сапасыздығына байланысты тамақ өнімі хош иісінің өзгеруін болдырмау үшін хош иістендіргіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.
Дайындаушы хош иістендіргіштер мен дәмін хош иістендіретін заттардың қолданылу аясы мен ең жоғары мөлшерін, жекелеген тәтті дәм бергіштер мен қантты алмастырғыштардың жаппай үлес салмағын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының келісімі бойынша белгілейді және нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетеді.
Қантты алмастырғыштарды (сорбит, ксилит және басқалар) сату кезінде заттаңбасында «Бір тәулікте 15-20 г астам пайдалану әлсіздену әсерін туындатуы мүмкін» деген ескертпе жазулар, ал құрамында аспартам бар қоспаларды сату кезінде «Құрамында фенилаланин көзі бар» деген ескертпе жазу болуға тиіс.
Дәмін хош иістендіретін
заттарды пайдалану және хош иістендіргіштердің
құрамы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы
Информация о работе Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар