Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 23:23, реферат
ГМК – генетикалық элементтердің манипуляциясына негізделген елекция өнімі болып табылады. Ағза геномына белгілі бір функциясы бар полипептидті (ақуыз) немесе полипептидтер тобын кодтайтын ген енгізіледі, нәтижесінде жаңа фенотиптік қасиеттері бар ағза пайда болады. Осындай қасиеттерге әдетте мыналар жатады: гербицидтар және/немесе жәндіктерге тұрақтылығы. Нақты осы фенотиптік қасиеттер көптеген пікірталастар тудырып отыр. Табиғаттың осындай процестеріне араласу ГМК өнімдерін тұтынушылары үшін зиянды болуы мүмін деп тұжырымдалады.
Техникалық
регламентке
3-қосымша
Дәрілік өсімдіктің атауы |
Дәрілік өсімдіктің латынша атауы |
Шикізаттың түрі |
1 |
2 |
3 |
Кәдімгі анис |
Anisum vulgare Gftrth сем. Umbelliferae |
Анис жемістері (Anisi fructus) |
Дәрілік жалбызтікен |
Althaea oficinalis ceM.Malvacae |
Жалбызтікеннің тамырлары (Althaeae radix) |
Сүйел қайың |
Betula verrucosa Ehrh. ceM.Betulaceae |
Қайың жапырағы (Betulae folium) |
Қотыр қайың |
Betula pendula |
Қайың жапырақтары (Betulae folium) |
Гибискус |
Hibiscus sadariffa L. сем.Malvaceae |
Гибискус гүлдері (Hibisci flos) |
Қызыл құлұқайыр |
Hibiscus sadariffa L. ceм.Malvaceae |
Гибискус гүлдері (Hibisci flos) |
Кәдімгі жұпаргүл |
Origanuv vulgare сем. Lamiaceae |
Жұпаргүл шөбі (Origani herba) |
Бүлдірген |
Fragaria ceM.Rosaceae |
Бүлдірген жапырақтары (Fragariae folium) |
Дәрілік тырнақгүл |
Calendula officinalis L. сем. Composite |
Календула гүлдері (Calendulae flos) |
Қосүйлі қалақай |
Urtica diocia L. сем. Urtica L. сем. Urticaceae |
Қалақай жапырағы (Urticae folium) |
Қушықты лаванда |
Lavandula angustifolia Mill. ceM.Lamiactat |
Лаванда гулдері (Lavandulae flos) |
Өзекті жөкеағаш |
Tilia cordata Mill сем. Tiliaceae |
Жөкеағаш гүлдері (Tiliae flous) |
Кәдамгі таңқурай |
Rubus ideaus L. сем. Rosaceae |
Таңқурайдың жапырақтары (Rubi idaei folium) |
Орман просвирнигі |
Malva sylvestris L (syn.Malva Mauritiana ) сем. Malvaceae |
Құлқайырдың гүлдері (Malvae flous) |
Орман құлұқайыры |
Malva sylvestris L ( syn.Malva Mauritiana) сем. Malvaceae |
Құлұқайырдың гүлдері (Malvae flous) |
Мелисса |
Melissa officinalis ceM.Lamiaceae |
Мелиссаның жапырақтары (Melissa folium) |
Лимон жалбызы |
Melissa officinalis ceм.Lamiaceae |
Жалбызды жапырақтары |
Бұрыш жалбыз |
Melissa piperita ceM.Lamiaceae |
Бұрыш жалбыздың жапырақтары (Menthae piperitae folium) |
Шырғанақ |
Hippophae rhamnides L. ceM.Elaeagnaceae |
Шырғанақтың жапырақтары (Hyppophaes folium) |
Үлкен бақа жапырақ |
Plantago major L. сем. Plantaginaeae |
Бақа жапырақтың жапырақтары (Plantaginis herba) |
Орташа бақа жапырақ |
Plantago madia L. сем. Plantaginaeae |
Бақа жапырақтың жапырақтары (Plantaginis herba) |
Ланцент тәріздес бақа жапырақ |
Plantago lanceolate L. сем. Plantaginaeae |
Бақа жапырақтың жапырақтары (Plantaginis herba) |
Ащы померанец |
Citrys aurantium сем. Rutaceae |
Померанц қабығы |
Дәрілік түймедақ |
Matricaria recutita L. сем. (sen.Chamomilla L.) |
Түймедақ гүлдері (Chamomillae flos) |
Қара қарақат |
Ribts nigrum L. сем. Saxifragaceae |
Қарақат жапырақтары (Ribi nigri flos) |
Хош иісті жебір шөп |
Thymus vulgaris L. (Thymus marschallianus) ceM.Lamiaceae |
Жeбip шөбі (Trymi herba) |
Чабрец |
Thymus serpyllum сем. Lamiaceae |
Чабрец шөбі (Trymi herba) |
Тасшөп жебір |
Thymus serpyllum сем. Lamiaceae |
Жeбip шөбі (Trymi herba) |
Кәдімгі тмин |
Carom carvi, сем. Umbellifere |
Тмин жемістері (Can carvi fructus |
Кәдімгі фенхель |
Foeniculum vulgare Mill сем. Umbelliferae |
Фенхель жемістері (Foeniculi fructus) |
Дәрілік көкшөп |
Foeniculum vulgare Mill сем. Umbelliferae |
Көкшөп жeмicтepi |
Үштармақ итошаған |
Bidens tripartiye L. сем. Composite |
Итошаған шөбі (Bidentis herba) |
Қаражидек |
Vaccinium myrtillus L. сем. Vacciniaceae |
Қаражидек жемістері (Myrtilli fructus) |
Ит бүлдірген |
Vaccinium myrtillus L. сем. Vacciniaceae |
Ит бүлдірген жемістері (Vaccini fructus) |
Техникалық регламентке
4-қосымша
Көрсеткіштер (негізгі биологиялық активті элементтер) |
Судың
физиологиялық толықтығы |
Су сапасының нормативтepi | |
Балалар тағамынан басқа, барлық сулар үшін, аспайтын |
Балалар тағамы үшін, бастап-дейін | ||
Минералдау, мг/л |
100 - 1000 |
1000 |
200 - 500 |
Кермектігі, мг-экв/л |
1,5-7,0 |
7,0 |
1,5-7,0 |
Гидрокарбонаттар, мг/л |
30 - 400 |
400 |
30 - 400 |
Кальций*, мг/л |
25 - 130 |
130 |
25-80 |
Магний*, мг/л |
5-65 |
65 |
5-50 |
Калий, мг/л |
- |
20 |
2-20 |
Фтор, мг/л |
0,5-1,5 |
1,5 |
0,6-1,2 |
Йод, мг/л |
0,01-0,125 |
0,125** |
0,04 - 0,06*** |
Оттегі, мг/л |
5 кем емес |
5 кем емес |
9 кем емес |
Ескертпе.
* барышна рұқсат етілген кермектің 7 мг-экв/л қарай
және кальцийдің барынша рұқсат етілген
құрамын есептеу кезінде магнийдің құрамының
барынша аз қажетті деңгейін есепке ала
отырып және есептелген керісінше.
** ШРШ деңгейінде суды йодтау қоршаған
ортаның барлық объектілерінен организмге
жиынтық келіп түсетін йодид-ионның рұқсат
етілген дозасын сақтау шарттары кезінде
йодталған тұз есебінен йод жеткіліксіздіктің
алдын алу болмаған кезде жол беріледі.
*** 0,04 - 0,06 мг/л деңгейінде суды йодтау
профилактикалаудың өзге де шараларын
пайдалану кезінде йод жеткіліксіздігінің
жаппай профилактикалық тәсілі ретінде
рұқсат етіледі.
Әр түрлі мемлекеттердің ауыл шаруашылығының дамуы әр түрлі деңгейде болуына және кейбір мемлекеттер өз-өзін азықпен қамтамасыз ете алмауына байланысты сауда мен жануарлар саудасының әрі қарай жаһандануын болжауға болады. Өндіруші елдерден сапасыз өнімнің импортталуы нәтижесінде адамдар арасында әр түрлі ауруларлар туындауы жиілеп кетті.
Халықаралық індет бюросының стандарттарымен ветеринариялық қызметке індеттанулық қадағалау жүргізу, жануарлардың жұқпалы аурулармен, оның ішінде адамға және жануарларға ортақ зооантропоноздармен, зооноздармен және тағам токсикоинфекцияларымен күресу және олардың алдын алуы жүктелген. Тәжірибе жүзінде байқалғандай, алдын алу шараларын жүргізуге және індеттік қадағалауды іс жүзіне асыруға жұмсалған шығын аурудың пайда болғандағы шығынынан едәуір төмен. Аурудан таза емес аумақтардың және шаруашылықтардың пайда болуы көп шығынды өажет ететін ветеринариялық – санитариялық шаралар және жануарлардың жойылуын талап етеді, бұл еліміздің азықтық қауіпсіздігін бұзып, үлкен шығын келтіреді. Халықаралық стандарттарды енгізуге және ұзақ мерзімді, жүйелі орындалатын шаралардың кешенін жүргізуге қажет инфрақұрылым және қаржылық-техникалық базаны құру үшін мемлекет тарапынан қаржыны көбейту қажет.
Адам денсаулығына құрамында әр түрлі аурулардың қоздырғыштары, ксенобиотиктар және суперэкотоксиканттары бар азықтық өнімдер үлкен қауіп төндіреді. Жаңа биологиялық белсенді заттардың, гендік түрлендірілген өсімдіктердің, жануарлардың және ластағыштардың (контаминанттардың) пайда болуына байланысты азық-түлік қауіпсіздігі нақты анықталуы керек, сондықтан азық-түлікті бақылауға арналған жаңа тиімді әдістер мен арнаулы тәсілдер енгізілуі талап етіледі.
Қоршаған ортаның техногенді және экологиялық факторларының әсерінен сырттан келетін және жергілікті мал шаруашылық өнімдердің және азықтардың қауіпсіздігін анықтау - БСҰ-на қатарына кіру қарсаңында қазіргі Қазақстан үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанға әкелінетін, құрамында ГМА бар азық және тағам өнімдерінің, гендік түрлендірілген өсімдіктердің түрлері мен тармақтарының және олардың саны жайлы нақты мәлімет жоқ. Сауда саттық орындарына әкелінуге рұқсат етілмеген немесе ГМА түрлерінің қауіпсіздігіне тексерілмеген өнімдердің әкелінуін ешкім бақылап, тоқтатылмаған, себебі азықта ГМА-ның бар болуын анықтау үшін мамандандырылған, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зертханалар мен жоғары квалификацияланған мамандардар қажет.
Тағам қауіпсіздігі зертханаларының ролі қазіргі кездегідей ешқашан маңызды болған емес. Тағам өнімдерінің қауіпсізіді мен сапасы - тұтынушылар, үкімет және өнім өндірушілер арасында маңызды мәселе болып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік ветеринариялық қызметіне мал шаруашылық өнімдерінің және азықтың қауіпсіздігін бақылауды заңды түрде тіркеу, қауіп төнген жаңдайда дер кезінде жауап беру және сәйкес шаралар қолдану үшін «егістіктен тұтынушыға дейін» тағам өнімдерінің өндірудің барлық сатыларында ветеринариялық-санитариялық бақылаудықамтамасыз ету қажет.
Цветок
из ленты своими руками
шаблоны
Leotheme
Категория: Жаңалықтар мұрағаты
Жарияланды 30.11.-0001 05:07
Қаралды: 87
15 наурыз – Халықаралық тұтынушылар құқығын қорғау күні Табиғи ақуыз текті тамақ өнімдерімен халықты қамтамасыз ету айрықша маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе, төрт түлік малдан алынатын ет, сүт өнімдері қазақ халқының ежелден күнделікті тұтынатын ұлттық тағамдарының құрамдас бөлігі болып келді. Сол себепті біздің халық ерте заманнан жылдың әр мезгілінде малдың бағым-күтіміне ерекше мән беріп, тұқымдық ерекшеліктерін ескере отырып сұрыптау, жылдың төрт мезгілінде жайылым жаңарту арқылы төрт түліктің денінің сау, қоңының жақсы болуын қамтамасыз етумен бірге, азық үшін сойылатын малды іріктеп дайындау, сақтау, ас мәзірін әзірлеу сияқты технологиялық үрдістердің әдіс-тәсілдерін қалыптастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келді. Ата-бабаларымыз төрт түлік малды ерекше қастерлеп, иесінің өз малына деген қамқорлығының жоғары деңгейде болуын дәріптеп, малмен күнделікті қарым-қатынастың ізгілікті қағидаларын ұстану дәстүрін ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат тұтқан. Мысалы, малды ұрып-соғу, әсіресе, сояр алдында қинау, қатыгездік жасаудан мал ағзасында пайда болатын түршігу, шошынудың әсерінен малдың еті мен сүтінің құрамына өзгерістер еніп, биологиялық құндылығы мен сапалық қасиеті төмендейтіндігін қазіргі ғылым дәлелдеуде. Осылайша біздің ата-бабаларымыз тіршілік арқауы болған төрт түлік малдың қадір-қасиетін қастерлей отырып, оның бағым-күтіміне ерекше мән беру арқылы ет, сүт өнімдерінің қорек, қуаттылығын толықтай пайдалана білді. Соның арқасында тәні сау, жаны таза, ақ пейілді халықты осынау ұлан-байтақ өлкенің заңды мұрагері етіп қалдырып кетті. Адам ағзасының қалыпты дамуында, денінің сау, санасының сергек болуында табиғи да таза тамақ өнімдерінің рөлі аса жоғары болатындығы белгілі. Алайда, қазіргі заманда әртүрлі техногендік әсерлерден, қоршаған ортаның ластануы салдарынан әлемде малдың қауіпті жұқпалы аурулары пайда болуымен қатар, адам ағзасы үшін аса қауіпті химиялық зиянды элементтер (мыс, қорғасын, сынап, мырыш қатарлы улы металдар, радионуклидтер, пестицидтер мен антибиотиктер т.б.) малдың жайылымы мен жем-шөп, өсімдік арқылы малға беріліп, мал өнімдері арқылы адам ағзасына еніп, әрқилы аурулардың туындауына себепкер болуда. Сондай-ақ қазіргі кезеңдегі өндірістік технологияның дамуы нәтижесінде азық-түлік тағамдарын дәмдендіру, сақталу мерзімін ұзарту мақсатымен түрлі тағамдық қоспаларды пайдалану да азық-түлік өнімдерінің табиғи құрамына айтарлықтай өзгерістер келтіруде. Кейбір өндіріс орындары өнім көлемін ұлғайту үшін де тағамдық қоспаларды пайдаланудың түрлі технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдануда. Мысалы, шұжық өндіру кезінде сапасы төмен шикізат қалдықтары мен малдың ішкі ағзаларын пайдалана отырып өнімнің өзіндік құнын азайтып, өндіріс көлемін ұлғайту іс әрекетін бүркемелеу үшін де әртүрлі дәмдеуші, әрлеуші қоспаларды қолданатыны белгілі. Бүгінде әлемнің дамыған көптеген елдерінде азық-түлікке, соның ішінде, ет өнімдеріне жасанды қоспаларды пайдалану тәжірибесі кеңінен өріс алуда. Ет өнімдерінен адам ағзасы аса қажетті табиғи ақуыз, түрлі минералды заттар мен дәрумендер алатындықтан басқа тағам түрлеріне қарағанда биологиялық құндылығы өте зор етке халықтың сұранысы да әрқашан жоғары болып келді. Әлем елдерінде ет өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту үрдісі тек табиғи шикізат көздері есебінен ғана жүзеге асырылып отырған жоқ. Әсіресе, соңғы кездері ет өңдеу кәсіпорындары өз мүдделерін тұтынушы мүддесінен жоғары қойып, өнім көлемін арттыру үшін тағамдық құндылығы төмен қосымша өнімдер (өкпе, бауыр, ішек, қарын т.б.) мен әртүрлі қоспаларды кеңінен пайдалануда. Мұндай қоспалар тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығын төмендетеді. Себебі, өнім құрамында толыққұнды ақуыз мөлшері жеткілікті бола алмайды. Ал күнделікті өмірде қарапайым тұтынушы ет өнімдерін сатып аларда тек сезім мүшелерінің көмегімен сыртқы түр-түсі, иісі, консистенциясы сияқты көрсеткіштеріне баға беру, орама сыртындағы ақпаратпен танысу арқылы ғана, сол өнімді сатып алу немесе алмау туралы шешім жасайды. Яғни адамдардың еттің химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерін анықтайтын мүмкіндігі жоқ. Өнім құрамындағы зиянды заттарды анықтау тек зертханалық тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Ал өнімнің сыртқы орамасына жазылатын тұтынушыға арналған ақпараттар сол өнім туралы шынайы мәліметтерді толық қамти бермейді. Тіпті кейбір кәсіпорындар мен фирмалардың өнімге қосылған бөгде қоспаларды жасырып, жалған ақпарат беру оқиғалары да кездеседі. Мұндай жағдайлар адамдардың денсаулығына зиян келтіріп, тіпті өмірлеріне қауіп төндіруі де мүмкін. Сондықтан мемлекет пен тұтынушы қауым тарапынан азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау, қадағалау іс шараларын жоғары деңгейге көтеріп, жетілдірудің маңызы зор. Соңғы жылдары біздің елде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөнінен бірқатар техникалық регламенттер мен заң актілері қабылданды. Солардың бірі 2010 жылы мамырда қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл заңда тұтынушы мен сатушының құқылары мен міндеттері, әсіресе, тұтынушылар мүддесі тұрғысынан жан-жақты қарастырылып, айқындалған. Осы заңда көрсетілгендей, сапасы тиісті талаптарға сай емес тауарды тұтынушы сатушыға қайтарып беруге, оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы. Сондай-ақ, тауардың және көрсетілген қызметтің кемшіліктері салдарынан өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтетуге тұтынушының құқығы бар. Тұтынушының осындай құқыларын толықтай қамтамасыз ету үшін тауарды (өнімді) зертханалық тексеруден өткізудің барлық мүмкіндіктері жасалуы тиіс. Ол үшін қазіргі жеке меншік формадағы сертификаттау органдары мен сынақ зертханалардан тыс арнайы мемлекеттік бақылау жүргізу ұйымдары мен сынақ зертханалары жұмыс істеуі қажет. Ол ұйымдар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс. Сонымен қатар, өздеріне қандай бір даулы мәселе келіп түскен кезде тексеру жұмысының шығындары сол кінәлі мекеменің қаражаты есебінен жұмсалуы керек. Казіргі кезде тұтынушылардың өз құқыларын толық пайдалана алмау жағдайлары жиі кездеседі. Оның ең негізгі себебі тұтынушылардың заңмен қорғалған өз құқыларын толық біле бермеуінде. Осыған байланысты еліміз көлемінде өнім өндіру, қызмет көрсету және сауда-саттық саласындағы мемлекеттік бақылау, қадағалауды ұйымдастыру формаларын одан әрі жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Казіргі кезде Қазақстанға қажетті ет өнімдерінің 50-55 пайызы импорттың үлесіне тиеді. Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі аса жоғары болып келетін мемлекеттерден біздің рынокқа келіп түскен ет өнімдері өзінің тағамдық құндылығы және химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді. Әсіресе, ол елдерде ет өнімдерін ұзақ сақтауға арналған технологиялық әдіс, тәсілдердің жедел дамуына байланысты өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, қадағалау мәселесіне жете көңіл аудару қажеттілігі туындайды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында алдағы жылдары елімізде етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа жобаны жүзеге асыру арқылы 2016 жылы 60 мың тонна ет өнімін экспорттау мақсаты қойылды. Сондықтан Үкімет бағдарлама қабылдап, жоғарыдағы мақсатты жүзеге асыру іс-шаралары қолға алына бастады. Алайда, аталған стратегиялық жоспар-жобалардың тиімділігін арттыру үшін сапа мен қауіпсіздік мәселесіне баса назар аудару қажет. Себебі, қазіргі кезеңде өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бәсекелестіктің басты өлшемі ретінде қарастырылуда. Әсіресе, экспортқа шығарылатын ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздік деңгейі халықаралық стандарт талаптарына сай болуы шарт. Дамыған елдерде ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне аса үлкен мән беріліп, заңнамалық деңгейде реттеледі. Адам ағзасы үшін ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігінің өзектілігін ескере отырып халықаралық деңгейде бірқатар құжаттар бекітілген. Олардың ішінде техникалық кедергілер жөніндегі Бүкіләлемдік сауда ұйымы келісімі міндетті және ұсынымдық талаптарды белгілеу, сондай-ақ әзірлеу, қолдану үрдістерінің нақтылығын қамтамасыз ету бойынша негізгі ережелерді анықтайды. Стандарттау жөніндегі ИСО халықаралық ұйымынан ет өнімдеріне қойылатын талаптар, терминология, органолептикалық бағалау жүргізу, ет өнімдерінің химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау әдістеріне байланысты 30-дан астам стандарт бекітілген. Осы стандарттарды ұлттық стандарттар ретінде қолдануға болады және оларды қолдану ет өнімдерінің сәйкестігін бағалау нәтижелерін өзара мойындау, қабылдау негізі болып табылады. Тамақ өнімдері, соның ішінде ет өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ең жетік заңнама Еуропалық одақта қабылданған. Ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қоғам тарапынан қойылатын талаптардың күн санап өсуіне байланысты ЕО осы өнімнің өндірілуі кезіндегі гигиеналық нормаларды барынша қатайтуға тырысуда. Еуропалық стандарттар сондай-ақ ет өнімдеріне қосылатын тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіш заттарға қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен қатар, ет өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына әсер етуші аса маңызды факторлардың бірі болып табылатын мал азығының сапа көрсеткіштері мен тағамдық қоспаларды бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондықтан ЕО жәнеде басқа дамыған елдердің ет өнімдеріне қатысты стандарттарына біздің отандық стандарттарды үйлестіру кезінде олардың артықшылық жақтарын оңтайлы пайдаланудың маңызы зор
Кіріспе
Біз әрбір тағымның түсі мен дәмі бар екендігіне әбден үйрегенбіз.
Ең алдымен, адам тағамның дәмінен оның жеуге бола ма, болмай ма екендігіне көз жеткізеді. Осылай әлдеқашан қалыптасқан, алайда біз жаңадан азық-түлік технологияларын қолданатын кезеңде өмір сүрудеміз, олар кез-келген азыққа қажетті түс, дәм және иіс бере алады.
Күнделікті қоректенуімізде біз жиі-жиі азық қоспаларымен кездесеміз. Азық-түлік қоспалары бұл – ешқашан өздігінен қолданылмайтын, тағамдарға қажетті қасиеттерге (дәм, түс, иіс, консистенция және сырт кейпін, азықтық және биологиялық құндылығын сақтау) ие болу үшін қолданылатын заттектер .
Адам ағзасына түсетін аз қосплары әдетте бейтарап емес. Олар адам ағзасына енетін өзге заттектермен қоспаға түседі. Олардың қосылысы биологиялық белсенділікке, ағзаға түскен көлеміне, жиналу мүмкіндігіне және адам ағзасына ену жиілігіне байланысты. Кейде аз көлемде, бірақ жиі қолданылатын заттектер адам ағзасы үшін көп мөлшерде, дегемен кейде қолданылатын заттектерден әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін.
Азық қоспаларына байланысты тақырып бүгінгі таңда өте актуалды болып отыр. Қазір азық қоспалары қосылмайтын тағамның саны жоқтың қасы. Олар бізді күнделікті өмірде де қоршап отыр, біз тағамдарды жей отыра, олардың бізге зиян не пайдалы екенін біле бермейміз. Бұл мәселе мені өте қызықтырды, сондықтан мен тағам қоспаларын тақырыбын қозғауды жөн көрдім.
Мен өз жұмысымда бүгінгінің тағамы ертеңгі күні денсаулыққа қалай әсер ететінін анықтауға бел будым. Тамақтану мәселесі әр адам үшін актуалды. Тағам индустриясының белсенді дамуы адам ағзасына кері әсер ететін зиянды тағамның көбеюіне әкелді. Осы жерде менің ойыма бір аңыз түседі: «Бірде Насреддинге бір науқас келіп ішінің ауырып тұрғанына шағым айтады. Насреддин одан не жедің деп сұрағанда, науқас түскі асқа не жегенін айтып береді. Насреддин оған көз тамшыларын жазып береді. Түсінбеген науқас іш ауруына көз тамшылары немен көмектеседі деп аң-таң болғанда, Насреддин оған «Келесіде не жеп отырғаныңды көріп отырасың» - деп жауап қайырыпты».
Бүгінде өндірушілердің азық түлік қоспаларын қолднуының бірнеше себептерін бөліп көрсетуге болады.
Олар:
Әр түрлі елде
«Е» индексі
3 немесе 4 санды ретті нөмірімен
тіркеле отырып азық қоспасы
болып табылатын нақты
Нәтижесінде, рұқсат
Сонымен, азық
қоспалары дегеніміз – бұл тағам өнімдеріне белгілі бір
функцияларды атқару үшін
Азық қоспалары
адамдармен көптеген ғасырлар бойы қолданылып келуде
(тұз, бұрыш, түймедақ, мускат жаңғағы, корица,
бал), дегемен, олардың кең қолданысқа ие болуы тек ХІХ
ғасырда басталды, бұл тағам өндіріснде дәстүрлі технологияларды
Тағам қоспалары – бұл жоғары технологиялық ғасырдың жаңалығы емес. Тұз, сода, дәмділіктер адамға ерте заманнан бері белгілі. Тағам қоспаларын қолданудың тарихы (сірке және сүт қышқылы, ас тұзы, кейбір дәмдеуіштер және т.б.) бірнеше мың жылды санайды. Дегенмен, тек ХІХ-ХХ ғасырларда оларға аса назар аудара бастады. Бұл тез бұзылатын және жылдам қатып кеуіп кететін тағамдарды алыс қашықтыққа тасымалдаудың салдарынан сақталу мерзімін ұзарту қажеттілігінен туды. Қазіргі заманғы адамның тартымды түс пен иіске деген сұранысын хош иістендіргіштер мен бояуыштар қамтамасыз етеді. Семіздік пен сусамыр дерттерінің таралуына байланысты қант ауыстырушалыр мен тәтті қосқыштар негізіндегі тағам өндірісі кеңейді. Қазіргі таңда тағам өндірісінде 500-ге жуық әр түрлі тағам қоспалары қолданылады. Ал егер олардың қосындыларын ескерсек онда бұл сан екі еселенеді. Жалпы, тағам қоспалары – бұл тағамдардың дәмін жақсартып, құндылығын көтеріп, бұзылуын баяулату үшін қолданылатын пайда болу заты химиялық заттектер. Бірақ олардың қолданылуының нағыз гүлдену шағы ХХ ғасырда болды – тағам технологиясының ғасыры. Қоспаларға зор үміт артқан болатын. Олар үмітті толық ақтап шықты. Олардың көмегімен дәмді, ұзақ сақталатын және сонымен қатар тағам өнідірісінде еңбек сыйымдылығы әлдеқайда аз тағамдардың ассортименті пайда болды. Мойындауға ие болған соң, «жақсартушылар» ағынға қойылды. Шұжықтар ашық-қызғылт, йогурттар нәрлі, жемісті, ал кекстер толық-қатпайтын болып шықты. Тағамдардың «жастығы» мен тартымдылығын бояуыштар, эмульгаторлар, тығыздаушылар, қоюландырушылар, глазировательдер дәм мен хош иіс белсендірушілері ретінде қолданылатын қоспалар қамтамасыз етті. Өткен ғасырдың 90-шы жалдарына дейін отандық өнеркәсіп тағам қосындыларын қолданбады, бірақ кейін тез қуып жетіп, тіпті шектен тыс асып кетті.
Информация о работе Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар