Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 18:00, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................4-5
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі...........................6-9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.............10-12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.............13-15
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы......................................................................................16-27
ІІ.2. Етістіктің келер шағы...................................................................................28-30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы...................................................................................31-37
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.........................................................................................38-46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................47-49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................50-51
ІV. Қорытынды........................................................................................52-53
V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы.doc

— 283.00 Кб (Скачать документ)

Таудың бөтеге бөктерлері жауыннан ісінгендей теңкиіңкіреп кетіпті.           (Ш.М., 1994).

    1. –ған екен, (-ген екен, -қан екен, -кен екен) форманты.

Тастай батқан, суда сіңген, сілесі қатқан қалың ұйқыға кеткен екен.           (Ш.М., 1994, 104-б).Бас Қараштың бауырындағы бір мал шөптің түбінде жатқан екен.    (Ш.М., 1994, 104-б). Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. (Ш.М., 1994, 104).

Мерген жаралаған бейкүнә мақұлық қаны сырғалап жүріп-жүріп, жетіп жығылған жері осы болған екен. (Ш.М., 1994, 62). Айналып жүретін шеңберден шығып кеткен екен. (Ш.М., 1994, 145). Жолаушы жауынгерлер Әлекеннің сөзіне тоқтап, аттарынан түсіп, сусын ішіп, жауға Әлімбек батырмен бірге аттанған екен. (Ш.М., 1994, 149).

  1. –а+ды екен (е+ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңесіп жүреді екен) т.б. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында бұрынғы өткен шақтың 1) етістік түбіріне –қан//-кен, -ған//-ген тұлғаны есімшелер жіктеліп қосылуы арқылы; 2) Етістіктер –ып//-іп тұлғалы  көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы; 3) –қан//-кен және ып, іп, п тұлғалары мен ушы  аффикстері арқылы –е етістігінің жіктелеуімен күрделене айтылу арқылы; 4) –ып, іп, п жұрнағы жалғану арқылы; 5) –ған екен, -ген екен, қан екен, кен екен форманты арқылы жасалған өткен шақ түрлері кездеседі.  Ал, а+ды екен (е+ді екен) форманттары арқылы жасалған көрсеткіштер кездеспейді.

 

 

 

3.3. Ш. Мұртазаның «Қызыл  жебе»романындағы етістіктің ауыспалы  өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.

 

Ауыспалы өткен шақ есімшенің –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.

Мысалы:

Тепкілеп төрт қабырғасын сындырып, өкпе-бауырын езгілеп, құлаққа шыммен бастырып кетіпті. (Ш.М., 1994, 176).

Шымкент оязы арқылы біздің Майлыкент болысынан іздепті.                    (Ш.М., 1994, 212).

Күн едәуір кешкіріп қалыпты. (Ш.М., 1994, 218).

Тақыр қораның ішінде мүмкіндігі бар жерге қылтиып көк шығып қалыпты. (Ш.М., 1994, 220).

Бүкіл өмірі ат үстінде өткен адам, тақымы ер-тоқымға тимегелі жылдан асыпты. (Ш.М., 1994, 221).

Сәмбінің солқылдақ нәзік бұтағының дәл ұшына құрқылтай ұя байлапты. (Ш.М., 1994, 224).

Атамырза зіңгіттей жігіт болыпты. (Ш.М., 1994, 351).

Әлгінде бүйірінен қамшымен шұқыған мосқал қазақ енді өзіне қадалып қалыпты. (Ш.М., 1994, 353).

Басы бірігіп, кәдімгідей елдігін танытып, қаһарланып алыпты.            (Ш.М., 1994, 358).

-тын, -тін форманты арқылы:

Атамырзаға сары айғыр таныс болатын. (Ш.М., 1994, 201).

Ол кезде әкесі туралы неше сақ әңгіме айтылатын. (Ш.М., 1994, 145).

Жақсы ат мініп саяхатқа шығуды ұнататын. (Ш.М., 1994, 149).

Рысқұлды тергеуге жиі алып баратын. (Ш.М., 1994, 213).

Қырғызбайдың дәу торы биесі кісендеулі болатын. (Ш.М., 1994, 132).

Сонау алыстағы Талғардың бауырында сап-сары күзде осындай ақ жібек ұшатын. (Ш.М., 1994, 133).

А. Ысқақов оқулығында ауыспалы өткен шақ неғайбыл өткен шақ деп көрсетілген де, оған мынадай анықтама берілген:

Неғайбыл өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары төмендегі көрсеткіштер арқылы жасалады:

1) –мақ еді (-мек еді; -бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) формантары: (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді).

Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында ауыспалы өткен шақтың –тын// -тін формасы, ал А. Ысқақовтың көрсеткеніндей –мақ еді, мек еді (бақ еді, бек еді, пақ еді, пек еді) форманттары кездеспейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

 Қорыта айтқанда, тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория – етістік.

Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика- семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық формаларымен тығыз байланысты.

Етістік амал-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдарды білдіретін сөздер болғандықтан, оған тән сөздер, қашанда болсын, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдарымен байланысты болады. Шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория болып есептелінеді.

Диплом жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясының басқа категориялар сияқты бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, форма жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар категория екені анықталды. Шақ категориясының ішінде өткен шақ формасын тілші-ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйеніп, кейбір мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырдық. Өткен шақ формасын мағыналық ерекшеліктеріне қарай кейбір ғалымдар, атап айтқанда А. Ысқақов, 1) анық (айғақты) өткен шақ, 2) танық (айғақсыздық) өткен шақ, 3) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ болып бөлінеді, ал кейбір ғалымдардың еңбектерінде өткен шақ: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ, 3) ежелгі өткен шақ, 4) дағдылы өткен шақ болып бөлінетіндері де бар. Бұл классификациялаудың ішінде көзге ерекше көрінетіні – А.Ысқақов классификациясы болып табылады.

Диплом жұмысының негізінен «Қазақ тілінің грамматикасы» және А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» атты оқулықтардың негізінде жазылды.

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында аталған өткен шақтың барлық түрлері кездесетін анықтадық. Кейбір формалары ғана сирек, кейбіреулері тіпті жоқ. 

 

Романда өткен шақтың мынадай түрлері бар:

    1. жедел өткен шақ. Олар мынадай көрсеткіштермен жасалған:

а) –ды, -ді (-ты,- ті) жұрнағы.

ә) –ған,(- ген,- қан, -кен) жұрнағы.

б) –атын (-етін, -йтын, -йтін) форманты.

в) -ып еді (-іп еді, -п еді) форманты.

г) -ған еді (-ген еді,- қан еді,- кен еді) форманты.

з) -ушы еді (-уші еді) форманты.

д) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге көмекші етістігі тіркескен.

2) Бұрынғы өткен шақ.

а) –ып,(- іп, -п) жұрнағы.

ә) -ған екен,(- ген екен, -қан екен,- кен екен) форманты.

б) –а+ді екен (-е+ді екен) форманты.

3) Ауыспалы өткен шақ.

а) –мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ едң, -пек еді).

ә) –тын//-тін аффикстері арқылы жасалады.

«Қызыл жебе» романы бойынша өткен шақтың салаларынан 400-ге жуық кеспе қағазы жиналды. Олардың әрқайсысының мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырылды.

Сонымен, етістіктің шақ категориясы деп қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқанын, не әлі болмаған, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын грамматикалық категория. Әрекеттің сөйлеп тұрған кезде мезгіл жағынан  қатынасына қарай қазақ тілінде шақ формалары өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үш топқа бөлінеді. Өткен шақ сыртқы тұлға түрлеріне қарай, мазмұн өзгешелігініе қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып жіктеледі.

Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұстайқы болатынымен қатар күрделі форманттар сан жағынан, мағыналық реңктерді білдіру жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі. 

Пайдаланылатын әдебиеттер

 

    1. Қазақ тілі граматикасы., А., 1967
    2. Қазақ тілі граматикасы бойынша зерттеулер.,    А., 1975
    3. Маманов И.С., Қазіргі қазақ тілі (Етістік)., А., 1966
    4. Қордабаев Т., Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.,   А., 1995
    5. Қордабаев Т., Түркология және қазақ тіл білімі.,   А., 1996
    6. Исаев С.М., Қазақ тілі.,    А., 1996
    7. Ысқақов А., Қазіргі қазақ тілі. Морфология.,  А., 1991
    8. Қазақ грамматикасы.,   А., 2002
    9. Қордабаев Т., Етістіктің шақ категориясы.
    10. Төлеуов Ә., Сөз таптары.,   А., 1982
    11. Аханов К., Тіл білімінің негіздері.,   А., 1973
    12. Қорғанбаев Т.Р., Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы., А., 1953
    13. Хасенова А., Етістіктің лексика – грамматикалық сипаты.
    14. Кеңесбаев І., Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.,   А., 1966
                    1. Серғалиев М., Айғабылов О., Күлкенова А., Қазіргі қазақ әдеби тілі.,                     А., 1991
    1. Байымбетова Ж., Етістікті оқыту.,   Ш., 2002
    2. Мұртаза Ш., «Қызыл жебе».,  А., 1994

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер

1Казамбек., «Общая грамматика турецко-татарского языка»., 493-бет.

2В.В. Радлов., «Опыт словаря тюркских наречий» ( )

3А. Байтұрсынов., Тіл тағлымы., А.,1992 164-бет

4А. Байтұрсынов., Тіл тағлымы., А.,1992 123-бет

5Н.Сауранбаев., Қазақ тіліндегі көсемшелер туралы., А.,1940, 5-20 бет

6Т.Ерғалиев., Қазақ тіліндегі есімше категориясы., А.,1958, 3-104 бб.

7Ж.Болатов., Синтаксические функции причастия в казахском языке АДК.            А., 195., 3-15 бб.

8Төлегенов О., Выражение сказуемого и его основные типы в простом личном предложении современного казахского языка., АДК., А.,1955., 3-13 бб.

9И.К.Уюкбаев., Категория глагального вида в современном казахском языке., АДК., М., 1-16 стр.

10Г.Айдаров., Структура односложных корней и основ в казахском языке., Алма-Ата., 1985., стр 325.

11К.Аханов., Тіл біліміне кіріспе., а., 1964., 469 б.

12Қазақ тілінің грамматикасы., А., 1964 199 бет

13Қазақ тілінің грамматикасы., А., 1964 200 бет

14А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология., А., 1991., 330-331 б

15А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991., 331-бет

16А.Ысқақов., Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991., 332-бет

 

 

 

 


 



Информация о работе Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі