Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 18:00, реферат
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
Кіріспе.............................................................................................................4-5
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі...........................6-9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.............10-12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.............13-15
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы......................................................................................16-27
ІІ.2. Етістіктің келер шағы...................................................................................28-30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы...................................................................................31-37
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.........................................................................................38-46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................47-49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................50-51
ІV. Қорытынды........................................................................................52-53
V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................54
Мұны ғалым Н.Длисенова: «Баяндауыш көпшілігінде сөйлемнің басында және ортасында келеді», - деп толықтытрады.
Казамбек (1802-1870)-Әзірбайжан шығыс зерттеушісі, Қазан түркиология мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филолгиясының докторы, Ресей Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі, көптеген шет ел шығыс тану қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан, араб, парсы, орыс тілдерінде жазған.
Филолгия саласында Казамбек «Араб тілі граматикасының тәжірибесі», - «Түрік – татар тілінің граматикасы», «Түрік тілінің оқу құралы» атты еңбектері бар. Осылармен қатар түркі тілінің көне жазба ескерткіштерін оқу, жариялау істерімен айналысқан. Казамбектің «Түркі–татар тілінің граматикасы» атты салыстырмалы зерттеуі түркиология тарихында өте жоғары бағаланды. Бұл – Қазанда бірінші рет 1939 жылы басылған. Соңғы басылым «Общая граматика турецкого – татарскаого языка» деп аталады. Осы басылым 1948 жылы неміс тілінде шығарылған. Қазамбек граматикасында түркі тілдері материалдары бір–біріне салыстыра баяндалған.
Етістіктер туралы «Алтай тілінің граматикасында» да айтылады. Онда «жатыр, тұр, отыр, жүр» етістікретіне, етістіктің жоқ категориясында тоқталады.
Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылғы «материалы к изучению киргизского наречие» деген еңбегінде, А.Троянскйдің 1824 жылы шыққан «Краткая граматика татарского языка» кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын көрсетсе, Л.Будагов 1869 жылы шыққан «Сравнительный словарь турецкого – татарский наречие» атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар тілдеріндегі «де» етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н.В.Катанов 1869 жылғы «Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі» еңбегінде тува, урянхай тіліндегі «де» етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса, З.А.Алексеев 1884 жылы Ташкентте басылып шыққан «Самоучитель сартовского языка» еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.
В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» деген еңбегінде «де» етістігі туралы: «В Восточных наречиях прямая речь начинается глаголом айт и кончается глаголом «та». Иногда такая речь кончается словами «так айтты».
...Часто глагол айт словом пропускается», - деп түсіндіреді. (3 ()).
Грамтикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы салыстырмалы – тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда да барлық граматикалық категориялардың түп – негізі ашылып, сыры анықталды деуге болмайды. Салыстырмалы тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да көп мәселелер қарастырылады. Соның бірі етістіктің түбірі тұлғасы. Есімдер мен етістіктердің түбірі тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер бар. Бұл теорияны қолданушылар – Ж.Дени, К.Гриебек, К.Броккелман, кеңес ғалымдарынан Э.В.Севартен, Н.А.Баскалов, А.М.Щербак, Б.М.Юнусалиев т.б. Етістік катергорияларының салыстырмалы – тарихи зерттеулерде ең көп сөз болатын мәселе – шақ категориясы. Шақ категориясының бір де бір тіл жоқ. Бірақ олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде бірдей емес.
Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шоққа (өткен, келер, осы) ие болса, көне түркі тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жиегі онша айқын болмаған. Сондықтан да К.Фай, В.Баиг, А.П.Поцелуевский, М.Н.Хогдров, т.б.оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан ХІІІ – ХІV ғасырларда ғана ажыратылған дейді. Көне түркі тілінде мәселен, А.Н.Кононов осы шарттың бір ғана ауыспалы осы шақ (ностоящее – будущее) түрін ғана атаса (4) 53, (186 - 187), Ғ.айдаорв екі түрі (ностоящее – конкретное, ностоящее - переходное) бар деген пікір айтады. А.М.Щербак Х–ХІІ ғасыр Шығыс Түркістан текстерінің тіліне сүйекне отырып нақ өткен шақ [ -ды//-ді, - дук//-дүк], келер шақ [ -ғай//-гей, - ға//-ге]; ауыспалы осы шақ (ностоящее–будущее), белгісіз келер шақ [будущее неоределенное: -ар//-ар], ежелгі өткен шақ (давнопррошедшое: -мым//- міме), нәтижелі өткен шақ (прошедшое результативное) бар деп көрсеткен (57) (150 - 152). Кейбір қосымшалардың түбір сөзден өобігендігін дәлелдеп бере алатын зерттеулер бар. Бірақ барлық қосымшалар түбір сөздермен этимологиялық байланысы бар деп үзілді – кесілді айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ тіліндегі –ады//-еді қосымшалардың –а турур//-е турур аналиткалық формасынан –ыпты//-іпті қосымшасының –ып турур//-іп турур аналитикалық формасынан -атын//-етін қоысмшасының а тұрған//е тұрған аналитикалық формасынан пайда болғандығын ғылымда дәлелденген. Түркі тілдерінде көмекші етістік деп аталатын отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктеріның мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына- өткелдігін түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың граматикалану жолын, сөзден – қоысмшаға айналу эволюциясын тіл фактілері енгізгенде түгел анықталды деп айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи – салыстырмалы әдіске тікелей байланысты.
1.3. Етістіктің, етістіктің
шақтарының қазақ тіл
Қазақ тілі білімінің зерттеушілері саны жағынан да, жарияланған еңбектерінің көлемі жағынан да басқаларынан оқшауланатын саласы– тіліміздің граматикалық жүйесі. Олай болуы түсінікті де, өйткені тілдің граматикалық құрылысынан азды – көпті болса да хабардар болмай тұрып, тілді білу, ол жай ында мәнді пікір мүмкін емес.
Тіліміздің граматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның өзекті, ең басты мәселесі сөздерді әр түрлі лексико – граматикалық топтарға, кластарға бөлу болғандығы белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыздың алдындағы V-ІV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Болини граматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері –қарай айтылып келе жатқаннан да білеміз. Тілдегі сөздердің есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған болатын.
1930 жылдардан бастап
Тек 40 жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, етіс, шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
1950 жылдан бері қарайғы уақыт
ішінде морфологияның жеке
Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралы» оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді: «Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз т.б.мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы не етпак?
...Сондай не етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап алатын сөздер–бәрі де етістік болады» (6)–деп көптеген етістіктер, жаттығулар береді.
1915 жылы Орынбордан шыққан «Тіл құралында» етістікке: «Етістік дегеніміз» - заттардың еткен – етпеген істерін көрсететін сөздер» (7) дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан «Тіл құралы» 3 танытқыш кітабында сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады.
30 – жылдардағы Қ.Жұбанов
Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956), Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрді.
Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың 1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың (10) есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың (11) жай сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың (12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады.
Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің «Қарақалпақ тілі» еңбегінде сөз тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген.
Н.А.Баскаков түбір
Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы «Етістіктің лексика – граматикалық сипат» еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.
Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді. Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы «Граматика теориясының негіздері» кітабы болды. Етістікке байланысты оның тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов, Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.
С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959), И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959), Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962), Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер етістіктіктің қыр – сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды.
1967 жылы «Қазақ тілінің
ІІ – тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1 Етістіктің осы шағы
Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер – етістік.
Етістік – тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қорымы ең кең граматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның аса өрісті лексика–семантикалық сипатымен, бай лексика – граматикалық формаларымен, кең синтаксистік қызметіне байланысты.
Етістіктің лексика–семантикалық сипатының өрісті болатын себебі – ол семантика мен тек субектінің іс - әрекетін ғана емес, қоғамда ұшырасатын, табиғат ауқымында, адамның абстракты ойы мен санасы арқылы туатын көптеген амал, әрекет, іс – қимыл, қозғалыс, жай, күй т.б. процестерді, сол процестерге қатысты ұйымдарды түгел қамтиды. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексика–граматикалық мағыналары да, граматикалық мағыналары да әр алуан, сөйлемді атқаратын қызметі ерекше.
Етістіктің лексика–граматикалық формаларының бай болатын себебі –ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін, олардың өту сипатын, яғни бағыты, ақрқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, яғни етістік формалары осы және өзге де әр түрлі құбылыстардың көрсеткіші ретінде қызмет етеді.
Етістік тобын құрайтын сөздер іс -әрекет, қимыл –қозғалыс, күй тәрәзді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды белдіреді. Осының бәрінде де етістік сай –салалы динамикалық процестерді адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді. Оқы, жүр, байқа, жүгір, келдік тәрізді етістік тобын құрайтын мыңдаған лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып (келдік) т.б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен ұштасып жатады.
Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық, аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі – нұсқаларын қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы, солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе алмайды.
Етістіктің лексика –семантикалық, лексика граматикалық және граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін формалары бар.
Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе –жүйе категориялар –етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат –түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және салттлық, категориялары бар.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да, синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым – қатынасқа түскенде айқындалады. Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі ауқымда анықталады.
Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ. Етістік амал -әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен байланысты болады. Өйткені, амал -әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең негізгі граматикалық категория болып есептеледі.