Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2015 в 18:00, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................4-5
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі...........................6-9
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.............10-12
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.............13-15
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы......................................................................................16-27
ІІ.2. Етістіктің келер шағы...................................................................................28-30
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы...................................................................................31-37
ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.........................................................................................38-46
ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................47-49
ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................50-51
ІV. Қорытынды........................................................................................52-53
V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Етістік-Ш.Мұртазаның-«Қызыл-жебе»-романы.doc

— 283.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар.

Кіріспе.............................................................................................................4-5

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.

1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының  тіл білімінде зерттелуі...........................6-9

1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі  тіл білімінде зерттелуі.............10-12

1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының  қазақ тіл білімінде зерттелуі.............13-15

ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.

ІІ.1. Етістіктің осы шағы......................................................................................16-27

ІІ.2. Етістіктің келер шағы...................................................................................28-30

ІІ.3. Етістіктің өткен шағы...................................................................................31-37

ІІІ. Тарау. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.

ІІІ.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.........................................................................................38-46

ІІІ.2. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағыетістіктің бұрынғы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................47-49

ІІІ.3. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі..............................................................................50-51

ІV. Қорытынды........................................................................................52-53

V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................54

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты  күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы  қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
  • Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
  • Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.

Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.

Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;

2) Грамматикалық категориялардың  ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;

3) Шақ категорияларын,  оның ішінде  өткен шақ категориясын  топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;

4) Бүгінгі таңда шақ категориясын  тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.

Зерттеу әдісін анықтау. Қазақ тіл біліміндегі шақ категориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы, мағыналық  ерекшеліктерін анықтау.

Мәселесінің маңызын анықтау. Грамматикалық категориялардың ішінде  шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болуын, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, мағыналық ерекшеліктерін ашу, шақ категориясының бүгінгі жай-күйін зерделеу – қазақ тіл біліміндегі морфология саласының өзекті мәселесінің дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа үш бөлімнен және әр бөлім бірнеше тараулардан және әдебиеттер тізімі мен сілтемелерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.

1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.

 

Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ  тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер – етістік.

Етістіктердің лексика – граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.

Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі».

Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан ғалым Махмуд Қашқари «Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі».

Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М.Қашқари қалдырған мұралар әр жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай – қайсысының болса да тарихымен байланыстырып, одан  әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін абыройлы да аса – жауапты міндеттерден саналады.

Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы ғұлама М.Қашқари «Сөздігі» әрқашан да тюркологтардың тіліне тиек, объект болып келгені мәлім.

Күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған және алдағы уақытта да зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер қалдырған М.Қашқари озық ойлы ғұлама болған.

М.Қашқари (толық аты – Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл - Қашқари) Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда – «екі өзен арасын», яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған  Боғрахан шөбересі.

Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы барсыхан Баласағұн деп аталатын қаланың  әміршісі болған. Махмуд кейінде Қашқар қаласына көшіп барыпты. Махмудтың дәл қай қалада туылғаны мәлім емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы ықтимал. М.Қашқари өзінің кітабында: «...нам предок тот самый эмир, который отвоевал земли тюркские у самалидов» дап жазады (1, 136 - 138), (Мұталипов, 136 – 138, Конанов, 4 – 5);

Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде Стамбұл кітапханасында сақталып жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы емес, Абу Бакир әл – Дамаски дегенннің 1266 –жылы жасаған көшірмесі көрінеді. Қолжазбаны 1915 – 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп, Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 – 1943 жылдар ішінде түркі тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 – 1963 жылдар ішінде оны өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.

Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік  деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.

Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т.б. негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.

Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі емес.сонымен бірге, түбір салдары – ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.

Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады. Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.

М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе өткен шақтың жедел түрі – ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады.  Олар жүйе «Сөздіктің» етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.

Автор өз ережелерінде үнемі өткен шақта беріліп отырған етістіктердің  тұйық райы –мақ, -мек, келер шағы –ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан – жақты тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен –мақ формасы дей тұра,  қазіргі қазақ т.б. тілдердегі –у тұлғасының  архетипті –г, -ғ, -қ, -к форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä  (ІІ том, 47 - бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.

М.Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.

Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі  - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П.Мелиоранский «Араб – филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.

Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.

Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі сөздері қыпшақ  тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте»  кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.

Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр – ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде «Китаб – ал – идрак ли – лисан ал - атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды.

Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар.

ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек  ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайоновский.

Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде – етістік сөздер.

Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында басталған.

Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін көрген тіл – мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында жазылып, Петербургта «Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың «Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая граматика турецкого – татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің «Краткая граматика казак – киргизского языка» деп аталатын еңбектер т.б.жарық көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Етістіктің, етістіктің  шақтарының түркі  тіл білімінде  зерттелуі.

 

30 – 40 жылдардан бастап түркі  тілдерінің граматикалары бірінен  соң бірі үздіксіз жариялана  бастады. 1935 жылы А.Доровковтың «Учебник  уйгурского языка», 1938 жылы Ястроемскидің Бетлинг еңбегі негізінде жазған «Граматика якутского языка», 1940 жылы Н.К.Дмитриевтің «Граматика башкирсого языка», 1941 жылы А.Н.Кононовтың «Граматика турецкого языка», 1948 жылы «Граматика узбекского языка», атты еңбектері жарияланды.

А.Н.Кононовтың «Очерк истории изучения турецкого языка» деген 1973 жылы жарық көрген еңбегінде түркі тілдерінің зерттелуі. Батыс Европада, Ресейде, Түркияда, Америкада әр түрлі кездерінде болғаны айтылады.

1845 жылы М.А.Казембектің «Общая  граматика турецкого - татарского языка» деген еңбегінің етістікке арналған бөлімінде түркі тілдеріндегі етістікке тән етіс, рай, шақ, түрік, татар, тілдеріндегі «де» етістігінің көсемше формаларының синтаксистік қызметіне көңіл аударды. Баяндауштың сөйлеміндегі орны туралы: «Глаголы в турецком языке вообще пологаются на конце предложения, потому что они излогая состояния и обстоятельства главного предмета, составляют сказуемое и в большие периодах всегда занимает последние место. Вот вторая эксиола фраезологии турецкого языка» (Казембек, 1893 493 - бет) – дейді (2 (493 бет)).

Информация о работе Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің ауыспалы өткен шағы, мағыналық ерекшелігі